Бала тәрбиесі һәм балабақша салудың сауабы
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Таң 04:19
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
04:19 05:36 12:00 16:26 18:18 19:35
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
19 Рамазан 1445
Миләди
29 наурыз 2024

Мақалалар

Бала тәрбиесі һәм балабақша салудың сауабы

| A | +

Атам қазақтың: «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын», – деген сөзін өмірлік ұран еткен халқымыз қашан да ұрпақ тәрбиесі мен ұлт болашағына үлкен жауапкершілікпен қараған. Әсіресе, жас жеткіншектеріміздің ерте бастан, тіпті жөргегінде-ақ үлкен азамат болып қалыптасуына қам жасап, жол көрсете білген. Осы ретте Хәкім Абайдың: «Баланың жақсы болмағы бірінші – ата-анасынан, екінші – ұстазынан, үшінші – құрбысынан», – дегенін ескерсек, еркін ойлы, асқақ рухты, білімді де тәрбиелі, бәсекеге қабілетті, ұлтжанды ұрпақ тәрбилеуде аталған үш негіздің маңыздылығын көреміз.  

 

Әрине, ең алдымен, баланың тәрбие бесігі – отбасы мен ата-анасы екені мәлім. Бала үшін ата-ананың тәрбиесін еш нәрсе алмастыра алмайды. Мұны дана халқымыздың: «Алты аға бірігіп, әке болмас, жеті жеңге жиылып, шеше болмас», – деген ұлағатты сөзінен аңғарамыз. Ал, екінші кезектегі тәрбие бесігі – мектепке дейінгі тәрбие мекемелері мен орта және жоғары білім беру  ошақтары, сондай-ақ ұстаздар. Ал, Абай айтқан «баланы жақсы қылатын құрбы» болса, ол өмір сүру кезеңінде ауадай қажетті фактор екені рас. Сондықтан баланы жастайынан жан-жақты дамытып, жақсы қасиеттерге баулу – мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен әлеуметтік құрылымның ең маңызды міндеттеріне жатады.

 

Осы орайда біз мектепке дейінгі тәрбие бесігі болған балабақшалардың баланы тұлға ретінде қалыптасуына, ақыл-ойы мен интелектуалдық қабілетін дамытуға, ерік пен сезім белсенділігін қалыптастыруға үлкен әсері барын айтсақ болады.

 

Хәкім Абай өзінің жетінші қара сөзінде баланың өмірге екі түрлі болып келіп, екі түрлі мақсатта өмір сүретіндігін айтады. Яғни, бір бала тек ішсем-жесем деп, нәпсі мен тән қажеттіліктерін ғана өтеп, «жүректе қайрат болмай, ұйықтаған ойын оятпай, ақылына сәуле қонбай, хайуанша жүріп күнелтетінін» тілге тиек етеді. Бұл – тән құмары. Ал екінші бала білсем екен, танысам екен деп тұрады дейді. Ал мұны ол жан құмары деп атайды. 

 

Сонымен баланың жан құмарын қанағаттандырып, толық адам, кемел азамат, жан-жақты толысқан тұлға етіп қалыптастыруда отбасы мен ата-ананың тәрбиесінен бөлек, мектепке дейінгі мекемелер мен бала-бақшалардың орны ерекше. Өйткені, қазіргі таңда балалар тез жетілу үстінде. Сондықтан балалардың заман талабына сай, бәсекеге қабілетті болып өсулері үшін үздіксіз даму үдерісі қажет. Ал мұндай қызметті қазіргі таңда, белгілі бір мөлшерде, соңғы үлгідегі білім инновацияларымен жабдықталған, баланы жастайынан қоршаған ортамен қарым-қатынасын реттейтін, еңбек пен жасампаздыққа үндейтін,  қоғамда өз ойын ашық айтуға үйреніп, жан-жақты дамытатын бала-бақшалар атқарып келеді. Ал енді елімізде осындай бала-бақшалардың көптеп салынуы, әрине, құптарлық іс, сауапты амал.

 

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

 

«Адам дүние салған соң оның үш амалынан басқасы тоқтатылады: (олар) жүріп тұратын садақасы, пайдалы білімі және өзіне дұға ететін перзенті», – деп өсиет айтқан.

 

Ал, мұндағы жүріп тұратын садақа дегеніміз – адамның көзі тірі кезінде бір Алланың разылығын тілеп, өзінен кейінгі ұрпақтардың қажетіне жарайтын, ел игілігі үшін соққан мешіт пен медресесі, көтерген мектеп пен бала-бақшасы, яки салған жол мен отырғызған ағашы, көзін ашқан бұлағы және т.б. қайырымды амалдарды айтсақ болады.

 

Сондықтан да өскелең ұрпақтың саналы тәрбие мен сапалы білім алуы үшін бала-бақша сынды мекемелердің көптеп бой көтеруіне атсалысу –азаматтық борышымыз бен келешек алдындағы міндетіміз.

 

Адамзаттың екінші ұстазы ретінде мойындалған бабамыз, ғұлама-ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің:

 

«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, тәрбиесіз берілген білім адамзатқа апат әкеледі», – деген сөзі әрбір тәлімгер мен білім берушінің жүрегінде жазылып тұратын сөз.

 

Мұндағы тәрбие деген сөзден үлкен-үлкен ұғымдарды аңғаруға болады. Яғни, тәрбие дегенде біз адамгершілік пен әдептілік, ар мен намыс, ұят пен ождан, ізгілік пен қайырымдылық, төзімділік пен сабырлылық сынды жақсы қасиеттерді түсінеміз.

 

Сонымен қатар, балабақшалар – орта мектеп пен жоғары оқу орындарының алғашқы баспалдығы іспетті. Тіпті, мектепке дейінгі мекемелерде тәлім алған балалар, бірден бастауыш мектепке барған балалардан ерекшеленіп тұрады. Әрі балабақша нарықтық замандағы жұмысбасты отбасылар үшін де өте тиімді.

 

Сондықтан, соңғы үлгідегі стандарттар мен түрлі гигиеналық және санитарлық талаптарға толық жауап бере алатын, балаңның тағдырын сеніп тапсыра алатын, балаңа тәлім-тәрбие беру арқылы жарқын болашаққа жетелейтін бала-бақшалардың саны көбейгені нұр үстіне нұр. Сондықтан да еліміздегі балабақшалар тәлім-тәрбиенің алтын бесіктеріне айналып, бақытты ұрпақты сонда мәңгі тербетуге тиіс.

 

Бала тәрбиесі – ата-ананың ұрпақ алдындағы ең қасиетті борыштарының бірі. Мәселен, жануар екеш, жануар да өз төлін дүниеге әкелгеннен кейін, оны қараусыз қалдырмайды. Оны түрлі қауіп-қатерлерден аман сақтауға, баласының өмір сүруге бейімдеуге, сол арқылы ұрпақ жалғасытығын сақтауға барын салады. Ал, Алла Тағала ардақтап жаратқан адам баласы ұрпақ тәрбиесіне келгенде, үлкен міндеттерді атқаруға бұйырылған.

 

Ибн Омар (Алла одан разы болсын): «Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

 

«Әр қайсыларың бақташысыңдар және (барлықтарың) қоластындағыларың үшін жауаптысыңдар. Ел билеуші бір бақташы және қоластындағылары (халқы) үшін жауапты. Ер адам жанұясының бақташысы және солар үшін жауапты. Әйел ерінің шаңырағы мен бала-шағасының бақташысы және сол үшін жауапты. Қызметші де қожайынының дүние-мүлкінің бақташысы және сол үшін жауапты. Қысқасы, әрқайсыларың бақташысыңдар және қоластындағыларың үшін жауаптысыңдар», – деп айтқанын естідім», – деген.

 

Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тағы бір хадисінде:

 

«Әкенің баласына жақсы тәрбиеден артық берер сыйлығы болмас», – деген.

 

Бұдан шығатын қорытынды: асыл дініміз ұрпақ тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, балаларымыздың иманды да адамгершілігі мол болғанын, ел мен жерін сүйгенін, Алла мен ата-анасының разылығын алып, екі өмірде бақытты болғанын қалайды.

 

Еркінбек қари КЕРІМБЕКҰЛЫ, 

ҚМДБ-ның Алматы қаласы бойынша өкіл имамы

 

Авторы Еркінбек Шоқай

Алматы Орталық мешітінің бас имамы

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
Баланы оқуға ынталандырудың 10 әдісі Құрандағы әкенің үлгісі

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Қоғам Бас имам: Алланың сөзін жүректерге жеткізіп, көңілдерді тербейміз
Ассалаумағалайкүм, Еркінбек мырза! Жұма мүбарак болсын! Санаулы күндерден кейін жан-ділімізбен сағына күткен қасиетті Рамазан айына қауышамыз. Осы ұлық мерекенің қарсаңында ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен VIII республикалық Құран жарысы өткелі жатыр екен. Биылғы Құран байқауы туралы айта кетсеңіз....
Қоғам Бас мүфти: ұлыс оң болсын!
Ардақты ағайын! Баршаңызды ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен құттықтаймын. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Әр шаңыраққа шаттық пен қуаныш, бақ пен береке тілеймін. Алла Тағала қарияларымызға қуат, жастарымызға жігер, халқымызға қашан да ынтымақ, татулық нәсіп еткей!...
Қоғам «Сені өзім тудым, өзім өлтіремін»
Тарас Бульбаның әйгілі сөзі бүгінгі күнде жан түршігерлік, сорақы мәнге ие болды. Жасыратыны жоқ, өз құрсағынан шыққан перзенттерін еш шімірікпестен тастап кете беретін көкек аналар бұрын да болмады емес, болды. ...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
19 Рамазан 1445
Миләди
29 наурыз 2024
Намаз уақыттары
қазір

Таң 04:19

Имсакқа дейін 00:43

39. «Рия» (Деяния на показ)

Это оборот речи, подразумевающий, в том числе "перед Аллахом". Тем не менее, с целью купирования не

Администратор Azankz
кеше

Тасбих таравих намаза

То есть "не умрет". Всмысле "не исчезнет", "не перестанет существовать".

X
19 нау. 2024

20 урок: О дополнительных молитвах

Уа алейкум ассалям уа рахматулЛахи уа барокятуху. К сожалению для этого урока есть только текстовая

Администратор Azankz
18 нау. 2024

Курсы хадисоведения открылись при центральной мечети Алматы

Уалейкум ассалам. Да, женщины могут слушать курс из женского зала. Курсы проводятся на казахском я

Администратор Azankz
16 нау. 2024

Al Muallim

В первом и в втором нашиде есть же звуки барабана и других музыкальных инструментов, они разрешены л

X
1 ақп. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi