Бас имам: Наурыз мейрамы – ықылым замандардан жаңару мен жасампаздықтың бастауы
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Аср 14:41
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

Мақалалар

Бас имам: Наурыз мейрамы – ықылым замандардан жаңару мен жасампаздықтың бастауы

| A | +

Ассалаумағалайкүм, Еркінбек мырза! Мінеки, тоң жібіп, қар еріп, қытымыр қыстың аязды күндері де артта қалды. Жадыраған көктем келіп, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен қауыштық.    

 

Уағалайкүмассалам, рақмет! Иә, Жер-ананың төсі бусанып, тіршілікке қайта жан бітетін, айнала табиғат ерекше түрге бөленіп, көк шығып, мал төлдейтін, адамдар өзара көрісіп, аман-саулық сұрасатын, арты ұлан-асыр тойға, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне ұласатын көктем мезгілі, расында, Тәңірдің баға жетпес сыйы, ұлы нығметі деуге болады. Сондықтан да халқымыз осы мезгілде ерекше дайындықпен қарсы алатын Наурыз мейрамы – ықылым замандардан жаңару мен жасампаздың бастауы, береке мен бірліктің ұйытқысы, ырыс пен құттың көзі ретінде аталып келеді. Осы ретте мен барша қазақстандықтарды, алаш жұртын Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын.

 

Түркі халықтарына ортақ болған Наурыз мерекесін атап өтуге асыл дініміз – Ислам қалай қарайды?

 

Біздің білуге тиісті нәрсеміз, Наурыз – діни емес, ұлттық, ұлыстық мереке. Бір деректерде, бұл мереке бастауын парсылардан бастау алады делінсе, екінші бір деректерде, түркі халықтарының ықылым замандардан мерекелейтін көктемнің келуін білдіретін төл мерекесі ретінде қарастырылады. Сондай-ақ, көктем мерекесінің қары қалың түсіп, қысы ұзақ болатын өлкелерде ерекше тойланатынын ескерсек, бұл мейрамның қазақ халқының салт-дәстүрімен біте қайнасқанын да байқаймыз. Ал, дәстүрдің озығын құптайтын ислам шариғаты да Наурыз мерекесіне қырын қарамайды. Себебі, ислам шариғаты тек Құран мен сүннетке ғана емес, тиісінше ижмағ (ғұламалардың өзара кеңесі), қияс (салыстыру), ғұрып (ислам дінін қабылдаған елдердің дінге қайшы келмейтін әдет-ғұрыптары) және т.б. негіздерге сүйенеді. Яғни, мұндағы ислам шариғатындағы ғұрыптың орнын айқындайтын болсақ, кез келген халықтың салт-дәстүрі діни ұстанымдарына қарай бейімделетіні анық. Соның ішінде, халқымыздың атадан балаға мирас ретінде жалғасып келе жатқан Наурыз мерекесі ел ішінде тек озық дәстүр ретінде қалыптасқанын көреміз. Осы тұрғыда Ақселеу Сейдімбектің: «Ислам діні тек қана наным-сенім аясымен шектелмей, сол діндегі елдердің өмір салтына, моральдық-этикалық нормаларына, мәдени-рухани үрдістеріне, дәстүріне айналып отыр», – деген сөзі мәдениетіміздегі ислам дінінің орнын айқындай түседі.

 

Жалпы дін халықтардың өз алдына жеке ұлт болуына,  олардың өзіндік дәстүрлерінің қалыптасуына қарсы болмайды дейсіз ғой?

 

Иә, адам баласының әртүрлі ұлттар болып қалыптасуы раббани жүйе болса, олардың әрбірінің ерекшеліктері мен өзіндік құндылықтары бұл жүйеден тысқары болуы мүмкін емес. Егер әрбір ұлттың өз ерекшелігі болмай, баршасына ортақ бір ғана қасиет болғанда, олардың өмір сүруі қиындап кеткен болар еді. Сондықтан, әр қоғамның ойлау өрісіне, географиялық және әлеуметтік талаптарына қарай өзіне тән өмір сүру үлгісі қалыптасты. Осымен әрбір қоғамның күнделікті өмірдегі үйренген жағдайлары, ұстанатын пікірлері, қолданатын сөз тіркестері және қоғамда кең тараған іс‑қимылдарының жиынтығы әдет-ғұрып, салт-дәстүр деген атаулармен жеке зерттелетін болды. Сол сияқты қазақ ұлтының да өзіндік құндылықтары мен өзіне тән ерекшеліктері бар.

 

Бұған қатысты Құранда қандай дәлелдер бар?

 

Алла тағала бұл сұрағыңызға Құран Кәрімде: «Уа адамдар, расында Біз сендерді ер кісі мен әйелден жараттық. Сондай‑ақ, бір‑бірлеріңмен танысуларың үшін сендерді халықтар және тайпалар етіп тараттық. Шын мәнінде Алланың құзырында ең құрметтілерің - көбірек тақуалы болғандарың» (49:13) – дейді. Демек, адам баласының әртүрлі халықтар, ұлттар, тайпалар және рулар болып жер бетіне тарауы Жаратушының тарапынан қойылған табиғи заңдылық.

 

Сондай‑ақ, адамдардың тілдері мен түстерінің түрлілігі Жаратушы тағаланың шексіз құдіретінің айғағы. Бұл турасында Құран: «Аспандар мен жердің жаратылысы және сендердің тілдерің мен түстеріңнің түрлі болуы Оның (Алланың) құдірет белгілерінен. Бұл мәселеде білетіндер үшін үлгілер бар» (30:22) – дейді. Бұл аят арабтың тілі – араб, орыстың тілі – орыс, қазақтың тілі – қазақ, сол сияқты адамдардың түстері мен келбеттерінің сан‑қилы болуы Хақ тағаланың шексіз құдіретінің белгісі деп ескертеді.

 

Қазақы дәстүр мен ислам дінінің сабақтастығына көптеген әдет-ғұрыптарымыз дәлел болары анық. Солардың кейбіріне тоқталсаңыз.

 

Жоғарыда айттым ғой, ғасырлар бойы қазақ халқымен бірге жасасып келе жатқан ата дәстүріміздің көбі ислам дінінің негіздерінен бастау алған. Тіпті, халқымыздың кейбір дәстүрлері Құранның әмірлері мен Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннетінің жаңғырығындай болып көрінеді. Бұған дәлел ретінде, бірнеше жыл бұрын жарық көрген ІІ томдық «Дін мен дәстүр» кітабында қарастырылған мәселелер мен дін мен дәстүр аясында зерттелген дүниелерді айтуға болады. Соның ішінде, келген қонаққа міндетті түрде дастархан жайып тағам ұсыну, үйге келген қонақтың дәмнен ауыз тиюі, жаңа зат алған адамға байғазы беру, адам басына қиындық түскенде жылу жинау, қуанышты оқиға болған кезде хабарлап сүйінші сұрау және келін түскенде беташар жасап келінді қарсы алу секілді әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді айта білеміз. Жалпы, біздің қазақы салт-дәстүрлерімізде адам баласының тал бесіктен жер бесікке дейінгі білуге тиісті нәрселері мен атқаруға тиісті қызметтері, Құдай алдындағы, отбасы, отан алдындағы міндеттері, адамдық жолы, перзенттік парыздары толық қамтылған. Сондықтан да біз кейбір шариғат талаптарына қайшы келетін тозық дәстүрлерімізден арыла отырып, озық дәстүрлерімізді кеңінен насихаттауымыз керек. Бұл үрдіс, әсіресе, баянды болашақ жолында рухани жаңғыруға бет алған халқымыз үшін, соның ішінде жастарымыз үшін өте маңызды.

 

Қазақта «үйрен де жирен» деген аталы сөз бар. Еліміз егенмендік алғалы жастарымыз шетелден білім алып келуде. Бірі – батыс елдерінен, бірі – мұсылман-шығыс елдерінен. Оларға қазақы дәстүрді сақтау тұрғысында қандай кеңес айтасыз?

 

Еліміз егемендігін алып, дербес мемлекет болғалы ата дініміз – Исламға бостандық берілгені баршаға мәлім. Әрине халқымыздың жастары тәуелсіздікке қол жеткізген жылдардан бастап дін ілімдерін үйренуге ден қоя бастады. Қазақтың жастары бабаларымыздың жолын қуып ислам елдеріне ілім іздеу үшін сапар шегіп те үлгерді. Сол жастарымыз исламның қазақ қоғамының дәстүрлі ұстанымы мен ерекшеліктеріне ешбір тұрғыдан бөтендігі жоқ тәлімін үйреніп келіп жатыр. Десек те, солардың арасында қазақтың ұлттық құндылықтары мен ерекшеліктерін мүлдем жоққа шығаратын кейбір араб елдерінде тәлім алып келген жастарымыз бар екенін айтпай кетуге болмайды. Әрине соңғыларын ислам шариғатының жоғарыда айтылған түпкі мәні мен мазмұнын дұрыс ұқпағандардың қатарына жатқызуға болады. Сондықтан оларды ғасырлар бойы бір ғана емес, жүздеген ұлттардың ұйытқысы болып келген асыл дінімізді дұрыс түсініп, үйренуге шақырамын. Сол кезде, олар Яссауи, Абай, Шәкәрімдердің ізін қуған нағыз қазақияның тұлғаларына айналмақ.

 

Бәрімізге белгілі, сіз, ҚМДБ-ның Алматы қаласы бойынша Өкіл имамы болып тағайындалғаныңызға бір жылдан асты. Осы уақыт ішінде Алматы қаласы бойынша дін мен дәстүр аясында қандай айтулы шаралар өтті?

 

Иә, расында, жаңа қызметке келгелі, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің қолдауымен тыңғылықты істер атқаруға барымызды салудамыз. Мәселен, былтыр «Ислам және отбасы» жылы аясында дін мен дәстүріміздің сабақтастығын насихаттайтын қалалық деңгейде Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен көптеген игілікті шаралар қолға алынды. Атап айтқанда, қала мешіттерінің бәрінде екі айт мерекесі дәстүрлі сипатта өтсе, ал Наурыз мерекесі дін мен дәстүріміздің аясында тойланып келеді. Биыл да Наурыз мерекесі қала мешіттерінде кең көлемде аталады. Осы орайда, құрметті қала тұрғындары, сіздерді 22 наурыз күні жұма намазынан кейін Алматы қаласы Орталық мешітінде, 30 наурыз күні таңғы сағат 10.00-ден бастап Қарасудағы «Мырзахмет» мешіті жанында өтетін үлттық-дәстүрлі мерекелік шараларға қатысуға шақырамыз. 

 

Сұқбатыңызға рақмет!           

 

Сұқбаттасқан: Бауыржан МЫРЗАҚҰЛ

Предыдущий Следующий
Бас мүфти: ұлыс оң болсын! Жеңіске жетем десеңіз..

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Қоғам «Сені өзім тудым, өзім өлтіремін»
Тарас Бульбаның әйгілі сөзі бүгінгі күнде жан түршігерлік, сорақы мәнге ие болды. Жасыратыны жоқ, өз құрсағынан шыққан перзенттерін еш шімірікпестен тастап кете беретін көкек аналар бұрын да болмады емес, болды. ...
Қоғам Ризабек БАТТАЛҰЛЫ: Әл-Әзһар университеті – қазақтың салған оқу орны деп айтуға болады
«Ақида дәрістері», «Құран экзегетикасы» сынды діни тағылымы мол кітаптардың авторы, Исламтанушы-ғалым, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ұстазы Ризабек Батталұлы – отандастарымыз бен әлеуметтік желі қолданушыларына білікті уағызшы ретінде кеңінен танымал. Бүгін сіздердің назарларыңы...
Қоғам Алматы: «Жүректерге жылу сыйлаймыз» атты қайырымдылық акциясы өтті(ФОТО)
Бүгін Алматы қаласы Орталық мешітінде «Жүректерге жылу сыйлаймыз» атты қайырымдылық акциясы болып өтті. Жыл басынан қолға алынған бұл шара, расында, көңілдерге шуақ сеуіп, жүректерге жылу сыйлады....
Алланы зікір ету Таң намазын жіберіп алудың 6 себебі
Ояна салып, жұмысқа/университетке/мектепке дейін 30-ақ минут қалғанын шошына сезінесіз, онымен қоймай, сіз әлі таң намазын оқыған жоқсыз! Бұл не? 2 минут бұрын ғана көзіңіз ілінген сияқты еді. Ал енді үйдің ішінде әрлі-берлі сенделіп жүгіріп жүрсіз, асығып тісіңізді тазалайсыз, жуынасыз....
Қоғам Тәуелсіздік күнін тойлауға бола ма?
Әз пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) сүннетіне, маржан сөздері мен істеріне көз жүгіртіп көрейікші. Тәуелсіздік тақырыбына қатысты қандай дүниелер бар екен? Сүйікті пайғамбарымыз (с.ғ.с.)  тәуелсіздік деген ұғымды жақтар ма екен, әлде даттар ма екен?...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Аср 14:41

Ақшамға дейін 00:03

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi