Қазақтардың шынайы ақидасы
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Бесін 11:54
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

Мақалалар

Қазақтардың шынайы ақидасы

| A | +
Соңғы уақытта сайтымызда жарияланған сәләфизм ағымының мәнін бүге-шігесіне дейін ашатын мақалалардан кейін солардың арасындағы кейбір «данышпандар» матуриди ақидасын экстремистік деп көрсетіп, оған деген сенімге селкеу түсіруге бел буған тәрізді. Олар «Талибан» деген қозғалысты дәлел ретінде келтіреді. Біздің «білгіштеріміздің» жазуы бойынша, әлгі қозғалыс та имам Матуридидің ақидасын ұстанады-мыс.

Бірақ, олар бұл ақиданы қаралау кезінде имам Матуридидің ақидасы – «Талибан» деген қозғалыс атымен жоқ кезде өмір сүрген және қазақ халқының тарихында экстремистер ретінде емес, ағартушылар ретінде із қалдырып кеткен Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп, Ыбырай Алтынсарин және тағы да басқа қазақ халқының көптеген ұлы перзенттерінің ұстанған ақидасы екені жөнінде жақ ашпайды.

Осындай тарихи фактілерді елемеудің мынадай себебі болуы мүмкін: біздің қарсыластарымыз не тарих пен өз халқының дінін жақсы білмейді, не білсе де, мойындамайды және құрметтемейді. Матуриди ақидасына экстремистік деп айып тағу Абай Құнанбаевты немесе Шәкәрімді экстремист деп айыптаумен парапар, себебі, олар көзі ашық һәм ілімі бар матуридиттер болған. Бұған олардың еңбектері – дәлел. Алайда, оған көшпес бұрын кейбір нәрселерді түсіндіріп кетейік.

Исламды жақсы білмейтіндерге айта кететін жайт, біздің дінімізде фиқһ және ақида деген ғылымдар бар. Фиқһ ғылымы намаз оқу, қажылық жасау, зекет беру, ораза ұстау т.б. секілді құлшылық мәселелерімен, сондай-ақ, харам және хәләл мәселелерімен айналысады.

Қазақ халқы фиқһта бастапқы заманда Исламның көрнекті ғұламаларының бірі негізін салған діни құқықтық мектепті, яғни, Әбу Ханифаның мәзһабын ұстанған. Ақидада қазақ халқы имам Матуридиге ерген, өйткені, көптеген ханафиттер соның мектебіне ерген. Мұның себебі, имам Матуриди имам Әбу Ханифаның сенімдерін бір жүйеге келтіріп, сол сенімдерді пікірталастарда қорғап шыққан.

Жалпы алғанда, ақида саласындағы сүнниттік ілімде екі мектеп бар: имам Матуридидің мектебі – матуриди және имам Әшғаридің мектебі - әшғари. Негізгі мәселелердің барлығында бұл екі мектептің сенімдері бірдей, алайда, кейбір мәселелерде олардың арасында айырмашылықтар бар. Соған қарамастан, аталмыш екі мектептің ешқайсысы бір-бірін адасушы деп санамайды. Ол екеуінің арасындағы келіспеушіліктердің бәріне Шариғат тұрғысынан рұқсат етіледі.

Екі сүнниттік мектептің арасындағы болар-болмас айырмашылықтардың бірі мынада: әшғари ақидасында Алланың әрбір мұсылман білуі тиіс жеті субути-сыфаты (мағыналық сыфат – сипат, атрибут) айтылады. Ал, матуриди ақидасында ондай сипаттың сегізі бар: сегізіншісі – Әт-Тәкуин (Жарату) сипаты, оны матуридиттерден басқа ешкім қолданбайды. Шындығында, сипаттардың саны бұдан да көп, бірақ, қазір субути сипаттар туралы сөз болып отыр. Ал, олардың саны екі мектепте екі түрлі.

Сүнниттік мектептердің арасындағы аталмыш айырмашылықтар көңілге қонымды әрі оларға рұқсат етіледі. Ал, сүнниттік мектептер мен сәләфиттердің арасындағы айырмашылықтар көңілге қонымсыз және оларға рұқсат етілмейді. Мәселен, екі сүнниттік мектепке сәйкес, Аллаға кеңістікте орын алу тән емес. Өйткені, сол кеңістікті жаратқан – Алла, Ол Өзі соны жаратқаннан кейін өзгерген жоқ. Себебі, өзгеру тек қана жаратылыстарға тән қасиет, Жаратушыға тән емес. Осылайша, Алла кеңістікті жаратқанға дейін қандай болса, сол қалпында қалды. Алланың мекенсіз екенін араб тілінде «лә мәкән» – яғни, «мекенсіз» деген сөзбен сипаттауға болады.

Осылайша, Алла мекенді жаратпас бұрын мекенсіз болғаны секілді, Ол мекенді иемденуден және уақытқа тәуелді болудан пәк. Себебі, мекен мен уақыт – жаратылыстың категориялары. Сүнниттер тура мағынасы кеңістіктегі мекенді немесе жаратылыстармен басқа да ұқсастықтарды білдіретін Құран аяттары мен хадистерді аса қажеттілік болмаса, мүлде талқыламайды, олардың мағынасы жайлы ақиқи білімді Аллаға қалдырады. Яки ауыспалы мағынасында түсінеді, бірақ, Шариғат орнатқан қағидалар мен араб тілінің ережелерінің шегінен шықпай түсінеді. Соның өзінде амалсыз жағдайда ғана кейбіреулерді сол аяттар мен хадистерді тура талдап қоюдан сақтандыру үшін ғана талдап береді.

Алланың мекенсіз болуы мүмкін емес дейтіндердің мұнысы ештеңе жоқ кезде Алламен бірге мекен де болды дегенге кеп саяды. Ал, біз «Алла болған кезде ештеңе болған жоқ, кеңістік те болған жоқ, Ол кеңістікті жаратпас бұрын оған мұқтаж болмағаны сияқты жаратқаннан кейін де оған мұқтаж емес» деп санаймыз. Қықаша түсіндірсек осылай.

Сонымен, қайталап айтамыз, сүнниттік ақиданың сәләфиттерден айырмашылықтарының бірі мынада: Әһлү Сунна уәл Жамағаттың екі мектебіне де сәйкес, Алла мекеннен пәк (Лә мәкән). Ал, сүнниттік мектептердің арасындағы айырмашылық мынада: матуриди ақидасында – әт-Тәкуин сипатын қосқанда сегіз субути сипат бар, әшғари ақидасында – жеті субути сипат бар.

Осыны ескере отырып, Абайдың 38-ші сөзіне (Қара сөздер) ойысамыз. Ол өзінің қара сөзінде Алланың субути сипаттарын атай келіп, матуридиттер сияқты, оларды сегізге бөледі. Абай былай жазады:
 
«Сіз «Әмәнту биллаһи кәмаһуа би әсмайһи уасифатиһи» дедіңіз. Ол Алла Тағаланың фиғыл ғазимләрінің аттары, олардың мағынасын біл һәм сегіз сифат затиялары не деген сөз, кәміл үйрен. Өзіңді Оның құлы біліп, өзіңе муслим ат қойып, тәслим болғаныңа раст боласың да. Алла Тағаланың сипаттары: Хаят, Ғылым, Құдірет, Басар, Сәмиғ, Ирада, Кәлам, Тәкин», яғни, Әл-Хаят, Әл-Ъильм, Әл-Қудра, Әл-Бәсар, Әс-Сәмъ, Әл-Ирада, Әл-Кәләм, Әт-Тәкуин.
 
Матуриди ақидасына тән соңғы әт-Тәкуин сипатына назар аударыңыз. 

Ары қарай Абай өзінің шығармаларының бірінде[1] былай жазады:
 
«Мекен берген, халық қылған Ол – Лә мәкан,
Түп иесін көксемей бола ма екен?
Және оған қайтпақсың Оны ойламай,
Басқа мақсат ақылға тола ма екен?!»
 
Яғни, барлығын жаратып, кеңістік пен уақыт ішінде орналастырған Алла кеңістіктің Жаратушысы Өзі болғандықтан, оған мұқтаж емес және Оған мекен тән емес. Мұны Абай және Әһлү Сунна уәл Жамағаттың барлық ғұламалары айтқан.
 
Сонымен, Абайдың матуриди ақидасын ұстанғанына көзімізді жеткізгеннен кейін қазақ халқының келесі көрнекті тұлғасы Шәкәрім Құдайбердіұлына көшейік. Шәкәрім «Мұсылман шарты» атты өзінің әйгілі кітабында Алланың сипаттарын түсіндіре отырып, былай жазады:
 
«Бұлардан басқа кітапта збутие деген сегіз сипаты бар. Олар мынау: Тірі, Білімді, Құдіретті, Талап қылушы, яғни бір нәрсенің болғанын ұнатушы, Болғызушы, яғни бар қылса да, жоқ қылса да, Сөйлеуші, Естуші, Көруші, бірақ бұл сипаттары адамдарға ұқсамайды…».
 
Осыдан көрініп тұрғандай, Шәкәрім де матуриди ақидасына тән сегіз субути сипатты атап өткен.

Олардан кейінірек өмір сүргендерден әйгілі қазақ ақыны, зерттеуші, ағартушы Мәшһүр Жүсіп Көбейұлын да мысал ретінде алуға болады. Қазақ халқының басқа да көптеген көрнекті тұлғалары секілді, Мәшһүр Жүсіптің діни білімі болған. Сол себепті, дін мәселелерінде ол өзінің не айтқанын жақсы білген. Мәшһүр Жүсіп Алланың сипаттарын түсіндіре келіп, былай жазған[2]:
 
Ол – Алла жисм, жауһар, ғариз емес,
Боларға басқа басқа бөлектенбес.
Алланы еш нәрсеге ұқсатуға,
Еш нәрсе Оған ұқсап жөні келмес.
Бар Құдай көкте де емес, жерде де емес
Мекенін бір Алланың ешкім білмес
 
Мәшһүр Жүсіптің бұл сөзі сәләфиттік ақиданы айқын түрде жоққа шығарады және оның Әһлү Сунна уәл Жамағаттың таза ақидасын ұстанғандығын білдіреді. Ары қарай ол былай жазады:
 
Сипаты сегіз болған бірі Кәләм
Сөйлейді, құдіретімен Алла Тағалам,
Сөйлеуі біздей тілмен, жақпен емес
Тіл-жаққа мұқтаж емес секілді адам.
Алды, арты, асты, үсті, оң-солы жоқ
Ауыз, мұрын, аяқ, бас, көз, қолы жоқ
Еш нәрсе ұқсамайды, Ол – еш нәрсеге
Кітаптың айтқанына ойлама көп…
 
Бұл үзіндіден көріп отырғанымыздай, Мәшһүр Жүсіп басқа да матуридиттер секілді Алланың сегіз сипатын атап өткен. Ары қарай ол Аллаға ешқандай тарап тән емес екендігін айтады. Сәләфиттер болса, керісінше айтады, өйткені, олардың ойынша, Алла Аршының үстінде отырады-мыс, демек, бұл Оның астыңғы тарапы бар дегенге кеп саяды. Содан кейін Мәшһүр Жүсіп Алланың қолы, аяғы және басқа да органдары жоқ екенін жазған. Ал, сәләфиттер болса, Құранның ауыспалы мағынадағы (мутәшәбиһәт) аяттарын тура мағынасында түсініп, Алланың «қолы, аяғы, бармақтары т.б. бар» дейді. Шындығында, Мәшһүр Жүсіп ұлы ханафи ғұлама имам әт-Тахауидің әйгілі ақидасын қайталап тұр.

Дәл осындай мағынадағы сөздерді тағы бір атақты қазақ ағартушысы әрі қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин да айтады. Ол өзінің «Шариатуль Ислам» атты кітабында былай жазған:

«Біреу сұраса: Құдай тағаланың сипаты нендей?» - деп. Жауап беру керек: «Құлшылық етуімізге лайық Алла тәбәрак уа тағала жалғыз-ды, ешкімнің ол Алла тағалаға ұқсастығы, теңдестігі жоқ. Ол Алла тағала дене иесі емес, сурет иесі емес, асыл жауһардай заттар сипатында емес, мекен я, бір орын иесі емес, бос орынды толтырушыдан емес, тамақ жеушілерден, ішушілерден емес, біреуді тудырған емес, яки біреуден туған емес, Һәм ол Құдай тағаланың бар болуына ешбір заман жоқ жиһат сәттен яғни, алты түрлі тараптан: оңы, солы, алды, арты, асты, үсті болудан таза-ды».
 
Бұл үзіндіде Ыбырай Алтынсарин қазіргі сәләфиттердің айтып жүрген сөздерін анық жоққа шығарып, өзінің таза ақидасын айғақтап тұр. Ары қарай ол былай дейді:
 
Алла Тағаланың сифат-субутия (тұрақты, дәлелдеуші сипаттары) деген жеті сипаты әуел-хаят яғни, тірі-ді, біздің ақылымыз жетпейтін тірлікпен алим (көпшесі: ұлама – ғұлама, оқымысты, білгір) болушы-ды, құдірет күш иесі-ді, жоқтан бар етуге һәм бардан жоқ етуге күші жетуші, самғ (1.есту, есту қабілеті; 2. сыбыс, хабар) естуші-ді, бізге рәуішті құлақпен емес, басар (1. көру, көз; 2. айыру; 3. қабылдау) көруші-ді, бізге рәуішті көзбен емес, ирадат (тілек, ықылас) тілеуші, яғни, әуелде өзі тағдыр еткен нәрсесін тілеген уақытында дүниеге шығарушы, такуин (жарату, жасау) жоқтан бар етуші-ді, кәләм сөйлеуші-ді, біздің ақылымыз жетпейтін сипатпен, бірақ бұл сөйлеу бізге рәуішті тілмен, әріппен, дауыспен емес».
 
Бұл үзіндіде Ыбырай Алтынсарин Алланың жеті сипаты бар (бұл да екі сүнниттік мектептің бірінің, атап айтқанда, әшғари мектебінің белгісі болып табылады) дегеніне қарамастан, матуридиттер секілді сегіз сипатты айтып өткен. Оның ішінде тек матуриди ақидасына ғана тән әт-Тәкуин сипаты да бар.

Осылайша, Ыбырай Алтынсарин Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп, сонымен қатар, ханафи мәзһабы мен матуриди ақидасындағы барлық ғұламалар айтып кеткен нәрселерді, оған қоса, қазіргі Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы да айтып жүрген сөздерді растап кеткен.

Сонымен, қазақтар қандай ақиданы ұстанған екен? Жүрегі мен санасы қыңырлықпен, надандықпен және соқыр фанатизммен уланбаған әрбір адамға мұның жауабы айқын деген ойдамыз.

Қайрат Жолдыбайұлының материалдары бойынша дайындалған
 
[1] Абай (Ибраһим Құнанбаев), «Өлеңдер мен поэмалар» кітабын қараңыз, «Жазушы» баспасы, 1986 ж.

[2] Мәшһүр Жүсіп «Ит дүние», таңдамалы жинағы Халықаралық Абай клубында 2008 жылы басылған
Предыдущий Следующий
Орамал төңірегіндегі ой Меккенің басты мешітінің бұрынғы имамы ИЛИМ-нің сәләфизмге негізделгендігін растады

Тақырып аясындағы мақалалар

Акыда Истинная акыда казахов
После публикации наших последних материалов на тему салафизма, раскрывающих суть этого течения изнутри, некоторые умельцы из их числа решили попытаться дискредитировать матуридитское вероубеждение, представив его, как экстремистское. В качестве доказательства, они приводят такое движение, как «Талиб...
Ағымдар мен секталар Меккенің басты мешітінің бұрынғы имамы ИЛИМ-нің сәләфизмге негізделгендігін растады
Меккедегі Әл-Харам мешітінің бұрынғы имамы шейх Адель әл-Калбани ИЛИМ (ҚР-да тыйым салынған лаңкестік ұйым) Ислам мемлекетінің сәләфиттік идеяларға негізделгендігін растады, деп хабарлайды Azan.kz...
Акыда Слова имама аз-Забиди об имаме Матуриди, рахимахумаЛлаху
Великий Имам мухадис Мухаммад Муртаза аз-Забиди (1205 г. по хиджре), автор книги «Тадж аль-Арусшарх-уль Камус» в своем известном комментарии «Итхафу Садати-иль Муттакин би-Шархи Ихья улюм-ад-дин Имама Газали» в 2-ом томе на стр. 5 сказал следующее.....
Акыда ДУМК: Является ли акыда имама Матуриди заблудшей?
Вопрос: Ассаляму алейкум! Правильно ли придерживаться акыды имамов Ашари и Матуриди? Некоторые утверждают, что придерживаться этой акыды неправильно.
Жаңа мұсылмандар Абдулла ибн Сәләм. Ислам дінін қабылдаған алғашқы еврей раввині
Әл Хусейн ибн Сәләм Ясриб (Мәдина) қаласының бүкіл тұрғындарына, соның ішінде өзге дін мен халық өкілдерінің арасында айтарлықтай сыйлы, құрметті еврей раввині еді. Ол өзінің діндарлығымен, көркем мінезімен және ерекше шыншылдығымен белгілі болды....
Ақида Имамға сауал: Миғраж Алла аспанда дегенге дәлел бола ала ма?
Әссәләмуғалейкум уа рахматуллаһи уә бәрәкәтуһ. Менің сұрағым ақида мәселесіне қатысты. Жақында сәләфи бағытын ұстанып жүрген бауырларымызбен «Алла қайда» деген мәселеде таласып қалдық. Бір жігіт маған Миғраж жайлы хадисті келтірді: «Пайғамбарымыз (оған Ал...

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Ақида Еркінбек Шоқай: Мәтруди мектебіндегі шариғат мәтіндеріне ауыспалы мағына беру – сәләфтік тәсіл
Менің мақаламның тақырыбы қазіргі таңда белең алып бара жатқан жағдайларға куә болып жүрген адамдарды таңқалдыруы мүмкін. Неге себебі қазіргі қоғам, керек болса дін саласының кейбір мамандарының өзі «сәләф пен сәләфи» ұғымдарын шатастырып жүр....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Бесін 11:54

Екінтіге дейін 01:11

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi