ЖІГІТТІҢ ЖАҚСЫСЫ - НАҒАШЫДАН
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:45

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:33 06:54 11:42 14:42 16:24 17:45
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
22 Джумада-авваль 1446
Миләди
24 қараша 2024

Мақалалар

ЖІГІТТІҢ ЖАҚСЫСЫ - НАҒАШЫДАН

| A | +

Осы сөзді естімеген қазақ кемде-кем. Кейде бұны «қымыздың жақсысы – сабасынан, киіз үйдің жақсысы – ағашынан, жігіттің жақсысы – нағашыдан» деп толығымен айтып та жатады. Осынау үш ауыз сөздің ұрпақтан-ұрпаққа жойылып кетпей жетуі – қоғамның құптауын білдірсе, екінші жағынан өмірлік ақиқат екендігінен болса керек.

Олай дейтініміз, бұл жерде жігіттің бар жақсы қасиетін нағашы жұртына телуі емес, керісінше ер баланың нағашы жұртынан да алары бар екеніне назар аударту арқылы жар таңдауда қандай қасиеттерге мән беруге нұсқау бар.

Бала тәрбиесінде ананың орны қаншалықты маңызды екені бесенеден белгілі. Ал болашақ ананың жақсы болуы – отбасына байланысты. Бұған қатысты бабаларымыз өмірлік тәжірибесімен «анасына қарап, қызын ал» деп бөліскен. Ардақты Пайғамбарымыз да (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) иісі мұсылманға мәшһүр хадисінде «Әйелді – байлығына, шыққан тегіне, көркіне және діндарлығына қарап алады. Олай болса, осылардың ішіндегі діндар әйелді таңдағын, әйтпесе қапыда қаласың» дейді.  

Ал діндар болуы дегеніміздің өзін кең мағынада алар болсақ, діннің рухын бойға сіңіруді қажет етеді. Яғни, күнделікті бес уақыт намаз бен жылына бір мәрте келетін ораза, зекетті атқару ғана емес, адалдық, әділдік, шыншылдық, мейірімділік, қамқорлық, үлкенге құрмет пен кішіге ізет сынды асыл қасиеттердің бәрін де қамтиды және талап етеді. Дін күтіну, дін бағу дегеніміз де қазақ пайымында құлшылықты ғана емес, құлшылықтан туатын асыл қасиеттерді де қамтиды. Ал енді хадистегі «шыққан тегіне» дегенде әулетіне қарама деген емес, әулетінің абыройына бола алма, қапыда қаласың деген мағынада.

Осылай бола тұра, кейде баланың өзіне ұнамайтын қылығын көріп қалса ересектер «нағашыларына тартып кетіпті» деп жататыныны да бар. Бұның өзі ешбір ғылыми ақиқаты аз, бар болғаны пендешілік ой ғана. Олай дейтініміз жақсы қасиеттің бәрі өз жұртынан, жаман қасиеттің бәрі нағашы жұрттан келеді дейтін заңдылық жоқ. Сондықтан ұрпағамыздың болашағы жарқын, әкесі жағынан да, анасы жағынан да асыл қасиеттерді бойына дарытқанын сезінген тұлға болып қалыптасқанын қаласақ, баланың санасына да кері әсерін тигізетін  жаңағыдай сөздерді қолданыстан алып тастаған жөн.

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) нағашысымен мақтанған. Көзі тірісінде жәннатпен сүйіншіленген сахабалардың бірі Сағд ибн Әбу Уаққасқа (Алла ол кісіге разы болсын) қатысты «Міне, менің нағашы ағам – Сағд. Осындай нағашыға ие кім бар екен?» деген. Адамзаттың ардақтысы адамзатқа ортақ, оларға екі дүниенің бақытын ұсынатын жолды алып келді. Сүйікті Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) нағашысын мақтан тұтып тұрса, нағашы жұртты құрметтеу, нағашымен мақтану айып емес. Кейде ер бала өз әулетінің тегін тарататын тұлға ретінде қабылданғандықтан, нағашы жұртына жиі баруы, оларды жиі айтуы да дұрыс көзқарас таппай жатады. Біз қазақ халқы баяғыдан-ақ туысымыздың көптігімен, соларға арқа сүйеумен өзімізді бақытты сезінетін халықпыз. Сондықтан жігіттің үш жұртының ішіндегі нағашы жұртымен де араласуына дәнекер болатын сөздер мен әдеттерді көбейткеніміз әлдеқайда жақсы.

Жігіт – нағашы жұртына жиен болады. Бұл жағынан да «жиен ел болмайды, желке ас болмайды» деп қағытып қояды. Оған қарсы «жиен ел болады – малы болса, желке ас болады – майы болса» деп жатады. Бұның өзі қатып қалған ұстаным емес. Қоғам арасындағы әзіл-қалжың, сөз қағыстыру десек те болар. Алайда оның бірлікке сызат түсірмеуін ескерген жөн. Ата-бабаларымыз жиеннің бар еркелігін көтеріп, оған бала кездің өзінде алысып-жұлысып ойнап жүргенде қол жұмсауға тыйым салып, жиенді ұрған адамның жақсы болмайтынын айтып отырған.  

Демек «жігіттің жақсысы – нағашыдан» сөзін – жігіттің үш жұртын бір-бірімен жарыстырып, бірінен-бірі артық қоюдың дәнекері етпей, керісінше, ажырасу көбейген, отбасылық кикілжің жиілеген алмағайып заманда жар таңдауда анасы мен оның әулетіне мән беруге шақыратын, екі жаққа да берекелі отбасының кепілі болатын кеңес ретінде қабылдау қажет. Сан ғасырлық, өмірлік тәжірибеден туған аталы сөздерді туған-туыстың арасына сына қағып, салқынын тигізетіндей мағынада емес, өскелең ұрпақтың толық адам болып жетілуіне септігі тиетіндей пайдалы қырынан қарастыру жақсы болары сөзсіз.

Жетісу ауданы "Әл-Мадина"

                                                                                                                                                                                                                                                                 мешітінің бас имамы

Бақытжан Жаңбырбайұлы

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
БЕС НӘРСЕ КЕЛМЕСТЕН БҰРЫН БЕС НӘРСЕНІ ОЙЛАН РУХАНИ ДАҒДАРЫСҚА ЖОЛ БЕРМЕУ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Пайым-парасат БІЛІМ ІЗДЕУ МҰСЫЛМАННЫҢ ПАРЫЗЫ
Білім – әр адам баласына қажет. Білім арқылы адам баласы ақ пен қараны ажырата біледі, дұрыс пен бұрыстықты біледі. Білімсіз адамның өмірі бос.
Пайым-парасат ӘКЕ КӨРГЕН ОҚ ЖОНАР
Барша мақтау мадақ бізді жоқтан бар еткен Жаратушы Жаббар Хақ Алла Тағалаға зікірлер мен шүкірлер болсын!
Пайым-парасат БАҚЫТТЫ ОТБАСЫН ҚҰРУ КЕМЕЛДІККЕ БАСТАР ЖОЛ
Отбасының сәні – сыйластық демекші бақытты отбасын құрудың құпиясы неде? Оны қайдан іздемек керек? Әрине, шаңырақты ақ некемен бастайтын ерлі-зайыптылар отбасылық өмірдегі барлық сұрақтарына жауапты асыл дінімізден іздейді. Ендеше, Құран Кәрім қандай бағыт береді?...
Пайым-парасат ІБІЛІСТІ МАЛҒҰН ЕТКЕН - ТӘКАППАРЛЫҚ
Адам баласы «мен» деген сөзді қаншалықты көп айтатынын өзі де байқамайды. Бір кісінің жүрегіне үнемі өзін көрсету, мойындату, өзгеден жоғары екендігін білдіру сезімін Ислам шариғатында «тәкаппарлық» деп атайды. Тәкәппарлық – араб тіліндегі «кибр» және «тәкәббур» сөздерінен шығады. Ол «үлкен», «ұлы б...
Пайым-парасат КӨРШІ АҚЫСЫ - ҚҰДАЙ АҚЫСЫ
Қоғамда өмір сүргеннен кейін адамның хақ-құқығына кіретін негізгі мәселелердің бірі көрші ақысы болып табылады. Жаратқан Иеміз көрші ақысына ерекше мұқияттылық танытуымызды талап етеді. Өйткені кез келген кісінің туысымен емес, көбінесе көршісімен өмір сүру қарым-қатынасы көп болады....
Пайым-парасат КЕМЕЛ ИМАННЫҢ БІР БЕЛГІСІ...
Ізгілікке үндейтін хақ дін - Исламдағы кемел иман мұсылман адамның көркем мінезді болуына негізделген. Көркем мінезді жан әрдайым өзіне де, айналасына да ізгі ниетте болады.  Өзіне қалаған жақсылық пен берекені еш қызғанышсыз дін бауырына да қалайтын шынайы иман иесін діни кемелдікке қол жеткізді де...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
22 Джумада-авваль 1446
Миләди
24 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:45

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi