Қандай адам құрбандық шалуға міндетті?
– Құрбан айт күндері біздің Ханафи мәзһабы бойынша басы азат, балиғат жасына жеткен, ақыл-есі дұрыс, дәулетті және Құрбан айт уақытында жолаушы болмаған мұсылманның құрбан шалуы міндетті.
Себебі Алла Тағала Құран Кәрімде бізге: «Раббыңа намаз оқып, құрбан шал!» – деп бұйырған («Кәусар» сүресі, 2-аят). Мұндағы бұйыру сөзі уәжіп дегенді білдіреді. Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) не нәрсе міндеттелсе, оның үмметі де соны атқаруы керек. Ханафи мәзһабының фиқһ ғалымдары да құрбан шалудың уәжіп, яғни міндетті құлшылық екенін айтқан болатын.