Марат БЕКТАЗИНОВ: Дінді жаңа форматта жеткіземіз
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Күн 06:51
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:31 06:51 11:41 14:43 16:25 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
22 қараша 2024

Мақалалар

Марат БЕКТАЗИНОВ: Дінді жаңа форматта жеткіземіз

| A | +

ҚМДБ-ның ауқымды бөлімдерінің бірі – жыл басында ашылған Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімі. Биылғы пандемия жағдайына байланысты бұл бөлімнің жұмыс ауқымы кеңейді. Көптеген онлайн шаралар қолға алынды. Діни басқарманың төл арнасы ашылды. Осы секілді көптеген оң бастамалар орын алды. Осыған орай Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Марат Бектазиновпен сұхбаттасқан едік.

– Марат Дәлелханұлы, ең алдымен өзіңіз басқаратын бөліммен таныстырып өтсеңіз. Бөлімнің міндеті, атқаратын негізгі функциясы қандай?

– Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімі Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен биылғы ақпан айында құрылды. Орталық аппараттағы ең ауқымды, яғни қызметкерлерінің саны жағынан ең үлкен бөлім. Негізгі міндетіміз – Діни басқарманың 4 бағыт бойынша атқаратын қызметін үздіксіз насихаттау. Ақпарат таратумен айналысатындықтан, мүфтияттың барлық бөлімімен тығыз байланыстамыз. Бөлімге қарасты Ғаламтормен жұмыс секторы мен «Хикмет» студиясында сайдың тасындай іріктелген өз ісінің нағыз мамандары жұмыс істейді. Мәселен, Ғаламтор секторының меңгерушісі – белгілі ақын, журналист Серікбол Хасан. «Хикмет» студиясының жетекшісі Ерболат Айтбайұлы «Қазақ радиосы» арқылы, ал тележурналист Еркін Шәкірұлы «Таңшолпан» таңғы бағдарламасымен көпке танымал. Одан кейін еңбегі ерен оператор-фотограф Қайсар Тұрлыбековті, бөлім ғана емес, Діни басқармаға қатысты іс-шаралардың логотипінен бастап баннерлеріне дейін өзіндік дизайн жасап, әрлейтін талантты, білімді дизайнеріміз Білімбек Солтанмұрат пен бейнероликтерді әсерлі етіп беруді басты міндеті санайтын Алмас Мырзахан бауырымызды ерекше атап өтуге тиіспін. Дыбыс режиссері Нұрқанат Жақан бейнеөнімдерге сапалы дауыс жазуға көмектессе, қари екенін өзіміз жуырда білген Болат Кенебаев – muftyat.kz ресми сайтының қауіпсіздігін қадағалайтын маман. Ал діни ақпарат саласында қолтаңбасы қалыптасып келе жатқан журналист Ермұрат Назарұлы ресми сайт пен әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жауапты. Ал өзім және көмекшім Махамбет Искандеров біз арқылы шығатын ақпараттарды ұдайы бақылап, қадағалап отырамыз.

 

 

Сондай-ақ Бас мүфти бастамасымен көгілдір экран арқылы көпшілікке жол тартқан «Халық арна» телеарнасы да біздің бөлімге қарайды. Жуырда ғана «Muftyat» медиа-орталығын ашып, «Халық арна» телеарнасының да жұмысын жүйелеуді бастап кеттік. Бүгінде Нұржан Даркулов басқаратын арнаға танымал тележурналист Руслан Жылқыбай келіп, бас продюсер қызметіне кірісті. Алла қаласа, 2021 жылы «Халық арна» рухани-танымдық бағдарламаларымен халықтың көңілінен шығады деп сенеміз.

– Биылғы пандемия жағдайы бөлім жұмысына қалай әсер етті?

– Ақпан айында бөлім құрылса, араға бір ай салып елімізде карантин басталды. Діни басқарма қызметкерлері де онлайн режимде жұмыс істеуге көшті. Дәрістер ғана студияда түсіріліп, яғни ұстаз бен оператор санитарлық талаптарды сақтай отырып түсірілім жасаса, қалған жұмыстар онлайн түрде атқарылды. Мәселен, сайт пен әлеуметтік желілерді жүргізу, ақпарат тарату қиын болмады. Ғаламтормен жұмыс секторы мамандары үздіксіз жаңа контенттермен айналысты. Қысқасы, карантин режимі қолымызды байлаған жоқ.

Карантинге дейін WhatsApp мессенджерінде «Qalamtor» ақпараттық пулын жасақтаған едік. Алты чаттан тұратын пулға еліміздің әр аймағынан мыңнан астам имам тіркелген. Олар күн сайын чатқа келген сайт сілтемесі немесе бейне, фото, посттарды әртүрлі әлеуметтік желілерге таратып отырады. Сондай-ақ 19 өкілдікке қарасты 21 сайттың да жүйелі жұмыс істеуіне баса назар аударып келеміз. Биыл бірқатар өкілдіктің сайты қайтадан ашылып, кейбірінің дизайны, енді бірінің атауы өзгерді.

 

 

– Тікелей эфирде, яғни онлайн өткен ірі жобалар туралы не айтасыз?

– Ең алдымен биыл қашықтан атқарылған жобалардың қатарында онлайн дәрістерді ерекше атай кеткен жөн. Себебі алғашында қиын тигенмен, уақыт өте келе имам-ұстаздарымыз онлайн насихат айтуға төселіп алды. Онлайн дәрістер 20 наурыз күні ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының «Ислам – тазалық діні» тақырыбындағы жұма насихатымен басталды. Содан бері ҚМДБ бөлім меңгерушілері, исламтанушы-ғалым, мамандары аптасына бес күн, ал өкілдіктердің кейбірі аптасына алты күн онлайн дәрістер жүргізіп келеді.

Наурыз айының соңында республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде жұмыс істеген Діни ақпарат беру орталығы мүфтият ғимаратына көшіріліп, қайта ашылды. Тәжірибелі дін мамандары тәулік бойына жамағат сұрағына жауап беретін орталықта айына бір, кейде екі-үш рет «Call-орталықтағы сұрақ-жауап» тікелей эфирі өтіп тұрады. Мүфтияттың Instagram-дағы парақшасы арқылы тікелей эфирде ҚМДБ ғалым-ұстаздары, танымал имамдар әлеуметтік желі және телефон арқылы түскен сұрақтарға жауап береді.

Сондай-ақ отбасылық құндылықтарды, дәстүріміз бен мәдениетіміздің діңгегі болған асыл дінімізді насихаттау әрі қасиетті Рамазан айына дайындық мақсатында «Берекелі отбасы» республикалық ашық отбасылық байқауы ұйымдастырылды. Мұсылмандар үшін қастерлі ай Рамазанда тікелей эфирде «30 күнге – 30 сұхбат» бағдарламасы жүргізілсе, Қадір түнінде және Ораза айт күні арнайы онлайн-бағдарлама көпшілік назарына ұсынылды.

13 шілде – Жалпыұлттық аза тұту күніне орай еліміздің барлық мешіттерінде Қасиетті Құран оқылып, хатым дұғасы жасалса, рәсім онлайн арқылы әлеуметтік желілерде таратылды. Одан бөлек Ақтау қаласында ұйымдастырылған «Әдемі әуезді азаншы» IV республикалық азаншылар жарысы мен елордада өткен Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ІХ республикалық байқауы мен Діни басқарманың құрылғанына 30 жыл толуына орай «Бейбітшілік пен рухани келісімді сақтаудағы діни институттардың рөлі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференциясы, жуырда ғана өткен имамдардың IV республикалық онлайн-форумы секілді ауқымды жобаларды тікелей эфирде көрсетіп, жұмысты жоғары деңгейде атқарып шықтық. Соның ішінде тоғызыншы мәрте өткен Қарилар байқауы «Халық арна» телеарнасының тікелей эфирінен көрсетілді.

 

 

– Әлеуметтік желілермен жұмыс та жүйелі секілді. Оқырмандармен кері байланыс жағы қалай?

– Аллаға шүкір, әлеуметтік желілердегі жұмыстарымыз жүйеленіп келеді. Әсіресе жастар жиі отыратын Instagram желісіндегі ресми парақшамызға жазылушылар күн санап артып келеді. Жыл басында 132 мыңның шамасында болса, қазір 264 мың оқырманымыз бар. Бұған әрине парақшадағы жүйелі жұмыстың әсері мол. Мәселен, тікелей эфирде өтетін онлайн дәрістердің сапасына ризашылығын білдіріп, әдемі фондарын қалай қоятынын сұрап жататындар өте көп. Серікбол Хасанның дін және руханият саласындағы танымал тұлғалармен өткізіп жүрген «Сәрсенбілік сұхбаты» да елдің ықыласына бөленіп үлгерді. 1-2 минуттық бейнеүзіктен тұратын #ҚұранТыңдайық топтамасы тұрақты түрде жарияланып жүр, ал жұма күндері #қазақстанмешіттері, #тарихимешіттер жобасының суреттері оқырмандарға еліміздің мешіттерін таныстырудың ұтымды жолына айналды.

Одан бөлек аптасына екі рет шығатын «Ғибратнама», «Сұрақ-жауап» айдарлары да оқырмандар үшін өте пайдалы. Барлық әлеуметтік желілер арқылы ел тұрғындарымен байланысу оңай болып тұр. Алайда бір ескеретін жайт, мамандарымыз ақпарат саласының өкілдері болғандықтан, діни сұрақтарға пәтуа мамандары арқылы жауап берсе, қайырымдылық көмек сұрағандарды «Зекет» қорына бағыттап отырады.

 

 

– Алдағы 2021 жылға арналған жоспарларыңыз қандай?

– ҚМДБ-ның 30 жылдығын жақсы өткіздік, енді алда ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы тұр. Ендігі ойға алар жобалар осы қастерлі мерекемізге бағытталмақ. Алланың қалауымен, азаттығымыздың арқасында алшаң басып келеміз. Ендеше, бір жағы шүкіршілігімізді білдіріп, бір жағы халыққа насихат ретінде тәуір дүниелер дайындаймыз деген ойдамын. Алла нәсіп етсе, ҚМДБ мен мешіттеріміздің атқарар игі іс-шараларын насихаттауды жалғастыра береміз. Заман түрленіп, технология қарыштап дамып жатқанда оқырманның да, көрерменнің де талғамы тез өзгеріп барады. Сол себепті жаңашылдыққа ұмтылып, дін насихатын жаңаша форматта елге жеткізуді қолға аламыз.

 

 Сұхбаттасқан Ермұрат ШОПАН

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Предыдущий Следующий
Хақ дін қазақ топырағына қалай тарады? Қара сөз қара өлеңге айналғанда... #29

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Мәнһәж Білім мен хикмет – үлкен нығмет
Білім мен хикмет – үлкен нығмет. Бұл хадистен осы нығметті иемденіп алуға ең әуелі мұсылман баласы лайықтырақ екенін аңғарамыз. Расында қай кезеңде, қай қоғамда болсын, өз дінін, тілін, тарихын, мәдениеті мен әдебиетін білген, сонымен қатар шет тілдерін меңгерген, ойлау деңгейі жоғары тұлғалар қашан...
Мәнһәж Білім – амалдың негізі
Асыл дінімізде білім алудың маңызы ерекше. Өйткені білім – амалдың негізі, мінездің басшысы және түзетуші құралы. Амалсыз білімнің пайдасы болмайтыны секілді, білімсіз амалдың да еш пайдасы болмайды. Білім мен амал – бірін-бірі толықтырушы, бір-бірінен ажыратуға болмайтын егіз ұғым....
Мәнһәж Данияр ЖҰМАБАЕВ. Білім алудың дініміздегі орны
Ислам діні ғылым, білімге қатысты дегенде, бірінші болып келтіретін дүниеміз ол алғаш түскен аяттың өзі «Оқы!» деп басталатындығы. Алла Тағала бір емес үш рет қайталап «оқы, оқы, оқы» деп пайғамбарымызға (с.ғ.с.) оқуды бұйырады. Енді ғұламаларымыз нені оқу керек деген кезде «Жаратқан Раббыңның» атым...
Мәнһәж АБАЙДЫҢ ДІНИ ТАНЫМЫ
Технократия дендеп еніп, жаһандану белең алған заманда озық қоғам мен озат адам қалыптастырудың басты құралы бар, ол – дін. Дінсіз мемлекет, дінсіз қоғам жоқ. Себебі әрбір ұлттың ұлттық құндлығы белгілі бір сеніммен ұштасады. Сол сеніммен адамдар бір-бірімен тығыз байланыста болып, бір-бірінің жанын...
Мәнһәж Темірбек ПЕРНЕБЕКҰЛЫ: Мұсылманның бірлігі
Мұсылманның өмірінде бірлік пен татулықтың маңызы үлкен. Бірлік – мұсылмандардың арасындағы ынтымақ пен татулықтың көрінісі. «Бірлік түбі – береке» дегендей, ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Бұл жайында қасиетті ...
Мәнһәж Ж.ХАСАНОВ: Кітап оқудың пайдалары
Алла Тағала Құран Кәрімнің «Алақ» сүресінің 1-аятында: «Сені жаратқан Раббыңның атымен оқы» деп бұйырады. Яғни Жаратушы Иеміздің адам баласына айтқан ең бірінші әмірі мен бұйрығы – «Оқы» деген сөз. Бұл аят бізге адам баласы бір нәрсені түсіну үшін, адамда сол нәрсе туралы білім болу керектігін ұғынд...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
22 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Күн 06:51

Бесінге дейін 04:10

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi