Жақсы сөз – жан азығы
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:48

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:57 07:20 11:55 14:43 16:25 17:48
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-сани 1446
Миләди
25 желтоқсан 2024

Мақалалар

Жақсы сөз – жан азығы

| A | +

Алла Тағала адамды көркем бейнеде жаратқаны ақиқат. Бұл жерде тек дене-бітімімізді, жан дүниемізді ғана емес, бізге берілген ойлау, көру, есту, сөйлеу сынды қасиеттерді де меңзеп отырмыз. Соның ішінде, сөз арқылы өз ойларымызды жеткізу қабілетінің орны бір бөлек.

Бұл туралы Құранда: «Мейірімді Алла. (Ол)бізге Құранды тағылым етті. Адамзатты жаратты. Оған (сөз) сөйлеу қабілетін дарытты»[1] делінген.

Сөздерді саналы түрде айту мүмкіндігі, бізді өзге тіршілік иелерінен ерекшелеп қана қоймай, адам ететін қасиеттердің бірі. Сөйлеу нығметі үшін біз Жаратушы Аллаға шүкір етіп қана қоймай, тек жақсы һәм ізгі сөздер айтуға тырысуымыз керек.

Осы мәселеге қатысты Құранның бір аятында «Әй, иман келтіргендер! Алладан қорқыңдар да, дұрыс сөз сөйлеңдер»[2] деп келсе, екінші бір аятында: «Құлдарыма айт! “Ең сыпайы түрде сөйлесін. Өйткені, шайтан араларына бұзақылық салар. Расында шайтан адамдар үшін ашық дұшпан”»[3] - деп бұйырылады.

Ардақты пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім Алла Тағалаға және ақырет күніне иман келтірсе, жақсы сөз сөйлесін немесе үндемесін»[4], - деген хадисі де жақсы сөздің дәрежесін айшықтап тұрғаны сөзсіз.

Өміріміздің барлық саласындағы қарым-қатынастар сөз арқылы жүзеге асады. Адам баласы өзінің дәрежесін сөз арқылы анықтайды.Шынында да, балағат, келеңсіз сөздер айту арқылы адам жүрегі қатайып, дәрежесі түседі. Себебі, жүрек пен тілдің арасында жол бар.

Керісінше, ойымызды жүйелеп, әр сөзімізді салмақтап, саралап сөйлеу арқылыөзіміздің ғана емес, өзгенің де жан сарайын ашуға, күш-қуат беруге мол мүмкіндігіміз бар. Сол себепті болар, дін мен дәстүрі сабақтасқан қазақ халқының дүниетанымында ақ батаға, ізгі тілектерге ғана емес, әр айтылған сөзге мән беріледі.

Осы тұста Бөлтірік шешеннің баласына айтқан өсиеттерін келтіруді жөн көрдік:

«Сөзден тәтті нәрсе жоқ. Сөзден ащы нәрсе тағы жоқ. Сөзден жеңіл нәрсе жоқ. Сөзден ауыр нәрсе де жоқ. Сөзіңді тіліңе билетпе, ақылыңа билет. Ақылды сөзіңді ақылсызға қор етпе, ақылға айт. Не сөйлейтініңді біл. Кімге сөйлейтініңді біл. Қай жерде сөйлейтініңді біл. Қай кезде сөйлейтініңді біл. Қалай сөйлейтініңді біл. Оны білмесең, сара сөзің шала болады, арты жала болады, әкең қапа болады».

«Жатқа сөйлеме, жаманға сөйлеме. Асырып сөйлеме, батырып сөйлеме. Жасқа сөйлеме, масқа сөйлеме, ұрыға сөйлеме, қараға сөйлеме. Жаман сөзден жақсы сөз дұрыс. Жаманға айтқан сөзден, жақсыға айтқан сөз дұрыс. Ойсыз сөзден ойлы сөз дұрыс. Ойсызға айтқан сөзден, ойлыға айтқан сөз дұрыс. Айтылмай қалған сөзден, айтылып қалған сөз дұрыс. Сөйлемес жерде сөйлемей қалуды білсең, бәрінен де сол дұрыс. Олай болмаған жерде, қанша асыл деме, сөзіңнің алды бұрыс, арты – ұрыс».

Көріп отырғанымыздай қай жерде, кімге, қалай және не туралы сөйлеу керектігін алдын-ала ойластырып жүруіміз керек. Бұл бізді қиын жағдайға түсуден қорғайды.

Ғұламалар көркем мінез бен жылы сөз жүректің кілті деп бекер айтпаған. Дініміздегі әдептілік ережелері бізді әрдайым жылы шырай танытып, жақсы сөз айтуға үндейді.

«Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады» демекші, адамдарды да жұмсақ һәм жақсы сөз айту арқылы қарата аламыз. Осы тұста Қасиетті Құрандағы: «Екеуің Перғауынға барыңдар, өйткені ол шектен шыққан. Оған сыпайы сөз сөйлеңдер, мүмкін үгіт алар немесе қорқар»[5], аяты біз үшін анық үлгі бола алады.

Ата-бабаларымыздан қалған «Жақсы сөз – жарым ырыс», «Жақсы сөз – жан азығы», «Жанды жаралайтын да сөз, емдейтін де сөз», «Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді», «Ауыр істің салмағы білекке түсер, Ащы сөздің салмағы жүрекке түсер» және өзге де нақылдар кез-келген сөздің бір жағынан үлкен күшке және сонымен бірге үлкен қауіпке де ие екендігін көрсетеді.

Жақсы сөздің де садақа екенін ұмытпай, Аллаға шын жүректен иман келтірген мұсылмандар ретінде, ойымызды түзеп, әр сөзімізді көркем етуге міндеттіміз.

Алла Тағала баршамызға тек жақсы сөз сөйлеп, жылы шырай танытатын құлдарынан болуды жазсын. Әмин!

Болатбек  АБУОВ,

Қызылорда облысының бас имамы

[1] «әр-Рахман» сүресі, 1-4 аяттар

[2] «әл-Ахзаб» сүресі, 70-ші аят

[3] «әл-Исра» сүресі, 53-ші аят

[4] (Бұхари, Мүслим)

[5] «Таһа» сүресі, 43-44 аяттар

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Предыдущий Следующий
Тендерге қатысуға бола ма? Ихсан адамды жамандықтан алыстатады

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Әдеп (этика) Әлеуметтік желі әдебі
Қазіргі таңда смартфон, гаджеттер айнымас серігімізге, ал әлеуметтік желілер өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналды. Біріміз қажеттілікпен, кейбіріміз көптен қалмайын деп тіркеліп, құрылғының бетін ғұмырымыздың айнасы етіп үлгердік. Біреудің күнкөріс кәсібіне, енді біреудің ермегіне айналған желі...
Әдеп (этика) Үлкенге құрмет - ізеттілік белгісі
Алла Тағаланың барша адамзатқа жіберген діні – Ислам. Ислам адам баласын өмірге келуінен бастап, бұл дүниеден аттанғанға дейінгі аралақтағы кездесетін барлық түйінді мәселелердің шешіміне жауап бере алады....
Әдеп (этика) Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ: Ихсан ілімі ізгілікке тәрбиелейді
«Ихсан» – бағзы заманнан мұ­сыл­мандық жолды ұстанған қазақ халқының діни түсінігіне етене жақын ілім. Осы ілімді қалыптастыруға Түркістан діни мектебінің негізін ­салушы Қожа Ахмет Ясауи бабамыз және оның ізбасарлары ерекше еңбек сіңірді. Ортағасырлық тарихи деректерге сүйенсек, Қожа Ахмет Ясауидің...
Әдеп (этика) Бауыржан КӨПТІЛЕУОВ: Өтірік сөйлеудің зияны мен зардаптары
Барлық мақтау әлемдерді жоқтан бар еткен Алла Тағалаға ғана тән. Оның елшісі Мұхаммед пайғамбарға сәлемдер мен салауаттар жолдаймыз. Алла Тағала адамзатты жаратқаннан соң ақ пен қараны, адал мен арамды, жақсы мен жаманды хақ діні арқылы нақты ажыратып берді. Біз бүгін Ислам шариғаты бойынша үлкен кү...
Әдеп (этика) Жомарт КЕРШЕЕВ: Уәдеге берік болу
Уәдеге беріктік, опалы болу сөздерінің тілдік мағынасына көңіл бөлсек, ол – алдау, опасыздық жасау, сатқындық деген сөздердің антонимі болып табылады. Қазақ халқында бұрыннан келе жатқан «Уәде – құдай аты» деген терең мағыналы сөз бар. Бұл сөз не үшін мәнді? Себебі, берілген уәде бұзылып, оның қоғам...
Әдеп (этика) Нәпсі тәрбиесі
Адамдардың нәпсісін тәрбиелеп, оны тазарту – Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келген төл уәзипаларының бірі. Құранда Алла Тағала: «Ол сондай Алла, сауатсыздардың ішіне өздерінен; оларға Алланың аяттарын оқып, оларды тазартатын, сондай-ақ оларға: Кітап, даналық үйрететін бір...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-сани 1446
Миләди
25 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:48

Бамдатқа дейін 05:45

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi