Абдулла ибн Сәләм. Ислам дінін қабылдаған алғашқы еврей раввині
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Ақшам 16:23
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

Мақалалар

Абдулла ибн Сәләм. Ислам дінін қабылдаған алғашқы еврей раввині

| A | +
Әл Хусейн ибн Сәләм Ясриб (Мәдина) қаласының бүкіл тұрғындарына, соның ішінде өзге дін мен халық өкілдерінің арасында айтарлықтай сыйлы, құрметті еврей раввині еді. Ол өзінің діндарлығымен, көркем мінезімен және ерекше шыншылдығымен белгілі болды.
 
Әл Хусейн тыныш, бірқалыпты өмір сүріп жатты. Бірақ, қандай істі қолға алса да, шын ықыласпен кірісіп, асқан ұқыптылықпен әрекет етіп, мақсатына жетпей қоймайтын. Күн сайын құлшылық жасауға және ғибадатханада өз дінінің негіздерін үйретуге белгілі бір уақытын бөлетін.
 
Әдетте ол ғибадатханаға барып келгеннен кейін құрма ағаштарын қырқып, тозаңдандырып, біршама уақытын бақшасында өткізетін. Өз діні жайлы жақсы ілім алып, оны түсінгеннен кейін, ол бар ынтасымен Тәуратты зерттеуге кірісті.
 
Өздерінің кітабтарын зерттеу барысында, ол Тәуратта бұрынғы Пайғамбарлардың пайғамбарлық миссиясын аяқтайтын соңғы Пайғамбардың шығатыны жөнінде айтылғанын анықтап, ерекше таң қалады. Сол себепті, Әл Хусейн Меккеге жаңа Пайғамбардың келетінін естігенде, елең етіп, үлкен қызығушылық танытты.
 
Ары қарай қалай болғандығын оның өзі былай баяндайды:
 
«Алланың жаңа Пайғамбары (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) туралы естігенде, мен оның атын, шежіресін, сипаттамасын, ерекшеліктерін, келетін жері мен уақытын зерттеуге кірісіп, оны өзіміздің кітаптарда келтірілген мәліметтермен салыстырдым.
 
Солардың бәрін салыстыра келіп, оның сол Пайғамбар екенін түсіндім де, оның пайғамбарлығының ақиқаттығын мойындадым. Алайда, бұл тұжырымымды еврейлерден жасырып қалдым. Оларға тіс жармадым.
 
Сонымен, Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Меккеден Ясрибке қарай бет алған күні де кеп жетті. Ол Ясрибке келіп, Құба мекен жайына тоқтағанда, Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) келгенін жар салып, қаламызға бір салт атты шауып келді.
 
Ол кезде мен әдеттегідей бақшадағы жұмысыммен айналысып, құрма ағашының басында отыр едім. Әкемнің туысы әпкем Халида бинт Әл Харит ағаштың астында отырған болатын. Мен әлгі хабарды естігенде: «Аллаху Акбар! Аллаху Акбар! (Алла ұлық! Алла ұлық!)», - деп қуана айқайладым.
 
Менің айтқанымды естіген әпкем: «Жаратқан Ием сені тура жолға бастағай! Алланың атымен ант етейін, сен Мұсаның (оған Алланың сәлемі болсын) келгенін естігеннен бетер қуандың ғой!» - деп маған наразылық танытты.
 
«Әпке! Алланың атымен ант етейін, ол – Мұсаның бауыры, ол Мұсаның дінін ұстанады және Ол (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) Мұса (оған Алланың сәлемі болсын) жіберілген миссиямен жіберілді.
 
Әпкем біраз үндемей тұрды да: «Бұрынғы пайғамбарлардың әкелген хабарларын растап, Алланың уахиін аяқтау үшін жіберіледі деген пайғамбар осы ма?» - деп сұрады.
 
Мен: «Иә!» - деп жауап бердім.

Содан соң көп кідірмей, ойланбастан Пайғамбарға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бет алдым. Барғанда, оның есігінің алдында көп адам жиналып тұрғанын көрдім. Оған мейлінше жақынырақ барғанша адамдардың арасымен жүріп отыра бердім. Сонда бірінші құлағыма естілген сөздер мынау болды: «Әй, адамдар! Сәлемді таратыңдар, кедейлерді тамақтандырыңдар, туыстық қарым-қатынасты сақтаңдар, түнде адамдар ұйықтап жатқанда сендер намаз оқыңдар. Сонда Жәннатқа бейбітшілікпен кіресіңдер!».
 
Мен оны жақыннан көрдім. Жүзін анық көрдім де, ондай жүз иесі алаяқ болуы мүмкін емес екеніне көзім жетті. Сонда мен одан сайын жақындай түсіп, Алладан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ және Мұхаммед оның құлы, әрі Елшісі екендігіне куәлік еттім.
 
Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) маған қарай бұрылып: «Есімің кім?» - деп сұрады. Мен: «Әл Хусейн ибн Сәләм», - деп жауап бердім. Сонда Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Бұдан былай сен Абдулла ибн Сәләм боласың», - деп маған жаңа ат берді. Мен: «Бұдан былай мен Абдулла ибн Сәләм боламын. Сені жіберген Алланың атымен ант етейін, енді мен басқа атты қаламаймын», - деп келісімімді бердім.
 
Мен үйге қайтып, жұбайымды, балаларымды және үйдегі басқа да адамдарды Исламға шақырдым. Олардың бәрі, соның ішінде жасы біразға келіп қалған Халида әпкем де Исламды қабылдады. Алайда, мен олардан өзім рұқсат етпейінше, Ислам дінін қабылдағанымызды еврей қауымының арасында жария етпеулерін өтіндім. Олар келісті.
 
Содан соң, мен Пайғамбарға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қайтып бардым да, былай дедім: «Әй, Алланың елшісі, яһудилер өтірік пен жалаға жақын келеді. Солардың арасындағы ең жақсы ғалымдарды шақырып, менің Исламды қабылдағанымды айтпай, олардан менің өзім жайында, әкем жайында сұрауыңды өтінемін. Содан соң оларды Исламға шақыр. Егер сен олардан мен жайлы сұрамай тұрып, олар менің Исламды қабылдағанымды біліп қойса, олар мені ғайбаттап, мен жайлы өтірік айтып, жала жаба бастайды».
 
Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мені бір бөлмеге жасырып қойды да, ең белгілі деген яһуди ғалымдарын үйіне шақырды. Сөйтіп, оларды Исламды қабылдауға және Аллаға сенуге үндеді.
 
Бірақ, олар оның айтқанын орындамай, онымен Ақиқат жөнінде сөз таластыра кетті. Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) олардың Исламды қабылдайтын ойлары жоқ екенін түсінгеннен кейін, оларға мынадай сұрақ қойды:
 
«Әл Хусейн ибн Сәләмның сіздердің араларыңызда алатын орны қандай?»
 
Олар: «Ол –біздің сәйидіміз (көшбасшы) және сайидіміздің ұлы. Сондай-ақ, ол – біздің раввиніміз және әліміміз (ғалым), раввиніміздің және әліміміздің ұлы», - деді.
 
Сонда Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Соның Исламды қабылдағанын білсеңіздер, сіздер де Исламды қабылдайсыздар ма?» - деп сұрады.
 
Мұны естіген олар зәрелері қалмай қорқып, былай деп тіл қатты: «Олай болуы мүмкін емес! Ол Исламды қабылдамас еді! Құдай оны Исламды қабылдаудан сақтасын!».
 
Сол кезде мен олардың алдына шығып: «Әй, яһудилер! Алладан қорқыңдар және Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сендерге әкелген хабарын қабыл алыңдар. Алланың атымен ант етейін, оның Алланың Елшісі екенін сендер жақсы білесіңдер. Оның аты мен қасиеттері жайында сендердің Тәураттарыңда айтылған. Ал, мен оның Алланың Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) екеніне және оны танып, оған және оның пайғамбарлығына сенгеніме куәлік етемін».
 
Сонда олар: «Сен - өтірікшісің! - деп айқайлап, – Сен зұлымсың және надансың, зұлым мен наданның ұлысың!» - деп, мені айыптауларын жалғастыра берді».
 
Оның баяндауы осы жерде аяқталады.
 
Абдулла ибн Сәләм Исламға білімге шөліркеп, шын ниетпен келді. Ол Құранға жан-тәнімен берілген еді, оны зерттеп, оның әдемі, әрі ұлы аяттарын таратуға көп уақытын арнады. Ол Пайғамбарға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өте жақын болды, оның қасынан бір елі ажырамады.
 
Ол ғибадат жасап, дінін үйреніп, оны басқаларға үйретіп, көп уақытын мешітте өткізетін. Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мешітінде жиі жиналып, дін жайлы білім берген ілімді сахабалардың (Алла оларға разы болсын) арасында Абдулла ибн Сәләм өзінің дінге шақырып, оны үйретудің өте жұмсақ, мұқият және өте нәтижелі әдісімен белгілі болды.
 
Абдулла ибн Сәләм сахабалардың арасында тірі кезінде жәннатпен сүйіншіленгендердің бірі ретінде белгілі болды. Өйткені, ол Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өсиеттеріне мүлтіксіз бағынды және негізгі мәні - иман мен Аллаға түгелдей бағыну болып табылатын ең сенімді тұтқаны* мықтап ұстады.
 
Аудармашының ескертпесі:
 
Мәтінде айтылған тұтқа жөнінде бір хадис бар. Онда Абдулла бин Сәләм (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді:
 

«Бірде Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) тірісінде мен бір түс көрдім. Сөйтіп, оны Пайғамбарға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтып бердім. Мен бір үлкен, жап-жасыл бақшада тұрғанымды көрдім. Сол бақтың ортасында темір бағана бар екен. Оның төменгі жағы жерде, ал төбесі аспанға жетіп тұр екен. Оның төбесінде сақина іспеттес тұтқа бар екен. Біреу маған: «Бағананың төбесіне шық», - деді. Мен: «Шыға алмаймын», - дедім. Сол кезде бір қызметші келіп, артқы жағымнан киімімнің етегін көтерді (көтерілуге кедергі болмас үшін). Содан соң мен сол бағананың төбесіне жеткенше көтеріле бердім. Төбесіне жеткеннен кейін әлгі тұтқаны ұстадым. Сонда маған біреу: «Тұтқаны мықтап ұста!» - деді. Сол кезде мен оянып кеттім. Қарасам, әлгі тұтқа шынымен де қолымда қалыпты. Осының бәрін Пайғамбарға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтып бергенімде, ол: «Бақ – бұл Ислам, бағана – исламның тірегі, ал тұтқа – ең сенімді байланыс /әл-‘урват әл-вуска/, бұл дегеніміз – сен өміріңнің ақырына дейін мұсылман болып қаласың», - деді. «Сахих» әл-Бухари Мухтасар. 65-ші кітап. Ансарлардың қасиеттері жайында кітап. Хадис 1497 (3813).

Предыдущий Следующий
Еркінбек Шоқай: Мәтруди мектебіндегі шариғат мәтіндеріне ауыспалы мағына беру – сәләфтік тәсіл Шіркеу қызметкері Джейсонның Исламға келу жолы

Тақырып аясындағы мақалалар

Саңлақ сахабалар ИСЛАМ ДІНІН ЖАЙҒАН САХАБАЛАР
Адамзаттың асыл тәжі болған ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) заманында өмір сүрген сахабалардың өмір сүрген ғасыры Ислам тарихында алтын ғасыр деп аталған....
Ислам күнтізбесі Кешірім айы Рамазанға бір қадам
Бірде бір бауырымыз өзгелердің Рамазанды асыға күтіп жүргенін көргенде: «Шөлдеу мен ашығу айын өзгелер не үшін асыға күтеді екен?»,- деп өзінің ораза тұтып жүргенін елестете алмағандығын айтып берді....
Жаңа мұсылмандар Аиша Робертсон: «Алғашқы Рамазандағы жалғыздығым мені Аллаға жақындата түсті»
Бұл менің он төртінші Рамазаным. Исламды қабылдаған кезімде 27 жаста едім. Сол себепті, Исламды қабылдағанға дейінгі 27 жылда тек қана христиандық мерекелерді атап өтетінмін. Рамазан айы келгенше жаңа қабылдаған дінімді әжептәуір үйреніп қалдым. Әрдайым Ислам дінінің бір мүшесі екенімдігі сезінген с...
Ислам күнтізбесі Хадиша әпке: «Ораза ұстау мүмкіндігі, ол – Алланың мейірімі»
Алланың қалауымен, дінді жаңадан қабылдаған орыс ұлтты, Мәскеулік мұсылман қыздарының алғашқы Рамазандары жайлы мақалалар топтамасын жалғастырамыз . Қазір өзінің алғашқы ұстаған оразасына қатысты әсері мен алғашқы Рамазан айы жайлы тәжірибесімен Хадиша әпкеміз бөліспек....

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Жаңа мұсылмандар Шіркеу қызметкері Джейсонның Исламға келу жолы
Мен 2006 жылы Исламға келдім, сол үшін Жаратқан Аллаға сансыз шүкіршілік болсын. Менен жүріп өткен жолым жайлы және Алланың маған рақымын қалай түсіргені жайлы жазуды өтінгенде, көңіліме күдік ұялады. Кейбіреулердің Исламға қалай келгендері жайлы айтып, а...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Ақшам 16:23

Құптанға дейін 00:31

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi