Қара сөз қара өлеңге айналғанда... #29
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:46

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:31 06:51 11:41 14:43 16:25 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
22 қараша 2024

Мақалалар

Қара сөз қара өлеңге айналғанда... #29

| A | +

ЖИЫРМА ТОҒЫЗЫНШЫ СӨЗ

Біздің қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар.

Әуелі «Жарлы болсаң, арлы болма» дейді. Ардан кеткен соң, тірі болып жүрген құрысын. Егер онысы жалға жүргеніңде жаныңды қинап еңбекпенен мал тап деген сөз болса, ол – ар кететұғын іс емес. Тыныш жатып, көзін сатып, біреуден тіленбей, жанын қарманып, адал еңбекпен мал іздемек – ол арлы адамның ісі.

«Қалауын тапса, қар жанады», «Сұрауын тапса, адам баласының бермейтіні жоқ» деген – ең барып тұрған құдай ұрған сөз осы. Сұрауын табамын, қалауын табамын деп жүріп қорлықпенен өмір өткізгенше, малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек қой.

«Атың шықпаса, жер өрте» дейді. Жер өртеп шығарған атыңның несі мұрат? «Жүз күн атан болғанша, бір күн бура бол» дейді. Тәңірге жазып, мінбей-түспей арып, шөмеңдеп диуаналықпен бір күн болған буралық неге жарайды?

«Алтын көрсе, періште жолдан таяды» дейді. Періштеден садаға кеткір-ай! Періште алтынды не қылсын, өзінің көрсеқызар сұмдығын қостағалы айтқаны.

«Ата-анадан мал тәтті, алтынды үйден жан тәтті» дейді. Ата-анасынан мал тәтті көрінетұғын антұрғанның тәтті дерлік не жаны бар. Бұлардың бәрінен де қымбат ата-анасын малға сатпақ ең арсыздың ісі емес пе? Ата-ана шамасы келсе, михнаттанып мал жиса да, дүниелік жиса да, артымда балаларыма қалсын дейді. Ол ата-ананы малға сатқан соң, құдайға дұшпандық іс емес пе? Осындай білместікпенен айтылған сөздеріне бек сақ болу керек.

Абай Құнанбайұлы.

ЖИЫРМА ТОҒЫЗЫНШЫ ӨЛЕҢ

Жүректен жылтыр сөздің ұшқаны көп,

Болғанмен сырты бүтін, тыстары жоқ.

Қазақтың мақалының көбісінің

Жарайтын, жарамайтын тұстары көп.

Ар менен намыс серті қатар еді,

Естіген сайын жанға батар еді.

Сондағы «Жарлы болсаң, арлы болма»

дегені қайбір оңған мақал еді.

Алдынан жолыққандай ақымағы,

Бос сөзді боза сынды сапырады.

«Қалауын тапсаң егер қар жанады»

дейді де жылпостыққа шақырады.

Кей-кейде шыдай алмай безем шығып,

Ақыл айту ол дағы бір «емшілік».

«Адамның сұрай білсең бермесі жоқ»

дейтіні барып тұрған тіленшілік.

Бәрі де бір күндері бос қалады,

Сатқындық сатқындықтан дос табады.

«Періште алтын көрсе жолдан таяр»

дегені өз сұмдығын қостағаны.

Кең сөйлеп шешендікке бапталғанмен,

Әйтсе де орынымен мақтанған жөн.

Осындай білместікпен айтып қалған,

Сөздерден мейілінше сақ болған жөн!

Әлібек Шегебай.

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
Құран жайлы 40 хадис: 2-ХАДИС Бала тәрбиесіне қатысты басты мәселе

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Эссе және жол жазбалар Қара сөз қара өлеңге айналғанда... #29
Кең сөйлеп шешендікке бапталғанмен, Әйтсе де орынымен мақтанған жөн. Осындай білместікпен айтып қалған, Сөздерден мейілінше сақ болған жөн!
Эссе және жол жазбалар Қара сөз қара өлеңге айналғанда... #28
Тұрғанда шытынамай шынайы егес, Айтайын мен сіздерге былай кеңес. Байлықты, кедейлікті жаратқанмен, Бай қылған, кедей қылған, Құдай емес..!
Эссе және жол жазбалар Қара сөз қара өлеңге айналғанда... #27
Айтасың шарасыздан «әй, құдайды», Надандық намыстыны қайғылайды. Көңілі, көзі жетіп тұрғанымен, Әуелгі әдетінен айнымайды!
Эссе және жол жазбалар Қара сөз қара өлеңге айналғанда... #26
Айналар қамқорыңа, саяңа да, Тым қатты еркелетпе, аялама. Егер де балам адам болсын десең, Балаңды оқытудан мал аяма!
Эссе және жол жазбалар Қара сөз қара өлеңге айналғанда... #25
Айналар қамқорыңа, саяңа да, Тым қатты еркелетпе, аялама. Егер де балам адам болсын десең, Балаңды оқытудан мал аяма!
Эссе және жол жазбалар Қара сөз қара өлеңге айналғанда... #24
Бұл күнде қазан бөлек, қораң бөтен, Болмай тұр белбеуде де орам бекем. Мал тауып, түзу жолмен тірлік қылар, Қазаққа қайырлы күн болар ма екен?!
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
22 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:46

Бамдатқа дейін 04:42

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi