ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫҢ...
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Ақшам 16:23

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

Мақалалар

ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫҢ...

| A | +

Туған жерін сүю Жаратқанның адам болмысына берген қасиеті. Тексіз әрі қасиетсіз бейбақ қана туған жеріне опасыз келеді. Алланың берген бағы – осындай дархан дала топырағында туған перзенті болу. Отан – адамның кіндік қаны тамып, саналы ғұмыры өткен құтты жер. Отан – ата-бабасының жері, әулетінің терең тамыр жайған киелі мекені. Әркім үшін Отаны оттан да ыстық. Осындай киелі мекенді жайлаған отандастарға бүгінде Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойын көруді нәсіп етіп отыр.

Бабалар білектің күші, найзаның ұшымен қорғап, бүгінгі ұрпаққа аманаттаған Отанымыз – Тәуелсіздіктің отызыншы таңын да аттырды. Тұңғыш Президент Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасымен ел бірлігі мен ынтымағы үшін көптеген игі шаралар атқарылды. Халықтың әлеуметтік жағдайы оң өзгеріс алып,  рухани жаңғыру аясында асыл дініміз бен дәстүріміз көркейді. Тәуелсіздік алған жылдарда елімізде небәрі 68 мешіт болса, құлшылық ордасы бүгінде 2600-ге жетті. Бүгінде 9 медресе колледж мәртебесін алған діни оқу орындарынан бүгінде 2769 шәкірт түлеп ұшты. Олар еліміздің әр өңірінде діни қызмет атқаруда. 2001 жылы Н.Назарбаевтың қолдауымен Алматы қаласында тұңғыш рет жоғары білімді діни кадр даярлайтын «Нұр Мүбәрак» университеті ашылды. Бүгінге дейін 2359 студент бітірсе, оның 254-і – ғылым магистрі, 39-ы – ғылым докторы. Қазіргі таңда 1627 студент білім алуда. Құран жаттаған қарилар саны да көбейіп, дәстүрлі дін насихатында елге қызмет жасап жүр.

Отанды сүю тек ішкі сезіммен шектелетін түсінік емес. Ол сөз және іспен көрсетілетін сезім болса, сол мақсатта дін қызметкерлері аянбай еңбек етуде. Елге, жерге деген ыстық ықылас дұға-тілекте шынайы байқалады. Өйткені, дұға – жүректегі шынайы ниетті жеткізу жолы. Ұлан байтақ жеріміздің тыныштығы үшін еліміздің әр аймағындағы мешіттерде тұрақты түрде құран хатым дұғалары жасау да назардан тыс қалған емес.

Қазақстан дербес ел болғалы біршама ұлттар мен ұлыстар бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп келеді. Елбасы бастамасымен елімізде бірнеше рет дәстүрлі діндер лидерлерінің сьезі өтті. Татулық пен бірлікті ұлықтаған ұлт көшбасшысын халықаралық өзге дін өкілдері де қолдады. Н.Назарбаев  отанды сүю, еліңде өмір сүретін басқа дін өкілдеріне деген құрмет пен түсіністік екенін дәлелдеді. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім бір муғаһидке зұлымдық етсе, ар-намысына тисе, шамасы келмейтін шаруа міндеттесе қалауынсыз бір затын алып қойса, қиямет күні (муғаһидтің) қорғаушысы мен боламын», - деген екен.

Мұғаһид – мұсылман елінде өмір сүретін өзге дін өкілі. Тағдырдың жазуымен елімізді отан етіп жатқан өзге дін өкілдері бар. Ол да Алланың пендесі, адам баласы. Пайғамбар өсиетін өнеге еткен президент бастамасы Тәуелсіз елдің тұтастығы мен бірлігі үшін жалғасып жатыр.

Исламда туған жерге деген сүйпеншілік жер-суының табиғатын жақсы көрумен қатар ел-жұртын жақсы көруі, отандастарымен ара-қатынасты нығайту болып табылады. Отан алдындағы азаматтық парызына адал болуды білдіреді. Отанды сүю – адамзаттың арасына жеккөру, ашу-ыза деген сияқты соғыс отын тұтандыратын нәсілшілдік емес. Хадисте: «Кімде-кім нәсілшілдікке жәрдем беріп, нәсілшілдік үшін ашуланып, соқыр тудың астында өлсе, ол надан өліммен өлген адам», - делінген.

Отанды сүю – соқыр сезім емес. Керісінше, әділдік пен туралықта елмен бірге болу. Аббад бин Касир Шамиден: «Уа, Алла елшісі! Кісінің өз ел-жұртын жақсы көруі нәсілшілдік пе? - деп сұрайды. Сонда Пайғамбар: «Жоқ, алайда кім өз жұртына зұлымдыққа жәрдем етсе міне сол нәсілшілдік», - деген екен.

Тұрақтылық пен ынтымағы жарасқан ел ғана заман көшімен ілгерілемек. Имам Ғазали: «Адам баласы туып өскен жері елсіз шөл дала болса да оған бауыр басады. Отанды сүю адамның болмысында бар сезім. Адам туып-өскен жерінде жаны жай табады. Алыс кетсе сағынып, жау шапса қорғауға, сынаса ашулануға дайын тұрады», -деп Отанға деген сүйіспеншілікті сипаттайды. Ел тыныштығы мен бірлігі үшін, өркендеп көркейе беруіне үлес қосу әрбір жанның азаматтық парызы.

Тәуелсіздіктің 30-шы таңы Қазақ елі үшін даму мен жаңғыруға жаңаша қадам болғай деп тілейміз. Ел іргесі берік, көк байрағымыз мәңгілік желбірей берсін. Бабадан аманат болған ұлан-ғайыр жерімізде дін мен дәстүріміз әрқашан дәріптеліп, татулықты ту еткен еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай! Әумин!

Төлеби қажы Оспан
Алматы қаласының Бас имамы

Авторы Төлеби Оспан

Алматы қаласының бас имамы

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
ШЕРУГЕ ШЫҒУДЫҢ ҮКІМІ ЕЛІМІЗДЕ ТИЫМ САЛЫНҒАН ӨЗБЕКСТАН ИСЛАМ ҚОЗҒАЛЫСЫ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Қоғам ЕЛІМІЗДЕ ТИЫМ САЛЫНҒАН ӨЗБЕКСТАН ИСЛАМ ҚОЗҒАЛЫСЫ
Орта Азияда сыртқы күштер тарапынан құрылған алғашқы радикалды саяси топтар (Өзбекстанда «Әдолат», «Ислам лашкарлари», Тәжікстанда «Ислам ренесанс партиясы») 1990 жылдардың басында пайда бола бастады. Бұл топтар алғашқыда Өзбекстан кейіннен Тәжікстанға әсер еткен исламилану процесіне қатысты....
Қоғам ДАИШ-ПЕН КҮРЕСТІҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Бұрындары соғыс пен бейбітшілік туралы пікірталастар үнемі философия, гуманитарлық ғылымдар, журналистика секілді қоғамның әр салаларында туып жатса, бүгінгі таңда бұл тақырыптар саясаттанудың ең маңызды мәселелерінің біріне айналды. Алайда жетекші дін мамандарының бұл мәселеге қатысты нақты ұстаным...
Қоғам ДӘСТҮРЛІ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҰЛЫҚТАУ - ДҮНИЕТАНЫМҒА ЖАТ БОЛҒАН АҒЫМДАРДАН САҚТАНУ
Қоғамның бастапқы дәуірлерінен басталған, уақыт өте келе белгілі бір ұлттың идентификациясына айналған дәстүрлі құндылықтардың орны ерекше. Әрбір халықтың дәстүрімен біте қайнасқан дүниетанымының аясында дәстүрлі құндылықтар қалыптасады....
Қоғам ҚАЗАҚСТАН ЕГЕМЕНДІГІНЕ ЭКСТРЕМИЗМНІҢ АЛЫП КЕЛЕР ЗАРАРЫ
Қазақстанның егемендік алуымен діни жағдай күрт өзгерді. Елімізде діни сенім бостандығына кепілдік берілді, діни бірлестіктерді мемлекеттен бөлді, мемлекеттің діни бірлестіктің ісіне араласпауға және т.б. дін бағытындағы саясат жүргізіле бастады....
Қоғам ТАРИХИ ЖАҢҒЫРУ - ДӘСТҮРЛІ ИСЛАМ
Дін мен дәстүр қос қанат секілді бір-бірінен ажырамайтын дүние. Жаратушы адамдарды халықтарға, ұлттарға бөліп жаратқан. Ол Құдіретімен бүкіл адамзатты бір (ру-тайпа, ұлтқа бөлмей) етіп жаратуға да шамасы келетін. Хикметі де осында деп білеміз. Дәл осы осы жерде салт-дәстүр әрбір ұлттың өз болмысының...
Қоғам ТАРИХИ САНАНЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ - ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ КЕПІЛІ
Аңыздық діндарлық – әсіресе Орта Азияда өмір сүрген түркі қауымдарында жиі кездесетін діндарлықтың түрі. Бұл саладағы жасалған зерттеулерден байқағанымыздай, түркілердің діни өмірі аңыз-әпсаналармен, мифология мен қиссалармен тығыз байланысты. ...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Ақшам 16:23

Құптанға дейін 00:38

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi