Еркінбек Шоқай: Мәтруди мектебіндегі шариғат мәтіндеріне ауыспалы мағына беру – сәләфтік тәсіл
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Бесін 11:54
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

Мақалалар

Еркінбек Шоқай: Мәтруди мектебіндегі шариғат мәтіндеріне ауыспалы мағына беру – сәләфтік тәсіл

| A | +
Менің мақаламның тақырыбы қазіргі таңда белең алып бара жатқан жағдайларға куә болып жүрген адамдарды таңқалдыруы мүмкін. Неге себебі қазіргі қоғам, керек болса дін саласының кейбір мамандарының өзі «сәләф пен сәләфи» ұғымдарын шатастырып жүр. Еліміздегі дін саласының негізгі проблемасына айналған «сәләфизм» сөзінің түптөркіні араб тіліндегі «сәләф» яғни бұрынғы өткен, бұрынғылар деген сөзден келіп шыққан. Ислам тарихындағы алғашқы үш буын – Мұхаммед пайғамбардың, сахабалардың және табиғиндердің кезеңдеріне сәләф кезеңі деп айтылады. Сонымен қатар ислам шариғаты бойынша бұл үш буынның ұстанған жолы нағыз ақиқат әрі дұрыс болып саналады.
 
Қазіргі таңдағы сәләфилер өздерін біз осы алғашқы үш буынның жолын ұстанушылармыз, сондықтан біз сәләфилерміз деп жариялауда. Бұл топ өзін қаншалықты алғашқылардың жолын ұстанушы – «сәләфилер» деп атағанымен, шындығында Х-ХІ ғасырларда Андалусия (Испания) жерінде басталып, ары қарай ХVIII ғасырда Нәжд өлкесі қазіргі Сауд Аравияның солтүстігінде күшейіп, тұрақтаған уахабилік қозғалысының жалғасы екенін жасыра алмайды.

Демек, баяндамамның тақырыбы аталмыш топтың мүлде жоққа шығарып, адасушылықпен айыптайтын мәселесі – шариғат мәтіндеріне ауыспалы мағына беру яғни «тәуил» мәселесіне қатысты. Сонымен қатар баяндамада бұл тәсілдің нағыз алғашқылардың яғни сәләфтің ұстанымы мен тәсілі екендігін көрсетуге әрекет жасалады.

Шариғат мәтіндеріне ауыпалы мағына беру немесе «тәуил» дегеніміз не? Бұл арабтың «әууәл» яғни бірінші, алғашқы, негізгі деген сөзінен келіп шығады. Қазақ тіліндегі «әуелден, әуелі, әуелгі» деген сөздер де осыдан келіп шыққан. Басқаша айтатын болсақ, тәуилдің мағынасы «Негізге қайтару», «түпкі мақсатын түсіндіру» дегенді білдіреді.[1] Ғұламалар шариғат талап ететін шарттар мен ережелерді сақтай отырып Құран аяттары мен хадистерге тәуил жасау арқылы, олардың мақсаты мен мұратын мұсылмандарға жеткізген.
 
Алла тағала Құранды арабтан шыққан Пайғамбар арқылы араб тілінде түсірді. Бұл турасында Құранда «Біз Құранды араб тілінде түсірдік, ақылға келерсіңдер»[2], «Айқын араб тілінде келді»[3], «ешбір қисық-қыңырсыз, арабша Құран. Бәлкім олар сақтанар»[4] делінеді. Сондықтан, мұны жақсы білетін Пайғамбар аләйһи сәләм мен сахабалардың кезінде Құран аяттарын түсінуде және оны іске асыруда ешбір қателіктер мен шектен шығулар болған жоқ. Демек, Құран аяттарын мұсылмандар араб тілінің әдебиеті мен табиғатының талабы бойынша түсініп, түсіндіруі қажет. Егер де Құран аяттарын тәпсірлеуде немесе түсінуде араб тілінің тілдік ерекшелігі мен әдеби қағидалары сақталмайтын болса, Құран мен шариғаттың шарттары, мән-мазмұны бұзылады. Сонымен қатар оларды сақтау шарт болмайтын болса, Құран аяттарының қайта-қайта «араб тілінде, арабша құран, айқын араб тілі» дегенінің ешбір мәні болмас еді.
 
Қайсыбір тілдегі секілді, араб тілінде де тура және ауыспалы мағынада келетін сөздер бар. Мұны араб тілінде «хақиқа» және «мажаз» дейді. Мәселе Құранда ауыспалы мағынада келетін сөздер бар ма жоқ па? – деген сұрақтан келіп тууда. Сәләфилік бағыттың алдыңғы Ибн Тәймия және Ибн Әл-Қаиим, кейінгі Ибн Баз секілді шейхтері Құранда ауыспалы мағынада келетін сөздер жоқ яғни «Құранда мажаз жоқ, барлығы тек тура мағынада хақиқа болып келеді», сонымен қатар тура мағынада келген ешбір сөзге ауыспалы мағына беруге болмайды деп кеседі.

Атап айтқанда, Алла тағаланың сипаттарына қатысты аяттарға ауыспалы мағына беріп, түсіндіру адасушылық деп айыптайды. Тура мағынасында түсінуге болмайтын «Алланың қолы, Рахманның аршының үстіне отыруы, балтыр, Алланың таң қалуы, ұмытуы, нәпсісі, беті яғни жүзі т.с.с.» сөздерге ауыпалы мағына беруге тыйым салады. Осылайша, аталған сөздерді тура, тікелей мағынасында түсіну арқылы ұлы Жаратуышыны махлұқтардың қасиеттерімен сипаттауға барады. Нәтижесінде, бұл топтың ұстанымы мен көзқарастары Құран аяттары мен ғасырлар бойы сақталып келе жатқан шариғат негіздерінің арасында қарама-қайшылықтардың орын алуына себеп болуда.
 
Мысалы, Сәләфилік ақида өкілдері аяттарды тура әрі тікелей мағынасында ғана қабылдау қажет, ауыспалы мағына беру адасушылық деген ереженің негізінде «Алла тағала аспанда» деп таниды. Құранда Алла тағала Анғам сүресінде «Ол Алла аспандар мен жерде...»[5], Зұхруф сүресінде «Ол жерде тәңір және аспанда тәңір»[6], сондай-ақ, тағы бір аяттарда «сендер қайда болсаңдар, Ол (Алла) сол жерде сендермен бірге...»[7] делінеді. Бұл аяттарды сәләфилердің қағидасына сәйкес түсінетін болсақ, Алла тағаланы аспанда және жерде, соңғы аяттың негізінде Алла барлық жерде деп қабылдауға тура келеді. Бірақ, тәуилді айыптаушы сәләфилер бұл тұста өздерінің «тек тура мағынада ғана түсіну қажет» деген қағидаларына қайшы келіп, «Алла тағала жерде, барлық жерде» деген аяттарға «білімімен, бақылауымен» деп ауыспалы мағына беруге мәжбүр болады. Демек, осылайша, олар өздері жариялайтындай Құран мен сүннеттің мәтінінен ақида жасамайтындығын, керісінше, шариғат мәтіндерін алдын ала жасап қойған бұзық ақидаларына сәйкес бұрмалайтындықтарын көрсетеді. Сонымен қатар олар өздерінің осындай істерімен «тек тура мағынада ғана түсіну қажет» деген қағиданың шариғат мәтіндерін түсіндіруде жарамсыз екенін дәлелдейді. Бірақ олардың тәкаппарлықтары, ақиқат алдында бас идірмей кейбір аяттарды тура емес, ауыспалы мағынада қабылдау ақиқаттың талабы екенін мойындауға жібермейді.
 
Шариғат мәтіндеріне ауыпалы мағына беру тәсілін қолданатын ашғари және мәтруди мектептерінің Құран аяттары мен пайғамбар хадистерінен толық негіздемелері бар. Алла тағала Әли Имран сүресінің төртінші аятында «Ұқсас аятардың ауыспалы мағынасын (тәуилін) Алла тағала және ғылымда аяғы нық тұрғандар ғана біледі...» дейді. Тәпсір ғалымдары мағынасы ұқсас аяттардың ауыспалы мағынасын беруге аталмыш аятты негізге алады. Себебі, Алла тағала ғылымда терең болған ғұламалар да ұқсас аяттардың түпкі мақсатын біледі деп атап отыр.
 
Имам Муслим жеткізген хадис құдсиде Алла тағала: «Ей адам баласы, мен сырқаттанып қалғанда неге менің халымды білу үшін келіп көрмедің? – дейді. Сол кезде пенде: «Я Раббым, сені көруге қалай келемін, сен әлемдердің раббысысың ғой» - деп жауап береді. Алла тағала бұдан кейін: «Сен білмедің бе, менің пәленше құлым науқастанып қалғанда сен оны келіп көрмедің. Сен білмедің бе, егер оның халын білуге келгеніңде, мені оның жанынан табар едің»[8] - дейді. Әрине сәләфилердің дұрыс ақида шеңберіне сыймайтын «қолы бар, бірақ біздің қолымызға ұқсамайды» дегені секілді, кемшіліктен пәк болып табылатын Жаратушы Алла тағаланы ауырады, бірақ біздің ауырғанымыздай емес деп айта алмаймыз. Мұны олардың өзі де айта алмайды. Немесе пенде ауырғанда, Алла тағала қосыла ауырады деп айту да ешбір қисынға келмейді. Сондықтан бұл жерде Алла тағаланың «науқастану» сөзін ауыспалы мағынада айтып тұрғаны белгілі болады. Осылайша шариғат мәтіндеріне ауыспалы мағына беруді яғни тәуил жасауды Алла тағала өзі үйретеді.
 
Пайғамбарымыз алайһи сәләмнің саңлақ сахабаларының бірі Ибн Аббас та аяттар мен хадистерге ауыспалы мағына бергені жөнінде деректер көптеп кездеседі. Мысалы, Ибн Аббас Құрандағы «балтыр ашылатын күні»[9] - деген аятты «қаталдық ашылатын күн» деп түсіндіреді.[10] Ибн Аббас бұл тұста «балтыр» сөзіне тәуил жасап, «қаталдық» деп ауыспалы мағына беруде. Бұл аятқа осындай мағынаны сәләф ғұламалары болып саналатын Мужахид, Сағид ибн Жубайр және Қатада секілді табиғиндер де береді.[11]

Сондай-ақ, Ибн Аббас «Аспанды қолдармен тұрғыздық, оны біз кеңейтеміз»[12] деген аяттағы «қолдар» сөзін «күш, қуат» деп түсіндіреді.[13] Қазақ тіліндегі «қалың қол, қолы ашық адам» деп ауыспалы мағынада айтылатын секілді, араб тілінде де қол сөзі «күш, қуат, жомарттық, артықшылық» деган мағыналарда қолданылады.
 
Ханбали мазхабының негізін салушы Имам Ахмад ибн Ханбалдың да кейбір аяттарға ауыспалы мағына бергенін көреміз. Бүгінгі сәләфилер осы имамның мазхабымен жүреміз деп жариялайды. Ал шын мәнінде олар мен ханбали мазхабының арасын мұхит бөліп тұрғандай.
 
Құранда «Раббың келеді...»[14] деген аятты Имам Ахмад «Раббыңның сауабы келеді» деп тәуил жасайды. Имам Әл-Бәйхақи Имам Ахмадтан келген бұл хабардың сәнәді яғни жеткізушілер тізбегі туралы «бұл ешбір шаңы жоқ тізбек» [15] дейді.
 
Имам Әл-Бәйхақи Құраннан кейінгі екінші кітап болып саналатын кітап – Сахих Әл-Бухаридің иесі Имам Әл-Бухаридің де Алланың сипаттарына қатысты кейбір хадистерге ауыспалы мағына бергенін келтіреді. Имам Әл-Бәйхақи былай дейді: «Мухаммед Исмаил Әл-Бухари Алла тағала күлді деген хадистегі күлкіні Алланың мейірімі» деп тәуил жасады.[16] Себебі, Имам әл-Бухари аталмыш сөзді тікелей мағынада Алла тағалаға қатыстыруға болмайтындығын, оның Алланың ұлықтығына сәйкес келмейтіндігін, дұрыс ақиданың ережелері оған рұқсат етпейтінін жақсы білген болатын. Осылайша, сәләф буынның өкілдері – Имам Мәлік, Тирмизи, Ибн Хиббан, Суфян әс-Саури, Суфян бин Уяйна секілді көптеген ұлы имамдардың шариғат мәтіндерін ауыспалы мағынамен түсіндіргенін айта беруге болады.
 
Демек, осы айтылғанның негізінде мәтіндерге ауыспалы мағына беріп, мән-мақсатын дұрыс түсіндіру – тәуил жасау Әхлус сунна уал жамаға мектептері – Мәтруди және Ашғарилердің негізгі екі тәсілінің бірі болып табылады. Әрине бұл тұста тәуилдің араб тілінің талабына сай, шариғат қоятын шарттарды сақтай, Алла тағаланы кемшіліктен пәктей отырып жасалуы тиістігін айта кету қажет.
Сөз соңында, Алла тағаланың құдіретіне, ұлықтығына сай қасиеттермен сипаттау мақсатында шариғаттың кейбір мәтіндерін ауыспалы мағынада түсіндіру сәләфтік тәсіл екенін нықтап айтамыз. Сонымен қатар қазіргі кезде өздерін сәләфилерміз деп атап, өздерінше дұрыс ақиданың монополистері болып жүргендерді бұл мәселеге объективті түрде қарап, нағыз сәләфтің жолына еруге және ақиқаттың талабына бас июге шақырамыз.

 
[1] Маннағ әл- Қаттан, Құран ғылымдарының мәселелері, 316-319 беттер.
[2] Юсуф сүресі, 2 аят.
[3] Шұғара сүресі, 195 аят.
[4] Зумар сүресі, 26 аят.
[5] Анғам сүресі, 3 аят.
[6] Зұхруф сүресі, 84 аят.
[7] Хадид сүресі, 4 аят.
[8] Сахих Муслим, 4 том, 2569 хадис.
[9] Қалам сүресі, 42-аят.
[10] Ибн Хажар әл-Асқалани, Фатхул Бари, 13 том, 428 бет.
[11] Ибн Жәрир ат-Табари, Тәфсир әт-Табари, 29 том, 38 бет.
[12] Зәрият сүресі, 47 аят.
[13] Ибн Жәрир ат-Табари, Тәфсир әт-Табари, 7 том, 27 бет.
[14] Фажр сүресі, 22 аят.
[15] Ибн Касир, Әл-Бидая уан нихая, 10 том, 327 бет.
[16] Имам Әл-Бәйхақи, әл-Әсма уас сифат, 298 бет.
ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
Қытай императорының Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жайында жазған мадақ өлеңі Абдулла ибн Сәләм. Ислам дінін қабылдаған алғашқы еврей раввині

Оқырмандардың пікірі (3)

Знание прежде слов и дел
22 қаз. 2014
Ассаламу алейкум уа рахматуллах.ма ща Алла! Жақсы мақала екен, орыс тіліне бір аударып қойса нұр үстіне нұр, ин ща Аллах.Негізі осы тауил әдісі ең бірінші болып нағыз саляф болған ғұлама Ибн Аббастан, Алла одан разы болғай, бастау алған, сонда менің түсінбейтінім, неге саляфиттер оны мойындамайды?
Жауап жазу
Администратор Azankz
22 қаз. 2014
Уа алейкум ассалям! Ин ша Аллах переведем на русский язык.
Али Аргын
22 қаз. 2014
Өте керемет жазылған! Құрметті сайт әкімшілігі! Мақаланың ішінде кетіп қалған кейбір жазба қателіктерін өзгерте қойсаңыз. Өтініш.
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Бесін 11:54

Екінтіге дейін 01:21

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi