БІЛІМ ІЗДЕУ МҰСЫЛМАННЫҢ ПАРЫЗЫ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:47
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:56 07:19 11:54 14:42 16:24 17:47
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024

Мақалалар

БІЛІМ ІЗДЕУ МҰСЫЛМАННЫҢ ПАРЫЗЫ

| A | +

Білім – әр адам баласына қажет. Білім арқылы адам баласы ақ пен қараны ажырата біледі, дұрыс пен бұрыстықты біледі. Білімсіз адамның өмірі бос.

Жалпы білім алу үшін не істеуіміз керек деген сұраққа, мына бір ғалымның кереметтей сөзін үлгі еткім келіп отыр.  Білімді үйрену үшін еңбек құмар болып, денеңді жалқаулыққа билетпеуің керек деген екен. Жалқаулық - адамның қас жауы екенін білеміз.

Ал ұлағатты ұстаз болған Абай атамыз білім жайлы нені меңзеген екен. Мына бір ұлы сөзіне көз жүгіртсек: «Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тез қолға түседі. Шала мейір шала байқалады. Яғни кім білімге көп көңіл бөлсе, іліміне де тереңірек болады» - деген екен. Адамның білімге көзқарасы мен ықыласы оның оны әрекетінен-ақ байқауға болатынын айтып тұр.

Ал Шариғатымыз Ислам дінінде білімді ең алғашқы қатарға қойған. Себебі білім болмаса, дінді бұрыс түсініп, теріс насихат айтуы мүмкін.  

Алла Тағала Құран Кәрімде білімнің артықшылығын бізге былай баяндайды:

قُلْ هَلْ يَسْتَوِي الَّذِينَ يَعْلَمُونَ وَالَّذِينَ لَا يَعْلَمُونَ إِنَّمَا يَتَذَكَّرُ أُولُواْ الْأَلْبَابِ

«Білетіндер мен білмейтіндер тең ба? Шын мәнінде ақыл иелері ғана ғибрат ала алады!» деген. («Зумар» сүресі, 9-аят)

Ойлап қарасақ, білімді адам мен білімсіздің айтар сөзі де,  ісі де екі бөлек. Олардың ойлау жүйесі, даналығы, сабырлығы бөлек келеді.

Және де білімді адамдардың дәрежесінде бөліп жарған. Алла алдында білімділердің мәртебесі  жоғары болады екен.

Құранда бұл дәреже жайлы былай дейді:

يَرْفَعِ اللَّهُ الَّذِينَ آَمَنُوا مِنْكُمْ وَالَّذِينَ أُوتُوا الْعِلْمَ دَرَجَاتٍ وَاللَّهُ بِمَا تَعْمَلُونَ خَبِيرٌ

«Алла Тағала сендерден иман келтіргендер мен ғылым берілгендердің дәрежесін жоғарылатады. Алла сендердің істегендеріңнен хабардар», деген. («Мужәдәлә» сүресі,11-аят)

Бірақ айтарлық мәселе біз алып жатқан білімдерімізге аса көңіл аударуымыз қажет. Алған білімнің маңыздылығы мен пайдалығына қарамасақ, кейде пайдасыз білім де болуы мүмкін. Және тағы бір мән берерлік жайт, іліммен қоса тақуалық та өсу керек, ол екеуі айырылмас нәрселер. Тақуалықсыз берілген ілім мен, алған ілім тастың бетіне қонған шаң тозаңдай болады екен. Яғни шаң жел келгенде ұшып кеткені сияқты, тақуалықсыз ілім де сол адамның бойында қонбай, еш әсерін қалдырмайды. Тақуалықпен алған ілімде Алладан қорқу болады. Ал тақуалығы болмаса, Алладан қорықпай, түрлі күнәларға ұрынуы мүмкін. Ал тақуалы ғалым болса, Алладан міне нағыз қорқатын сол кісілер екен.

Бұл жайында Раббымыз Құранда:

إِنَّمَا يَخْشَى اللَّهَ مِنْ عِبَادِهِ الْعُلَمَاءُ إِنَّ اللَّهَ عَزِيزٌ غَفُورٌ)      

«Расында, Алладан құлдарының ішінен ғалымдар ғана шынайы түрде қорқады, шүбәсіз Алла Әзиз әрі Ғафур» («Фатыр» сүресі, 28аят)

Білім дегеніміз адамдар арқылы бір-біріне жетіп отыратын алтын қазына. Сол үшін білімді адамды көрсек, сол адамнан білім алып қалуға асығуымыз қажет.  Бұл мәтінге сай ұлы ғұламалардың да сөздеріне ой жүгіртсек. Мысалыға,  Ибн Масғұд (р.а.): «Ғылымның жоғалуы - ғалымдардың өлімімен болады. Жаны құзырында болған Алланың атымен ант етемін, Алла разылығы үшін өлген шейіттер ғалымдарға берілген жоғарғы дәрежелерді көргенде, ғалым болу үшін дүниеге қайта келуді тілейді» дейді. Бұл сөзден түйер ойымыз - адамның Алла алдында көтерілген дәрежесі соншалық, білімді адамдар, мына өмірге қайта келіп, білімімізді одан әрі шыңдасақ қой деген армандары болады екен.

Ал білім алудың сауапты амал екені соншалық, оны мына ғалымдардың сөздерінен аңғаруға болады. Ибн Аббас (р.а.): «Мен үшін түннің аз да болса бөлігін ғылым үйренумен өткізу, түні бойы ғибадат етуден жоғары» дейді.

Ал Зүбәйр ибн Әбу Бәкір: «Әкем Иракта жүргендегі хатында маған былай деп жазды: «Оқы, өйткені ғылым – жоқшылығыңда байлық, байлығыңда сән болар». Яғни білім ол адамды көркейтіп отырады. Көркі үстіне нұр беріп, сені басқалардан ажыратып тұратын да осы амал екен.

Енді Хазрет Лұқман (ғ.с.) ұлына берген насихатына ой жүгіртіп көрсек, Ол кісі былай  деген: «Ұлым! Ғалымдардың мәжілісіне қатыс. Көктен жаңбырмен жерді көгертетін Алла, хикмет нұрымен мұсылмандардың жүрегін толтырады»«Ғалымның өліміне теңізде балықтар, көкте құстарға дейін әр жаратылыс жоқтап жылайды» делінген де сөз бар.

Яғни әрдайым ілім қозғалатын жиындарға барып, жүрегімізді нұрландырып қайтуымыз қажет.

Білім алудың тағы бір кереметі, ілім жолы – жұмақ жолы:

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім білім жолына түссе, Алла Тағала оған жұмаққа барар жолды жеңілдетеді. Періштелер де білім алушының талабына дән риза болып, аяғының астына қанаттарын жайып, ізет көрсетеді. Сондай-ақ жеті қабат аспан мен жердегі барлық жаратылыс атаулы, тіпті судағы алып балықтар да шынайы ғалым үшін Алладан жарылқау тілейді. Ғалымның білімсіз діндардан артықшылығы толған айдың өзге ұсақ жұлдыздардан артықшылығы секілді. Расында, шынайы ғалымдар – Пайғамбарлардың мұрагерлері. Шынтуайтында, Пайғамбарлар мұра ретінде динар мен дирхам емес, тек қана ілім қалдырды. Кімде-кім сол іліммен сусындаса, мол несібеге кенелгені» – деген».

Бұл хадисте ғалым иелерінің мәртебесі ашық баян етілген. Ілім-білім жолында жүргендердің исламда қадір-қасиеті биіктей түседі. Өйткені, білім талабы – үлкен дәреже. Білім алған, біліміне амал жасайтын ғалымға аспандағы періштелер де, жердегі адамзат пен жан-жануарлар да истиғфар айтатыны баяндалып тұр.

Хазреті Әли (р.ғ.) ілім жолындағы адамдары үш топқа бөліп қарастырып, ғалымның артықшылығы жайында былай деген:

«Адамдар мына үш топтан тұрады: Біріншісі – Раббани ғалымдар, екіншісі – құтқарылу жолына түскен ілім іздеуші, үшіншісі – әр кімге құлақ түріп, жел қалай тұрса солай кетіп, ілім нұрымен өзін нұрландыра алмаған және таяныш-тіректен жұрдай болған тобыр» - деген екен.

Сөздің түйіні баршаңызды ілім жолына шақырып, жоғарыда айтылған ұлы дәрежелер мен нығметтерге бөленулеріңізге үлес қосқым келеді. Ілім жолы ауыр жол сияқты көрінгенімен, нағыз бақыттың жолы. Алла тағала баршамыздың пайдалы білім алып, сол біліміміз арқылы жүздерімізді екі дүние де жарық етсін. Әмин!

 

 

Талғат Сапанов

Алматы орталық мешітінің бас ұстазы

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
ҮШ ҚЫЗ ТӘРБИЕЛЕГЕН ӘКЕГЕ БЕРІЛЕТІН СЫЙ КЕЛЕШЕГІ КЕМЕЛ ЖАСТАРДЫ ДІНИ АҒЫМДАРДАН САҚТАНДЫРУ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Пайым-парасат ӘКЕ КӨРГЕН ОҚ ЖОНАР
Барша мақтау мадақ бізді жоқтан бар еткен Жаратушы Жаббар Хақ Алла Тағалаға зікірлер мен шүкірлер болсын!
Пайым-парасат БАҚЫТТЫ ОТБАСЫН ҚҰРУ КЕМЕЛДІККЕ БАСТАР ЖОЛ
Отбасының сәні – сыйластық демекші бақытты отбасын құрудың құпиясы неде? Оны қайдан іздемек керек? Әрине, шаңырақты ақ некемен бастайтын ерлі-зайыптылар отбасылық өмірдегі барлық сұрақтарына жауапты асыл дінімізден іздейді. Ендеше, Құран Кәрім қандай бағыт береді?...
Пайым-парасат ІБІЛІСТІ МАЛҒҰН ЕТКЕН - ТӘКАППАРЛЫҚ
Адам баласы «мен» деген сөзді қаншалықты көп айтатынын өзі де байқамайды. Бір кісінің жүрегіне үнемі өзін көрсету, мойындату, өзгеден жоғары екендігін білдіру сезімін Ислам шариғатында «тәкаппарлық» деп атайды. Тәкәппарлық – араб тіліндегі «кибр» және «тәкәббур» сөздерінен шығады. Ол «үлкен», «ұлы б...
Пайым-парасат КӨРШІ АҚЫСЫ - ҚҰДАЙ АҚЫСЫ
Қоғамда өмір сүргеннен кейін адамның хақ-құқығына кіретін негізгі мәселелердің бірі көрші ақысы болып табылады. Жаратқан Иеміз көрші ақысына ерекше мұқияттылық танытуымызды талап етеді. Өйткені кез келген кісінің туысымен емес, көбінесе көршісімен өмір сүру қарым-қатынасы көп болады....
Пайым-парасат КЕМЕЛ ИМАННЫҢ БІР БЕЛГІСІ...
Ізгілікке үндейтін хақ дін - Исламдағы кемел иман мұсылман адамның көркем мінезді болуына негізделген. Көркем мінезді жан әрдайым өзіне де, айналасына да ізгі ниетте болады.  Өзіне қалаған жақсылық пен берекені еш қызғанышсыз дін бауырына да қалайтын шынайы иман иесін діни кемелдікке қол жеткізді де...
Пайым-парасат АЛЛА ЖОЛЫНДАҒЫ ДОСТЫҚ
Жеке тұлғаның мінез-құлқының қалыптасуында достықтың әсері өте үлкен. Адам баласы досының бойындағы қасиеттерді өз бойына да сіңіреді. Кез-келген адам қоғамда өмір сүретін болғандықтан айналасында достары мен қимас жандары болатыны табиғи жағдай. Досы жаман адамның мінезі де, өзі де бұзыла бастайды....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:47

Бамдатқа дейін 01:19

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi