ПАЙҒАМБАРҒА (С.Ғ.С.) ҚОЙЫЛҒАН ҮШ СҰРАҚ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Бесін 11:54

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

Мақалалар

ПАЙҒАМБАРҒА (С.Ғ.С.) ҚОЙЫЛҒАН ҮШ СҰРАҚ

| A | +

Мұхаммед пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) пайғамбарлық міндетін алғаш бастаған кезде-ақ меккеліктердің тарапынан көптеген қарсылықтарға жолығады. Мүшріктер бір ғана Құдайға құлышылық етуі қабылдай алмаған еді. Сонымен қатар олар Мұхаммедті (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Алланың елшісі деп мойындаудан түбегейлі бас тартады. Осылайша олар әз елшіге (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын), оның соңынан ергендерге сөзбен болсын, іспен болсын, қолдарынан келгенше қастық қылып бағады.   

Бірде меккелік пұтқа табынушылар Пайғамбарды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) масқаралап, тығырыққа тірейміз деген оймен сұрақ жолдамақшы болады. Ол үшін Назар бин Харис және Укбат бин Әби Муита атты екі шабарманды жасақтап Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жайлы Мәдинада тұратын яһудейлік Әһлі кітап ғалымдарынан пайғамбардың келуі жайында хабар алдырмақ болады. Меккеліктер екеуіне Мұхаммедтті (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сипаттап, оның қасиеттерін, қандай дінге шақырып жатқанын жеткізіп, оған жалпылама баға беруді сұрап келуді тапсырады.  

Маңызды тапсырма алған екі шабарман Мәдинаға аттанады. Келе сала яһудей ғалымды тапқан олар Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жайлы баяндап:

«Сендер нағыз Кітап иелері болғандықтан тайпалас туысымыз жайлы көбірек білу үшін сендерге келіп отырмыз»,- дейді.

Сонда яһудейлер:

«Оған мына үш сұрақты қойыңдар. Егер ол шынайы пайғамбар болса, барлығына жауап береді. Егер жауап бере алмай қалса, өзін-өзі танытқысы келіп жүрген біреу болғаны, оған не істеймін десеңдер өз еркілерің»,- дейді.

«Біріншіден, таңғажайып тарихы бар, таңсәріде жолға шыққан бозбалалар жайлы әрі олардың мақсаты жайлы сұраңдар.

Екіншіден, билігі шығыстан батысқа дейін жеткен адам жайлы сұраңдар.

Одан соң Рух жайлы әрі оның кім екендігі жайында сұраңдар»,- дейді.

Сонымен қатар, меккеліктерге егер Мұхаммед осы сұрақтарға жауап берер болса, шынайы пайғамбар деп қабылдап, оның соңынан еруді өсиет етеді.

Назар бин Хариса мен Укбат бин әби Муита Меккеге келіп, болған жайтты құрайыштықтарға жайып салады.

Артынша меккелік мүшріктер әз Елшіге (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келіп яһудей үйреткен сұрақтарды қояды. Сонда Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ертең келіңдер, жауап беремін»,- деп оларды қайтарып жібереді.

Алайда Жаратушыдан келетін уахи он бес күнге кешігеді. Сол кезде меккеліктер «жауабын ертең беремін деп еді, он бес күн өтті әлі жоқ» деп қуана жеңістерін тойлауды бастап кеткен еді. Әз Елші (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қатты қапаланып жүрген күндердің күнінде Жебірейіл періште уахи алып келеді. Бұл уахи: «Қандай да бір іске бел буғаныңда, «Мен оны ертең (міндетті түрде) істеймін», - деп айтушы болма»,- деп Пайғамбарға ескерту ретінде келеді.

Уахи етілген аяттарда Алла Тағала яһудейдің сұрағындағы үңгір иелері (Асхабул кахф) жайлы, Зұлқарнайын пайғамбар мен рух жайлы жауаптар жібереді.

Бірінші сұрақтың жауабы «Кәһф» сүресінің 9-аяты болды: «Сонда сен Біздің бірінен-бірі асатын аяттарымыздың (айқын дәлелдеріміздің) арасынан тек «Асхабу кәһф» (үңгір иелері) және Рақимды (үңгір иелерінің есімдері жазылған тас тақтаны) ғана ең таңғажайып аят деп ойладың ба?»

Ал екінші сұрақтың жауабы осы сүренің 83-85-аяттары болды: «Олар сенен Зұлқарнайын жайлы сұрайды. Оларға: «Сендерге ол жайлы да ғибратты әңгіме айтып берейін»,- де. Расында, біз оған жер бетінде тегеурінді зор билік нәсіп еттік әрі діттеген мақсатына жетуіне септігін тигізетін (ақыл-парасат, ілім, күш-қуат, байлық әрі билік сынды) әр алуан мүмкіндіктер бердік. Сөйтіп, ол күндердің күнінде жасағын бастап, (батысқа қарай) жол тартты (жорыққа аттанды)».

Үшінші сұрақтың жауабы уахи етілген «Исра» сүресінің 85- аятында болды. Ол жерде Алла Тағала мүшріктерге:

«Сондай-ақ олар сенен Рух жайлы сұрайды. Оларға: «Рух – Раббымның ғана білетін ісі. Бұл жайлы сендерге тым аз ілім берілген»,- деп айт»,- деген жауапты уахи етеді.

Осы уахидан кейін меккелік мүшріктер ешқандай қарсы жауап қайтара алмай қалады. Алайда Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) пайғамбарлығын қабылдауға олардың тәкаппарлықтары жібермеді… 

ДЕРЕККӨЗІ Muslim.kz

Астана қаласы Әзірет Сұлтан мешітінің ресми сайты

Предыдущий Следующий
МҰХАММЕД ПАЙҒАМБАРДЫҢ (С.Ғ.С) МҮБАРАК ШАШЫ МҰХАММЕД ПАЙҒАМБАР ИСЛАМДЫ ҚАЛАЙ СИПАТТАҒАН?

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Пайғамбар өмірбаяны МҰХАММЕД ПАЙҒАМБАР ИСЛАМДЫ ҚАЛАЙ СИПАТТАҒАН?
Бұл хадисте ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) исламды мысалмен бейнелеп түсіндіруде.
Пайғамбар өмірбаяны ПАЙҒАМБАРҒА ҚАТЫСТЫ 9 ӘДЕП
Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көзі тірісінде-ақ Жаратушы Жаппар иеміз Құран аяттары арқылы сахабаларға оған деген әдептерді үйреткен. «Хұжырат» сүресінің алғашқы аяттарында Алла Тағала: «Әй, мүміндер! Дауыстарыңды Пайғамбардың дауысының үстіне көтермеңдер. Өзара бір-біріңе...
Пайғамбар өмірбаяны УХУД ШАЙҚАСЫНДАҒЫ ЖЕҢІЛІС СЕБЕПТЕРІ
Бадр ғазауатынан жеңіліс тапқан Құрайыш аймақтағы араб тайпалары арасында беделін жолғалтудан қорықты. Араб жазирасындағы басшылықтан айырылмаудың жалғыз жолы мұсылмандардан кек алу еді. Осылайша һижраның 3 жылы қолына қару ұстауға қауқары бар құрайыштың түгел еркегі атқа мінді. Бес қаруы сақадай са...
Пайғамбар өмірбаяны ПАЙҒАМБАР БҰЗДЫРҒАН МЕШІТ
Ислам тарихында «Дирар мешіті», зиян келтіруші мешіт деген оқиға бар. Бұл үмбет үшін ең қастерлі мекен мешітті сылтау етіп, мұсылман қоғамына арандату әрекеті еді. Әз-Пайғамбар (с.ғ.с.) Тәбук жорығынан қайтып келе жатқанда Қасиетті Құранның: «Бір топ мұнафиқ исламға және мұсылмандарға зиян келтіру, ...
Пайғамбар өмірбаяны ОНЫҢ МІНЕЗІ ҚҰРАН ЕДІ...
Алланың қалауымен қасиетті Мәуліт айына да келіп жеттік. Бұл – соңғы елші, екі дүние сардары, барша пайғамбарлардың мөрі Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) пайғамбардың дүниеге келген айы. Адам баласына тән ортақ құндылықтар бір бойынан табыла білген бірден-бір тұлға – ғаламға рақым ...
Пайғамбар өмірбаяны ПАЙҒАМБАРҒА УАХИ ҚАЛАЙ КЕЛДІ?
Алла Тағаладан пайғамбарларға тікелей немесе елші арқылы келетін анық хабарлар «уахи» деп аталады. Құранда Алла Тағаланың араға, Мұсаның анасына, Исаның ізбасарларына, періштелерге, жерге және аспанның жеті қабатына уахи етілгені айтылады....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Бесін 11:54

Екінтіге дейін 02:05

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi