ТАТУИРОВКАНЫҢ ШАРИҒАТТАҒЫ ҮКІМІ
Татуировка – тері астына бояуыштарды ендіру жолымен салынатын адам денесіндегі сурет[1].
Ғұламалар татуировканың харам екендігіне бірауыздан келіскен[2]. Ол – үлкен күнә[3]. Өйткені ол Алланың жаратылысын өзгерту, көзбояушылық, қанның араласуы себепті нәжіс бояумен бояу, денеге зиян беру болып саналады[4]. Алла Тағала Құранда шайтанның былай деп айтқанын келтіреді:
وَلآمُرَنَّهُمْ فَلَيُغَيِّرُنَّ خَلْقَ اللَّهِ
«Оларға Алланың жаратылысын өзгертсін деп әмір етемін»[5].
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген:
لعن الله الواصلة والمستوصلة والواشمة والمستوشمة
«Алла шаш жалғағанды және жалғаушыларды, денесіне сурет салдырғандарды әрі салып берушілерді лағнеттеді...»[6].
لا ضَررَ ولا ضِرارَ
«Өзіне де, өзгеге де зиян беруге болмайды»[7].
Сондықтан денеге сурет салуға тыйым салынады. Тәубе етіп, мүмкіндігі болса оны кетіруі тиіс. Егер татуировканы кетіру денеге зиян тигізіп жатса, онда оны сол күйінде қалдырады. Онымен (кетіре алмаған жағдайда) оқыған намазы да, имамдығы да дұрыс саналады[8].
ШЕШІМ:
- Денеге татуировка салу – харам, үлкен күнә. Тәубе етіп, мүмкіндік болса, оны кетіруі керек.
Татуировканы кетіру денсаулыққа зиян болса, оны қалдырудың оқасы жоқ. Ол дәретке, намазға және имамдыққа кедергі болмайды.
ҚМДБ Ғұламалар кеңесі
[1] https://kk.wikipedia.org/wiki/Татуировка
[2] «Радду әл-мұхтар», 6/373. «Әл-қауанину әл-фиқһия», 293. «Нихаяту әл-мұхтаж шарх әл-мәнһәж», 2/22. «Әл-мұғни», 1/77. «Субулус әс-сәләм», 3/1034.
[3] «Әз-зәуәжир», 1/142. Зәһәби, «Әл-кәбәир», 153.
[4] Қараһдағи, «Фиқһ әл-қадая әт-тиббия әл-муғәсәра», 539. Құртуби, «Әл-Жәмиғ ли әхкәми әл-Қуран», 5/393. «Әл-ләмиғ әс-сәбих би шәрхи әл-жәмиғ әс-сәхих», 14/508.
[5] «Ниса» сүресі, 119-аят.
[6] Бұхари, № 5937. Мүслим, № 2124.
[7] Ибн Мәжә, №1909. Дәруқұтни, 3/77. Хаким, №2345. Бәйһәқи, №11717.
[8] «Хашияту ибн Абидин», 1/330. «Шәрху рәудату әт-талиб», 1/171. Нәуауи, «Шәрху Муслим», 14/106. Ибн Хажар, «Фәтху әл-бәри», 10/372. «Муғни әл-мухтаж», 1/191. «Әл-Фәуәкиһу әд-дәуәни», 2/314. «Әл-Мәусуғату әл-фиқһия», 2/283.