ЕЛІМІЗДЕ ТИЫМ САЛЫНҒАН ӨЗБЕКСТАН ИСЛАМ ҚОЗҒАЛЫСЫ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:46

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

Мақалалар

ЕЛІМІЗДЕ ТИЫМ САЛЫНҒАН ӨЗБЕКСТАН ИСЛАМ ҚОЗҒАЛЫСЫ

| A | +

Орта Азияда сыртқы күштер тарапынан құрылған алғашқы радикалды саяси топтар (Өзбекстанда «Әдолат», «Ислам лашкарлари», Тәжікстанда «Ислам ренесанс партиясы») 1990 жылдардың басында пайда бола бастады. Бұл топтар алғашқыда Өзбекстан кейіннен Тәжікстанға әсер еткен исламилану процесіне қатысты.

Радикалды пікірлердің пропагандасына Ферғана аңғарының қалаларына келген Сауд Арабиясының азаматтары бастаған көптеген шетелдік миссионерлер көмектескен болатын. Бұл байланыстардың нәтижесінде тек орталықтың жұмысына емес, сонымен қатар идеологиясында да өзгерістер пайда бола бастады. Жасырын болса да дәстүрлі білім ордаларынан уақыт өте келе егеменді, тәуелсіз, білім мен ғылымнан тыс, өзінің қоғамдық және саяси көзқарастарын жаюы мен Исламның елдің діни және дүниетанымдық ретінде жариялануын қалаған, радикалды сипаттағы діни орталықтарға айнала бастады. Осылайша Өзбекстанда радикалды исламшылар алдыңғы шепте келген саяси күштердің біріне айналуымен Ферғана аңғарындағы бірқатар қалаларды басқаруға да көше бастады. Олардың іс-әрекеттері үкіметтің тарапынан бастырылды және радикалды топтар жасырынуға көшті. 1996 жылы сол кездегі зайырлы режимді құлату мен елде халифатты құру үшін қарулы жолдармен мақсаттарына жетуге тырысқан Өзбекстан Ислам қозғалысы да пайда болды.

Қозғалыстың жетекшісі Тахир Юлдашев (1967-2009), әскер қолбасшысы болса Жума Хожиев (Намангани) (1968-2001) болды. Олардың құрамыда Өзбекстанда 1992-1993 жылдары Өзбекстан президенті И.Каримов тарапынан тыйым салынған бірқатар ислами топтың бұрынғы мүшелері бар еді. Қозғалыстың негізгі мақсаты – Ферғана аңғарымен қоса ұйғырлардың өмір сүрген Шығыс Түркістан, бүкіл Орта Азия аймағы, әсіресе Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан территориясында Ислам мемлекетін құру болды. 2000 жылдардың басында Өзбекстан Ислам қозғалысы есімін Түркістан Ислам қозғалысы деп өзгертті. Юлдашевтің 2009 жылғы өлімінен кейін Өзбекстан Ислам қозғалысын Усман Адил басқарды, алайда                          2012 жылдың қаңтар айында Ауғанстандағы өлімі туралы хабар шықты. Кейіннен бұл хабардың жалған екені анықталып, сәуір айында американдықтар тарапынан Пәкістанда өлтірілгені мәлім болды.

Өзбекстан Ислам қозғалысының іс-әрекеттері әсіресе Орта Азия елдерінде жүзеге асырылғандығын атап өту қажет. Ұйымның кейбір мүшелері Еуропа мен Америка елдеріне баруы да мүмкін, алайда әлемдік БАҚ-та олардың іс-әрекеттер туралы ешбір хабар шыққан жоқ. Бұдан ертеректе топтың мүшелері Вазиристанда (Пәкістанның солтүстік-батысында, Ауғанстан шекарасындағы таулы аймақ) іс-әрекет көрсеткен болатын және өздерін «қасиетті жихад» жалауының астында күресіп жүрген «әл-Каиданың» бір бөлшегі ретінде санаған.

Топ мүшелері елді тұрақсыздандыру үшін халық арасында дүрбелең тудырды және халықаралық қауымдастықтың назарын өзіне аударғысы келді. Алайда Өзбекстан басшылығының пәрменді әрі жедел шараларының арқасында елде тұрақсыздық орын алған жоқ. Бірақ үлкен бір резонанс болды. Жарылыстарға дейін Өзбекстан Орта Азияның ең тұрақты және тыныш елі ретінде танылған.

Өзбекстан Ислам қозғалысының басшылығы бірқатар халықаралық және аймақтық исламистік ұйымдармен және қозғалыстармен, атап айтқанда, әл-Каида, Талибан, Хизбут-Тахрир, Ихуан-Муслимин және т.б. ұйымдармен тығыз байланыста.

Радикалдылыққа барған қай топ немесе ұйымды қарастырар болсақ, олардың саяси мүдделігі көріне бастайды. Бұл секілді топтар елдің зайырлылығына нұқсан келтіріп, орнына елдің азаматтарының діни тиесілілігін ескермей, діни (Ислами) догмаларды, атап айтқанда, шариғатты орнатуға тырысады.

Өзбекстан Ислам қозғалысы да мұның айқын дәлелі. Қазақстан мен Өзбекстанның шекарасын негізге алар болсақ, көршілес елдің діни тұрақтылығы – еліміздің де діни тұрақтылығы деп айтсақ, қателеспеспіз. Өйткені Орта Азияның қай елі болмасын барлығы КСРО кезеңін бастан өткізіп, тоқырауды көрді, жұмыссыздық пен діни бос кеңістікті бастан өткізді. Өзбекстан Ислам қозғалысы және осы секілді бұдан да басқа діни ағымдардан сақтануымыз үшін бұл секілді топтарға қарсы бірлесе, кеңесе отырып іс-қимыл жасауымыз қажет.

Басиев Мұхаммедәмин

"Күлиза ана" мешітінің ұстазы

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫҢ... ШЕТЕЛДЕ ДІНИ БІЛІМ АЛУДЫҢ ҚАЖЕТІ ҚАНША?

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Қоғам ДАИШ-ПЕН КҮРЕСТІҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Бұрындары соғыс пен бейбітшілік туралы пікірталастар үнемі философия, гуманитарлық ғылымдар, журналистика секілді қоғамның әр салаларында туып жатса, бүгінгі таңда бұл тақырыптар саясаттанудың ең маңызды мәселелерінің біріне айналды. Алайда жетекші дін мамандарының бұл мәселеге қатысты нақты ұстаным...
Қоғам ДӘСТҮРЛІ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҰЛЫҚТАУ - ДҮНИЕТАНЫМҒА ЖАТ БОЛҒАН АҒЫМДАРДАН САҚТАНУ
Қоғамның бастапқы дәуірлерінен басталған, уақыт өте келе белгілі бір ұлттың идентификациясына айналған дәстүрлі құндылықтардың орны ерекше. Әрбір халықтың дәстүрімен біте қайнасқан дүниетанымының аясында дәстүрлі құндылықтар қалыптасады....
Қоғам ҚАЗАҚСТАН ЕГЕМЕНДІГІНЕ ЭКСТРЕМИЗМНІҢ АЛЫП КЕЛЕР ЗАРАРЫ
Қазақстанның егемендік алуымен діни жағдай күрт өзгерді. Елімізде діни сенім бостандығына кепілдік берілді, діни бірлестіктерді мемлекеттен бөлді, мемлекеттің діни бірлестіктің ісіне араласпауға және т.б. дін бағытындағы саясат жүргізіле бастады....
Қоғам ТАРИХИ ЖАҢҒЫРУ - ДӘСТҮРЛІ ИСЛАМ
Дін мен дәстүр қос қанат секілді бір-бірінен ажырамайтын дүние. Жаратушы адамдарды халықтарға, ұлттарға бөліп жаратқан. Ол Құдіретімен бүкіл адамзатты бір (ру-тайпа, ұлтқа бөлмей) етіп жаратуға да шамасы келетін. Хикметі де осында деп білеміз. Дәл осы осы жерде салт-дәстүр әрбір ұлттың өз болмысының...
Қоғам ТАРИХИ САНАНЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ - ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ КЕПІЛІ
Аңыздық діндарлық – әсіресе Орта Азияда өмір сүрген түркі қауымдарында жиі кездесетін діндарлықтың түрі. Бұл саладағы жасалған зерттеулерден байқағанымыздай, түркілердің діни өмірі аңыз-әпсаналармен, мифология мен қиссалармен тығыз байланысты. ...
Қоғам КСРО-дан КЕЙІНГІ ОРТА АЗИЯДАҒЫ ДІНИ ЖАҒДАЙ НЕМЕСЕ САЛАФИЛІКТІҢ ПАЙДА БОЛУЫНДАҒЫ АЛҒЫШАРТТАР
Тәуелсіздіктен кейінгі Орта Азия мемлекеттеріндегі мұсылман қоғамы, орыс колониализмінен бұрынғы ұлттық және рухани байлықтарына бет бұруын ең маңызды басымдылықтың бірі ретінде түсінді. Исламды шынайы тұрғыда ұстану және оны жаңғыртуы материалдық дамуын рухани дамуымен жүзеге асыруға тырысты....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:46

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi