ҚАСИЕТТІ АРАПА КҮНІНДЕГІ ҒИБАДАТ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Таң 05:56
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:56 07:19 11:54 14:42 16:24 17:47
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024

Мақалалар

ҚАСИЕТТІ АРАПА КҮНІНДЕГІ ҒИБАДАТ

| A | +

Алла Тағала, Құран Кәрімде күнтізбе он екі айдан тұратындығын, олардың ішінде төртеуі аса қасиетті екендігін былай баяндайды: «Алланың көктер мен жерді жаратқан күні  жазған үкімі бойынша айлардың саны он екі, олардың төртеуі харам айлар. Міне, ең дұрыс үкім, әрі мінсіз жүйе – осы. Ендеше бұл айларда (яғни қасиетті айларды құрмет тұтпай немесе орнын ауыстыру арқылы) өз-өздеріңе қиянат жасамаңдар....» деген (Тәубә сүресі, 36 аят).

Ал, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) харам айларға байланысты хадисінде: «Жыл – он екі айдан тұрады. Бұлардың төртеуі харам айлар. Оның үшеуі бірінен кейін бірі келеді. Бұл айлар Зилқағда, Зилхижжа, Мухаррам. Төртіншісі болса, Ережеп» (Сахих Бұхари) – дейді. Яғни харам айлар деп Алланың Құран Кәрімде арнайы атап өткен, құрмет тұтылған айларды айтамыз. Осы төрт харам айлардан яғни, Зилқағда, Зилхижжа, Мухаррам және Ережеп айларынан «Зилхижжа» айының алғашқы он күнін Құранда фәжр сүресінде ант ете отырып ерекше көрсетеді. «Рауандап атқан таңмен және (Зил-хижжа айының) он түнімен ант етемін» делінген. (Фәжр сүресі 1,2-аяттар). Демек мұсылмандар зилхижжа айының алғашқа он күнін құрмет тұтып құлшылық-ғибадатпен өткізулері керек. Осы он күннің ішінде қасиет тұтылатын «арапа» күні бар. Арапа күнінің уақыты, зилхижжа айының тоғызы, яғни құрбан  айттан бір күн бұрын. Бұл күні қажылық парызын өтеуге барған қажылар күн тас төбеден ауа бастаған уақыттан бастап, құрбан айттың алғашқы күнінің таң намазына дейінгі уақыт аралығында Арафат тауына бір мезет тұрақтап дұға жасайды.

Қасиетті арапа күнінде қандай ғибадаттарды орындағанның сауабы көп болады?

  1. Ораза ұстау

Қасиетті арапа күні ауыз бекіткен мұсылманға осы күнге дейінгі бір жылдық және осы күннен кейінгі бір жылдық күнәлары кешірілетіндігі айтылған. Әбу Катада (р.а) арқылы жеткен хадисте  Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қасиетті арапа күнінде ораза ұстаудың артықшылығы жайлы сұралғанда Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алла Тағала, қасиетті арапа күні ұстаған оразаға өткен және келер жылдың күнәларын кешірілуіне каффарат (төлеу) болады» деген  (Муслим, сиям, 196).

  1. Дұға, нәпіл ғибадат және зікір айту

а) Дұға жасау; Пайғамбармыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бізге әрдайым дұға жасап жүруді өсиет еткен. Жасалған дұғаларға періштелердің «Әмин» деп айтатындығын хабар берген. Дұғаларымызда Алладан жақсылық пен ізгі істерді сұрауымызды ерекше айтқан. Сондықтан қасиетті арапа күні дұғалардың қабыл болатындығын білдірген. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Дұғалардың ең ұлығы – арапа күні жасалған дұғалар» деген (Муаттағ, хаж, 81).

ә) Нәпіл намаздар оқу; Алла Расулы (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үмбетіне нәпіл ғибадаттар орындап жүруге кеңес берген. Ғалымдарымыз арапа күнінде қаза намаз оқу және нәпіл намаз оқуды тілге тиек еткен. Алла Расулы (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім Алла ризашылығы үшін әркүн он екі рәкағат нәпіл намаз оқитын болса, Алла Тағала оған жәннаттан сарай тұрғызады» деген (Мүслим, Мусафирин 103).

б) Құран оқу; қасиетті арапа күнінде Құран оқуға ерекше мән берген жөн. Ибн Аббас (р.а.) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Жүрегінде Құран Кәрімнен аят болмаған адам құлағалы тұрған үй сияқты» деген (Тирмизи, Фадайылул-Құран, 18).

в) Тәубе және истиғфар ету; қасиетті арапа күнінде күнәларымыздың кешіріліп, тәубелеріміздің қабыл болуы үшін көп истиғфар айтуымыз керек. Пайғамбарлар, сахабалар және Алланың сүйген құлдары қандай жағдай болмасын әр уақыт Аллаға бет бұрып, истиғфар жасап жүрген. Ибн Омар (р.а.) былай дейді: «Біз, Алла Расулының (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қасында отырғанымызда жүз рет «Уа, Алла Тағалам, мені кешіріп тәубемді қабыл ет! Өйткені Сен тәубелерді қабыл етуші әрі ерекше мейірімдісің» дегенін санадық» деген (Әбу Дәуіт, утир, 26/1516).

г) Хамд және шүкір ету; қасиетті арапа күнінде Алланың беріп жатқан сансыз нығметтеріне шүкіршілік етуіміз қажет.  Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Қандай да бір жақсы іске Хамд айтып (шүкір етіп) бастамаса оның жақсылығы мен берекеті болмайды» дейді (Ибн Мәжа, Никаһ, 19).

ғ)   Алла Тағаланы көп зікір ету; Зилхижжа айының он күнінде әсіресе қасиетті арапа күнінде тілімізбен әрі жүрегімізбен Алланы еске алып зікірімізді көбейтуіміз керек. Сүйікті Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)бір хадисінде: «Алланың құзырында Зилхижжа айының алғашқы он күнінде жасалған амалдардың сауабы өте жоғары. Бұл күндерде тәсбих, тахмид, тәһлил және тәкбірді көп айтыңдар», «Тәсбих-Субханаллаһ; Тахмид-Әлхамдулиллаһ; Тәһлил-Лә илаһа иллаллаһ; Тәкбір-Аллаһу акбар» деп айту (Табәрани).

д) Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айту; Алла Тағала  Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтуды бұйырған. Сондай-ақ, хадистерде салауат айтқан адам қиыншылықтардан арылып, күнәларының кешірілетіндігі айтылған. Әбу Һурайра (р.а.) риуаят еткен хадисте  Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Маған бір рет салауат айтқан адамға Алла он рет салауат айтады (Рахим етеді)» деген (Мүслим, Салат, 70).

  1. Ізгі амалдар жасау

Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)  бұл айдың алғашқы он күні жайлы былай деген: «Алла алдында зулхижжа айының алғашқы он күнінде жасалған ізгі амалдардан асқан сүйікті амал жоқ» (әл-Бұхари).

Садақа беру; Алла жолында ізгі амал жасап садақа берудің сауабы ұшан теңіз. Садақа қауіп-қатер, бәле-жала, апаттардан сақтайды. Дұғаның қабыл болуына себеп болады. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бай-кедей, барлық мұсылмандарға ізгі амал жасап садақа беруді атап көрсеткен. Бір хадисінде: «Жарты құрмамен болса да тозақ отынан қорғаныңдар. Оны да таба алмасаңдар ізгі және жақсы сөзбен қорғаныңдар» деген (Бұхари, Әдәб, 34).

  1. Тозақ отынан Аллаға сыйыну

Қасиетті арапа күні ерекше тебірініспен дұға жасалатын уақыт. Алла Тағала өзіне дұға жасап, кешірім сұрағаннан разы болады. Алланың ризашылығына қол жеткізуді меңзеген Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) арапа күнінде Ұлы Жаратушының тозақтан көп құлдарын азат ететіндігін, айта келе мұсылмандарға бұл мүмкіншілікті жіберіп алмауын бір хадисінде: «Алла Тағаланың пенделерін тозақтан ең көп азат ететін күн – Арапа күні» деген, (Мүслим, хаж, 436). 

  1. Тәкбір-тәшриқ дұғасын айту

Қасиетті арапа күні таң намазынан бастап, Құрбан айттың төртінші күні екінтіге дейінгі аралықта әр парыз намазының соңында сәлем бергеннен кейін «тәкбір-тәшриқ» дұғасы айту - уәжіп. Сахаба, Жабир (р.а) былай дейді: «Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) арапа күні бізге имам болып таң намазын оқытты. Сәлем бергеннен кейін жамағатқа қарап «Тәкбір» айта бастады. Құрбан айттың төртінші күні екінті намазына дейін тәкбір айтуды жалғастырды» (Тәфсирул кәбир, 5/193).

«Тәкбір-тәшриқ»: «Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар. Ләә иләһа иллаллаһу уаллаһу әкбар. Аллаһу әкбару уә лилләһил хамд».

  1. Айт түндерін ғибадатпен өткізу

Әр мұсылман хадистерде айтылған уақыттармен күн және түндерді назарға ала отырып құлшылық-ғибадатпен өткізуге мән бергені абзал.  Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Бес түнді ғибадатпен өткізген мүмінге жәннат уәжіп болады дейді. «Тәруия» түнін,  Яғни, Зилхижжа айының сегізінші түнін, Арапа түнін, Құрбан айт түнін, Рамазан айт түнін, шағбан айының он бесі Бараат түнін» деген (Әт-тәрғиб уат-тәрһиб, 1/248).

 

Қасиетті арапа күнінен кейін, екі ұлық мейрамымыздың бір болған құрбан айт мейрамы басталады. Құрбан айт мейрамына төмендегі дайындықтарды іске асырсақ сүннетке амал еткен болып, сауапқа кенелеміз:

  1. Құрбан айт күндерінде таза және жарасымды киім кию;
  2. Құрбан айт намазына барудан бұрын ғұсыл құйыну;
  3. Тістерді мисуакпен немесе тіс тазалағышпен тазалау;
  4. Жағымды әтір қолдану;
  5. Сәлем беріп, күлімсіреп жүру;
  6. Құрбан айт намазына мүмкіншілік болса жаяу бар;
  7. Айт намаздан қайтқанда басқа жолмен қайту;
  8. Қолдан келгенше көп садақа тарату;
  9. Құрабан айт намазына бара жатқан уақытта «тәкбір» айту;
  10.  Құрбан айт күндерінде парыз намаздандан кейін Тәкбір–Тәшриқ дұғасын айту;
  11.  Құрбан айт мейрамы кезінде ислами шеңбер аясында түрлі ойындар ұйымдастырылу.

Алла Тағала ғибадат-құлшылықтармызды, дұға-тілектерімізді, ізгі амалдарымызды қабыл етіп, елімізге амандық, жұртымызға тыныштық бергей! Құрбан айт мерекесі құтты болсы! Әмин!

 

Бостандық аудандық 

«Байкен» мешітінің наиб имамы,

Саясат Көкенай

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛУ ҚАЖЫЛЫҚТА ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН НӘРСЕЛЕР

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Қажылық ҚАЖЫЛЫҚТА ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН НӘРСЕЛЕР
Қажылық – әрбір мұсылман адамның үлкен арманы. Жер бетінің қай түкпірінде болмасын мұсылмандардың жүректері Қасиетті Қағбаға қарай соғып тұрады. Бұл ғибадат сапары – Жаратқанның сүйікті құлдарына деген сыйы. Сондықтан да қажылық парызын өтеуге келген әрбір мұсылман Алла Тағаланың қонағы болып есепте...
Қажылық ҰЛЫ САПАР САБАҚТАРЫ
Қажылық сапарының сабақтары көп. Түйген ойлармен бөліскенді жөн көрдік.
Қажылық ӨМІРІҢДІ ӨЗГЕРТЕТІН ҚҰЛШЫЛЫҚ
Бүгінде әлем мұсылмандары жұқпалы дерттің салдарынан екі жылға созылған үзілістен кейін үлкен қажылық жасауға ниет етуде. Біздің де 4 мың отандасымыз ұлы сапарға баруға қамдануда. Алла қажыларымыздың ізгі ниетін, қажылығын қабыл етіп, елімізге аман-есен оралуын нәсіп еткей!...
Қажылық ҚАЖЫЛЫҚТЫҢ ӨЗ ХИКМЕТІ БАР
Қажылық – Алланың разылығы үшін орындалатын ұлық құлшылық. Шамасы жететін мұсылман үшін – парыз. Бұл жайында Алла Тағала Құранда былай деген: «Алланың үйін зиярат етуге шамасы келетін әрбір адам үшін қажылыққа бару – оның мойнындағы Алланың ақысы» («Әли Имран» сүресі, 97-аят). Аятта айтылғандай, шам...
Қажылық ҚАЖЫЛЫҚ ПЕН УМРАНЫҢ ҮШ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ
Қажылық пен умра құлшылықтың бірдей түрі деуге келмейді. Соған қарамастан, ол екеуі бір жерде жасалады, бірақ негізінде екі құлшылық бір-біріне ұқсамайды.
Қажылық ПЕРІШТЕЛЕР СӘЛЕМ БЕРЕТІН САПАР
Асыл дініміз Исламдағы бес парыздың бірі – қажылық. Қажылық сөзінің тілдік мағынасы «ұлық тұтқан нәрсеге талпыну және ниеттену, оны мақсат тұту» деген ұғымды білдіреді. Фиқһ іліміндегі қажылық сөзінің мағынасы мынадай: балиғатқа толған, ақыл-есі дұрыс, денсаулығы сау әрі қаражат мүмкіншілігі табылға...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Таң 05:56

Имсакқа дейін 00:04

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi