Кешірім сұрау – күштіліктің белгісі
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Ақшам 16:24
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:56 07:19 11:54 14:42 16:24 17:47
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024

Мақалалар

Кешірім сұрау – күштіліктің белгісі

| A | +

Отбасы кеңесшісі маманының әңгімесі: "Әкем вестерн актеры Джон Уэйнді ерекше жақсы көретін. Оның барлық фильмдерін сүйіп тамашалайтын. Әсіресе «Нағыз ержүректілік» фильмін ұнататын. Сол фильмде Джонның: «Нағыз ер азамат ешқашан кешірім сұрамайды» деген сөзі бар. Осы сөзді әкем өзіне ұран етіп алды. Әкем ғажайып адам еді. Қаталдық оған жат мінез еді. Ашулану дегенді білмейтін. Ара-кідік жүйкесі сыр беріп, анама және кейде маған қатты сөйлейтін. Әкемнің өмірде бір рет те кешірім сұрағанын естімеппін. Сол мінезін мен үлгі ретінде көретінмін. Бұл Джон Уэйннің жанкүйерлеріне ықпалы деп білемін.

Мен кешірім сұрамаймын деген ойдан аулақ едім. Бірақ іс жүзінде кешірім сұрау оңай емес екен. Жазатайым ісім немесе сөзім себепті әйелімнен кешірім сұрауыма тура келуі мүмкін деген ой басыма кіріп-шықпаған еді. Жұбайымды жақсы көремін. Ниетім оны шын бақытты ету еді. Әйелім де мен үшін барлығын істейтіндігіне бек сенімде едім. Барлығы үйленген соң басталды. Бұрын байқамаған бойымдағы бір жайтты көрдім. Кешегі мен жақсы көрген қыз, бүгінгі әйелімнің кейбір пікірлері ақымақтың ойы сияқты еді. Онысын ашық бетіне айттым. «Дұрыстап ойлан, мынауың ақылға сыймайды!» – дедім. Бұл сөздер арамызға от түсірді. Үйдегі атмосфера ушығып жатты десем әсірелегенім емес.

Әр текетірестен кейін екеуіміз үнсіз қалатынбыз. Бірнеше сағатқа дейін сөйлеспейтінбіз. Кейде үнсіздік бірнеше күнге дейін созылатын. Соңыра, түк болмағандай қайта әңгімелесіп кететінбіз. Осылайша бірнеше күн немесе ай тыныштық жалғасып жатады. Ауыр немесе дөрекі сөз себепті қайта жарылатынбыз. Міне, сонда әкем сияқты шешім қабылдадым. Ешуақытта кешірім сұрамаймын деп шештім. Тіпті іштей жанжалға әйелімді кінәлап, оны жазғыратынмын. Соның салдарынан алғашқы отбасылық өміріміз біз ойлағандай жақсы болды деп айта алмаймын.

Дінде тәубе, қатесін мойындау жайлы көп айтылады. Қасиетті Құранда:

إِنَّ اللَّهَ يُحِبُّ التَّوَّابِينَ وَيُحِبُّ الْمُتَطَهِّرِينَ

«...Ақиқатында, Алла Тағала тәубе етушілерді және тазаланушыларды жақсы көреді[1]» десе, ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың игілі мен сәлемі болсын):

كل بني آدم خطاء, وخير الخطّائين التوابون

«Барлық адам баласы қателесуші. Қателесушілердің ең жақсысы тәубе етушілері[2]», – дейді.

Қателікті мойындамау ең жаман қасиет. Бұл өзгеден бұрын өзіңді алдау екен. Қатемді мойындаумен Құдай алдында жаным тыныштала бастады. Беймәлім жан рақатын сезіндім. Әрине, жұбайымның алдында кешірім сұраудан гөрі Жаратқан алдында кешірім сұрау әлдеқайда жеңіл еді. Бірнеше айдан кейін әйелімнен де кешірім сұрауды үйрендім. Әйелім кешіруге дайын боп шықты. Уақыт өте келе әйелім де қателерін мойындап, кешірім сұрайтын болды. Отбасы мәселесі бойынша кеңес беру тәжірибемде қателеспейтін және кешірмейтін отбасы дұрыс өмір сүре алмайтындығын түсіндім. Өз тәжірибемнен айтарым: «Біз пендеміз. Пенде кейде біреудің жанын жаралайтын сөз айтуы, тіпті әрекет жасауы мүмкін. Мұндай сөз бен іс жұбайлардың арасындағы сезімге бөгет тудырады. Ал бөгет пен кедергі уақыт өтумен өз бетінше жоқ боп кетпейді. Бөгетті бұзудың жолы қолмен жасалған қателікті мойынмен көтеру. Кешірім сұрау. Реніш, екінші тараптың кешіруі арқылы ғана жойылады».

Бірнеше жыл бұрын әріптесім екеуіміз кешірім сұрау жайлы әлеуметтік сауалнама жүргізіп көрдік. Сауалнамаға жүз адам қатысты. Респонденттер: Кешірім сұрағанда нақты не айтасың немесе не істейсің? Және сенен кешірім сұраушыдан қандай сөз, қандай әрекет күтесің? – деген екі сұраққа жауап беруі қажет еді. Жинақталған жауаптарды бес топқа бөлдік. Мұны кешірім сұраудың бес тілі деп атадық. Нәтижеде, мынадай қорытындыға келдік. Бірінің қабыл еткен кешірімін екінші біреу кешірім деп мойындамауы мүмкін. Демек, жұбайлардың бірін-бірі кешірмеуінің себебі осы. Олар кешірім сұраудың жолын таба алмауда. Яғни, ауызбен айтқан кешірімі жұбының түсінігіндегі ұғымға сай келмеуі. Қолында кілт бар. Бірақ ол кілт қарсы алдындағы есікті ашады ма? Міне, бұл басқа мәселе. Мысал айтып көрейін, күйеуі: Мен істеген ісіме өкініп тұрмын, – дейді. Әйелі болса: Иә, бірақ сен басқа еш нәрсе айтқың келмей ме? – дейді. Бұл сөзімен әйел әлі де кешірім күтіп тұрғанын білдіруде. Ал күйеуі болса кешірім сұрадым, одан басқа не дейсің деген ойда.

Біз кешірім тілін әке-шешемізден үйренеміз. Мәселен, кішкентай бала қарындасын ұрды делік. Анасы: «Балам қарындасыңды ұрма. Барып кешірім сұра. Мен өкініп тұрмын, – деп айт», – дейді. Бала осы сөздермен кешірім сұрайды. Отыз жасына келгенде әйелімен ұрысып қалса: «Мен өкініп тұрмын», – деп, татуласу үшін кешірім сұрайды. Бірақ әйелі ренжуін тоқтатпайды. Отыз жасар жігіт мұны түсіне алмай қиналады. «Неліктен кешірімді қабыл алмайды?» – дейді. Ал әйелінің кешірім тілі мүлдем басқа. Себебі қыздың анасы кешірімнің басқа түрін үйреткен. Қыздың бала күнінен құлағына құйып өскен кешірімі: «Мен қателестім. Мені кешіруіңді сұраймын», – деген сынды нұсқа. Міне, осы сөздерді ол күйеуінен күтуде".

Ендеше, кешірім сұраудың бірнеше түрі бар екен. Біреу сыйлық беріп, біреу серуенге алып шығып, біреу кешір деп ағаттығын жуып шаяды. Ең бастысы, кешірім сұрау кемшілік емес, күштілік екенін білу. Сонымен қатар, кешіре білу әлсіздің қолынан келмейтін іс екен.

 

 Руслан ҚАМБАР

барак мешітінің найб имамыНұр-Мү

«Үйленбей тұрып үйрен» кітабынан

 

 

 

[1] Бақара сүресі, 222-аят

[2] Тирмизи, Ибн Мажа, Табарани

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
Кешірімділік – ізгіліктің белгісі Ер азаматтың отбасындағы жауапкершілігі

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Қоғам Білім алудың артықшылығы
Білім – кез келген саладағы жаңалықтың және оқиға мен жағдаятқа орай жасалатын анализдің кілті. Діни тұрғыдан алсақ – құлшылықты терең сезіне алудың негізі. Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үмбетіне осының маңызын ұқтырып: «Ғалымның білімсіз діндардан артықшылығы толған айдың өз...
Қоғам Оқу-білім бұлағы, білім-өмір шырағы!
Абай Құнанбайұлы: «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады »
Қоғам Ғылымхал дегеніміз не?
«Білімнің ең абзалы – ғылымхал, істің ең абзалы – хал ісі», - дейді. Демек парыз ілім – адамның хал-жағдайына байланысты. Бұл – «ғылымхал», яғни «жағдайға сай қажетті білім» дегенді білдіреді. Балиғатқа толған бозбала дәрет алуды, намаз оқуды үйренуі парыз. Ер жетіп шаңырақ көтеруге ниет еткен жігіт...
Қоғам Білім - жүректі надандықтан құтқаратын нәр
Оқу-білім надандық қараңғылығын жойып, жарық сәуле шашатын нұр. Адамзат баласының әуелі өзін танып, кейін айналасын тануы білім арқылы іске асады. Шыр етіп дүниеге келгеннен бастап нәресте анасын өздігінен танып, біледі. Бұл - табиғи білім, Алланың шексіз рахымы...
Қоғам Сәлем салу Аллаға серік қосуға жата ма?
Ертеден келе жатқан сәлем салу дәстүрі – қазақ келіндерінің үлкенге деген сый-құрметінен туған әдептілік белгісі. "Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет" көрсеткен дана халқымыз сыйластықты әрдайым бірінші орынға қойған. Сәлем салу да осының нақ дәлелі. Бүгінгі таңда қазақылықтың қаймағы бұзылмаған оңтүст...
Қоғам Имам және интернет
Интернет, оның ішінде әлеуметтік желі өміріміздің ажырамас бөлшегіне айналғалы қашан. Кеше ғаламтор ойын-сауықтың бір түрі болса, бүгінде қажеттілік деңгейіне көтерілді....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Ақшам 16:24

Құптанға дейін 00:15

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi