«Құран Кәрімді аударуға он жыл жұмсадым» – Ершат ОҢҒАРОВ
Жәнібек
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Күн 09:10

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
07:40 09:10 13:44 16:22 18:07 19:37
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
22 қараша 2024

Мақалалар

«Құран Кәрімді аударуға он жыл жұмсадым» – Ершат ОҢҒАРОВ

| A | +

Қасиетті Құранның қа­зақ­ша аудармасы жарық көр­­ді. Аударған – ҚМДБ Тө­­рағасының орынбасары, наиб мүфти, исламтанушы-теолог Ершат Оңғаров. Бұл аударманың бұрынғы ау­дар­­малардан өзгешелігі неде? Кейіпкерімізге қой­ған сауалымыз да осы бол­ды.

– Ершат мырза, қасиетті Құ­ран Кәрімді аударуға 10 жыл уа­қыт жұмсаған екенсіз. Құранды ау­даруға не себеп болды?

– Адамзат үшін қиын-қыстау заман өтсе де, Құран Кәрімнің қасиеті ешқашан кемімеген. Өт­кен ғасырда хакім Абай «Алла­ның өзі де рас, сөзі де рас, Рас сөз еш­уа­қытта жалған болмас. Көп кі­тап келді Алладан, оның төр­ті Алланы танытуға сөз айыр­мас» деп жыр­ла­са, бүгінде сол Алла сөзіне де­­ген халықтың ынтызарлығы, құ­ш­тарлығы ерекше. Оның бір­ден-бір айшықты айғағы – әрбір елді мекендерде көркем кейіпте бой көтеріп, көптен салынып жатқан мешіттер, жұма намазына жұмыла жиналып жатқан жастар­дың жасағы.

Қазақтілді оқырмандарға ар­нал­ған Құран Кәрімнің жаңа бір аударма нұсқасын рухани қ­о­ры­мызды толықтыратын дең­гей­де жазу менің Мысыр шаһарында, Аль-Азхар университетінде оқып жүрген кездегі арманым болатын. Құранды зерттеуге кірісіп, құнды еңбек жазуға деген талпынысым сол кезден басталған еді. Бірінші еңбегімді Құранды дұрыс оқу мен қырағат жолын үйрететін «Мұх­тасар тәжуид» атты кітап жа­зуға арнадым. Аллаға шүкір, ол жи­нақ қазақ және орыс тіл­де­­рінде жарық көрді. Құранға деген мендегі ынтызарлық, онда айтылған әрбір сөзге, айшықты ойға деген бағалаушылық оқыр­ман жүрегіне имандылық гүлін ексем деген асқақ арманды ту­дыр­ды.

Қасиетті Құранды аударуға себеп болған тағы бір жайт – жас­­­тардың жат ағымдар же­те­­­­гінде кетуі. Құран аят­та­­­рын тікелей түсініп, онда­ғы астарлы мағынадағы «му­­та­шабиһ» аяттарды сөзбе-сөз қа­­былдау үдерісі қоғамда бук­­ва­­лизм мен догматизм мә­се­­­ле­сін шығарды. Әсіресе, қа­зақ елі үшін он ғасырдан астам уа­қыт бойы дәстүрлі жол бо­лып қа­лыптасқан Ханафи маз­ха­­бын мойындамайтын, көп­ші­лік мұсылмандармен бірге болғысы келмейтін, ұлттық салт-дәстүрмен санаспайтын, ел­дің ауызбіршілігіне нұқсан кел­тіретін жат идеологиялар елі­міздің тыныштығына қауіп төн­діре бастады.

Бұл еңбек жастарымыздың дес­труктивті ағымдардың ар­ба­уы­на кетпеуіне ықпал етеді деген үміттемін.

– Бұған дейін Құран Кәрімнің тәпсірін де аударғандар болыпты. Олармен таныса алдыңыз ба?

– Бүгінгі күнге дейін Құран­ның қазақ тіліне аударылған то­лық тәпсірін көрмедім. Бар болса да, әлі жарық көрмеген болар.

Аударма ерекшелігі – қасиетті аяттар араб тіліндегі түпнұсқадан аударылған, аяттардың қазақша ма­ғынасы берілген, аяттың тәп­сірі, түсініктемесі мен тарихы жан-жақты жазылған, сүренің қазіргі ғылыммен байланысы баяндалған, араб тіліндегі аяттың дұрыс оқылу транскрипциясы бе­рілген. Кітап көлемі 1 000 беттен асады.

Бұл нұсқаның бір ерекшелігі – бүгінгі талғампаз оқырманның талғамына сай тарихи, ғылыми, философиялық тұрғыдағы тәп­­сір­­лермен түсіндірілген. Яғни, Жа­­ра­тушы тарапынан түсіріл­ген ұлы жарлықтарға қатысты сол ықылым замандағы тари­хи оқи­­ғалар мен тарихи кейіп­кер­лер, әртүрлі қиян-кескі со­ғыс­тар, сол қоғамның сая­си жә­не әлеу­меттік себеп-сал­да­ры кө­не заманда ғұмыр кеш­кен ислам зерт­теушілерінің ғы­лы­ми һәм тағылымдық тәп­­сір­­ле­рімен тәлімделді. Беріл­ген түсі­ніктемелер мен тәпсір­лер әл-Ма­туриди, ән-Нәсәфи, әл-Жәлә­ләйн сияқты Ханафи маз­һа­бының ғұлама ғалымдары мен әл-Әлуси, әл-Қуртуби, абу Хаян әл-Андалуси, Әс Сабуни т.б. тәпсіршілердің араб тіліндегі кі­тап­тарынан аударылды. Аудар­ма барысында осы ғұламалардың ең­бек­тері үлкен рухани азық болды.

– Құран Кәрімді бұған дейін Уа­қап Қыдырханұлы, Халифа Ал­тай, Рәтбек қажы Нысанбайұлы да аударды. Олардан артықшы­лы­ғы неде?

– Бұған дейін де қасиетті Құ­ран Кәрім қазақ тілінде бірнеше мәрте тәржімаланып үлгерген еді. Әр кезеңде әртүрлі аудармашылар қа­ламынан шыққан бұл ұлы кі­тап өз уақытысында халық қа­­­­жеттілігіне жарап, ұрпақ сана-сезі­міне иман нұрын түсіруге үл­кен медет болды.

Қасиетті Құранды аударуға себеп болған тағы бір жайт – жас­­­тардың жат ағымдар же­те­­­­гінде кетуі. Құран аят­та­­­рын тікелей түсініп, онда­ғы астарлы мағынадағы «му­­та­шабиһ» аяттарды сөзбе-сөз қа­­былдау үдерісі қоғамда бук­­ва­­лизм мен догматизм мә­се­­­ле­сін шығарды. Әсіресе, қа­зақ елі үшін он ғасырдан астам уа­қыт бойы дәстүрлі жол бо­лып қа­лыптасқан Ханафи маз­ха­­бын мойындамайтын, көп­ші­лік мұсылмандармен бірге болғысы келмейтін, ұлттық салт-дәстүрмен санаспайтын, ел­дің ауызбіршілігіне нұқсан кел­тіретін жат идеологиялар елі­міздің тыныштығына қауіп төн­діре бастады.

Дегенмен де, ұшқыр қиялдай зымырап бара жатқан заман өз дәуіріндегі талғампаз ұрпақтың жаңа сұраныстарын, рухани азық­тары мен танымдарын те­рең­детуді талап етеді. Өйткені олар Жаратқанның жіберген ақи­қи қағидаларын тарихи не­гізде және өз ғасырының ма­ңыз­­ды тұрғасында ұғынғысы ке­ле­ді. Яғни, қасиетті Құран Кә­рім­нің бағалы қазынасы бол­ған 114 сүре һәм 6 226 аятты жан-жақты түсіндіріп беретін тәп­сірлер (түсініктемелер) талап ете­ді. Бұған дейінгі қазақ тіліне рес­ми түрде тәржімаланған нұс­қалардың барлығына ортақ ұқ­састық – Құран аяттарына бе­рілген тарихи, ғылыми әрі фи­ло­софиялық тұрғыдағы тәп­сір­­лер­дің жоқтығы немесе жоқ­тың қасы деуге болады. Ал қа­сиет­ті Құ­ран­ның орыс және басқа ше­тел тілдеріне аударылған нұс­қа­­ларында әрбір аяттың өзіне бір­­неше тәпсір-түсініктемелер бе­рілген.

– «Мысыр, Түркия, Араб ел­де­ріндегі түпнұсқа еңбектерге сүйен­дік» дейсіз. Түпнұсқадан ау­да­ру қиын болған жоқ па?

– Әрине, қиындықтар болды. Қа­сиетті Құранның аяттары мен тәп­сірлеріндегі тарихи мәлі­мет­терді, терең тәлімдерді шашау шы­­ғармай, араб тіліндегі түп­нұс­қадан жолма-жол аудару­дың өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары жеткілікті. Оны Құран риторикасынан бөлек, бай араб тілінің (бір сөздің 200-ге жуық синонимдері кез­де­­седі) сти­листикасы мен морфо­ло­гия­сының күрделілігі­мен тү­сін­діруге болады. Сонымен қа­тар Алла кәләмінің мәнін, ша­­­­риғи мақсатын жеткізу терең ис­­ламтану ғылымының қыр-сы­рына қанық біліктілікті әрі қы­рағы көзқараспен сараптау қабілетті қажет екені белгілі. Әсі­ресе, астарлы мағынадағы аят­тар­ды аудару барысында ізденіске көп уақыт кетті.

Аяттардың мағынасы мен тү­сініктемелері Қазақстан мұ­сыл­­мандары діни басқармасы (ҚМДБ) ұстанатын Әбу Ханифа маз­һабы мен имам Матуриди ақи­­далық мектебінің канондық ерек­шеліктеріне сай берілуі басты назарға алынды.

Арабшадан аудару өз алдына, оны қазақи жатық тілде өңдеу де қа­жырлық пен ұлтқа деген сүйіс­пен­шілікті қажет ететін үлкен жұмыс. Терең мағыналы құнды қазынаның бар нәрін қазақ тілінің қалыптасқан грамматикалық ережелеріне сай сөйлемдермен өрнектеп, бай да нәрлі әдеби тілі­мен көркемдеп, жалпы оқыр­ман­ның қабылдауына жайлы тие­тіндей, тамсана оқитындай етіп редакциялаған – жазушы-про­заик, Қазақстан Жазушылар ода­ғының мүшесі Нұржан Мұ­рат­әлі ағамыз. Ағамызға Алла са­уап­тан жазсын!

– 3 000 дана таралым аз емес пе? Оқырман бұл кітапқа қалай қол жет­кізеді?

– Иә, аз деп ойлаймын. Осы ретте кітаптың шығуына демеу­ші­лік жасаған «Ажар» руханиятты қолдау қорының президенті Са­мат Мұсабаевқа алғысымды біл­ді­ремін. Алла разы болсын!

Алдағы уақытта ауқымы мұ­нан да үлкен таралыммен қай­та ба­сылады деп ойлаймын. Алла­ға шүкір, қоғамымызда сауап үшін игі ша­раларды іздеп жүріп істей­тін жаны жайсаң, қайы­рым­ды, иманды жандар көп.

Қазіргі күні қасиетті Құран бірінші кезекте біраз дін қызмет­кер­леріне, имамдарға және кейбір ме­шіттерге берілді. Барлығына бір­дей үлестіру мүмкін емес.

Жалпы, Құран Кәрімді түсі­нуге ынтық болған жандар үшін қолжетімді болу үшін мешіт жа­нын­­дағы кітап дүкендері арқылы тара­туға тырысып жатырмыз.

– Аудармасын оқып көрген ға­лымдар болды ма? Олардың көз­қа­расы қалай?

– Жуырда елордадағы ҚМДБ ғимаратының мәжіліс залында тұсаукесерін өткіздік. Тұсаукесер шарасында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазірет салтанатты ашылуын жасап, тағылымды баян­дамасын оқыды. Парламент де­путаттары, ғалымдар, зиялы қауым өкілдері мен дін қайрат­кер­лері қатысты.

Аударманы бірінші кезекте ҚМДБ сараптау комиссиясының мамандары оқып, сыни пікірлерін білдірген болатын. Әрине, мен олар­ды қабыл алдым. Еңбек елі­міздегі діни материалдарды сараптауға құзырлы мекеме – Ақпарат және қоғамдық даму ми­нис­трлігі Дін істері коми­те­тін­де­гі дін­тану сарап­та­ма­сынан өтіп, оң қо­рытынды алды.

Құран Кәрімнің тұсауке­се­ріне келген ғалымдар, ислам­тану­шылар, әдебиетшілер мен зия­лы қауым өкілдері жоғары бағалап, ықыласын білдірді. Ал осы құнды еңбекке қол жеткізген жал­пы жұрт ризашылығын біл­діріп, батасын беруде. Әл­бетте, шығармашылық еңбек кем­­шіліксіз болмайды. Егер оқыр­ман тарапынан пайымды ой, салмақты сөз бен танымды түзе­тулер болып жатса, біз толық­ты­руға дайынбыз.

Қазақ жұртының мәдени өмі­рі­не алтын діңгек болып ор­на­ған осы рухани құндылықты Қазақ халқына табыстағанымызға шын жүректен қуаныштымыз.

– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан 
Гүлзина БЕКТАС

Аikyn.kz

Предыдущий Следующий
Қағбаның қандай құпиясы бар? Құрамында шошқа майы бар дәрі-дәрмектерді пайдалануға бола ма?

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Құран және тәпсір С.АХМАДИЕВ. Құран жаттаудың сырлары
Құран – Алла Тағаланың адам баласына берген ұлы мұғжизасы. Адамзат Құранмен сәйкес өмір сүргенде ғана ақиқат ұғымының биігін бағындыра алады. Құранды көбірек оқу және әрдайым жаттап жүру арқылы пенде Раббысына сүйікті құл болу мәртебесіне қол жеткізеді. Мұсылман Құранды жиі оқығанда ғана тақуа бола ...
Құран және тәпсір Абайдың отыз бесінші қара сөзіне Құраннан тәпсір
Абай атамыздың қара сөздерін оқи отырып, отыз бесінші сөзіне келгенде, университеттегі профессорымның «Һуд» сүресінің (16-17) аяттарын екі сағатқа жақын түсіндірген тәпсірі есіме еріксіз түсті....
Құран және тәпсір «Жәннатқа кірген күннің өзінде Сені көре алмай қаламын ба деп қорқамын?!.»
Ибн Мұрдуайһ пен Әбу Нуғайм және Дия Мәқдиси «Жаннаттың сипаты» кітабында* Айша анамыздың былай дегенін жеткізген: «Бір кісі Алла елшісіне (с.ғ.с.) келіп: «Сен маған жанымнан да, ата-анамнан да сүйіктісің! Үйде жүргенімде сен есіме түсе қалсаң, келіп көзіммен көргенше шыдай алмаймын. Өзімнің ақыреті...
Құран және тәпсір Құран және Ғылым: Жалғаншы әрі күнәһар КЕКІЛ
Алла Тағала Құран Кәрімде Қағбада намаз оқып жатқан Мұхаммед пайғамбарға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қастық қылмақ болған адам туралы мынадай аяттар түсірген: «Жоқ! Егер ол тыйылмаса Біз оның кекілінен ұстап аламыз, жалғаншы әрі күнәһар кекілінен» (Алақ сүресі, 15-16 аяттар)....
Құран және тәпсір Ықылас сүресінің кереметтерінің бірі
Ықылас сүресінің кереметтерінің бірі туралы Түркияның Анкара университетінің студенті Юсуф Керкукли өзінің ғылыми дәйектерінде былайша түсіндіреді. Ол Ықылас сүресін қайта-қайта мұқият зерттеп, онда кездесетін араб әріптерінің тәртібіне назар салған....
Құран және тәпсір Құранда құстар жайлы не делінген?
Құстар Алла Тағаланың ерекше жаратылған мақұлықтары, аспан әлемінің көркін кіргізуші ғажайып туындыларының бірі. Алла Тағала бұл ғаламды ешбір нұқсансыз, ешқандай ақаусыз жаратқаны секілді, таңғажайып ғаламның ішінде өз алдына өмір сүріп, көктен жерге суылдай сорғалап, бауырымен жер сыза отырып қайт...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
22 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Күн 09:10

Бесінге дейін 00:27

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi