Коронавирус індетінен қайтыс болған адам шейіт санала ма?
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Таң 05:58

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:58 07:21 11:57 14:46 16:28 17:51
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
27 Джумада-сани 1446
Миләди
29 желтоқсан 2024

Мақалалар

Коронавирус індетінен қайтыс болған адам шейіт санала ма?

| A | +

Шәһид (шейіт) деп Алла жолында қаза тапқан және дінін, абыройын, отанын дұшпаннан қорғап қайтыс болған мұсылман адамға айтылады.

Шейіт екі түрге бөлiнедi:

Біріншісі, кәмiл шейіт. Алла жолында соғыста, бүлікшінің және қарақшының қолынан қаза тапқан адам бұл дүниеде де, ақыретте де шейіт саналады.

Екіншісі, ақыретте шейіт қатарына қосылатын мұсылман. Ол ақыретте шейіттік дәрежеге және оның сауабына ие болады. Ақыреттік шейітке іші өтіп, оба ауруымен, суға батып немесе өртеніп өлгендер және т.б. жатады.

Бұлардың кәміл шейіттен айырмашылығы – оларды жуып, кебіндеп, жаназасы шығарылады. Ал кәміл шейітке ғұсыл рәсiмi жасалмайды, тек үстiндегi қаннан өзге нәжiстен тазартылады. Өз киiмi және үстiндегi қанымен жаназа намазы оқылып, жерленеді[1].

Әбу Һұрайрадан жеткен хадисте Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Шейіттер бес түрге бөлінеді: Оба (немесе сол сияқты жұқпалы) дертке ұшырап бақилық болғандар, іш ауруына шалдығып көз жұмғандар, суға батып өлгендер, қираған үйдің астында қалып қаза тапқандар және шыбын жанын Алла жолында пида еткендер», – деп айтты[2].

Әбу Дәуіт риуаятында Алла жолында қайтыс болғаннан басқа шейіттер саны жетеу деп жоғарыдағы сипаттарға қоса өрттен мерт болғанды және босану үстінде қайтыс болған әйелді атап өтеді.

Имам Нәуауи: «Ғалымдар Алланың кеңшілігімен мұндай өліммен қаза тапқандарға ауырсынудың қарқындылығы, қатты қиналуы себепті шейіт дәрежесі берілген дейді», – деп айтады[3]. Бірақ, ақыреттегi шейіттер хадисте келген сипаттармен ғана шектелмейді[4]. Бәлкім, сондай мағынаны қамтыған сипаттар да шейіттік дәрежеге ілеседі. Сондықтан кейбір ғалымдар ақыреттік шейіттердің санын жиырмаға жеткізсе, кейбірі қырыққа жуығын атап өткен[5].

Ендеше «Коронавирус COVID-19» деп аталатын пневмония індетінен қаза тапқан мұсылмандарды төмендегі дәйектер негізінде ақыреттік шейіттер қатарына қосуға болады:

Біріншіден, аурудың асқынуы, вирустың аса қауіптілігі, ауырсынудың қарқындылығы – ғұламалардың атап өткен шейіттік дәрежеге жету себептеріне дөп келеді.  

Екіншіден, бұл індет жалпы тілдік жағынан хадисте аталған кейбір дерттің құрамына жатады. Мысалы, іші өтіп қайтыс болу. Бірқатар ғалымдардың көзқарасы бойынша бұл жалпылама іш ауруына шалдығып қайтыс болғандарды қамтиды[6]. Яғни бауыр, бүйрек, өкпе секілді ішкі ағза дерттерінің барлығы іш ауыруы болып саналады.

Үшіншіден, шариғатымызда безгек[7] және туберкулез[8] ауруымен қаза болғандар шейіт есептеледі. Бұл дерттердің нышандары коронавирустың белгілерінен де табылады.

Төртіншіден, хадистегі шейіт туралы келген дерттер пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) уақытында белгілі ауруларды ғана қамтымайды. Бәлкім, біздің кезімізге дейін сол мағынаны қамтыған дерттерді де ішіне алады. Мысалы, өкпенің қабынуы. Оның негізгі белгілері: ыстығы көтеріледі, жөтел, ентігу, қатты ауырсыну[9]. Коронавирустың да көп белгілері дәл осы секілді.

Бесіншіден, коронавирустан көз жұмған мұсылмандар хадисте келген «тағун» атауына кіреді. Оны ғұламалар оба ауруы деп түсіндірген. Ғұлама Бадруддин Айни: «Жалпыға жұғып, жылдам өлімге апарғандықтан оны «тағун» (оба) деп атады. Бұл дерт өзі секілді қауіпті індеттердің барлығын қамтиды», – деген[10].   

Осыған орай, коронавирус індетінен қайтыс болған мұсылманды ақыреттік шейіт қатарына жатқызуға болады. Бірақ, оны жерлегенде шариғатқа сай жуындырып, кебіндеп, жаназасы оқылуы керек. 

Шариғат және пәтуа бөлімі

[1] Жаназа және жерлеу рәсімдері, 81-82 б.

[2] Бухари риуаят еткен.

[3] Нәуауи, Шарху Муслим, 13/63.

[4] Ақыреттік шейітке жарақатынан кейін көп уақыт өткен соң өлген адам немесе сәби бала, есі ауысқан кісі немесе абайсызда өлтірілген кісі жатады. Сондай-ақ, үстін дуал немесе сол сияқты бір нәрсе басып қалған адам, сапардағы жолаушы, тырысқақ ауруынан немесе дәрі-дәрмектен уланып өлген, босану үстінде қайтыс болған әйел, эпилепсия (талма), ыстығы көтеріліп өлген, жылан-шаян шаққан, сонымен қатар ілім іздеп жүріп қайтқан және жұма қарсаңындағы түнде қайтыс болған кісілер жатады.

[5] Фатхул-бари, 6/43, Ат-тануир шарху әл-жамиғ ас-сағир, 6/551.

[6] Нәуауи, Шарху Муслим, 13/63.

[7] Дәйлами риуаят еткен. Хафиз Суюти оны сахих деген.  

[8] Табарани риуаят еткен.

[9] Ламғату ат-танқих фи шәрхи мишкатил-мәсабих, 4/41.

[10] Умдатул-қари, 14/129.

Предыдущий Следующий
АБАЙДЫҢ ДІНИ ТАНЫМЫ Абай. Ақида. Ақиқат

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Сұрақ-жауап Буаз малды союға бола ма?
Әбу Сайд әл-Худури былай дейді: «Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Уа, Алла Елшісі! Біз түйені, сиырды және қойды бауыздағанымызда ішінен баласы шығып жатады. Оны жей берсек бола ма, әлде лақтырып жібереміз бе?» - деп сұрағанымызда Ол: «Қаласаңдар оны жеңдер, өйткені анасын...
Сұрақ-жауап Құрбандық шалғанда қалай ниет ету керек?
Негізінде, ғибадатта ниет ету – өте маңызды. Ниетсіз іс бітпейді. Нақты ниет етпесе, көзделген мақсат орындалмай, жай бір әрекет болып қалады. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Шын мәнінде, амалдар ниетке байланысты. Кім неге ниет етсе, оның қарымтасын алады», – деген[1]....
Сұрақ-жауап Құрбан айтқа байланысты жиі қойылатын сұрақтар
Қасиетті Құрбан айт (Ид-аль-Идха) мейрамы қарсаңында, Azan.kz өткен жылдар тәжірибесінен шыға отырып, жиі қойылатын сұрақтар және оларға қатысты жауаптарды жариялайды. ...
Сұрақ-жауап Құрбандық қай уақытта шалынады?
Құрбандық шалудың белгілі уақыты бар. Құрбандықты одан алдын немесе кейін шалуға болмайды. Уақытынан бұрын шалған құрбандық өз отбасы үшін сойылған мал іспетті. Ол құрбандық болып есептелмейді. Ал уақытынан кейін шалса, оның етін садақа ету уәжіп болады, одан өзі жемейді[1]....
Сұрақ-жауап Құрбандыққа қандай мал шалынады?
Құрбандыққа таңдап алынған малдың сау, мінсіз болуы талап етіледі. Біріншіден, бұл пенденің Жаратушы Иесіне деген жоғары деңгейдегі әдептілік қарым-қатынасын көрсетеді. Құрбандықтың еті де, қаны да Алла Тағалаға қажет еместігі, Оған тек пенденің тақуалығы ғана жетіп баратыны белгілі. Осы орайда пенд...
Сұрақ-жауап Біреуге тапсырыс беру арқылы құрбан шалуға бола ма?
Шариғат бойынша бір адам өзінің атынан басқа бір адамды белгілі бір іске уәкіл ете алады. Өйткені, адам баласы кейбір жағдайларда бір істі орындауға жарамай қалуы мүмкін. Сонда біреудің көмегіне жүгінеді, яғни, сол істі оған тапсырады, оны өзінің атынан уәкіл етеді  (Һидая, 3/357)....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
27 Джумада-сани 1446
Миләди
29 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Таң 05:58

Имсакқа дейін 00:23

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi