ИМАНДЫЛЫҚ – ТӘРБИЕ ӨЗЕГІ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:47

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:56 07:19 11:54 14:42 16:24 17:47
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024

Мақалалар

ИМАНДЫЛЫҚ – ТӘРБИЕ ӨЗЕГІ

| A | +

«Иманым – жиғаным» деп түсінген қазақ халқы ұл мен қызының тәрбиесіне аса мән беріп, олардың бойына имандылыққа негізделген құндылықтарды сіңіруге тырысқан. Халқымыз бала тәрбиесінде «Үлкеннің жолын кеспе!», «Үлкенге құрмет көрсет!», «Үлкендердің сөзін бөлме!» деп тәрбиелеген. Осы тәрбиенің нәтижесінде жас ұрпақ үйге келген үлкен кісілердің қолына су құйып, барынша қызмет көрсеткен. Ал өз кезегінде үлкен кісілер жас баланың бұл ілтипатына ерекше риза болып «Өркенің өссін!», «Өрісің кеңісін!», «Атадан озып туған ұл бол!», «Ниетіңе жет!», «Атаңның ұлы болма, адамның ұлы бол!» деген батасын беріп, алғысын білдірген.

Осы көріністе үлкен тәрбие негіздері жатыр. Жас баланың үлкен кісіге қызмет етуі адамгершілік құндылықтардың бірі саналады. Өйткені, халқымыз үлкенге қарап бой түзеп, алдыңғы буыннан үлгі алған. Кез-келген істі қарттармен ақылдасып, ортақ мақсаттарды жүзеге асыруда ауызбіршілік танытқан. Себебі, Ислам дінінде үлкенді құрметтеп, кішіге ізет таныту – әрбір мұсылманға міндет. Өйткені, дін – тәрбие құралы. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Кімде-кім қариясын құрметтесе, ертең ол қартайғанда Алла оны құрметтейтін адамды жаратады», – деген.

Исламнан тәлім алған жұртымыз үйдің төріне үлкендерді шығарып, батасын алған.

Осы ретте оқырмандарға, жалпы ата-аналарға айтарым, үйімізде қартымыз болса, ұл-қызымызды сол үлкен кісілердің батасын алуға үйретуіміз керек. Мысалы, баламызды мектепке кетер алдында атасынан немесе әжесінен бата алуға үйретіп қойсақ, бұл әдет оның өмір сүру салтының біріне айналады. Баланың сөзі мен мінез-құлқын түзетудің де маңызы үлкен. Шәкәрім Құдайбердіұлының: «Сөзіңді түзе –әдетіңе айналады, әдетің – мінезіңе айналады.

Мінезің – сенің тағдырың», – деген сөзінде терең мағына жатыр.

Баланың тәрбиесіне, оның бойына имандылық құндылықтарды сіңіру ісіне қажетті тәсілдің бірі – баламен көп сұхбаттасу, оның пікірін тыңдап, көзқарасын құрметтеу. Сонда ол да үлкеннің пікірін құрметтеуді үйренеді. Бала-шағамен бірге сапарға шығу – оларға жақындай түсуге итермелейтін істің бірі. Өзім әке ретінде баламен бірге ойнауға, оны оқытуға көбірек көңіл бөлуге тырысамын. Шын мәнінде, бала үшін ата-анасынан асқан ұстаз жоқ. Қазақ халқында «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген қанатты сөз бар. Біз бұл мақалдан бала-шағамыздың тәрбиесі отбасыдан басталатынын айқын аңғарамыз.

Қоғамда имандылық құндылықтарды насихаттаудың өзегі – адамдарға жақсылық жасау және ізгілік істерді дәріптеу. Алла Тағала Құранда былай дейді: «Өздерің үшін алдын-ала қандай да бір жақсылық жасасаңдар, оны Алланың құзырында жақсы әрі зор сый ретінде көресіңдер» («Мүзаммил» сүресі, 20-аят); «Кімде-кім бір жақсылық жасаса, оған оның қайтарымы он есе беріледі» («Әнғам» сүресі, 160-аят). Қоғамға, айналамыздағы адамдарға қандай жақсылық жасасақ та оның қайтарымын Алла береді. Оған Құрандағы мына аят дәлел: «Зілзала» сүресінде: «Сонда кім тозаңның түйірінің салмағындай жақсылық істеген болса, ол оның жақсылығын көреді». Қазақ халқында ғасырдан ғасырларға жалғасып келе жатқан жылу, асар сынды дәстүрімізді дәріптеуіміз керек. Тек дәріптеп қана қоймай нақты амалдарымызбен үлгі болғанымыз абзал. Сонда халқымыз жақсылық жасап, айналадағы адамдардың алғысын алуға асығады.

Алла Тағала Құранда «Фуссилат» сүресінің 34-аятында былай дейді: «Жақсылық пен жамандық тең болмайды. Жамандықты жақсы ісіңмен жолға сал. Сонда ғана сенімен дұшпандығы бар қас адам, өзіңнің сырлас (өте жақын) досыңдай болып кетеді». Қоғамда кейбір адамдар біреудің қателігіне немесе әдейі істеген іс-әрекетіне өте өшпенділікпен жауап береді. Мұсылман баласы жаман іске жақсы амалымен жауап беруі тиіс. Өйткені, біз өзгелерді жөнге салушы мұсылман үмбеті болғандықтан, қоғамға, отбасымызға жақсы ісімізбен үлгі-өнеге көрсетуіміз керек.

Бауыржан қажы ӘБДІРАШҰЛЫ,

Алматы қаласы «Арафат» мешітінің бас имамы

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
МИҒРАЖ КЕШІНІҢ КЕРЕМЕТТЕРІ ЛГБТ ҮКІМІ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Исламдағы отбасы ТӘРБИЕ БЕСІКТЕН БАСТАЛАДЫ
Перзент – Алланың пендеге берген ғажайып сыйы. Әке мен бала арасында мейірім және перзенттік парыз деген тылсым байланыс бар. Әке разы, Құдай разы демекші шариғат адамға әке-шешесіне қызмет етіп батасын алуды бұйырады....
Исламдағы отбасы БАЛА ТӘРБИЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ БАСТЫ МӘСЕЛЕ
Қоғамда бала тәрбиесі мен оның құқығына қатысты мәселе талқыланып, белгілі азаматтар мен белсенді тұлғалар отбасы құндылығын сақтап қалу жайлы пікірін білдіруде. Ұл мен қыз өсіріп, оның тәрбиесі мен болашағы үшін жауапты әке ретінде бұл мәселеге үн қосып отырмын....
Исламдағы отбасы ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ - ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) төрт қыздың әкесі. Кенже қызы Фатима жәннат әйелдерінің ханшайымы болатындығы риуаяттарда айтылады. Пайғамбарымыз: «Жәннат әйелдерінің ханшайымы болуға ризасың ба?» деп айтқаны бар. Осылайша, қызына беріп жатқан тәлім-тәрбиенің сырын түсіндірге...
Исламдағы отбасы ОТБАСЫ ЖӘНЕ ДІН
Отбасы – адамның қоғамдық өмірінің ең алғашқы нысандарының бірі. Отбасылық байланыстар қоғамның қалыптасуының ең бастапқы формасы болды. Осының негізінде отбасы мен дін бір-бірімен өте тығыз байланыста, отбасы діннің негізгі әлеуметтік тасымалдаушысы болып табылады. ...
Исламдағы отбасы Ер азаматтың отбасындағы жауапкершілігі
Отбасы – қоғам тірегі. Қоғамның салауаттылығы отбасының тұрақтылығына тікелей тәуелді. Қазақ ежелден отбасы құндылықтарын ерекше қастерлеген. Дастарқан басында әке мен ұл, ата мен немере әңгімесі және ене мен келіннің байланысы үлкен тәрбиелік мектеп үлгісін бейнелейді. Дастарқан төңірегінде отбасы ...
Исламдағы отбасы Отбасы жауапкершілігі
Ислам шариғатында отбасы болу, отау құру ғибадат болып есептеледі. Шаңырақ көтеріп отбасы болғаннан кейін, сол отбасыға ер адам жауапты. Сонымен қоса діни тәлім беріп, ұрпағының иманды болып өсуіне ата-ана тікелей жауапты. Алла  Құранда былай дейді: «Әй мүміндер өздеріңді әрі үй іштеріңді отыны адам...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:47

Бамдатқа дейін 00:48

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi