Үлкенге құрмет - ізеттілік белгісі
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:48
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:57 07:20 11:55 14:43 16:25 17:48
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-сани 1446
Миләди
25 желтоқсан 2024

Мақалалар

Үлкенге құрмет - ізеттілік белгісі

| A | +

Алла Тағаланың барша адамзатқа жіберген діні – Ислам. Ислам адам баласын өмірге келуінен бастап, бұл дүниеден аттанғанға дейінгі аралақтағы кездесетін барлық түйінді мәселелердің шешіміне жауап бере алады.

Міне сондай түйткілді мәселелердің бірі болған тақырып жасы үлкен кісілерді құрметтеп сыйлау, кішіге ізеттілік білдіру.   

Алла Тағала Құранда: «Біз, расында да, адам баласын ардақты қылып жараттық...» (Исра сүресі 70-аят) дейді. Адам баласы құрметке лайықты тұлға ретінде жаратылған. Сондықтан ешкімді төмен көрмей, бәріміз бір Адам атаның баласы болғандықтан әркімге әділ түрде қарым-қатынаста болуымыз керек. Ата-бабаларымыз: «Әрбір түнді қадір түні деп, әрбір көрген адамды Қызыр деп біл» деп өсиет айтқандай, адамдар арасында әділ мәміле жасайтын болсақ, өміріміз берекелі әрі мәнді болатыны сөзсіз. Үлкендердің кішіге деген, кішілердің үлкенге деген сый-құрметі дұрыс болмаған жағдайда халық арасында, отбасында құрметсіздік белең алып, оның орнын келіспеушілік, талас-тартыс, берекесіздік, іштарлық және дұшпандық алады. Сый-құрмет орын алмаған кезде адам үлкендердің мейірімінен және туған-туысқандардың құрметтеп сыйлауынан ұзақ қалады. Бұл дегеніміз жастардың және әлсіздердің үмітсіздікке түсуіне жол ашады. Сайып келгенде: «Биік белестерге шығып, жетістікке жеткен тұлғалар, үлкендерге сый-құрмет көрсету және мейірімділік таныту арқылы қол жеткізген. Жетістіктен құр алақан қалғандар үлкендерге құрметсіздік танытып, тәкаппарланғандары үшін жол қалған».             

Адамның бойындағы қасиеттер мейлі жақсы, мейлі жаман болсын ол адамгершілік, білім-парасаты, инабаттылық, кісілік мінез, еңбек дағдысы – бәрі-бәрі үлгі-өнегені үйрену арқылы жұқпақ. Оның негізі – ислами тұрғыда ұлттық тәрбие беруде жатыр. Бұрынырақта баласын тәрбиелеу мақсатында адамның өмірі мағыналы болсын деп, ұлы адамдардың қасына қосып қойып, солардың қасында жүріп, аталы сөздерін тыңдап өсу арқылы тәлім-тәрбие үйренуге ықпал еткен. Сондай адамдардан тәрбие алған адамдардың біразы кейіннен халқымыздың біртуар азаматтары болып ер жетіп отырған. Кейін ел ісі де осындай жастардың қолына өткен. Жалпы қазіргі кездегі мәселе халыққа, яғни ұрпаққа ислами ұлттық тәрбиені қалай береміз, оны қалай ұйымдастырса болады және оған деген біздің дін өкілдерінің ой-пікір, тұжырымдамалары қандай? Міне, осы сияқты сұрақтарға жауап іздеп көрелік.

Алла Тағала аятта былай баяндайды:

«Күмәнсіз, Алла елшісінде сендер үшін әрі Аллаға және ақырет күніне қауышуды армандағандар мен Алланы көп еске алып, Оған көп құлшылық жасағандар үшін қай жағынан алсақ та, Пайғамбарда теңдессіз үлгі-өнеге бар» (Ахзаб сүресі, 21-аят).

Сонымен қатар Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өмірі қияметке дейін келетін барша ұрпақтарға үлгі. Құран Кәрімде ол жайында:

«Ақиқатында, Сен теңдесі жоқ ұлы көркем мінез-құлыққа иесің» (Қалам сүресі 4-аят) деп баяндайды.

Енді тақырыбымызға арқау болып отырған жасы үлкенге сый-құрмет көрсету жайында Пайғамбарымыздың өнегелі өміріне көз жүгіртсек.

Ол Мекке алынған күні көзі көрмейтін қарт әкесін мұсылман болсын деп Алла Елшісінің құзырына әкелді. Алла елшісі олардың келгенін көрген кезде:

– Ей, Әбу Бәкір! Қарт әкеңді неге бұл жерге дейін әкеліп әуре қылдың? Оның қасына өзіміз-ақ баратын едік қой, - деді.

Хазірет Әбу Бәкір (радиаллаһу анһу):

– Алла Тағаланың оған сауап бергенін қалап, оны  құзырыңызға әкелдім, - деді.

Хазірет Әбу Бәкірдің әкесі Әбу Куһафа (радиаллаһу анһу) ант бермек болып қолын Алла Елшісінің мүбәрәк қолына қарай созған кезде Әбу Бәкір (радиаллаһу анһу) көз жасына ие бола алмай, еріксіз жылап қоя берді. Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) таңырқап, не үшін жылағанын сұрады. Әбу Бәкір (радиаллаһу анһу) көздері жасаураған күйде:

– Уа, Расулуллаһ! Саған ант бермек болып созылған мына қол менің әкемнің емес, сенің көкең Әбу Талиптың қолы болып, Алла Тағала менің орныма сені қуандырғанда ғой, сондай қатты қуанышқа бөленер едім.

Өйткені, сен оны өте жақсы көрдің және мұсылман боп өлгенін қатты қаладың... - деді (Хайсами VІ, 174; ибн Сағд V, 451).

Сәһл бин Сағд (радиаллаһу анһу)кішкентай балалардың өзі Алла Елшісін үлкендерден кем жақсы көрмегендігін көрсететін мынадай бір оқиғаны баяндайды:

Алла елшісіне (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ішетін сусын әкелінді.

Пайғамбарымыз одан біраз ішті. Сол кезде оның оң жағында жас бала, сол жағында едәуір жасқа келген үлкен сахабалар отырған болатын. Алла елшісі қолындағысын басқаларға ұсынып үлестіргенде әдетінше оң жағынан бастайтын. Оң жағындағы жас балаға бұрылып сыпайы түрде:

Мына сусынды алдымен үлкендерге беруіме рұқсат ет! – деп сұрады.

Сонда ол бала таңдай қақтырарлық мынадай керемет жауап берді:

– Уа, Расулаллаһ! Сенің қолыңнан нәсіп болған нәрсені ешкімге де бере алмаймын!

Сол кезде сүйікті Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мүбәрәк қолындағы сусынды ең алдымен сол балаға ұсынды (Бұхари, Әшрибә19).

Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) адамдардың қоғам ішіндегі беделіне қарай құрмет көрсетілуіне мән беруін айтқан. Яғни, үлкен ғалымға надандарша, жасы үлкенге кішкентай бала сияқты, басшыларға жай азамат сияқты қарым-қатынаста болу жүйенің бұзылуына жол ашады. Әр адамның қоғамда өзіндік орны бар, соған қарай мәміледе болу – адамгершілік борышымыз. Сол үшін, Алла Елшісі  (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Адам баласына абырой, мақам және дәрежелеріне қарай қарым-қатынаста болыңыздар» (Әбу Дәуіт, Әдеп, 20) деген.

Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қандай да бір отырысы сөз болғанда мынандай ерекшеліктерге мән бергендігі тілге тиек етіледі:

«Пайғамбарымыздың мәжілісінде отырғандар тең түрде мәміледе көретін. Бір-бірлерінен үстемдігі тек қана тақуалықтарымен болатын. Бәрі бірдей биязы еді. Үлкендерге құрмет, кішілерге ізет мейірімділік көрсететін, мұқтаж жандарға ерекше көңіл бөліп, қажеттіліктеріне қолғабыс болатын. Жолда қалғандарға және отанынан алыста жүргендерді қоғап қамқорлық танытатын» Сондықтан Алла Елшісі  (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Кішкентайларымызға мейірімділік танытпаған, үлкендерімізге құрмет көрсетпеген, олардың хақ-құқығына мән бермеген бізден емес» деген (Әбу Дәуіт, Әдеп, 58).

Жоғарыда «Биік белестерге шығып, жетістікке жеткен тұлғалар, үлкендерге сый-құрмет көрсету және мейірімділік таныту арқылы қол жеткізгендігін айтқан едік. Бұл көркем мінездің дүние және ақыретте пайдаларына мысалдар келтіретін болсақ: Пайғамбарымыз  (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) хадисінде: «Алла Тағала үлкеннің жасын сыйлап, құрмет көрсеткен жасқа қартайған шағында өзіне де дәл солай құрмет көрсетіп, қызмет ететін жасты кез қылады» (Тирмизи, Бирр 75) деген.

«Уа, Әнас! Жасы үлкендерге құрмет көрсете біл. Сондай-ақ жасы кішілерге мейірімділік таныта біл. Осылай жасағаныңда жәннатта маған дос боласың» (Байһақи, Шуғаб, VII, 458)деген.

Жасы үлкендерге құрмет көрсетудің кейбір көріністеріне тоқталар болсақ:

Жасы үлкендермен кездескенде кішілер үлкендерге бірінші болып сәлем берулері керек (Бұхари Истиғзан 5,6);

Мешітте алғашқы сапты жасы үлкендерге беру (Мүслим, Салат 122);

Жиындарда жастар орындарын шын көңілмен, сауабына сеніп, құрметпен, өз қалауымен жасы үлкендерге және ғалымдарға беру қажет.

Қандай да бір нәрсені ұсынатын болса оңнан беру шартымен жасы үлкендерден бастау керек (Мүслим, Руия 19).

Жасы үлкендер сөз сөйлеу керек болған жағдайларда жасы кішілер алдыға шықпау қажет (Бұхари, Жизия 12);

Жасы үлкендер жайлы ойын айтқанда, әңгімелегенде, сөз саптағанда және қалам тартқан жағдайларда әдептен, сыпайылықтан, құрметтен аттап кетпеу керек.

Сый-құрмет көрсететіндер арасында үлкен жастағылармен қатар білімі мен амал жасаған Құран қариларын және әділ басшыларды да атауға болады. Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Шашы сақалы ағарған мұсылман, Құран оқығанда әндетпей, үкімдерімен амал жасаған Құран қариына және әділ басшыларға құрмет көрсету, Алла тағалаға деген тағзым және құрметтен туындайды» (Әбу Дәуіт, Әдеп, 20) деген.

Сондай-ақ, сый-құрмет көрсетуде ислам дінінің ерсі көріп, қолдамаған астамшылдықтардан ұзақ тұруымыз керек.   Кейбір мемлекеттерде халықтың патшаларына сәжде жасағанын көрген сахабалар, Пайғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сіз сәжде жасауға лайықтысыз ғой деген сыңай танытқанда оған қатаң түрде тыйым салып, сәжде тек қана бір Аллаға жасалатындығын айтқан (Әбу Дәуіт, Никах, 40).

Құрмет көрсету мақсатында сөз сөйлеген кезде шектен шығып мақтауға мұқияттылық танытқан жөн. Алла Елшісі бір хадисінде: «Бір-бірлеріңді (шектен шығып) мақтамаңдар. Бұл жағдай мақтаған адамды өлтіргенмен тең» (Ибн Маже, Әдеб 36) деген.

Қазіргі жастарда үлкенді сыйлау, жасы үлкенге орын беру, бір-бірімен ана тілінде сөйлесу, ислами ұлттық мәдениетті бағалау, қастерлеу, қадірлеуге немқұрайды қараушылық кездесіп жатады. Осыдан келіп ұлттық тіл мен мәдениетін менсінбейтін, дінсіз, тілсіз, ессіз ұрпақтар өркендеп келеді. Міне, осыдан келіп бүгінгі ұрпаққа ізгілік, имандылық рухында, дәстүр аясында тәрбие керек екендігі айқындала түседі. Сондықтан да, асыл мұраларымызды тәрбие үрдісінде тиімді пайдалана отырып, бойымызға сіңіргеніміз жөн. Құрмет көрсету мен мейірімділік танытуда исламның қойған құндылықтарынан ешқашан есе жіберіп алмауымыз керек.

 

Саясат Көкенай,

Алматы қаласы «Байкен» мешітінің наиб имамы

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
Бала тәрбиесіне қатысты басты мәселе Тик-ток түсіруге бола ма?

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Әдеп (этика) Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ: Ихсан ілімі ізгілікке тәрбиелейді
«Ихсан» – бағзы заманнан мұ­сыл­мандық жолды ұстанған қазақ халқының діни түсінігіне етене жақын ілім. Осы ілімді қалыптастыруға Түркістан діни мектебінің негізін ­салушы Қожа Ахмет Ясауи бабамыз және оның ізбасарлары ерекше еңбек сіңірді. Ортағасырлық тарихи деректерге сүйенсек, Қожа Ахмет Ясауидің...
Әдеп (этика) Бауыржан КӨПТІЛЕУОВ: Өтірік сөйлеудің зияны мен зардаптары
Барлық мақтау әлемдерді жоқтан бар еткен Алла Тағалаға ғана тән. Оның елшісі Мұхаммед пайғамбарға сәлемдер мен салауаттар жолдаймыз. Алла Тағала адамзатты жаратқаннан соң ақ пен қараны, адал мен арамды, жақсы мен жаманды хақ діні арқылы нақты ажыратып берді. Біз бүгін Ислам шариғаты бойынша үлкен кү...
Әдеп (этика) Жомарт КЕРШЕЕВ: Уәдеге берік болу
Уәдеге беріктік, опалы болу сөздерінің тілдік мағынасына көңіл бөлсек, ол – алдау, опасыздық жасау, сатқындық деген сөздердің антонимі болып табылады. Қазақ халқында бұрыннан келе жатқан «Уәде – құдай аты» деген терең мағыналы сөз бар. Бұл сөз не үшін мәнді? Себебі, берілген уәде бұзылып, оның қоғам...
Әдеп (этика) Нәпсі тәрбиесі
Адамдардың нәпсісін тәрбиелеп, оны тазарту – Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келген төл уәзипаларының бірі. Құранда Алла Тағала: «Ол сондай Алла, сауатсыздардың ішіне өздерінен; оларға Алланың аяттарын оқып, оларды тазартатын, сондай-ақ оларға: Кітап, даналық үйрететін бір...
Әдеп (этика) Мейірімді болыңыз, мейірімге бөленесіз
Mейірім – адам бойындағы шынайылық пен сүйіспеншіліктен туындайтын жүрек мейірбандығы. Ол рақым шуағынан тарайтын этика нормасы. Мемлекет басшысының отандастарына, имамның жамағатқа, әке-шешенің балаларына, байдың кедейге, денсаулығы дәрменділердің науқастарға жанашырлығы мейірімділіктен туындаса ке...
Әдеп (этика) Тіл оразасы
Көзді ашып-жұмғанша он екі айдың сұлтаны болған, адамдарды тура жолға бастаушы, хақ пен батылды ажыратушы Алланың соңғы кітабы Құран Кәрім түсірілген, ораза ұстау мұсылмандарға парыз етілген Рамазан айының бірнеше күні өте шықты....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-сани 1446
Миләди
25 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:48

Бамдатқа дейін 04:57

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi