ӘКЕ КӨРГЕН ОҚ ЖОНАР
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:47
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:56 07:19 11:54 14:42 16:24 17:47
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024

Мақалалар

ӘКЕ КӨРГЕН ОҚ ЖОНАР

| A | +

Барша мақтау мадақ бізді жоқтан бар еткен Жаратушы Жаббар Хақ Алла Тағалаға зікірлер мен шүкірлер болсын!

Алла Елшісі (Алланың игілігі мен сәлемі оған болсын) сансыз салауаттар мен сәлемдер болсын!

Алла Тағала Қасиетті Құранда: "Шын мәнінде біз сендерді бір ер, бір әйелден (Адам, Хауадан) жараттық, сондай-ақ бір-бірлеріңді тануларың үшін сендерді ұлттар, рулар қылдық. Шынында Алланың алдында ең ардақтыларың - тақуаларың. Күмәнсіз Алла толық білуші, әр нәрседен хабар алушы" (Хужрат 13 аят) яғни Алла Тағаланың берген ұрпағына адам баласы жақсы тәрбие, жақсы кәсіп үйретуі міндет. Жалпы бұл дүниеде Ата-ананың орны ерекше. Яғни әкенің қамқорлығы, әкенің тәрбиесі ананың мейірімі мен махаббатын көріп өскен ұрпақтың болашағы зор үміт күттіреді. Ата-ананың қамқорлығын тәрбиесін көрген бала өмірдің қиындықтарына төтеп беріп, ата-анаға да қартайған шағында қамқор болып, қоршаған ортасына пайдасын тигізетін ұрпақ болады. Сол үшін көзі ашық көкірегі ояу біздің бабаларымыз: «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» деп екі ауыз сөзбен еңбекке баулу арқылы тәрбиенің мәнін жеткізген. Әкесі болған бала әкесінің жанында жүріп әкесінің жасаған еңбегі арқылы еңбекқор, қолынан іс келетін ұрпақ болып жетілетіндігін түсіндірген.

Мұхаммед Пайғамбарымыз да (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бала күнінен еңбекқор болып өскен. Сүт анасы Халиманың үйінде жүрген шағында сүт бауырларымен бірге қозы, лақ баққан. Кейін ер жеткен шағында ағасы Әбутәліптің қолында жүрген кезінде ағасының жанұясына көмектесіп, ағасымен бірге сауда-саттық жасап, басқа өңірлерге сапарға шыққан.

Ата-бабаларымыз да еңбекке баулу арқылы ұл-қыздарын өздеріндей еңбек сүйгіш, жауынгер, әнші, күйші, ақылды, парасатты, иманды етіп тәрбиелеуді мақсат еткен. Олардың бойына өнер мен еңбекті ізгі адамгершілік қасиеттерді қатар сіңірген. Мәселен қазақ атамыз: «Балаңды 5 жасқа дейін алақаныңа салып аяла, 13-ке ке дейін құлыңша жұмса, 13 тен бастап өзіңмен теңдей ұста» деген екен. Яғни ер баланы бес жасынан бастап азамат болғанға дейін мал бағу мен аң аулауға, отын шабуға, қора салуға, ағаштан, темірден түрлі тұрмысқа қажетті бұйымдар жасауға, яғни қолөнер шеберлігіне баулыған. Ал қыздардың тәрбиелі жан болып өсуі үшін жасынан ақ шашты қарияның алдынан аттатпай өсіреді. Адамның қандай болып өсуі оның ата-анасына байланысты. Ата-ана тәрбиесі жас ұрпақтың бойына өнер, білім ғана емес, күллі әдепті де, мәдениет пен ізгілікті де сіңіре білген. Халқымыз сонымен қатар «Баланы жастан» деп бекер айтпаған. Неғұрлым еңбекке ерте бейімделген бала, соғұрлым іске епті келеді.

Баланы кішкентай бүлдіршін кезінен бастап ойыншықтарымен ойнап болған соң ойыншықтарын жинатып, немесе бірге жинап үйрету қажет.  

Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі оған болсын) хадисінде «Әке баласына жақсы тәрбиеден артық мирас қалдыра алмайды», - деген.

Отбасындағы ұл тәрбиесінде әке мен аталардың орны ерекше. Әке отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Әкенің мінез-құлқы, өнер-білімі ұл баланың көз алдындағы үлгі өнеге алатын, соған қарап өсетін нысанасы. Өнегелі, өнерлі, «Сегіз қырлы, бір сырлы», намысқор азамат тәрбиелеу аталар арманы болған. Әрбір отбасының қалыптасқан әдет-ғұрпы, ата-дәстүрі болады. Атам қазақ: «Ұлдың ұяты әкеге, қыздың ұяты шешеге», - деп, халқымыздың ұл баланы тәрбиелеуді аталар мен әкелер өз қолына алса, ал қыз баланы тәрбиелеу әжелер мен аналардың ісі болып саналған. Сонымен қатар «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілесің», деп отбасында ата-ана балаға қандай тәрбие берсе, не үйретсе соған қалыптасатынын жеткізген.

Сондай-ақ, қазіргі таңда кейбір отбасында бала әкеден қаймықпайтын, қорқып, сескенбейтін жағдайға жетті. Оның негізгі себебі әкені үйдің басшысы, отағасы деп бағаламауында. Бұрын әкенің орнын ерекше бағалап, отбасындағы кез-келген мәселені "әкеңнен сұрау керек", немесе "әкеңе айтам", "әкең ренжиді" деп аналарымыз бірінші орынға әкені қоятын. Қазіргі таңда көп жағдайда мәселені аналар өздері шешіп, балаларының алдында өздерін үйдің басшысы ретінде сендіріп алған.

Бір күні ер жетіп жұмыс жасап алғашқы жалақысын алып келген жалғыз ұлы анасына келіп, мен алғашқы жалақымды алдым оны үшке бөлдім, бір бөлігін әкеме берейін. Екінші бөлігін сізге берейін, үшінші бөлігін өзіме алайын дегенде. Анасы үш бөлігін де әкеңе бер деген. Сонда баласы анасына үш бөлігін де әкеме бер дегеніңіздің сыры неде?- деп сұрағанда Анасы: "бірінші әкеңе бер дегенім, егер әкең болмағанда сен дүниеге келмес едің. Екінші бөлігін бер дегенім сен дүниеге келіп, сен де мен де өте әлсіз қалде болғанымызда біздің жағдайымызды жасап, бар тапқанын бізге әкеп бағып қақпағанда біз бүгін бұл жағдайға жетпес едік. Үшінші бөлігін де бер дегенім, егер әкең разы болмаса сен де мен де жәннәтқа кіре алмаймыз", - деп жауап беріп, әкенің қадірін жоғары екенін түсіндірген екен.

Атам қазақ екі ауыз сөзбен-ақ кейінгі ұрпаққа үлгі өнеге бола білген. Қазақ мақалында «Еңбек бәрін жеңбек», деп еңбекке баулығын. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Әнәс ибн Мәлик (р.а) былай дейді: «Бірде ансарлық бір адам мешіт алдында қайыр сұрап тұрады. Алла Елшісі: (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) одан үйіңде не бар деп сұрайды. Сонда ол бір ғана су ішетін ыдыс және бір төсеніш бар дейді. Алла Елшісі: (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) "оларды осында алып келіңіз",- деді. Әлгі кісі үйіндегі заттарын алып келді. Пайғамбарымыз  (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сонда отырған сахабаларына мына заттарды кім қаншаға ала алады?, - деді. Сонда бір сахаба бір дирхамға сатып алымын деді. Алла Расулы және одан да қымбатырақ алатыны барма деді? Бір сахаба екі дирхамға алатынын айтады. Сонда Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) оны екі дирхамға сатып, ақшасын қайыр сұрап келген кісіге беріп, бір дирхамына бала-шағаңа ас ауқат ал, екінші дирхамына балтаның басын маған әкел дейді. Әлгі кісі айтқанын екі етпеді. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) балтаға сап жасап, егесіне ұстатып, енді сен осы балтамен отын шауып күн көр, табыс тап деп өсиет етіп, он бес күн бойы келме дейді. Әлгі адам, отын жинап, сатуға кірісті. Бірнеше күннен кейін Пайғамбарымызға келіп 10 дирхам табыс тапқанын қуана хабарлады. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бұл ақшаға киім-кешек, азық-түлік алуын бұйырды. "Осылай еңбек етуің қиямет күні маңдайыңа жағылған қайыршылық күйесінен әлдеқайда қайырлы", - деді. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) осы хадисін негізге ала отырып, өскелең ұрпақты еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу керек.

Сонымен қатар қазақ «Еңбек етсең ерінбей тояды қарның тіленбей» дегенін жас ұрпақтың санасына сіңіру әрбір ата-ананың міндеті деп білуі қажет. Сонда еліміз, жеріміз, үшін аянбай еңбек ететін ұрпақ келетіні кәміл.

 

"Нұр" мешітінің бас имамы

Ғалымжан Молдабаев

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС ДІНИ АҒЫМДАРДАН ТӨНГЕН ҚАУІП ТРАМАДОЛДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ҮКІМІ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Пайым-парасат БАҚЫТТЫ ОТБАСЫН ҚҰРУ КЕМЕЛДІККЕ БАСТАР ЖОЛ
Отбасының сәні – сыйластық демекші бақытты отбасын құрудың құпиясы неде? Оны қайдан іздемек керек? Әрине, шаңырақты ақ некемен бастайтын ерлі-зайыптылар отбасылық өмірдегі барлық сұрақтарына жауапты асыл дінімізден іздейді. Ендеше, Құран Кәрім қандай бағыт береді?...
Пайым-парасат ІБІЛІСТІ МАЛҒҰН ЕТКЕН - ТӘКАППАРЛЫҚ
Адам баласы «мен» деген сөзді қаншалықты көп айтатынын өзі де байқамайды. Бір кісінің жүрегіне үнемі өзін көрсету, мойындату, өзгеден жоғары екендігін білдіру сезімін Ислам шариғатында «тәкаппарлық» деп атайды. Тәкәппарлық – араб тіліндегі «кибр» және «тәкәббур» сөздерінен шығады. Ол «үлкен», «ұлы б...
Пайым-парасат КӨРШІ АҚЫСЫ - ҚҰДАЙ АҚЫСЫ
Қоғамда өмір сүргеннен кейін адамның хақ-құқығына кіретін негізгі мәселелердің бірі көрші ақысы болып табылады. Жаратқан Иеміз көрші ақысына ерекше мұқияттылық танытуымызды талап етеді. Өйткені кез келген кісінің туысымен емес, көбінесе көршісімен өмір сүру қарым-қатынасы көп болады....
Пайым-парасат КЕМЕЛ ИМАННЫҢ БІР БЕЛГІСІ...
Ізгілікке үндейтін хақ дін - Исламдағы кемел иман мұсылман адамның көркем мінезді болуына негізделген. Көркем мінезді жан әрдайым өзіне де, айналасына да ізгі ниетте болады.  Өзіне қалаған жақсылық пен берекені еш қызғанышсыз дін бауырына да қалайтын шынайы иман иесін діни кемелдікке қол жеткізді де...
Пайым-парасат АЛЛА ЖОЛЫНДАҒЫ ДОСТЫҚ
Жеке тұлғаның мінез-құлқының қалыптасуында достықтың әсері өте үлкен. Адам баласы досының бойындағы қасиеттерді өз бойына да сіңіреді. Кез-келген адам қоғамда өмір сүретін болғандықтан айналасында достары мен қимас жандары болатыны табиғи жағдай. Досы жаман адамның мінезі де, өзі де бұзыла бастайды....
Пайым-парасат ӨЗГЕ ПИҒЫЛ ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ
Расында адам баласы Ұлы Алланың жаратқан маһлуқаттарының ішіндегі ең абзалы әрі көріктісі. Тіптен бойына күнә алдырмайтын періштелердің өзі, адамға Алланың әмірімен құрмет сәждесін жасаған.  Алайда, осындай құрметтегі адам нәпсінің жетегіне түсемін деп, дүниеде орны толмас өкінішке кенеліп жататыны ...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:47

Бамдатқа дейін 01:03

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi