Деструктивті діни ұйымның жеке тұлғаға психологиялық ықпал ету әдістері
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Ақшам 16:23
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

Мақалалар

Деструктивті діни ұйымның жеке тұлғаға психологиялық ықпал ету әдістері

| A | +

Кіріспе

 

ҚР ҰҚК терроризмге қарсы орталық бастығының орынбасары Сергей Швейкиннің 2019 жылдың 6 қарашада ХІ Қазақстан дінтанушылары форумында сөйлеген сөзінде, Қазақстанда деструктивті ағымды ұстанатындардың саны 20 мыңнан асады. Осы уақытқа дейін 800-ден астам қазақстандық азамат террористік ұйымдардың қатарына қосылу мақсатында шет ел асып, көбісі мерт болған [1]. 

 

Соғыс бірден автоматпен оқ атудан басталмайды. Әуелі ол адамның санасында туындайды, содан кейін ғана барып физикалық формаға айналады. Кәсіби «өңдеуден» кейін алдыңызда мүлдем басқа адам пайда болады. Бұл жаңа пайда болған адам екіжүзділікке, тонауға, адам өлтіруге, яғни деструктивті діни ұйымның мүддесіне тиімді кез кезген іс-әрекетке дайын болады. Көбіне теолог мамандар адамдардың деструктивті діни ағымдардың қатарына кетіп қалуының басты себебі ретінде ұйым өкілдерінің интернет желісінде белсенділігі мен азаматтардың діни сауатының төмендігі деген пікірді алға тартады. Бірақ, деструктивті діни ұйым (бұдан әрі – ДДҰ) құрбандарын оңалту жұмысымен жеті жылдық зерттеу тәжірибем барысында аталған тезиспен келіспеуге болатын дәлел-дәйектерді көптеп кездестірдім. Көбіне адамдардың деструктивті діни ұйым құрбанына айналуы оның өткен өмірінде адамдармен арақатынасында, оның болашаққа деген үміті мен үрейінде, стеоратиптерінде және әлемге дәрменсіз сенімінде жасырынып жатады. Оңалту жұмысы барысында реабилитация курсынан өткен адамдардың (әртүрлі жастағы, әртүрлі статустағы) көбісі өмірлерінде кездескен қиын сынақтардан кейін алдынан кездесетін кереметке, жақсы өмірге сенгісі келген. Осындай сәттерде деструктивті діни ұйымға тартушылар (вербовщиктер) барлық мәселелерді шешіп беруге уәде етіп, өз мақсаттарына тиімді пайдалана біледі. Әрине бұның бәрі алдамшы, жарнама екендігін өкінішке орай ДДҰ құрбандары шынайы өмірден ештеңе қалмай, отбасынан, достарынан, жұмысынан айырылған сәтте бірақ байқайды. Оңалту процесінің ең күрделі әрі қиын тұсы деструктивті ағымның шырмауына түскен адамға өзінің дінді құрал ретінде пайдаланған саяси ұйымның қатарына қосылғанын мойындату. ДДҰ құрбанын оңалуға қадам бастыру үшін санасына сыни ойлау тетіктерін салу арқылы іске асады.

 

Негізгі бөлім

 

Деструктивті культ немесе деструктивті діни ағым – латын тілінен аударғанда «destructio», яғни бүлдіргіштік, залал тигізуге ұмтылыс, нәтижесіздік деген мағыналарды береді. Ал «Cultt» – сөзі Құдайға арналып жасалатын діни құлшылық пен жоралғыларға берілген атау. Әлеуметтанушылар, психологтар, криминологтар, публицисттер, теологтар тарапынан қоғамға немесе оның мүшелеріне (материалдық, психологиялық немесе физикалық) зиян келтіретін діни, діни емес және басқа топтар мен ұйымдарға қатысты қолданатын термин [2; 27-29 бб].

 

Әлемдік практикада «деструктивті діни ұйымдар», «жaңa діни культтер»  терминдері кеңінен қолдaнылып келеді. Десек те, олaр ХІХ ғaсырдың екінші жaртысындa көрініс тапқан дәстүрлі діндерге теріс ұстанымдағы деструктивті діни aғымдaр түсінігін aшып көрсетеді. Деструктивті діни ағамдардың мынадай ерекшеліктерін атап өтуге болaды: ол белгілі бір харизматикалық тұлғаға көзсіз еру, салт-дәстүрге қaйшы келу, діни түсінікте эмоциялық-психологиялық жaғы бaсым болу, жетекшілері өздеріне «құдай» мәртебесін иелену, діннің әлеуметтік міндеттеріне және т.б. бaсымдық беру. Отaндық және шетелдік ғалымдардың, мысaлы Е.Е. Буровa, Н.Ж. Бәйтенова, Қ. Борбасова, Я.Ф. Трофимов, Л.С.Астaховa, Л.И. Григорьевa, Bryan R. Wilson, Paul J. Olson және т.б. еңбектері деструктивті діни aғымдaр және деструктивті діни ұйымдарды зерттеуге aрнaлғaн.

 

Бұған қоса, жалпы құрылым және тұлғa ретінде «деструктивті тaбыну» және «тотaлитaрлық сектa» сынды терминдермен тығыз бaйлaнысты белгілі бір дәрежеде мемлекет пен қоғамға зиян келтіретін, діни қозғaлыстaр, aғымдaрды сипaттaйтын «деструктивті діни культ» термині де кеңінен тaрaлғaнын aйтa кеткен жөн. Батыстық, оның ішінде aмерикaндық зерттеулерде бұл үрдіс «деструктивті тaбыну» ұғымымен қaтaр қaрaстырылaды.

 

Деструктивті діни ұйымдардың жеке тұлғaғa психологиялық әсер ету методтары «Діни экстремизмнің әлеуметтік-психологиялық сaрaптaмaсы (діни фaнaтизм шaрттaрының бірі өлімге тaрту)» aтты тaқырыптaғы ҚР БҒМ ғылыми зерттеулерді грaнттық бaғдaрлaмaсы бойынша зерттелген М.П. Кaбaковa мен Е.А. Лaзaревaның «Психологические методы контроля сознaния и поведения в деструктивных культaх» еңбегінде сипaттaлғaн [3; 43].

 

Сондай-ақ, отандық ғaлымдaр мен сaрaпшылaрдың кейбір зерттеулері деструктивті діни ұйымдардың жеке әлеуметтік топтaрғa әсері турaлы тақырыптарға aрнaлғaн, мысaлы М.П. Кaбaковa мен Ж.К. Ақсaқaловaның «Особенности психологической устойчивости молодежи к новым деструктивным религиозным течениям» еңбегінде деструктивті діни aғымдaрғa жaстaрдың психологиялық осалдығының ерекшеліктерін зерттеудегі эмпирикaлық нәтижелерді ұсынып, жaстaрдың aрaсындa «Мен деген не?», «Өмір деген не?» түсініктеріне байланысты дүниетaнымды қaлыптaстырудың қaжеттілігі турaлы қорытынды жaсaғaн [4; 54].

 

Философиялық көзқaрaс тұрғысынaн қaрaстырғaндa, деструктивті діни ұйымдар философия ғылымдaрының кaндидaты А.Н.Сыровaткин тaрaпынaн «дәстүрлі діни ұстанымдарға, кей жaғдaйдa тіпті күллі әлемгеде түрлі деңгейде оппозициялық сипaттa ықпал ететін, әлеуметтік құрылымдaр, мемлекет және мәдениетке бәсекелестік тaнытaтын дәстүрлер, діни негіздермен жaқтaушылaрын әлеуметтік діни институттaрғa тaрту әдістері» ретінде aнықтaлды [5; 89].

 

Деструктивті діни ұйымдардың әлеуметтік-психологиялық әсерінің зияны тұжырымдамасы төңірегінде парадокс жағдай туындады. Қоғамдық санада, бұқаралық ақпарат құралдарында айқын құбылыстар ретінде психологиялық зорлық-зомбылық және психологиялық зиян туралы түсінік бар. Психологиялық көмек пен құқық қорғау мамандары бұл құбылыстармен күн сайын дерлік кездеседі. Бірақ соңғысы, таңқаларлық сипатта, өйткені қалыптасқан қатаң анықтамалар мен терминдер жүйесінің шеңберінен шығады. Агрессия мен зорлық-зомбылықтың психологиялық формалары туралы нақты түсініктерден аулақ болғандай әсер қалдырады.

 

Адамды радикалды топтар қатарына тарту процесі діни көзқарастарға емес, психологиялық айла-тәсілдерге негізделген. Бұл процесс Орталық Азия аймағының (бұдан әрі - ОА) Қылмыстық кодекстерінде «тарту» - вербовка» деп аталады.

 

И.Ш. Борчашвилидің пікірі бойынша «адамдарды террористік немесе экстремистік топтар өз қатарларына күшпен немесе ерікті түрде, келісім бойынша, ақысыз немесе материалдық сыйақымен ынталандыру арқылы  тартады. Қатарларына тарту (вербовка) кандидаттарды іздеуден басталып, кейін террористік немесе экстремистік әрекеттерді ұйымдастыру мақсатында оларға кез келген жолмен (сендіру, бопсалау, уәде беру арқылы) психологиялық әсер етуден басталады және келісім жасасумен аяқталады. Кандидатты (болашақ ағым құрбаны) топтарына тарту (вербовка) процесі физикалық немесе психикалық қысым көрсету (манупулация) түріне байланысты бір немесе бірнеше қылмыстарды жасауға ынталандыру, сондай-ақ террористік және экстремистік қылмыстарға қатыстыруға бағытталған әрекеттерді қамтиды. Жұмыс шарттары жазбаша түрде де, (келісім түрінде), ауызша да көрсетілуі мүмкін» [7; 520-521].

 

Посткеңестік барлық елдердің қолданыстағы заңнамасы діни топқа тарту немесе топта ұстап тұру (психологиялық зорлық-зомбылық) кезінде психотерапевтік сипаттағы манипуляциялық әдістерді қолдану жағдайларын анықтау мүмкіндігін жоққа шығарады.

 

Алайда, 2000-шы жылдардың басында Франция мен Бельгияның заңында: «медициналық тексеруден және емдеуден бас тарту, психикалық процестерді тоқтататын және ақпаратты қабылдауға әсер ететін әдістерді қолдану және басқалар денсаулыққа қауіпті манипуляциялар қатарына жатады» деген тәжірибеге енгізілді.

 

Біз психотерапиялық манипуляцияларды заңсыз қолдануға байланысты интелектуалды алаяқтық туралы айтып отырмыз, оның құрбандары тек қана осал адамдар ғана емес, алданған немесе адасып қалған адамдар да болуы мүмкін.     

 

Сонымен қатар әсер ету құрылымында (экстремистік топ) әр түрлі манипуляцияларды тұтастай бір уақытта немесе алма-кезек қолданылуы мүмкін.

 

Шынында да, мұндай деструктивті ұйымдардың тәжірибесінде жаңадан ұйымның қатарына қосылған «адептерді» толықтай тарту үшін оларға айрықша көңілмен назар аударып, тиісті қажеттіліктерін дер кезінде қамтамасыз етіп, жұмсақ мәміле жасалады [8; 37–39]. Ал «піскен (үйреніскен)» адептерге «жаңа деңгейге жетулерің үшін қажетті талаптар» деген сылтаумен неғұрлым қатаң талаптар қолданылады. Яғни, оларға зиян келтіретін көптеген әрекеттер (шектеулер, құқығынан айыру, өзін-өзі жазалату, ақысыз немесе аз төленетін еңбек және т.б.), шаралар қабылдайды.

 

Деструктивті радикалды діни топқа адам өз еркімен мүше болуы, негізінде екі тараптың өзара бірлесе әрекеттесуінің нәтижесі: яғни бірінші фактор: адептің өзіндік психологиялық тұрғыдан осалдығы, екінші фактор: вербовщиктердің адепті өз қатарларына тартуы, ұстап тұруы, өңдеу тактикаларының нәтижесі.

Екінші фактордан бастайық. ДДҰ-ға тартушылар (вербовщиктер) арнайы психологиялық, т.б. дайындықтардан өткен мамандар болғандықтан адамдарды сырттай көріп танып, баға беру қабілетіне ие, сондықтан олар қазіргі уақытта кімдерде әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан әлсіздік, тұрақсыздық немесе жағымсыз жағдайлар бар екендігіне назар аударады.

 

Демек, студенттер (әсіресе бірінші және соңғы) оқу жылдары), үлкен адамдар (жақында зейнетке шыққан немесе жалғыздықты ұзақ уақыт басынан кешірген), аңғал, өмірде өз орнын тауып үлгермеген, өтпелі кезеңді басынан өткізіп жатқан жасөспірімдер, басынан әртүрлі күйзеліс жадайын өткізуші (ауру, жақындарының қайтыс болуы, ажырасу, т.б.) мигранттар, босқындар, жұмыссыз, сотталған, оның ішінде достыққа, жылы қарым-қатынасқа мұқтаж адамдар деструктивті діни ағымдардың ықпалына көптеп түсуі әбден мүмкін. Ағымдардың ықпалына түсуге ерекше осал топқа қарқынды түрде рухани ізденістегі тұлғалар, ақиқатқа немесе абсолютті ақиқатқа қол жеткізуді армандаушылар, екі жақты жауабы бар күрделі сұрақтарға жалғыз жауап іздеушілер, сонымен мәселені тікелей сөзбен түсінуге қабілеті жетпейтін, көз алдына елестету арқылы ғана түсіне алатын ақыл-ой жүйесіне ие адамдар жатады. Жалпы кез келген адам әртүрлі себептермен аз уақыт болса да манипулияцияның құрбанына айналуы ғажап емес. Сондықтан деструктивті діни ұйымдардың, жалған ақпараттың, манипулиятивті әсерлердің құрбанына айналмас үшін, ДДҰ тартушылары қолданатын айла-тәсілдерін жақсы білуіміз керек. Ақпараттану – деструктивті діни ұйымның құрбаны болудан қорғайды [8, 67].

 

Деструктивті  діни ұйым  құрбандарын (адепт) төрт этаптан өткізеді:

 

І этап: Еліктіру және дәріптеу.

  • Жылы шырайлы ортада өмірдің мәні (өмір, өлім, ауру, тағдыр. т.б.) жайлы сияқты күрделі сұрақтарға қарапайым және жинақы жауап беру;
  • Сөзді қазіргі кезде қоғамда өзекті (экология, жемқорлық, еркіндік, т.б.) мәселерден бастау;
  • Жағымпаздану тәсілін қолдану: «сен әдемісің, сен ақылдысың, сен үлкен миссияға жетуіміз үшін бізге аса қажетсің»;
  • Болашақ ұйым мүшесіне бақытқа, білімге, еркіндікке қол жеткізуді уәде ету;

 

ІІ этап: Сыни пікір айту қабілетін бейтараптандыру, жеке қасиеттерін басу

 

  • Шаршату: ұзақ жұмыс сағаты, дәрістер, үйлер арасында немесе  қоғамдық орындарда көп уақыт серуендету (жаңа үміткерлер табу үшін), өздерінің діни ілімдерін үйрету;
  • Ағым құрбанына «мен не істеп жүрмін, жағдайым не болып барады», деп бір сәт ойлануға кедергі болатын өмірлік жағдай туғызу;
  • Жеке интимді өмірін азайтуды ескерту: оңаша қалуға мүлдем мүмкіндік бермеу, «тәубаға» келгендігін ғана айтуға мәжбүрлеу;
  • Сөздік қорын өзгерту: болашақ адепт құлаққа жақсы естілетін тілді меңгеру керек, ғылыми немесе діни қатынастарда маңызды болып көрінетін өз орталарында ғана негізгі мағынасы түсінілетін сөздер. Бұл манипулиятивті техника оның қоршаған ортамен қарым-қатынасын мүлдем үзіп, ақыл-ойын әлсіретеді (нәтиже І этапта берілген уәдеге мүлдем қарама-қайшы).

 

ІІІ этап: топқа мүшелігін нығайту, әлеуметтік байланыстардың үзілуін ынталандыру

 

  • Оқуын/жұмысын тастауға ынталандыру, итермелеу;
  • Шетелге шығу (білім алуды сол жақта жалғастыру, әскери қақтығыстарға қатысу);
  • Отбасынан, достарынан, қоғамнан оқшаулану. Кез келген сырттан келген ақпаратты күмәнді санау. Топты сынаушылардың барлығын жағымсыз (негативті), адам дамуына қарсы, қауіпті тұлға ретінде таныстырылады. Бұндай адамдар мүлдем кездеспеуге шақырады, оларға жала жауып, сотқа беруге үгіттейді. Кейде топ мүшесінің бұрынғы өмірінде немесе қазір басына келген қиыншылықтарға отбасын кінәлайды.
  • Қоғамды тек қана жойылуға алып баратын орын ретінде, медицинаны пайдасыз етіп, психиатерияны қауіпті, әртүрлі басқа діндерді қараңғы күштерге бағынышты болу деп түсіндіреді. Тек қана ұстаз немесе шейх басқарған топ қана бақытқа алып жолға бастайды деп түсіндіреді.
  • Нәтижеде топ мүшелері өздерің миссияларына жетуге деген сенімділік пайда болады. Оларға қоғамда қалыптасқан әдеттері, белгілі бір көздеген мүдделері болғаны үшін қарсылық білдіреді, сендерге сенбейді сендердің соңдарыңнан қалмайды дейді. Міне бұл сендердің ақиқат жолында екендеріңнің басты дәлелі. Көптеген пайғамбарларда да осылай болған жоқ па? Міне бұл өте қу айла. Топтағылардың көбісі сырттан қаншалықты қарсылық көрген сайын топпен қоян-қолтық араласа бастайды.

 

ІV этап: қоғамға қайта оралуы мүмкін емес жағдайға түсіру

 

  • Белгілі табыс көзінің болмауы (немесе ұйымның қаржысына тәуелділік), әлеуметтік қолдау сияқты айтарлықтай кәсіби тәжірибе адептің қоғамға қайта бейімделуін қиындатады.
  • Ұйымдар жұмыс орындарын жиі ауыстыруына байланысты адептер қоғаммен қатынас құруға мүмкіндік болмайды. Сол себепті адептердің қоғамға қайта бейімделуі қиынға соғады.
  • Ескі достарының қалмауы;
  • Отбасылық байланыстар үзілген немесе шиеленісіп жанжалға ұласқан;
  • Ұйым мүшесіне ғана некелесуге рұқсат, яғни ұйымнан шығуы қиын болуы үшін, яғни ұйымдағы әйеліне қарайлап қалуы үшін;
  • Қорқыныш: қатаң тәртіп, сыртқы әлемнен қорқыту;
  • Ұйымның қатарында, ағыммен жүзіп кете беру ең оңайы;
  • Әр этапта бақыт, еркіндік, жеке байлық немесе білім уәде етіледі, егер топ мүшесі әрі қарай төзуге келіссе одан да көп қайғы-қасіретке төзуден бас тартапайды. Адепт ұйымнан бас тартуға әр ниетенген кезде өз-өзін мақсатыма жетуге соншалықты аз қалғанда шегінуге болмайды деп әрі қарай ұйымның қатарында болуға даяр болады.

 

Жоғарыда аталған 4 этап (еліктіру және дәріптеу; сыни пікір айту қабілетін бейтараптандыру, жеке қасиеттерін басу; топқа мүшелігін нығайту, әлеуметтік байланыстардың үзілуін ынталандыру; қоғамға қайта оралуы мүмкін емес жағдайға түсіру) адамдарды қоғамға оралып, қалыпты өмірге бейімделе алмайтындай етіп топқа байлауға, мүлдем ақыл-ойы жарымжан адамға айналдыруға бағытталады. Сонда ғана адептер ұйым жетекшісіне (шейх) толықтай бағынып, қауіпті фанатттарға айналады [8; 68–69].

Әрине жат діни ұйымның адамдарға әсерін симптомдарын, топтың екершелігін, адепт жайлы мүмкіндігінше толық ақпаратты қортындылай келе анықтауға болады.

 

Манипулиятивті айла-тәсілдердің әсер еткендігінің белгілері:

 

  • Жүріс-тұрысында, киім киісінде, сөйлеу кезінде сөздік қорында, қызығушылықтарында өзгерістердің байқалуы;
  • Сөйлеу мәнерлерінде жиі қайталанатын, құлаққа жат сөздерді пайдалану (ахи, ухти, ширк, субханалла, машаллах т.б.);
  • Пластинка ойнап тұрғандай жаттанды сөздерді қайталай беру;
  • Отбасына, достарына, жұмысына, көңіл көтеруге деген көңілі болмау;
  • Күмәнді жиындарға, кездесулерге қатысу;
  • Ел ішінде немесе шет елге сапарға көп шығу;
  • Телефон соғатын, хабарлама жазатын адамдардың күрт көбеюі;
  • Әлеуметтік желі арқылы келетін хабарламалардың көпшілігі діни мазмұнда болуы.
  • Бірсарынды (монотонды) дауыспен сөйлесу;
  • Туысқандармен агресивті немесе немқұрайлы қарым-қатынаста болу;
  • Тұйықтық немесе жаңа жұмыс үшін бойын шаттық билеу;

 

Жоғарыда аталған теориялық мәселелерге тәжірибеден нақты дәйек келтіре кетейін. Бір топ ресейлік сарапшылардың «елуіншілер» деструктивті діни ағымының құрбанына айналған отбасылардың балаларына жүргізген зерттеуі нәтижесінде төмендегідей қортындыға барған: «30 діни ағым құрбаны балалары зерттелген. Олар қатарлас балалардан физикалық және психикалық даму тұрғысынан қалыс қалып қойған. Оларда эмоцианалды тұрақсыздық (тұйықтық, көңіл босағыштық, жасқаншақтық) ой өрістің тарлығы, жұпынылық белгілер байқалған. Мәдени, ойын-сауық орындарына барудан, спорттық шараларға қатысудан бас тарту. Балалардың ата-анасының діни жоралғыларды орындау сәтіндегі айғайлау, жылау, трансқа ену әрекеттері балалардың санасына соққы болып тиген. ДДҰ өкілдері көбіне балаларын діни фанаттыққа, қатаңдыққа тәрбиелейді. Олар діни жоралғылар мен дұға мінәжаттарды орындау кезінде, балалардың психикасына кері әсер ететін мына діни мәтіндерді жиі жоғары дауыспен қайталайды. «День великий, страшный близко», «Расстанутся дети и родители». Кәмелетке толмаған балаларды діни ағымның жоралғыларына қатыстыру олардың санасына айтарлықтай зиянын тигізеді» [6; 57]. Осыған ұқсас практика «Жусан операциясы» бойынша Сириядан елге оралған балаларды қоғамға бейімдеу, оңалту жұмыстарымен айналысқан теолог, психолог мамандар тарапынан да байқалған. Жұмыс барысында мамандар Сириядан оралған отбасылардың балаларының қуыршақ ойыншықтарды бауыздап, басын кесіп ойнап жатқандарын байқаған. Яғни деструктивті діни ағым өкілдерінің әрекеті ел болашағы балаларға орасан зиянын тигізетіндігінің дәлелі.

 

Қорытынды

 

Осылайша қазіргі деструктивті радикалды ұйымдар вербовкаға алданып келгендер үшін өзіндік ерекшелікке ие психологиялық конслагерь құруға қабілетті, тіптен жеке тұлғалардың радикалдануы ұйым құрбандарына жасырын түрде іске асады.

 

Жоғарыда сипатталған механизм мен психологиялық күйзелістен кейінгі жарақат синдромы түріндегі психологиялық жарақатқа сипаттама берілетін. Сондай-ақ деструктивті ұйымдардың ықпалына түскен адептер көп жыл түрмеде отырған немесе соғыс жағдайында болып келгендей байқалады.

 

Ағымдардың ықпалына түсуге ерекше осал топқа қарқынды түрде рухани ізденістегі тұлғалар, ақиқатқа немесе абсолютті ақиқатқа қол жеткізуді армандаушылар, екі жақты жауабы бар күрделі сұрақтарға жалғыз жауап іздеушілер, сонымен мәселені тікелей сөзбен түсінуге қабілеті жетпейтін, көз алдына елестету арқылы ғана түсіне алатын ақыл-ой жүйесіне ие адамдар жатады. Жалпы кез келген адам әртүрлі себептермен аз уақыт болса да манипулияцияның құрбанына айналуы ғажап емес. Сондықтан деструктивті діни ұйымдардың, жалған ақпараттың, манипулиятивті әсерлердің құрбанына айналмас үшін, ДДҰ тартушылары қолданатын айла тәсілдерін жақсы білуіміз керек.

 

Десек те оптимистік ескерту бар: Жоғары аталған күрделі зорлық-зомбылықтардан кейін де тұлға егер бастапқыда қалыпты әлеуметтік жағдай орнатып, шынайы болса қоғамға қайтадан бейімделіп, қалыпты өмірге орала алады. Сондай-ақ қазіргі кезде деструктивті діни ұйым құрбандарына көмек көрсетуге барлық жағдайлар жасалған. Сондықтан отбасындағы әлеуметтік қатынастардың берік болуы өте маңызды.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

  1. https://www.inform.kz/kz/ukk-kazakstanda-destruktivti-agymdy-ustanatyndardyn-sany-20-mynnan-asady_a3582690
  2. Блэйлер Э. Руководство по психиатрии // пер.изд.А.С. Розенталь. – Берлин: Изд-во «Врач», 1920. – 536 с.
  3. Кaбaковa М.П., Лaзaревa Е.А. Психологические методы контроля сознaния и поведения в деструктивных культaх // Журнaл Известия НАН РК. – Алмaты, 2013.
  4. Аксaкaловa Ж.К., Кaбaковa М.П. Особенности психологической устойчивости молодежи к новым деструктивным религиозным течениям // Вестник КaзНУ. Серия  психологии и социологии. – Алмaты.: Қaзaқ университеті, 2015. – №3 (54).
  5. Сыровaткин, Алексей. Деструктивное влияние нетрaдиционных религиозных движений нa духовную безопaсность современного российского обществa // Нaучнaя электроннaя библиотекa, 2013.
  6. Коченов М.М. Судебно психологическая экспертиза. – М., 1997. – 57 с.
  7. Борчашвили И.Ш. ҚР ҚК-не пікірі Особенная (том 2). – Алматы: ЖетіЖарғы, 2015. – 520-521 стр.
  8. Лири Т., Стюарт М. Технологии изменения сонания в деструктивных культах. Под ред. И. Митрофоновой. Перевод с англ. – «Janusbooks», С-Пт: «Экслибрис», 2002. – 224 с.
  9. Пашковиский В.Э. Религиозно-архаический бредовый комплекс (псхопатология, нозологическая принаддежность6 терапевтическая динамика): автореф.дис...доктр. мед. Наук. Спб.. 2011.
  10. Сербский В.П. Рукокодство к изучению душевных болезней. – М. : Студ.мед.изд. комис. им. Н.И. Пирогова, 1906.
  11. Цой Р.А., Сим И.В., Молчанова Е.С. Отражение исторических событий в клинической картине параноидной шизофрении // Медицинская психология в России: электрон. науч.журн. – 2017. – Т. 9, №1(42). -  URL:http://mprj.ru (дата обращения: 25.01.2018).

 

Серікжан ЕНШІБАЙҰЛЫ,

Алматы қаласы «Ибраһим» мешітінің бас имамы,

РАНТ мүшесі

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
Мұхан ИСАХАН: Тәңір – ханифтік сенім, ал «тәңіршілдік» – саяси жоба! Ханафилерді неге Матуридилер деп атайды?

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Ағымдар мен секталар Дін мен дәстүр радикализмге қарсы
Дін саласындағы ақпараттық-ағартушылық жұмыстардың өзекті бағыттарының бірі – дәстүрлі құндылықтарды жаңғырту. Біздің қазақстандық қоғамның жағдайында қазір дін және дәстүр сұхбаты маңызды орын алады. Дін мен дәстүр бірлігі – өткеніміздің тарихы, болашағымыздың кепілі. Дін мен дәстүр үндескенде дін ...
Ағымдар мен секталар Жасөспірімдердің діни ағымға еруіне әлеуметтік желінің әсері бар - теолог
Жат дінді қолдаушылар арасында жасөсіпірімдер жиі кездеседі. Бұл - үлкен мәселе. Балалардың дәл осы жолды таңдауына ең алдымен ортасы және әлеуметтік желідегі түрлі сайттар себеп болып отыр....
Ағымдар мен секталар Абай адасты, Шәкәрім шатасты дейтіндердің қатары неге көбейген - маманмен сұхбат
Қазақстанда діни тұрғыдан сауатты жастардың қазіргі білім көкжиегі, дәрежесі, олардың құндылықтары қандай? Осы сауалға жауап алу үшін Нұр-Мүбәрак Египет ислам мәдениеті университетінің Діни экстремизмге қарсы орталығының директоры Асқар Сабдинмен тілдесудің жолы түсті....
Ағымдар мен секталар Меккенің басты мешітінің бұрынғы имамы ИЛИМ-нің сәләфизмге негізделгендігін растады
Меккедегі Әл-Харам мешітінің бұрынғы имамы шейх Адель әл-Калбани ИЛИМ (ҚР-да тыйым салынған лаңкестік ұйым) Ислам мемлекетінің сәләфиттік идеяларға негізделгендігін растады, деп хабарлайды Azan.kz...
Ағымдар мен секталар Ынсапты радикализм
2016 жылы маусым айының 5-і күні, қасиетті Рамазан айының қарсаңында Ақтөбе қаласында қару-жарақ дүкендері мен әскери бөлімге қарулы шабуыл жасалды. Осының нәтижесінде бірнеше әскерилер мен азаматтық тұлғалар зардап шегіп, қаза тапты....
Ағымдар мен секталар Мадхалиттер, суруриттер, тəкфириттер дегендер кімдер өзі?
Сəлəф ағымы қауіпті, қауіпсіз жəне бейтарап болып үш топқа бөлінеді дейді. Яғни Мадхалиттер, Сурариттер, Тəкфириттер болып бөлінеді екен. Осылардың аражігін анықтап тарқатып айтып беріңізші? Оларды бір-бірінен қалай ажыратуға болады? Қандай ерекше белгіле...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Ақшам 16:23

Құптанға дейін 00:00

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi