Жұмысты жандандырудың жеті бағыты
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:46
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

Мақалалар

Жұмысты жандандырудың жеті бағыты

| A | +

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының елордада өткен кеңейтілген Төралқа мәжілісінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы барша дін қызметкеріне бағдарламалық баяндамасын жолдады. ҚМДБ Төрағасы бағдарламалық баяндамасында мүфтият өз қызметі аясында 2021 жылы жеті бағыт бойынша жұмыстарға басымдық беретінін атап өтті. Біз жеті бағыт бойынша атқарылатын жұмысты тарқатып түсіндіруге тырысамыз.

  1. Ақпарат және қоғаммен байланыс. Наурызбай қажы Тағанұлы Бас мүфти лауазымына сайланған сәттен бастап ақпарат саласындағы жұмыстарға серпін берді. Осы бағыт бойынша игі жобаларды жүзеге асыру мақсатында ҚМДБ жанынан Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімі ашылды. Сонымен қатар Мүфтият медиа орталығы ашылып, діни ақпарат саласындағы игі жобалар жүйелі түрде жүзеге аса бастады.

Өткен жылы Бас мүфти бастамасымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төл телеарнасы – «Халық арна» ашылып, өз жұмысына кірісті. Бүгінде арна эфиріне арнайы діни контенттер әзірленуде. ҚМДБ-ға тікелей қарасты телеарна ашу көптен күткен маңызды мәселе болатын. Ендігі меже – телеарна эфирін ғибратты телеөнімдерге толтыру.

Наурызбай қажы Тағанұлы бағдарламалық баяндамасында ҚМДБ жалпы халыққа діни бағытта сенімді ақпарат көздерін ұсынатын қарашаңырақ болғандықтан, өңірлердегі мешіт жанындағы сайттарды, әлеуметтік парақшаларды сенімді ақпаратпен толықтыру қажеттігін атап өтті. Бұл ретте Діни басқарма тарапынан ұсынылатын ақпараттар, діни мәліметтер жамағатқа көбірек таратылуы тиіс.

  1. Уағыз-насихат. Халыққа насихат айту – ҚМДБ-ның басты жұмыс бағыттарының бірі. Дәстүрлі Ханафи мәзһабы мен имам Матуриди сенім мектебі аясында қасиетті Құран Кәрім мен хадистерде келген діннің негіздерін жеткізу – имамның күнделікті атқаратын жұмысы. Діни басқармаға қарасты Республикалық ақпараттық насихат тобы (РАНТ) мен Жергілікті ақпараттық насихат тобы (ЖАНТ) жұмыс істейді. Ендігі мақсат – РАНТ және ЖАНТ жұмысын жандандыру. Ол үшін топ мүшелерінің білімі мен біліктілігін арттыру қажет. Бас мүфти дінді даналықпен жеткізу қажеттігіне айрықша тоқталды. Осы орайда РАНТ және ЖАНТ құрамындағы имамдардың біліктілігін арттыру семинарын ұйымдастыру жоспарланды.
  2. Қайырымдылық. Халқымызда «Қайырымдылық жасасаң – қайырын өзің көресің» деген нақыл сөз бар. Қамыққанға қамқор болу, жабыққан жанның көңілін жадырату – дін қызметкерінің игі істерінің бірі. Өткен жылы ҚМДБ өзінің 30 жылдық мерейтойы аясында жомарт жандардың демеушілігімен 43 елдімекенге көпір салып берді. Сонымен қатар 73 құдық ел игілігіне берілді. Оқуда озат болған, көмекке зәру отбасыдан шыққан 30 шәкіртке мүфтият гранты табысталды. «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында 342 баспана кілті берілді. Еліміздегі пандемия кезінде қайырымдылық іс-шаралар қарқын алды. ҚМДБ осы жылы да бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жүзеге асырмақ.
  3. Оқу-ағарту және кадрлық әлеует. «Бәрін кадр шешеді» деген қағида бар. Жақсы кадр – жақсы жұмыс нәтижесінің көрсеткіші. Бұл ретте ел мүддесі мен дін тұтастығын ойлайтын жастарды тәрбиелеу үшін отандық ислами білім ошақтарын әрдайым дамытып отыру қажет. Діни кадр даярлауда Нұр-Мүбарак университеті мен медреселердің орны мен рөлі айрықша.

Бүгінде медресеаралық олимпиадалар ұйымдастырылып, шәкірттердің жан-жақты білім алуына барынша көңіл бөлінуде. Үздік шәкірттерді шетелге жіберіп, білімін шыңдауға пәрмен берілді. Оқу-ағарту және кадрлық әлеует бағыты бойынша сапалы діни кадр дайындау жұмыстарына айрықша назар аударылмақ.  

  1. Рухани тәрбие, ихсан ілімі. 2021 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өз қызметі аясында ихсан ілімін халыққа кеңінен насихаттамақ. Әдеп, тәрбие, тақуалық негізі саналған ихсан ілімі туралы бірнеше кітап шығару жоспарланды.

«Еліміздегі мұсылман қауымға ихсан ілімі арқылы дініміздің әдеп негіздерін үйрету және рухани тәрбиенің маңыздылығын көрсету – Діни басқарманың міндеті. Жамағат кез келген адамның жетегіне еріп кете бермей, тәрбиелік жолды ұстанса, қоғам да, ғибадатын атқарып отырған жамағат та адаспай, дұрыс жолда болар еді. Ол үшін ҚМДБ қызметкерлері қоғамға ауадай қажет болып отырған ихсан ілімін насихаттауды қолға алу керек. Алла қаласа жуырда «Ихсан ілімі», «Кемел адам» тағы басқа бірқатар кітаптарды шығарамыз» деді Төралқа мәжілісінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

  1. Дін мен дәстүр. Бұл – Діни басқарманың маңызды жұмыс бағыттарының бірі. Мүфтият бұған дейін «Дін мен дәстүр сабақтастығы» бастамасы аясында бірнеше кітап шығарып, насихат жұмыстарына басымдық берді. Ендігі мақсат – асыл дініміз Ислам мен бабалар ұстанған салт-дәстүрлерімізді халыққа кеңінен насихаттау, дін мен дәстүрдің сабақтастығын келер ұрпаққа жеткізу, дәстүрді дәріптеу арқылы жат ағымның арбауына іліккен жастарды дұрыс жолға бағыттау.

Дәстүрдің діндегі орны, ғұрыпты дәлел ретінде қарастыру, ғұрыптың шариғаттағы шарттары, ұлттық сана сынды мәселелер уағыз тақырыптарына арқау болмақ.

  1. Жат діни ағымдармен жұмыс. Өткен жылы Діни басқарма жанынан арнайы «Діни оңалту» бөлімі ашылды. Бөлімді ашудағы мақсат – келешек ұрпақты түрлі діни жат ағымдардың жетегіне еріп кетуден сақтандыру. Сонымен қатар жат ағымдарға кетіп қалған қандастарымызды дұрыс жолға тарту, олармен оңалту жұмыстарын жүргізу.

«Елімізде діни мәселеде арқа сүйер бір ғана шаңырақ бар, ол – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы. Біз осыны жамағатқа кеңінен түсіндіруіміз керек. Еліміздегі мұсылман қауымы осы қарашаңырақтан шыққан пәтуаға бойсұнып, діни бірлігімізді паш етуі керек. Ол үшін біз жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізуіміз тиіс. Сол кезде жат ағымның алдын алатын боламыз. Сондықтан жат ағымдарды алдын алу үшін және жамағаттың бойында түрлі теріс бағыттарға қарсы діни иммунитет қалыптастыру бойынша жұмыстарды жүйелі түрде ұйымдастыруды тапсырамын» деді Бас мүфти.

Төралқа мәжілісінде аталған жеті бағыт бойынша атқарылатын жұмыстың жоспары жан-жақты таныстырылып, бекітілді. Жеті бағыт бойынша жұмыстарға жауапты бөлім меңгерушілері облыс имамдарынан келетін ай сайынғы есепке талдау жүргізіп, тиісті нұсқамалар бермек. Жыл соңында жеті бағыт бойынша атқарылған іс-шаралар негізінде имамдардың қызметіне, яғни жылдық жұмысына тиісті баға беріледі.

 

Ағабек ҚОНАРБАЙҰЛЫ

«Мұнара» газеті, №2, 2021 жыл

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Предыдущий Следующий
Қара сөз қара өлеңге айналғанда... #30 Құран жайлы 40 хадис: 3-ХАДИС

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Мәнһәж Білім мен хикмет – үлкен нығмет
Білім мен хикмет – үлкен нығмет. Бұл хадистен осы нығметті иемденіп алуға ең әуелі мұсылман баласы лайықтырақ екенін аңғарамыз. Расында қай кезеңде, қай қоғамда болсын, өз дінін, тілін, тарихын, мәдениеті мен әдебиетін білген, сонымен қатар шет тілдерін меңгерген, ойлау деңгейі жоғары тұлғалар қашан...
Мәнһәж Білім – амалдың негізі
Асыл дінімізде білім алудың маңызы ерекше. Өйткені білім – амалдың негізі, мінездің басшысы және түзетуші құралы. Амалсыз білімнің пайдасы болмайтыны секілді, білімсіз амалдың да еш пайдасы болмайды. Білім мен амал – бірін-бірі толықтырушы, бір-бірінен ажыратуға болмайтын егіз ұғым....
Мәнһәж Данияр ЖҰМАБАЕВ. Білім алудың дініміздегі орны
Ислам діні ғылым, білімге қатысты дегенде, бірінші болып келтіретін дүниеміз ол алғаш түскен аяттың өзі «Оқы!» деп басталатындығы. Алла Тағала бір емес үш рет қайталап «оқы, оқы, оқы» деп пайғамбарымызға (с.ғ.с.) оқуды бұйырады. Енді ғұламаларымыз нені оқу керек деген кезде «Жаратқан Раббыңның» атым...
Мәнһәж АБАЙДЫҢ ДІНИ ТАНЫМЫ
Технократия дендеп еніп, жаһандану белең алған заманда озық қоғам мен озат адам қалыптастырудың басты құралы бар, ол – дін. Дінсіз мемлекет, дінсіз қоғам жоқ. Себебі әрбір ұлттың ұлттық құндлығы белгілі бір сеніммен ұштасады. Сол сеніммен адамдар бір-бірімен тығыз байланыста болып, бір-бірінің жанын...
Мәнһәж Темірбек ПЕРНЕБЕКҰЛЫ: Мұсылманның бірлігі
Мұсылманның өмірінде бірлік пен татулықтың маңызы үлкен. Бірлік – мұсылмандардың арасындағы ынтымақ пен татулықтың көрінісі. «Бірлік түбі – береке» дегендей, ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Бұл жайында қасиетті ...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:46

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi