Қара сөз қара өлеңге айналғанда... #28
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:44

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:34 06:55 11:42 14:41 16:23 17:44
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
25 қараша 2024

Мақалалар

Қара сөз қара өлеңге айналғанда... #28

| A | +

ЖИЫРМА СЕГІЗІНШІ СӨЗ

Ей, мұсылмандар! Біреу бай болса, біреу кедей болса, біреу ауру, біреу сау болса, біреу есті, біреу есер болса, біреудің көңілі жақсылыққа мейілді, біреудің көңілі жаманшылыққа мейілді – бұлар неліктен десе біреу, сіздер айтасыздар: құдай тағаланың жаратуынан яки бұйрығынша болған іс деп. Жә, олай болса, біз құдай тағаланы айыбы жоқ, міні жоқ, өзі әділ деп иман келтіріп едік. Енді құдай тағала бір антұрғанға еңбексіз мал береді екен. Бір құдайдан тілеп, адал еңбек қылып, пайда іздеген кісінің еңбегін жандырмай, қатын-баласын жөндеп асырарлық та қылмай, кедей қылады екен. Ешкімге залалсыз бір момынды ауру қылып, қор қылады екен. Қайда бір ұры, залымның денін сау қылады екен. Әке-шешесі бір екі баланың бірін есті, бірін есер қылады екен. Тамам жұртқа бұзық болма, түзік бол деп жарлық шашып, жол салады екен. Түзікті бейішке шығарамын деп, бұзықты тозаққа саламын деп айта тұра, пендесінің біреуін жақсылыққа мейілдендіріп, біреуін жаманшылыққа мейілдендіріп, өзі құдайлық құдіретімен біреуін жақсылыққа бұрып, біреуін жамандылыққа бұрып жіберіп тұрады екен. Осының бәрі құдай тағаланың айыпсыз, мінсіз ғафур рахимдығына, әділдігіне лайық келе ме? Жұрт та, мүлік те – бәрі құдайдың өзінікі. Бұл қылғанын не дей аламыз? Өз мүлкін өзі не қылса қыла береді. Оны айыпты болады дей алмаймыз десең, ол сөзің құдай тағаланың айыбы, міні жоқ емес, толып жатыр, бірақ айтуға бата алмаймыз дегенің емес пе? Олай болғанда, пенде өз тырысқандығыменен не табады? Бәрін қылушыға қылдырушы өзі екен. Пенде пендеге өкпелейтұғын ешнәрсе жоқ. Кім жақсылық, кім жамандық қылса дағы құдайдан келген жарлықты қылып жүрекен дейміз бе? Құдай тағала әрбір ақылы бар кісіге иман парыз, әрбір иманы бар кісіге ғибадат парыз деген екен. Және де әрбір рас іс ақылдан қорықпаса керек. Жә, біз енді ақылды еркіне жібермесек, құдай тағаланың ақылы бар кісіге иман парыз дегені қайда қалады? «Мені таныған ақылменен таныр» дегені қайда қалады? Дініміздің бір жасырын тұрған жалғаны жоқ болса, ақылды, оны ойлама дегенімізге пенде бола ма? Ақыл тоқтамаған соң, діннің өзі неден болады. Әуелі иманды түзетпей жатып, қылған ғибадат не болады? Жоқ, сен жақсылық, жамандықты жаратқан – құдай, біраққылдырған құдай емес, ауруды жаратқан – құдай, ауыртқан құдай емес, байлықты, кедейлікті жаратқан – құдай, бай қылған, кедей қылған құдай емес деп, нанып ұқсаң болар, әйтпесе – жоқ.

Абай Құнанбайұлы.

ЖИЫРМА СЕГІЗІНШІ ӨЛЕҢ

Біреу бай, біреу кедей, біреу есті,

Біреулер мейірімді, біреу сесті.

Құдайдың бұйрығынан болған болса,

Біз қайдан іздемекпіз тілеулесті?

Ойлайтын ар, иманын қорғаныс деп,

Адамның ақылында толғаныс көп.

Ал сіздер айтасыздар мұның бәрі,

«Құдайдың қалауымен болған іс» деп.

Иманға иландырсаң жан, денені –

Осы ма, әділдіктің бар дегені?

Құдайдың айыбы жоқ мінсіз болса,

Неліктен антұрғанға мал береді?

Теңсіздік болған жерде дау тұрады,

Адалдық алғыстан нұр жаудырады.

Ешкімге залалы жоқ момын қор боп,

Неліктен залымдарды сау қылады?

Айта алмай шағымдарын жеткеріп бір,

Тұтанып кететіндей от төніп тұр.

«Құдайдың қайда сонда әділдігі»?

дейтіндер осы күні көп болып тұр.

Тұрғанда шытынамай шынайы егес,

Айтайын мен сіздерге былай кеңес.

Байлықты, кедейлікті жаратқанмен,

Бай қылған, кедей қылған, Құдай емес..!

Әлібек Шегебай.

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
Мырзахмет Бауыржан: Атамның өсиеті Діни кадр сапасы артып келеді

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Эссе және жол жазбалар Қара сөз қара өлеңге айналғанда... #27
Айтасың шарасыздан «әй, құдайды», Надандық намыстыны қайғылайды. Көңілі, көзі жетіп тұрғанымен, Әуелгі әдетінен айнымайды!
Эссе және жол жазбалар Қара сөз қара өлеңге айналғанда... #26
Айналар қамқорыңа, саяңа да, Тым қатты еркелетпе, аялама. Егер де балам адам болсын десең, Балаңды оқытудан мал аяма!
Эссе және жол жазбалар Қара сөз қара өлеңге айналғанда... #25
Айналар қамқорыңа, саяңа да, Тым қатты еркелетпе, аялама. Егер де балам адам болсын десең, Балаңды оқытудан мал аяма!
Эссе және жол жазбалар Қара сөз қара өлеңге айналғанда... #24
Бұл күнде қазан бөлек, қораң бөтен, Болмай тұр белбеуде де орам бекем. Мал тауып, түзу жолмен тірлік қылар, Қазаққа қайырлы күн болар ма екен?!

Эссе және жол жазбалар Қара сөз қара өлеңге айналғанда... #23
Санасу, салғыласу ұранды ісі, Өзінде өз қызығы, қуанышы. Өзгеден өзінікін артық көрген, Әзірге осы боп тұр жұбанышы!
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
25 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:44

Бамдатқа дейін 02:09

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi