ЖАРИЯ САДАҚАНЫҢ ТҮРЛЕРІ ҚАНДАЙ?
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:47
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:56 07:19 11:54 14:42 16:24 17:47
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024

Мақалалар

ЖАРИЯ САДАҚАНЫҢ ТҮРЛЕРІ ҚАНДАЙ?

| A | +

Жария садақа тақырыбына кірмес бұрын, алдымен садақа дегеніміз не? Осыған тоқтала кетсек.  «Садақа»  - дегеніміз бір нәрсені жұмсау деген мағынаны білдіреді. Жалпы мағынасы   адалдық, шынайылық, шыншылдық, құдайшылдық деген мағыналарға қамтиды. Садақа беру  арқылы адам өзінің Алла алдындағы адалдығын, сенімінің шынайылығын дәлелдейді. Себебі садақа тек Алла разылығы үшін ғана жасалатын құлшылық түрі.

Адам әр дайым садақа беруге дағдылануы қажет екен. Себебі үздіксіз садақа беру күнәлардың кешірілуіне, бәле-жала және түрлі апаттардан аман қалуға себеп болады. Яғни адам садақа беру арқылы,  екінші бір адамды қуантып жатқан болса да, ең алдымен өзінің пайдасына жұмсалатынын түсінуі керек екен.

Садақа жайлы тағы бір ескеретін нәрсе, Алла ризалығы үшін жасалған әрбір іспен берілген затқа да  – садақа дейміз. Берілетін садақаның үлкен-кішісі болмайды. Не берілсе де ықыласпен, Алла разылығы үшін берілуі қажет. «Оң қолың бергенді сол қолың көрмесін» деген хадисіне сәйкес берілген садақа мен жасалған жақсылықты жасырын жасау ең абзал амалдың бірі.

Көпшілік адам садақа берген кезде, ол өзінің қалтасынан шыққандай ойлайды. Яғни барлығын өз еңбегіммен таптым, болмаса дүние менікі деп қателеседі. Негізі  барлық дүние ол Алланікі. Осыған қатысты Құранда мынандай аяттар бар. Әлемдегі барлық жаратылыс адамзаттың игілігіне берілгенімен, бүкіл жаратылыстың шын мәніндегі иесі Алла. Алла қалаған құлына дәулет беріп, қаламағанына бермеуі мүмкін. Адам өзі қаншалықты бай, мал мүлікі көп болса да, ол Алладан берілген нығмет екенін білуі тиіс.

قُلِ اللَّهُمَّ مَالِكَ الْمُلْكِ تُؤْتِي الْمُلْكَ مَن تَشَاء وَتَنزِعُ الْمُلْكَ مِمَّن تَشَاء وَتُعِزُّ مَن تَشَاء وَتُذِلُّ مَن تَشَاء بِيَدِكَ الْخَيْرُ إِنَّكَ عَلَىَ كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ

«Сен айт: «Патшалықтың иесі болған ей, Алла! Қалаған адамыңа патшалық бересің, қаласаң одан тартып аласың, ықыласың түскенге үйіп-төгіп байлық бересің де қырыңа алғаныңды қор етіп қоясың. Игіліктің бәрі өз қолыңда. Сенің құдіретің бәріне толық жетеді», (3.Али Имран-26).

Сонымен қатар, Алла біздерге мал-мүлік берсе, Алланың берген нығметіне шүкіршілік етіп, орнымен жұмсап, шүкіршілігі ретінде Алла разылығы үшін белгілі бір мөлшерін мұқтаждарға беру керектігін ескертеді. Себебі Алла Тағала сол адамға байлықты беру арқылы, кедей кемшік адамдар болса, солардың ақысы да байлардың мойнында екен. Ертең ақыретте тірілгенде біз, мал-мүлкімізді қайда жұмсағанымыз жайлы сұралады екенбіз. Сол себепті, қолымыздағы мүліктің бір бөлігін, жағдайы төмен адамдарға беруіміз міндет.

وَفِي أَمْوَالِهِمْ حَقٌّ لِّلسَّائِلِ وَالْمَحْرُومِ

«Олардың малдарында қайыршының және (сұрауға намысы жібермеген) жарлының да ақысы бар» (51.Зарият-19).

Жалпы негізгі тақырыпқа оралсақ. Садақаны бірнеше түрмен беруге болады екен.

Мысалы Құранда 4 түрлі жолмен беруге болатын айтылған.

«Мал-мүліктеріңнен күндіз-түні жасырын немесе ашық түрде  садақа беретіндердің сауабы Алланың алдында дайын. Оларға қауіп-қатер, қам-қайғы болмайды. (Бақара сүресі – 274аят).  Яғни күндізгі уақытта немесе түнгі және жасырып та немесе құпия түрде де беруге болады екен.  Яғни бір адам садақаны көрсетіп беріп жатса, оның садақасы «қате немесе жасырып берсе де беруге болатын еді ғой» - деп сөгуге болмайды. 

Садақаның тағы бір түрі ол – жария садақа.

«Жария садақа» дегеніміз не? Ол нені білдіреді? Көпшілігіміз оны «ашық түрде жасалған садақа» деп түсінеміз. Бұл садақаның түрі де бірнешеге бөлінеді. Жария садақа дегеніміз – ол үзілмейтін садақа. Мейлі адам қайтыс болып кетсе де, артынан үзілмей, үздіксіз тоқтаусыз барып түретін садақа. Сахих Муслимде келгендей: «Адам өлгеннен кейін жасаған амалы тоқтайды. Бірақ, мына үш нәрсенің сауабы тоқтаусыз барып тұрады.  Алғашқысы  - садақа жария, екіншісі пайдаланылатын ілім, соңғысы ол үшін дұға жасап жүретін бала» - деген екен.

Және тағы бір деректерде  Муаз ибн Анас (р.а.) айтады, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айтты: «Кімде-кім ешкімге зұлым қылмастан және біреудің ақысын жеместен, қандай да бір ғимарат тұрғызса немесе біреудің ақысын жемей, зұлым қылмастан ағаш отырғызса, Алланың жаратылыстары одан пайдалана бергенше, оған сауап жетіп тұра береді»

Жоғарыда айтқанымыздай, жария садақа адам өлгеннен кейін де сауабы тоқтаусыз барып тұратын садақа түрі.  Мысалы, мешіт тұрғызу, көпір соғу, аурухана соғу, кітап жазып қалдыру, бау-бақша өсіру, міне осылар жария садақа деп аталады. Мысалы пақырды тамақтандыру – ол да үлкен сауап, бірақ «жария садақаға» жатқыза алмаймыз. Өйткені берген асыңыздың сауабы ішіп-жегеннен кейін тоқтайды. Алайда пақырлар тамақтанатын асхана салдыратын болса, онда ол жария садақа болып саналады екен. Яғни соғылған асхана бұзылмайынша, немесе тегін тамақтандыруды тоқтатпайынша сауабы үзілмей тұрады.

Имам Науаи деген дініміздегі ең ұлы ғалымдардың бірі: «Жария садақа - ол - уақып» деген екен.

Ал уақып дегеніміз – қайырымдылық мақсатында халық игілігіне тапсырылған дүние. Уақып етілген дүниенің де сауабы үзілмей барып тұрады.  

Жария садақа – ашық та, жасырын да болады. Тіпті кей ғалымдар жариян садақаның ең ұлысы – біреудің үйленуіне себепкер болу. Өйткені, олардың ұрпағынан кім игі іс жасаса, соның бір сауабы себепші болған адамға жазылып тұрады.

Мақаламыздың соңын Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сөзімен аяқтасақ: «Мүмін өлгеннен кейін де сауабы барып тұратын игі амалы мен жақсылықтарының кейбірі мыналар:  үйретіп тарқатқан ілім, артында қалдырған салиқалы бала, мұраға қалдырған Құран, тұрғызған мешіт не жолда қалғандар үшін соққан үй немесе ағызған өзен», - деген екен (Ибн Мәжә: Сүнән №242 хадис)

 

 Алматы қаласы бойынша «Уақып» қорының өкілі

Сапанов Талғат Дайрабайұлы

 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
ИСЛАМ ЖӘНЕ МЕДИЦИНА ДӘСТҮРДІҢ ОЗЫҒЫ МЕН ТОЗЫҒЫ БАР

Тақырып аясындағы мақалалар

Пайым-парасат ТӘКӘППАРЛЫҚ - ТЕРЕҢ ҚҰЗ
Тәкәппарлық – адамның өзіне, өзгелерге және өмірге деген қате көзқарастардың бір көрінісі. Бұл мінез-құлық адамның рухани және моральдық дамуына кедергі жасайтын терең құзға айналады. Тәкәппарлық – араб тіліндегі «кибр» және «тәкәббур» сөздерінен шығады. Ол «үлкен», «ұлы болу» деген мағынаны білдіре...
Әдеп (этика) КЕЛІННІҢ СӘЛЕМ САЛУЫ
Қазақ халқының рухани мәдениеті мен тұрмысында келіннің сәлем салуы ерекше орын алады. Бұл дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, қазақы тәрбиенің ажырамас бөлігіне айналған. Келіннің сәлем салуы тек құрмет көрсету ғана емес, сонымен қатар үлкенге ізет пен кішіпейілділіктің белгісі саналады. Бірақ бұл дә...
Ихсан ілімі ИМАН МЕН ИХСАН МӘСЕЛЕСІ
Дінге сенуші адамдардың арасында көптеген сұрақтар қойылады. Солардың ішінде «дін дегеніміз не?», «ихсан деген не?» «ислам деген не?». Әрине бұл сұрақтарға жауап беру үшін мақалалар, тіпті кітаптар жазылады....
Қоғам ҮШ ДЕРТ: КӨП СӨЙЛЕУ, ТАМАҚТАНУ МЕН КӨП ҰЙҚЫ
Ұлы Жаратушы, кемшіліктерден пәк Алла Тағала адам баласына аманат ретінде оның жаны мен тәнін бергеннен кейін, адам баласына жан мен тәнді тәрбиелеу мен ауру-сырқаудан емдеу жолдарын әділетті Пайғамбарлары арқылы көрсетіп берген. Адам баласының өмірі сынақ ретінде берілгендіктен, сынақтан өтудің жол...
Ихсан ілімі ИХСАН ІЛІМІ
Ихсан ілімі адамды немесе адам рухын кемелдендіретін хал ілімі ретінде сипатталады және ол Құран мен сүннеттегі қағидалардың толық орындалуымен түсіндіріледі. Ихсан ілімі қателік пен күнә жасауға себеп болатын адам бойындағы материалдық әрі рухани қуат көздерін тізгіндеп, оның орнына сауап пен ізгіл...
Сұрақ-жауап КӘСІП АЛҒА БАСУ ҮШІН ҚАНДАЙ ДҰҒАЛАР ОҚУ КЕРЕК?
Ислам дінінде дұғаның орны орасан зор. Мұсылман адам өмірінде орын алған әртүрлі жағдаяттарда Раббысына қол жайып, шын жүрегімен дұға етеді. Біз төменде берекені, ризықты арттыратын, кәсіп алға басу үшін оқылатын дұғаларға тоқталсақ. ...

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Сұрақ-жауап БАЛАНЫ НЕШЕ ЖАСЫНДА СҮНДЕТТЕУ КЕРЕК?
Сүндеттеу – Ислам дінінде әрі қазақ дәстүрінде ер баланың жыныс мүшесін жауып тұрған тері бөлшегін кесу арқылы жасалатын ғұрып. Араб тілінде «әл-хитан», медицина тілінде «циркумцизия» деп аталады. ...
Сұрақ-жауап ЕСІРТКІ ҚОЛДАНУДЫҢ ШАРИҒИ ҮКІМІ ҚАНДАЙ?
Имам әл-Ғазали «әл-Мустасфа» еңбегінде: «Шариғат бес нәрсені – дінді, жанды, ақылды, ұрпақты және мал-дүниені сақтауды көздейді. Осы бес нәрсені сақтауға бағытталған әрекеттің барлығы игі іс, ал бұл бесеуіне зияны тиетін әрекеттің барлығы зиян, оны тоқтату, алдын алу игі іс», – деген. Есірткіні қолд...
Сұрақ-жауап ИТТІҢ МАЙЫН ДЕНЕГЕ ЖАҒУҒА БОЛА МА?
Шариғатымызда иттің еті, сілекейі нәжіс, харам болып саналады. Өйткені ит азу тісті жыртқыш аңдардың қатарына жатады.
Сұрақ-жауап СУЛЫҚПЕН ДӘРЕТ АЛУҒА БОЛА МА?
Алла Тағала Құранда: «Уа, иман келтіргендер! Намазға тұрар алдында беттеріңді және қолдарыңды шынтаққа дейін жуыңдар. Бастарыңа мәсих тартыңдар. Аяқтарыңды да тобыққа дейін жуыңдар», – деп бұйырды («Мәида» сүресі, 6-аят).  ...
Сұрақ-жауап КӨЛІКТІ КӨЛІККЕ АЙЫРБАСТАУДЫҢ (БАРТЕР) ҮКІМІ
Қазіргі таңда көлік сатып алу мен сатудың бірнеше жолы бар. Соның бірі – белгілі бір маркалы көлікті басқа маркалы көлікпен айырбастап, үстінен ақша қосып сату.  
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:47

Бамдатқа дейін 03:06

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi