ҚАЖЫЛЫҚ – ЖҮРЕК ТӘРБИЕСІ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:47
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:56 07:19 11:54 14:42 16:24 17:47
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024

Мақалалар

ҚАЖЫЛЫҚ – ЖҮРЕК ТӘРБИЕСІ

| A | +

Қажылық – Ислам дiнiнің бес негiзiнiң соңғысы. Қажылық жасау – мұсылманның бес парызының бірі. Шариғат бойынша, кәмелетке толған, ақыл-есі дұрыс, денсаулығы жақсы, дәулеті жетерлік, өзгеге қарызы жоқ мұсылман қажылық парызын өтей алады.

Оның парыз екені қасиеттi Құранда: «Алла үшiн Қағбаны адамдарға қажылық ету – парыз», – деп («Әли Имран» сүресi, 97-аят) ұқтырылса, хадис шарифте: «Ислам бес негiзге құрылған: Алла Таға­ла­дан басқа тәңiр жоқ және Мұхаммед оның елшiсi деп куәлiк ету. Намаз оқу. Зе­кет беру. Рамазан айын­да толық ораза ұс­тау. Байтуллаға қа­жылыққа бару», – делiнген.

Қажылық ғибадатына назар салған адам жүгірістен, сапарға шығудан, кей жерде орынға таласудан, дауыс көтеру, айқай-шудан басқа нәрсеге ұқсамауы мүмкін. Қай жерге қарасақ та, дауысын жо­ғарылатып «ләббәйкә» айтқан қажы­лар, бір-бірін жоғалтқан қажылар, іс-әрекеттен ғана тұратын амалдар көзге бір­ден түсері анық. Жүрек пәктігі, ықы­лас, рух тазалығы, ахлақтың өзгеріп жат­қаны сияқты амалдарды табу қиын. Бұл қате-кемшіліктердің барлығы да сол қа­жы­лықтың тек сыртқы көріністерімен әуре болып, оның ішкі мән-мағынасына үңіле бермеуіміздің сыры болса керек.

Қажылық – сыртқы іс-әрекеттер мен адам­ның рухани өмірінде үлкен өзгеріске алып келер ұлы ғибадат. Мұны жақсы бай­қау үшін көп кітап оқып, белгілі оқу орын бітірудің қажеті жоқ. Алла Тағаланың қасиетті аяттары мен Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінің мағынасын дұрыс тү­сінсек те жеткілікті.

Алла Тағала Құранда: «Қажылық – белгілі айларда өтелетін құлшылық. Кім белгілі айларда қажылық парызын өтеуге ниет етіп, бел буса, онда қажылық кезінде жұбайлардың төсек қатынасына түсуіне, шариғат шеңберінен шығуға, дауласуға және шекісуге жол жоқ. (Қажылық кезін­де) қандай жақсылық істесеңдер, Алла оны біледі. (Қажылық кезінде) азық­тарың­ды қамдап алыңдар. Негізінде азық­тың қайрылысы – тақуалық. Уа, ақыл иелері, менен қорқыңдар», – деген («Ба­қара» сүресі, 197-аят). Міне, кімде-кім Алла Тағала үшін қажылық жасауға ниет етіп, өзін күнәден, жаман сөзден тыйса, аят­та айтып тұрғандай, жаман қылық­тар­дан бойын аулақ ұстаса, қажылықтан көз­деген негізгі тақуалық пен күнәдан то­лық арылуға қол жеткізе алады. Жо­ға­рыда атап айтқандай, сыртқы бейнеде ғана қажылық болып жатқаны – Алланың аяттарының мағынасын түсінбеуімізде. Зул-хижжа айының алғашқы күндері – мұсылман жұртшылығы үшін өте маңыз­ды әрі мереке күндері. Бұл күндері қуа­ныш­пен қатар қажылықтағы адамдардың ғиба­дат барысында әдептен озбай, әрбір іс-әрекетін «Раббым көріп тұр» деп орын­дауы үлкен сынақтан өтіп жатқаны бола­ды. Аятта айтылғандай «шариғат шең­бе­рі­нен шығуға, дауласуға және шекісуге жол жоқ». Мұндай әрекеттер негізгі мақ­сат­тан ауытқу болмақ. Қажылық кезінде ше­кісуге, талас-тартысқа, ұрыс-керіске жол берілмеуі керек. Сапар болған соң түр­лі сынақтар туындайтыны анық: жол­дағы кептелістер, азық-түлік пен күн­де­лік­ті қажеттіліктер кезінде түрлі қолай­сыз­дықтарға кезігуі мүмкін. Сондай кездерде ұрыс-керістен аулақ болып, мұндай әрекеттердің өрескел қателік екенін естен шығармауымыз қажет.

Қажылық амалдарын өз тәртібімен орындау, әрбір іс-әрекет кезінде аса ұқып­тылық таныту – нағыз тақуалықтың бел­гісі. Ахлақ, әдеп, жүректің пәктігі – қа­жы­лықтың қабыл боуының негізгі себеп­тері. Адамдар арасында «Кімде кім қа­жы­лық парызын өтесе, анадан жаңа туғандай күнәдан пәк болады» деген сөз кең та­рал­ған. Алайда осы сөздің өзі Пайғам­бары­мыз­дың (оған Алланың салауаты мен сә­ле­мі болсын): «Кім Алла үшін ұятсыз амал­дар жасамай, күнәдан сақтанып, түрлі қателіктерге бой алдырмай, өз қа­жы­лығын өтесе, анадан жаңа туғандай кү­нәдан пәк болады», – деген хадистен алынған. Біздің осы кезде ұмытып жататынымыз – тағы да әдепсіздік пен қателіктерге бой беруі­міз. Қажылықтың ихрамын киіп, пары­зын, уәжібін, сүннетін орындау арқылы сыртқы факторларға ғана мән беріп, Раббымыздың назары түскен жүрегіміздің тазалығын сақтамау, түрлі жүрек кеселде­рі­не мән бермеуіміз үлкен қателік болмақ.

Қажылық сапарына аттанар алдында ұлы сапарға дайындық жасаумен қоса ішкі жан-дүниеміздің өзгеруіне де аса мән беруіміз керек. Қажылықтан көздеген не­гізгі мақсатымыз да сол емес пе? Әйт­песе қажылыққа барып келіп, дінімізге кір келтіріп жүрген қажыларды көргенде ерек­ше қынжыламыз. Ойланып қарайық­шы, бір кісі қажылықтан қайтқан соң ерек­ше өзгерсе, сөзінде, ісінде, күнделікті тұр­мысында көркем мәмілелі болса, кімнің болса да бұл парыз амалға қызығып қарауы анық. 

Сонымен бірге қажылық – адамның әулиелік дәрежеге көтерілуіне себепші бо­ла­тын амал. Басқа діндер сияқты Ис­лам­да тау-тасқа шығу, көпшіліктен  бө­ліну, ерекшелену секілді амалдары жоқ. Дейтұрғанмен қажылыққа аттанған әрбір азамат ұлы сапар алдында өзінің жақын­дарымен қоштасып, ризашылығын алып жатады. Себебі бұл сапар оңай іс емес, өзіне тән машаққаттарға жолығып, ауру-сырқауға душар болуы мүмкін. Пенденің Раббысымен жалғыз қалып, ұзақ уақыт дұға-мінәжат жасайтын уақыты. Осы кезде адам баласы күйбең тіршіліктен ары­лып, ерекше сезімге бөленеді. Раббы­сы­ның махаббатына малынып, көпшілік қол жеткізе бермейтін Алланың досына ай­налуы әбден мүмкін.

Қажылықтың тағы бір ерекшелігі, бұл – іс-әрекет, руханият әрі мал-дүние­мен жасалатын ғибадат. Қажылық – адамның бойындағы әр тарапты қамтыған ұлы ғибадат. Алланың парызын орындай­тын кісі амалы, ғибадаты, мал дүниесін сарп етуі кезінде ықыласпен орындауы ке­рек. Яғни қажылық – әрбір амалды ат­қарар алдында Жаратушының ризалығына кенелу үшін бар күшін салатын ғибадат. Сол себепті қажылыққа аттанатын адам­дар бірнеше әдепті біліп алуы аса маңыз­ды.

Біріншісі, қажылыққа баратын адам Жа­ратушымыздың тәубелерді қабыл ету­ші екенін еске түсіріп, өмірбойы жасаған қателіктерін көз алдынан өткізіп, шынайы түрде тәубеге келуі керек. Шынайы тәу­бе­нің белгісі –жасаған қателіктерін бола­шақ­та қайталамау. Бұл – амалдағы батылдықтың бір түрі.

Екіншісі, тәубе жасау барысында бас­қа кісілерден алған ақысы, мал-дүниесі бол­са, оны қайтаруы шарт немесе риза етуі керек. Ренжіткен адамы болса, одан ке­­­­шірім сұрауы қажет. Басқалармен қа­рым-қатынасы кезінде жіберген қате­лік­те­рін реттеу де тәубе етуге жатады. Бұл – дініміздің көркемдігі. Себебі бұл әрекет адам­гершлік қарым-қатынастың маңыз­дылығын білдіріп тұр.

Үшіншісі, адал ақшамен сапарға ат­тануымыз керек. Ұрлық жасау немесе біреудің есебінен, екінші бір кісіні рен­жі­тіп сапарға аттануға болмайды. Алла Таға­ла – таза, пәк. Ол тек пәк нәрселерді ғана қа­был етеді.

Төртіншісі, ниет Алланың ризалығы үшін ғана болуы керек. Қажы боламын, адам­дар мені құрметтесін, көршімнен қал­­­майын, ағайыннан қалмайын деген се­кілді теріс ниетте болмауымыз керек. Рия­дан, яғни басқалар көрсін деген пікір­ден алыс болуымыз шарт.

Міне, жоғарыда айтылған осы шарт-тар – қажылығымыздың қабыл болуына себеп болатын амалдар. Қорыта айтар болсақ, қажылық жасап келген кісінің са­пардан қайтқаннан кейін жүріс-тұрысы мен сөзінде үлкен өзгеріс болып жатса, бұл – ғибадатының қабыл болғанының бел­гісі. Демек мұсылманның қажылық ғи­бадаты ғана емес, мінезі мен әдебі де жақ­сы жағына өзгеріп, құлшылықтан кейін­гі өмірі көрінер көзге сүйкімді әрі ұна­мды болуы керек.

Алла Тағала жасаған амалдарымызды қабыл еткей! Құрбан айт мерекесі барша мұ­сыл­ман жұртшылығына берекелі де мере­келі болуын нәсіп еткей Әмин!

 

Кенжеәлі қажы ҚОҢЫРАТБАЙҰЛЫ,

ҚМДБ Төрағасының орынбасары,

наиб мүфти

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Тегтер: қажылық2024
Предыдущий Следующий
ӘУЛИЕ – АЛЛАНЫҢ СҮЙГЕН ҚҰЛЫ ҚҰРБАН АЙТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Тақырып аясындағы мақалалар

Қажылық ҰЛЫ САПАР ӘДЕПТЕРІ
Дініміз Ислам – көркем мінез бен әдептің діні. Мұсылман адам құлшылық жасағанда, адамдармен қарым-қатынаста, жүріс-тұрысында әркез дініміздегі әдеп нормаларына мән береді. Әсіресе қажылық сапарға баруды ниет еткен мұсылманның қасиетті мекенде әдеп сақтап, тыйым етілген істерге бармауы – аса маңызды....
Жұма уағызы ҚАЖЫЛЫҚ – БЕС ПАРЫЗДЫҢ БІРІ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Қажылық ҰЛЫ САПАР ӘДЕПТЕРІ
Дініміз Ислам – көркем мінез бен әдептің діні. Мұсылман адам құлшылық жасағанда, адамдармен қарым-қатынаста, жүріс-тұрысында әркез дініміздегі әдеп нормаларына мән береді. Әсіресе қажылық сапарға баруды ниет еткен мұсылманның қасиетті мекенде әдеп сақтап, тыйым етілген істерге бармауы – аса маңызды....
Қажылық ҚАЖЫЛЫҚ: БИЫЛ ҚАНДАЙ ТАЛАПТАР ЕНГІЗІЛДІ?
Кімде кім Алланың ризашылығы үшін қажылық парызын өтеу барысында жаман сөзден, теріс қылықтардан, күнәлардан сақтанса, анасынан туылғандай пәк болып қайтады.
Қажылық ҰЛЫ САПАР ҰЛАҒАТЫ
Араб тілінен аударғанда «қажылық» сөзінің тілдік мағынасы «қажылыққа бару», «дәлелдеу» дегенді, ал шариғи мағынасы «белгілі бір айларда арнайы жерлерде, нақты істермен зиярат жасау» дегенді білдіреді....
Қажылық «ҚАЖЫЛЫҚ-2023» МАУСЫМЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ТУРАЛЫ
Ислам дінінің бес парызының бірі қажылық – діни ғибадат, ең алдымен құлшылық, ол діни туризм емес. Осы ретте Сауд Арабия Корольдігі Қазақстан Республикасының зайырлы мемлекет екенін ескере отырып, Исламдағы қажылық парызын шариғи тұрғыдан ұйымдастыруға, жүзеге асыруға Республикалық ислами діни бірле...
Қажылық «ҚАЖЫ» ДЕП КІМДІ АЙТАМЫЗ?
Ислам дінінің бес негізінің бірі – қажылық жасау. Бұл құлшылық қаражаты мен денсаулығы көтеретін мұсылманға парыз. Құран Кәрімде: «Алла разылығы үшін Қағбаны зиярат етіп, (қажылық қылу) жолына (қаражаты мен денсаулығы) шамасы келгендерге парыз...[1]», - деген аят бар....
Қажылық ҚАСИЕТТІ АРАПА КҮНІНДЕГІ ҒИБАДАТ
Алла Тағала, Құран Кәрімде күнтізбе он екі айдан тұратындығын, олардың ішінде төртеуі аса қасиетті екендігін былай баяндайды: «Алланың көктер мен жерді жаратқан күні  жазған үкімі бойынша айлардың саны он екі, олардың төртеуі харам айлар. Міне, ең дұрыс үкім, әрі мінсіз жүйе – осы. Ендеше бұл айлард...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:47

Бамдатқа дейін 03:28

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi