Құрбан айтқа байланысты жиі қойылатын сұрақтар
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:52
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:58 07:21 11:58 14:47 16:29 17:52
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
28 Джумада-сани 1446
Миләди
30 желтоқсан 2024

Мақалалар

Құрбан айтқа байланысты жиі қойылатын сұрақтар

| A | +

Қасиетті Құрбан айт (Ид-аль-Идха) мейрамы қарсаңында, Azan.kz өткен жылдар тәжірибесінен шыға отырып, жиі қойылатын сұрақтар және оларға қатысты жауаптарды жариялайды. 

 

Сұрақ: Мұсылмандардың мейрамы Құрбан айт жақындап келе жатыр. «Құрбан» деген нені білдіреді?

 

- «Құрбан» деген сөз «жақындау», «жақын болу» дегенді білдіреді. Діни термин ретінде бұл Жартақан Аллаға құлшылық ету ниетімен белгілі бір уақытта малды құрбандыққа шалуды білдіреді.

 

Сұрақ: Құрбан айт биыл жылдың қай күніне дәл келеді?

 

- Осы жылы Құрбан айт 31 шілдеге (жұма) келеді.

 

Сұрақ: Мен Құрбан айт алдындағы ораза жайында естігем, сол жайында айтып беріңізші.

 

- Зулхижжа айының алғашқы он күндігі (10 күн) Аллаға құлшылық ету және сауапты істер жасау үшін ең қасиетті күндер болып саналады, бұл жөнінде көптеген хадистерде айтылады. Қалған барлығынан өзге, құлшылық етудің кең тараған түрі ораза болып табылады. Әсіресе Зулхижжа айының 9 күніне (30 шілде, бейсенті) келетін Арафат күні ораза ұстау маңызды.  

Ммам Муслим жеткізген хадисте Пайғамбарымыз оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын: 

 

«(Осы күнгі ораза) өткен әрі осы жылдағы күнәлардың өтеуі болады», - деген.

 

Сұрақ: Қайтыс болған адам үшін құрбандық шалынады ма?

 

- Қайтыс болған туысы немесе жақсы көретін адамы үшін сауап жеткізу ниетімен Құрбан шалуға болады. Адам өз қаражатына шалынған Құрбанның етін жей алады, бұл үшін сауапты қайтыс болған туысына арнайды. Басқаларға да үлестіріп беруіне болады. Бұндай Құрбанды мейрам күндері ғана шалу міндетті емес.

 

Егер бір адам қайтыс болғаннан кейін Құрбан шалуды өсиет етіп айтып кеткен болса, онда бұл Құрбанды мейрам күндері шалу уәжіп болып табылады. Осындай Құрбан шалып отырған адам оның етін жей алмайды, оны толығымен таратып беруге міндетті.

 

Сұрақ: Құрбан шалғаннан қандай пайда бар?

 

1. Ақиқатында Құрбан жылдық дүниелік игіліктер үшін алғыс ретінде құрмет көрсету үшін парыз етілген және осылайша Жаратқанға бізге жүктелген міндетіміз өтеледі.

 

2. Күнәлар кешіріледі және сауап алынады.

 

3. Құрбан Қиямет күні иесіне Сырат көпірі арқылы өткізетін көлік және оның құтылуының себебі болады.

 

4. Кедей мұсылмандарға ет, жүн және терімен көмек беру олардың қарапайым қажеттілігін қанағаттандыруға ықпалын тигізеді.

 

Сұрақ: Құрбандыққа шалынатын малдың парыз етілуінің деңгейі қандай?

 

- Ханафи мазхабы бойынша құрбандық шалу уәжіп (парыз) болып табылады. Бұған Жаратқанның сөзі дәлел: 

 

«Сен де Раббың үшін (Оған борыштар екеніңді терең сезіне отырып) намаз оқы және құрбан шал!» (108:2).

 

Сондай-ақ Пайғамбарымыз оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын хадисі де дәлел: 

 

«Кімде-кім мүмкіндігі бола тұра құрбан шалмаса, онда біздің намаз оқып жатқан жерімізге жақындамасын».

 

Сұрақ: Кімдерге құрбандық шалу парыз?

 

- құрбандық шалу парыз болу үшін адам: 

 

- мұсылман болуы; 

 

- ақыл-есі сау;

 

- кәмелеттік жасқа толған; 

 

- азат; 

 

- мүкім болмауы, яғни сапарда болмауы;

 

- зекет төлей алуға (85 г. алтын құнына тең нисаппен) қажетті аз мөлшердегі табысқа (мүлкі) ие болуы тиіс.

 

Ескерту: Құрбандық олардың көрсетілген мөлшерде мүлікке ие болуларына немесе ие болмауларына қарамастан балаға, ақыл-есі сау емес адамға жүктелмейді Сондай-ақ олардың атынан құрбан шалуға қамқоршысы уәжіп (парыз) болып табылмайды.

 

Жолаушы үшін құрбан уәжіп (болып табылмайды. Жолаушы адам деп исламда 80 км астам және одан да көп жүру ниетімен сапарда болған адамды айтады. Ол қаланы тастап шыққан соң жолаушы болады. Бірақ егер ол қандай да бір орында 15 және одан көп күн қалуға ниет етсе, ол жолаушы болып саналмайды.

 

Құрбан шалу парыз болып табылмайтын адам үшін өз мүмкіндігінен асыра, қарызданып құрбан шалу қажет емес.

 

Егер құрбандық адам үшін міндетті болып табылмаса (мысалы, жолаушы болса), онда егер қаржылық жағдайы мүмкіндік берсе, құрбан шалу жақсы амал болады.

 

Сұрақ: Құрбандыққа қандай малдың түрін шалған абзал, қай түрін шалмаған дұрыс?

 

- Құрбандыққа шалынатын малға: 


1. Қой және ешкі;

 

2. Сиыр, бұқа және енеке (буйвол);

 

3. Түйелер жатады.

 

Қой және ешкі бір жасар, ірі қара мал – екі жасар, ал түйе – бесжасар болуы керек. 
 

Қалған жануарларды құрбандыққа шалу жарамайды. Жоғарыда аталған үш түрлі жануардың еркегін де, ұрғашысын да шалуға болады. Қой және ешкіні құрбандыққа шалған абзалырақ. Бірақ егер алты айлық кепе қозы бір жасар қой сияқты семіз, етті болса, құрбандыққа шалуға рұқсат.

 

Бұл жануарлардың дені толық сау және мынадай кемістіктері болмауы тиіс:


1. бір көзі немесе екі көзі соқыр;

 

2. әлсіз және арық;

 

3. құлағы немесе құйрығы жоқ (үштен бір бөлігі), тістері (жартысы және көбісі) түсіп қалған;  

 

4. мүйізі сынған;

 

5. ақсақ;

 

6. анық көрініп тұратын ауруы. 

 

Сұрақ: Мен Құрбан айтқан қой сатып алдым, бірақ ол піштірілген болып шықты. Оны мен құрбандыққа шала аламын ба? 

 

- Піштірілген малды құрбандыққа шалуға болады. Әбу Рафи': 

 

«Алланың Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, қара ала, піштірілген екі қошқарды құрбандыққа шалғанын» айтқан (Ахмад). 

 

Сұрақ: Құрбан шалу рәсімін мейрамның алғашқы күнінен соң келесі күндері жасауға болады ма? 

 

- Құрбандықты айт намазынан соң шалу керек. Бірақ адам қандай да бір себептермен бұны алғашқы күні жасай алмаса, ол рәсімді екінші, үшінші күні күн батқанға дейін жасай алады. 

 

Сұрақ: Бірнеше адам бірігіп құрбандық шала алады ма?

 

- Әрбір адам құрбандыққа бір қой немесе ешкі шала алады. Адам жалғыз өзі де, жеті адаманан тұратын адамдар тобында да ірі қара малды немесе түйені құрбандыққа шала алады. Оның үстіне, осы топтың барлық мүшелері құрбан ашалуға ниет етулері тиіс. Жәбірден келіп жеткен риуаятта Алланың Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын: 

 

«Сиыр жетеу үшін және түйе жетеу үшін құрбандыққа шалынады» , - деген. (Әбу Дәуд, ән-Нәсаи).

 

Ескерту: серіктестер Алла үшін құрбандық шалу ниетімен бірігулері тиіс. Егер олардың біреуі тек ет сатып алу мақсатын қойса, онда олардың біреуінің де Құрбаны жарамды болмайды. Шариғат бойынша серіктестер құрбан шалынған малдың етін салмақпен өлшей отыра әркім өзінің үлесін алулары тиіс.

 

Сұрақ: Құрбандық қалай шалынады?

 

- Құрбан шалар алдында ниет ету, орын дайында, пышақ қайралуы керек. Пышақты құрбандыққа шалынатын малдың алдында қайрауға болмайды, бұл -мәкрүх. Пайғамбарымыз оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын: 

 

«Малды бауыздаған уақытта жақсылап бауыздаңдар, кімде-кім мал сойса, пышағын жақсылап қайрасын және малды қинамай бауыздасын» , - деген. (Муслим).


Құрбандыққа шалатын малды  жерге бір қырынан жатқызғаннан кейін, оның басын құбыла жаққа бұрады және дұға ретінде келесі аятты айтады (бұл амал жақсы, бірақ парыз емес):

 

«Инна салати уа нусуки уа махиаиа у мәмәти лиллаһи Раббил 'аламина лә шәрика ләһ»
(«Күмәнсіз менің намазым және басқа ғибадаттарым, өмірім де, өлімім де бүкіл әлемнің Раббы Аллаһ үшін. Оның еш серігі жоқ»).  

 

Одан кейін:

 

«Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар лә илаһа иллал-лаһу, уАллаһу әкбар, Аллаһу әкбар уа лиллаһил-хамд» деп, тәкбір айтылады.


Бұдан кейін: «Бисмиллаһи, Аллаху әкбар» деп бауыздалады. Малдың терісін шешу және етін бөлу тек оны жансыздандырылған соң рұқсат етіледі.

 

Сұрақ: Малды бауыздар алдында сүре оқу үшін имамды (молланы) шақыру керек пе? 

 

-  Малды бауыздау кезінде имамның (молланың) қатысуы міндетті емес. Сүрелер мен дұғаларды оқу да міндет емес. Бастысы, бауыздалар алдында: «Бисмиллаһи, Аллаху әкбар!» деп айту қажет.

 

Сұрақ: Құрбандық шалуы орнынан садақа ретінде малдың құнын беруге болады ма?

 

- Құрбан шалу – бұл Аллаға ғибадат ету. Бұл жораның тарихы Ибрахим пайғамбардың, оған Алланың сәлемі болсын, дәуірінен бастау алады. Жаратқан Алла Ибрахим пайғамбарды, оған Алланың сәлемі болсын, сынау үшін және барлық мұсылмандарға бойұсынушылықтың мысалы ретінде оған өзінің ұлы Исмаилды оған Алланың сәлемі болсын, құрбандыққа шалуды бұйырған. Ибрахим пайғамбар, оған Алланың сәлемі болсын, ұлын құрбандыққа шалуға дайын болған кезде, Жаратқан Алла оның бойұсынушылығын сынап болған соң, құрбандыққа шалу үшін қой жіберген және Исмаилдың, оған Алланың сәлемі болсын, өмірін сақтап қалған. 

Бүгін, құрбан шала отырып, біз  Ибрахим пайғамбардың, оған Алланың сәлемі болсын, қандай ұлы құрбандық жасауға дайын болғаны жөнінде еске түсіру үшін жасаймыз. Біз сондай-ақ бұны Исмаилдың, оған Алланың сәлемі болсын, өмірін сақтап қалғаны үшін Аллаға алғыс белгісі ретінде  жасаймыз. Құрбандық шала отырып, адам Аллаға деген шексіз бойұсынушылығын және Пайғамбарлардың, оларға Алланың сәлемі болсын, жолымен жүруін көрсетеді. Сондықтан бұл жоралғының өзі маңызды. Малдың құнын ақшалай беруге болмайды.

 

Сұрақ: Адам құрбандық шалғанда тек өзі ғана шалу міндетті ме? Басқа біреуге шалғызуға болады ма?

 

- Адам өзі шалған жақсы (сүннет). Бірақ егер сіз өз қолыңызбен бауыздау рәсімін жасай алмасаңыз, онда сіз өз атыңыздан басқа біреуге жүктей аласыз. Бірақ бұл жағдайда да тікелей рәсім кезінде  сіз өзіңіз қатысқаныңыз дұрыс. 

 

«Пайғамбарымыз оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, қызы Фатима үшін құрбан шалып жатқанда оның өзінің жеке қатысу керектігін, оның қанының алғашқы тамшысы оның өткен күнәларының кешірілуіне себеп болатынын айтқан». (Ибн Хиббан). 

 

Бірақ егер адам рәсімге қатысуға мүмкіндігі болмаса, ол ниет етіп, құрбандық малының құнын беруге және оның атынан жоралғыны жасауды өтіне алады.

 

Сұрақ: Етті не істеу керек? Оны толық таратып беруі қажет пе?

 

- Құрбандыққа шалынатын малдың етін үш бөлікке бөлген дұрыс (мұстахаб). Бір бөлігін отбасы қажетіне қалдыру, екінші бөлігін қонақтар үшін қалдыру, үшіншісін жоқ-жітікке таратып беру керек. Алайда толығымен де таратып беруге болады.

 

Сұрақ: Малдың терісін не істеу қажет? 

 

- Малдың терісін жеке қажеттілікке қалдыруға немесе садақа ретінде беруге болады. Теріні сатуға және ақшаны адам өзі үшін жұмсауға мүлдем болмайды, бірақ бұл ақшаны садақта ретінде беруге болады. 

 

Сұрақ: Мейрам түндері және күндері қандай амалдарды жасаған мұстахаб (жақсы)? Құрбан айтты қалай өткізу қажет?

 

1. Мейрам түндерін дұғамен және намазбен өткізеді, қаза болған намаздарды өтейді. Құран оқиды және кешірім сұрайды. Мейрам түндері жасалған дұға қабыл болады. Убада бин ас-Самиттен (радыйаллаху ‘анху) жеткен хадисте, Табарани риуаят еткендей, Пайғамбарымыз (саллаллахуәлейхи уә сәлләм): «Рамазан мен Құрбан мейрамдарының түндерін сауапқа үміт ете отырып, құлшылықпен өткізген әрбір жан сол күні (Қиямет) көп жүректер өліп жатқанда, өлмейді», - деген.

 

2. Мейрам таңында ерте тұрып дәрет алу.

 

3. Таза немесе жаңа киім кию.

 

4. Хош иіссу пайдалану.

 

5. Егер мүмкін болса, намазға жаяу бару, себебі Пайғамбарымыз (саллаллахуәлейхи уә сәлләм) бұл мейрам күндері намаз орнына жаяу барған.

 

6. Күлімсіреу және қуанышты болып жүру.

 

7. Кедейлерге және жоқ-жітікке көп садақа беру.

 

8. Мейрам намазына бара жатқан жолда тәкбір айту.

 

9. Егер адам Құрбан шалғысы келсе, онда өз Құрбанынының етінің дәмін татпайынша, тамақ ішпегені жақсы.

 

10. Құрбан етін жеу, себебі Пайғамбарымыз (саллаллахуәлейхи уә сәлләм) солай жасаған.

 

11. Өз отбасыңа жомартты болу.  Ең бастысы мейрам сезіліп тұру керек.

 

Сұрақ: Мейрамның қандай әлеуметтік пайдасы бар?

 

Біздің қоғамда мейрамның орны ерекше. Мейрам күндері – бұл мұсылмандардың бірігуі, олардың арасындағы байланыстың және өзара бауырмашылдықтың бекуі.

 

Мейрамдар үй қамынан демалу және бұдан әрі істерді атқару үшін күш пен сергектік қуатын алу мүмкіндігін береді. Бұл күндері біз туыстарымызбен, көршілерімізбен бас қосамыз. Мейрам таңында мүміндер мешіт толтырады және Жаратқанға бірге жалбарынады, Одан рахымы мен кешірімін сұрайды. Бұл күндері біз ата-анамызды зиярат етіп, олардың батасын алуымыз қажет. Исламда, Аллаға құлшылық етуден және Оның Елшісіне (саллаллахуәлейхи уә сәлләм) бой ұсынудан кейін, ата-анаға мейірімді қарым-қатынас жасау бұйырылады, оларға тіптен «уф» деп те айтуға болмайды. Жолшыбай қарсы кездесен адамдарға сәлем беру, танитындар мен танымайтындарды да мейраммен құттықтау керек. Достарды зиярат ете отырып, олардың хал-жайын сұрау және жақсылық тілеу қажет. Сырқат адамдарға барып, олардың тез сауығып кетуін тілеген абзал. Жетімдер мен ата-анасынан айырылған балаларға көңіл бөліп, оларды мейірімге бөлеу керек. Кедейлер мен мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, мейрамның қуанышын бастарынан өткізуге мүмкіндік беру қажет.

 

Біздің дұғамызды күтіп жүрген жандардың қабірлеріне барып, рухтарына Құран бағыштау қажет. Араздасып жүрген таныстардың арасынан табыстыру, балаларға сыйлықтар тарату керек. Бізге Ислам бұйырғандай, қоршаған адамдармен ең көркем түрде араласып және қарым-қатынас жасап, теріс және лайықсыз қылық пен әрекеттен аулақ жүрген абзал.

 

 

 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

АУДАРҒАН Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
Арапа күніне арналған 6 кеңес Құрбан шалудың маңызы мен пайдасы

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Сұрақ-жауап Құрбандық қай уақытта шалынады?
Құрбандық шалудың белгілі уақыты бар. Құрбандықты одан алдын немесе кейін шалуға болмайды. Уақытынан бұрын шалған құрбандық өз отбасы үшін сойылған мал іспетті. Ол құрбандық болып есептелмейді. Ал уақытынан кейін шалса, оның етін садақа ету уәжіп болады, одан өзі жемейді[1]....
Сұрақ-жауап Құрбандыққа қандай мал шалынады?
Құрбандыққа таңдап алынған малдың сау, мінсіз болуы талап етіледі. Біріншіден, бұл пенденің Жаратушы Иесіне деген жоғары деңгейдегі әдептілік қарым-қатынасын көрсетеді. Құрбандықтың еті де, қаны да Алла Тағалаға қажет еместігі, Оған тек пенденің тақуалығы ғана жетіп баратыны белгілі. Осы орайда пенд...
Сұрақ-жауап Біреуге тапсырыс беру арқылы құрбан шалуға бола ма?
Шариғат бойынша бір адам өзінің атынан басқа бір адамды белгілі бір іске уәкіл ете алады. Өйткені, адам баласы кейбір жағдайларда бір істі орындауға жарамай қалуы мүмкін. Сонда біреудің көмегіне жүгінеді, яғни, сол істі оған тапсырады, оны өзінің атынан уәкіл етеді  (Һидая, 3/357)....
Сұрақ-жауап Құрбандық орнына садақа беруге бола ма?
Ханафи мәзһабы бойынша құрбан шалу бай[1], азат, балиғат жасына толған, ақылды, жолаушы болмаған мұсылманға – уәжіп.
Сұрақ-жауап Намазда саптың арасы алшақ болса, жамағат намазының сауабы беріле ме?
Жамағат намазы дегеніміз – имамның артында тұрып, парыз, уәжіп, тарауық намаздарын оқу. Жамағат намазы – ер кісілер үшін бекітілген сүннет және сауабы өте үлкен. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Жамағатпен оқыған намаздың сауабы жеке оқыған намаздан жиырма жеті есе артық»[1],...
Сұрақ-жауап Кремацияның дініміздегі үкімі
Кремация (лат. crematіo, cremare – өртеу) – мәйітті арнаулы тәсілмен өртеу әдісі. Алғаш рет соңғы неолит пен қола кезеңдерінде пайда болған (б.з.б. 3 – 2-мың жылдықтар). Ежелгі гректер мен римдіктер адам мүрделерін өртеуді кеңінен қолданды. Жапонияда, Үндістан мен Оңтүстік-Шығыс Азияның басқа да елд...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
28 Джумада-сани 1446
Миләди
30 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:52

Бамдатқа дейін 05:14

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi