«ҚАЖЫ» ДЕП КІМДІ АЙТАМЫЗ?
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:47
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:56 07:19 11:54 14:42 16:24 17:47
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024

Мақалалар

«ҚАЖЫ» ДЕП КІМДІ АЙТАМЫЗ?

| A | +

Ислам дінінің бес негізінің бірі – қажылық жасау. Бұл құлшылық қаражаты мен денсаулығы көтеретін мұсылманға парыз. Құран Кәрімде: «Алла разылығы үшін Қағбаны зиярат етіп, (қажылық қылу) жолына (қаражаты мен денсаулығы) шамасы келгендерге парыз...[1]», - деген аят бар.

Қажылық дегенде көз алдымызға әдетте әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған жүз мыңдаған мұсылмандар және көне үй – Қағба мен зәм-зәм суы елестейді. Ардақты пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «...(қабыл болған) қажылық өзінен алдыңғы күнәларды жоқ етеді...[2]» деп айтқанындай, бұл сапар адам өмірін екі кезеңге бөліп жібереді. Қажылыққа дейінгі сіз бен қажылықтан кейінгі қалпыңыз. Осы өзгеріс – қажылық мұраттарының бірі.

Әр нәрсе сыртқы пішіннен және көпке беймәлім ішкі құрылысынан тұратыны мәлім. Қаражаттың жетуі, ұзақ сапарға денсаулықтың жарамдылығы қажылықтың құпия сырларына қол жеткізуге ықпал ететін сыртқы көрінісі. Ихрамға оранып қажылыққа ниет етіп: «Уа, Алла! Қажылыққа шақыруыңа ләббәй, құп!» деп аттандым», - дейді. Бұл дайындық емес, алғашқы қадам. Дайындық бұдан бірер жыл алдын басталады. Дайындықтың соңы жолға шықпас бұрын ағайын-туыс, көрші-қолаң және дос-жараннан көңілдерін ауыртқан болса кешірім сұрау.

Ұзақ жол қажыларды Мекке шаһарына алып келеді. Қалаға түнде кірсе, таңертеңімен, күндіз кірсе, сол мезетте Қағбаны тауап етуге асығады. Қағба – жер бетінде ең алғаш тұрғызылған мешіт. Оны көру және тауап ету мұсылманның арманы. Құран түскен қалада, Пайғамбар кіндік қаны тамған құт мекенде, сахабалар табан ізі қалған шаһарда ең ізгі дұғаларын тілейді. Әрбір адам жүрегіндегі ең асыл армандарын осынау қасиетті мешітте қол жайып сұрайды. Сахаба Ибн Омар (р.а.): Мен Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)  Қағбаны тауап етіп жүріп: «Сен неткен әдемісің, қандай тамаша едің, сенің қадір-қасиетің ұлық! Алайда, Мұхаммедтің жаны иелігінде болғанмен ант етемін, Алла құзырында мұсылманның қадір-қасиеті, оның мал-мүлкі мен жаны сенен әлдеқайда биік» дегенін естідім[3]», - дейді. Мұсылман баласы үшін Қағбаның қаншалықты қадірлі екені айтпаса да түсінікті. Алайда, мұсылманның қадірі одан әлденеше жоғары. Өйткені, Қағба – адам қолымен тұрғызылған ғимарат. Ал, адам – Алла Тағаланың жаратқан ғажайып туындысы. Сондықтан, адамның көңілін жығу – Қағбаны қиратқаннан да ауыр күнә. Қажылар тауап етіп жүріп осы құндылықтарды өң бойына құяды.

Кезінде Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Бұл қандай қала? Бұл қайсы ай? Бұл қай жер?, - деп сұрайды. Сахабалар Алла елшісі не айтпақ ойы бар екен деп: Бұл – Мекке қаласы. Бұл – қажылық айы. Бұл – Арафа жазығы», - деп айтудан тосылып қалады. Сонда: «Бұл қасиетті Мекке емес пе?» дегенде барлығы: «Иә, солай», - десті.

– Қастерлі қажылық айы емес пе?

– Иә, солай.

– Арафат жазығы емес пе?

– «Иә, солай» деді жұрт. Сонда Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): Осы қасиетті қала сияқты, осы қасиетті айдай, осы құтты мекен Арафадай сендердің бір-біріңе мал-дүниең, ар-намысың және жаның қасиетті (малына, ар-намысына және өміріне қол сұғуға қатаң тиым салынады) деп түйіндеген болатын. Міне, Құран мен пайғамбардың осы өсиетін қажылар бар тұла бойымен сезініп, санасымен түсінеді.

Құран Кәрімде: «Ақиқатында, Сафа мен Мәруә жоталары Алланың адам баласына көрсететін ғажайып белгілерінің бірі. Кімде-кім қажылық немесе ұмра жасайтын болса, осы екі жотаны тауап етуде әбестік жоқ...[4]», - деген аят бар. Сафа мен Мәруа жотасы арасында жүру тарихы Ажар анамыздан бастау алады. Ажар елсіз және сусыз иен далада құндақтағы баласымен неліктен жалғыз қалды? Себебі, күйеуіне сенді. Өмірлік жолдасына арқа сүйеп, көз алдында көріп тұрған қиыншылықта күйеуі оны тектен-тек тастамайтынын білді. Ибраһим пайғамбар (оған Алла разы болсын) әйелі мен ұлына қамқор болатынын білді. Міне, сондықтан күйеуінің айтқанына көнді.

Үлкен жақсылықтар сынаққа қарсы тұра білетіндерге берілетіні анық. Аптап ыстықта құндақтағы нәресте қатты қиналды. Шөлдеп жылады. Ажар ана шырылдаған бөбегіне су іздеп аласұрды. Біресе анау жотаның, біресе мына жотаның басына жүгіріп есі шықты. Осы кезде Алланың әмірімен жерді зәм-зәм жарып шықты. Бұлақ екі жота ортасында жатқан сәби табанының астынан көрінді. Осылайша, ана мен бала елсіз жерде Жаратқанның ерекше қамқорлығының саясында тіршілігін бастады. Зәм-зәм суының төңірегіне ел қоныс тебе тастады. Шөлді кесіп өтетін саудагерлер керуені де осы жерге келетін болды. Әрбір қиыншылық артынан көптеген жақсылықтар бар дегені осы. Қажылар екі жота арасында сағи құлшылығын жасап, соңынан зәм-зәм суын ішкенде Ибраһим пайғамбардың, оның жұбайы Ажар мен перзенті Исмаилдің оқиғасынан ғибрат алады.

Демек, қажылықтағы әрбір құлшылықтың астарынан сабақ болар сыр, дәріс берер даналық көреміз. Нағыз қажы әрбір қажылықтың парызынан бастап сүннетіне дейінгі амалдардың сырын ұғынуға және сабақ алуға талпынады. Әйтпесе, қажылықтың тек сыртқы пішінін қайталап, ішкі сырынан хабарсыз қалған болады.

 

Төлеби ОСПАН,

Алматы қаласының бас имамы

 

[1] Әли Имран сүресі, 97-аят

[2] Муслим

[3] Ибн Мажа

[4] Бақара сүресі, 158-аят

Авторы Төлеби Оспан

Алматы қаласының бас имамы

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Предыдущий Следующий
ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДАН ЗЕКЕТ БЕРУГЕ БОЛА МА? АЛЛАҒА АДАЛДЫҒЫҢДЫ АЙТТА АЙҚЫНДА

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Қажылық ҚАСИЕТТІ АРАПА КҮНІНДЕГІ ҒИБАДАТ
Алла Тағала, Құран Кәрімде күнтізбе он екі айдан тұратындығын, олардың ішінде төртеуі аса қасиетті екендігін былай баяндайды: «Алланың көктер мен жерді жаратқан күні  жазған үкімі бойынша айлардың саны он екі, олардың төртеуі харам айлар. Міне, ең дұрыс үкім, әрі мінсіз жүйе – осы. Ендеше бұл айлард...
Қажылық ҚАЖЫЛЫҚТА ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН НӘРСЕЛЕР
Қажылық – әрбір мұсылман адамның үлкен арманы. Жер бетінің қай түкпірінде болмасын мұсылмандардың жүректері Қасиетті Қағбаға қарай соғып тұрады. Бұл ғибадат сапары – Жаратқанның сүйікті құлдарына деген сыйы. Сондықтан да қажылық парызын өтеуге келген әрбір мұсылман Алла Тағаланың қонағы болып есепте...
Қажылық ҰЛЫ САПАР САБАҚТАРЫ
Қажылық сапарының сабақтары көп. Түйген ойлармен бөліскенді жөн көрдік.
Қажылық ӨМІРІҢДІ ӨЗГЕРТЕТІН ҚҰЛШЫЛЫҚ
Бүгінде әлем мұсылмандары жұқпалы дерттің салдарынан екі жылға созылған үзілістен кейін үлкен қажылық жасауға ниет етуде. Біздің де 4 мың отандасымыз ұлы сапарға баруға қамдануда. Алла қажыларымыздың ізгі ниетін, қажылығын қабыл етіп, елімізге аман-есен оралуын нәсіп еткей!...
Қажылық ҚАЖЫЛЫҚТЫҢ ӨЗ ХИКМЕТІ БАР
Қажылық – Алланың разылығы үшін орындалатын ұлық құлшылық. Шамасы жететін мұсылман үшін – парыз. Бұл жайында Алла Тағала Құранда былай деген: «Алланың үйін зиярат етуге шамасы келетін әрбір адам үшін қажылыққа бару – оның мойнындағы Алланың ақысы» («Әли Имран» сүресі, 97-аят). Аятта айтылғандай, шам...
Қажылық ҚАЖЫЛЫҚ ПЕН УМРАНЫҢ ҮШ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ
Қажылық пен умра құлшылықтың бірдей түрі деуге келмейді. Соған қарамастан, ол екеуі бір жерде жасалады, бірақ негізінде екі құлшылық бір-біріне ұқсамайды.
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:47

Бамдатқа дейін 02:59

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi