Имам Әбу Мансур әл-Матуридидің қандай еңбектері бар?
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:44
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:34 06:55 11:42 14:41 16:23 17:44
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
25 қараша 2024

Мақалалар

Имам Әбу Мансур әл-Матуридидің қандай еңбектері бар?

| A | +

Имам Матуридидің іргелі еңбектері

 

Матуридидің еңбектері көбіне кәлам, фиқһ және методикасы жайында.

 

1.Тәпсір мен Құран іліміне қатысты еңбектері

 

«Китабу Тәуилати Әһли Сунна» (немесе «Тәуилату-л Қуран»): Бұл еңбек – Құран кәрімнің тәпсірі. Бірнеше нұсқасы бар. Көпшілігі қолжазба.

 

Олардың бірқатары мына кітапханаларда сақтаулы:   

 

Атыф эфенди кітапханасы, №76, 77, (Түркия)   

Берлин (Тубинген), № 4156, (Германия)   

Бешир аға кітапханасы, № 9, (Түркия)    

Британия мүзейінде, № 9432 Ÿ   Каир (Дарул Кутуб), № 47,  (Египет)

Көпрүлү кітапханасы, № 47, 48, (Түркия)   

Лалели кітапханасы, № 100, (Түркия)    

Нуру Османия кітапханасы, №122, 123, 124, (Түркия)    

Рағып паша кітапханасы, № 35, 36, (Стамбул/Түркия)    

Рашид эфенди кітапханасы, № 47, (Кайсери/Түркия)    

Ташкент, №5126, 5127, (Өзбекстан)    

Юсуф аға кітапханасы, №5552, (Кония/Түркия)    

Ахмет III (Топкапы сарайы) № 28/1, 28/2, (Түркия)

 

Бұл − Матуридидің Құран тәпсіріне байланысты жазған ең құнды еңбегі, өз сөзімен айтқанда, «Құран тәуилі». Мұнда имам, орайы келгенде ақида мәселелеріне тоқталып, бидғатшылардың пікірлеріне жауап беріп, оларға қарсы өз ойын айтып отырған. Өзге классик ғалымдардан өзгеше әр аятты жеке бөліп, ақылдық тұрғыда түсіндіре білген.

 

Әһли сүннетті қорғай отырып, мүшаббиһа (мүжәссима)[1], мұғтазиланы[2] сынға алған. Сондықтан да, бұл маңызды еңбекті көптеген ғалымдар зерттеген. Әлем кітапханаларында көптеген қолжазба нұсқалары сақталған. Мәселен, Стамбул қаласының өзінде 35 қолжазба нұсқасы бар.

 

«Тәуилату-л Қуран» «Тәуилат-у әһлу-с-Сунна» деп те аталады. Имам Матуриди бұл еңбегінде − Әһли сүннетке қайшы көзқарастарды рационалдық және нақли (Құран және Сүннет) дәлелдермен терістеген. Тек сенімдік мәселелермен шектеліп қалмай, фиқһтық яғни Әбу Ханифаның көзқарастарымен амал еткен.

 

«Тәуилату-л Қуранды» 1971-жылдары Стамбулда Мұхаммед Ероғлу, 1971 жылы Каирда Ибраһим және Саийд Ауадайн (1 том. «Фатиха» сүресі мен «Бақара» сүресінің 1-141-аяттары қамтылған), Бағдатта 1983 жылы Мұхаммед Мустафизир Рахман, Стамбулда 2003-жылы Бекир Топалоғлу мен Ахмет Ванлыоғлу біршама бөлімдерін түрік тілінде жариялаған. 2005 жылдан бастап Бекир Топалоғлу мен Ахмет Ванлыоғлуның жетекшілігінде (бір еңбектің бірнеше нұсқасынан түпнұсқасына ең жақын болғанын таңдау) зерттеу жұмысы басталған.

 

Әбул Муин ән-Нәсафи, Әбул Юср әл-Бәздауи, Ибн Әбил Уафа, Хаджи Халифа, Муртада әз-Зәбиди секілді ғалымдар Матуридидің бұл еңбегін жоғары бағалаған.

 

Матуриди бұл еңбегінде семантикалық тәсілді қолданған. Құранды Құран аяттарымен түсіндірген. Екінші қайнар ретінде хадисті (тек сахих болған хадистерді) пайдаланған. Матуриди хадис риуаяттарының сенімділігіне өте көп мән берген. Сонымен қатар, ақылға да кереғар болған риуаяттарды алмаған. Бұған мысал ретінде Бақара сүресінің 67-аятын айта аламыз: Онда «Бірде Мұса (а.с.) өз қауымына: «Алла Тағала сендерге бір сиыр бауыздауды бұйырады» деп еді. Олар: «Сен бізді тәлкек қылып тұрған жоқпысың?» деді». Матуриди мұндағы мазақының надандықтан туындағанын айта келе, Мұса (а.с.) олардың «Сен бізді тәлкек қылып тұрған жоқпысың?» деген сөздеріне «Мен надандардан болмас үшін, Аллаға сыйынамын» деп жауап берген еді.

 

Матуриди «Алла Тағала оларға бауыздау керек болған сиырдың түр-түсін білдірмеген еді. «Егер де олар ең арық немесе сиықсыздау сиырды бауыздай салғанда, олар үшін жеткілікті болар еді. Алайда, олар өз-өздеріне қиындық туындатты. Алла Тағала да олардың басына қиындық берді»[3] деген хабарды сахих емес дейді. Яғни, осы секілді еңбегінде хадистердің сахихтығына өте көп мән бергендігін көруге болады.    

 

Матуриди Құрандағы Мұсаның (а.с.) басынан өткен секілді оқиғаларды кеңінен түсіндеретін қайнар ретінде Пайғамбарымыздың хадистеріне ғана жүгінеді. Егер де қыссалар жайлы Пайғамбарымыздың айтқандары болмаса, қыссаны дәлме-дәл қабылдауды жөн санайды. Сонымен қатар, Құрандағы бұрынғы үмбеттер туралы айтылған қыссалар Пайғамбарымыздың пайғамбарлығына бірден бір дәлел болмақ. Ал егер де осыған сенімсіз хабарлар қосылатын болса, қыссалардың жаңылыс түсіндірілуіне себеп болады дейді[4]. Басқа бір жерде имам Матуриди Исрайлұлдарының басынан өткен қысса туралы сөз етеді. Құранда:

 

واَسْأَلْهُمْ عَنِ الْقَرْيَةِ الَّتِي كَانَتْ حَاضِرَةَ الْبَحْرِ

 

«Олардан теңіз жағалауындағы қала тұрғындарының басына келген апаттары туралы сұра»[5] деген аят бар. Аяттағы мекеннің қай жер екендігін білу мақсат емес. Егер де ол мекен маңызды болғанда аятта айтылар еді дейді[6]. Сондықтан, мұндағы басты мәселе халықтың басына келген апаттан сабақ алуы болып табылады. Сондай-ақ, Матуриди Салихтың (а.с.) мұғжизасы ретінде танылған аруана туралы асыра сілтеп айтылған риуаяттарды терістейді[7].

 

Жоғарыда аталмыш екі мысалдан түсінгеніміздей, имам Матуриди Исрайлұлдары туралы қыссалар мен олардың тарихы жайлы риуаяттарға күмәнді әрі «Исрайлиятқа»[8] мейлінше сақтықпен қарағандығын көреміз.

 

Имам Матуриди кез келген хабар/хадистің мазмұны аятқа сай келіп тұрса да, оны аятқа «Көмекші» етіп көрсету дұрыс емес дейді. Негізі бұл ұстаным қазіргі заман үшін де маңызды. Әуелі хадисті толықтай зерттеп болғаннан кейін ғана ол туралы «Құранға көмекші» үкім беруге болады. Сондықтан да асығыс қабылдаған үкімнің нәтижесі оң бола бермейді. Имам Матуриди мысал ретінде «Ағраф» сүресінің 204-аятын баяндайды.

 

وَإِذَا قُرِئَ الْقُرْآنُ فَاسْتَمِعُواْ لَهُ وَأَنصِتُواْ

 

«Құран оқылғанда құлақ қойып тыңдаңдар, үндемеңдер». Бұл аятты тәпсірлеу барысында намаз оқып тұрған жамағаттың Құран аяттарын оқып оқымау керектігі мәселесіне тоқталады. Матуриди бұл жайында Пайғамбарымыздан жеткен көптеген риуаяттарды жинап, арнайы зерттейді. Соңында «Намазда имамға ұйыған жамағат, Құран аяттарын оқымайды» деген қорытындыға келеді. Осылайша, пікір білдіргеннен кейін оның Құран, сүннет және сахабалардың ижмасына[9] да қайшы келмейтіндігін айтады. Ал «Құран аятын оқуға болады» деген риуаяттарды теріске шығармайды, керісінше ол риуаяттар намаздың жеке оқылуына қатысты айтылған деп түйеді. Сондай-ақ, бұл Суфиян ибн Уяйнаның (198/814) да көзқарасы екендігін айтып тәмамдайды[10].

 

Қорыта айтар болсақ, имам Матуриди тәпсірінде тақырыптарға қатысты Құранның басқа да аяттарын дәлел ретінде келтіреді. Құран аяттарымен қатар хадистерге де орын берген. Бірақ, хадистерді толық зерттеп алмай тұрып қолданбайтын.

 

2. Дін (Усулид-дин) және Фиқһ әдістемесіне (Усулил-фиқһ) қатысты еңбектері:

 

Әбу Юсуф (182/798), Әбу Мұхаммед (189/805), Имам Шафиға (204/819) секілді әдістемеге қатысты еңбектер жазған ғұламалардың бірі − имам Матуриди. Оның әдістеме ғылымына қатысты бірқатар еңбектерін төмендегіше атап көрсетуге болады:   

 

  • «Китабу Мәһази-ш Шарай фи Усули-д-дин»
  • «Китабу Мәһази-ш Шарай фи Усули-л фиқһ». Нәсафи бұл еңбекті «әл-Мусаннаф фи Усули-л Фиқһ» (мәһазу-ш Шарай) деген атпен атайды.   
  • «Китабу-л Жәдал фи усули-л фиқһ»,    
  • «Китабу-л Усул» немесе «Усулу-л фиқһ». Дін әдістемесінің бір бөлімі.      
  • «әт-Тәһзиб фи Шәрхи-л Жамии-с Сағир».
  •  

3. Кәлам ғылымына қатысты еңбектері:   

 

  • «Китабу бәяни уәһми-л – муътазилә» (Муғтазилердің қиялын баяндау кітабы),    
  • «Китабу-л рәдди әуаилил-Әдилла ли-л Каъби» (Кағбидің «Дәлелдердің әуелгісі» атты еңбегіне қарсы жауап кітабы),    
  • «Китабу рәдди тахзиби-л жәдал ли-л Каъби» (Кағбидің «Тартысты түзету» атты еңбегіне қарсы жауап кітабы), 
  • «Рәдду китаб уаиди-л фуссақ ли-л Каъби» (Кағбидің «Пасықтардың барар орны» атты кітабына қарсы жауап),    
  • «Рәдду-л усули-л хамса ли Әби Мухаммад әл-Баһили» (Әбу Мухаммад әл-Баһилидің «Бес негіз (принцип)» атты кітабына қарсы жауап),   
  • «Китабу-р әр-Рәдду әла-л Қарамита» (Қарамиттерге қарсы жауап),    
  • «Китабу-р Рәдд әла-л Усули-л Карамита» (Қарамиттердің әдістемесіне қарсы жауап) 
  • «Рәдду Китаби-л Имәма ли Бадир Рауафид» (Бадир Рауафидтің имамдық кітабына қарсы жауап),    
  • «Китабу-л – мақалат» (мақалалар кітабы),    
  • «Китабу-т Таухид» (таухид – Аллаһты бір деп тану кітабы).

 

Матуридидің ақидаға байланысты сақталып қалған кітабы – «Китабу-т Таухид». Бұл еңбектің жалғыз ғана нұсқасы Кэмбридж университетінің кітапханасында сақтаулы. Мысыр Искандария университеті, философия ғылымдарының докторы, профессор Фатхулла Хуләйф 1970-жылы Бейрутта еңбекті өңдеп басып шықты. Еңбек ерте кездегі ақида іліміне байланысты маңызды мәліметтерді жеткізумен бағалы. Матуриди онда сол кездегі пікірталастар мен талқыланған күрделі мәселелерді жүйелі түрде жазып қалдырған. Неміс зерттеушісі Ульрих Рудольф бұл кітаптың құндылығымен қатар өзіндік қиындықтарын да, яғни тілдік күрделігін, еңбектің толықтай келмегендігін, бұдан да кең көлемде болуы мүмкін екенін алға тартқан[11].

 

Хұсейн Суди Эрдоған 1981-жылы бұл еңбекті түрік тіліне аударды. Түрік тіліне аударылған осы еңбек жүйелі түрде жазылмағандықтан, түсінуде бірқатар қиындықтар туындайды. 2003-жылы Бекир Топалоғлу мен Мұхаммед Аручи бұл еңбекті Анкарада қайта баспаға дайындады. Десе де, имам Матуридидің күнімізге дейін жеткен осы еңбегінен-ақ, оның кәлам, тәпсір, мәзһабтар тарихы, құқық және методикасы ғылымдары бойынша терең білім игергендігін байқауға болады.

 

4. Түрлі тақырыптарда жазылған еңбектері    

 

«Уәсаиа уә Мунажат». Бұл еңбек парсы тілінде жазылған. Стамбул/Түркия, Фатих №5426 және Хұсейн Челеби Бурса/Түркия, №1187/8 кітапханаларында сақтаулы. Бұл еңбек тасаууф туралы сөз қозғайды. Алайда, бұл еңбек Матуридидікі ме, жоқ па белгісіз.   

 

«Ақайд рисалесі». Мустафизуррахман бұл еңбек те Матуридің еңбегі емес, ол Тажуддин Субкидің «Ақайд Шархы» еңбегінің бір бөлімі ретінде бізге жеткен дейді. Алайда, бұл еңбектің Нуру Османия №2188/2 мен Лалели №2411/2 кітапханаларындағы жазба нұсқалары басқа еңбектің бір бөлімі емес, өз алдына жеке еңбек екендігін көрсетеді.   

 

Ал Тажуддин ас-Субкидің еңбегін түрік тіліне өңдеп жазған Саим Эпрем «Субки Матуриди ақидасын жинау барысында, еңбекті Матуридидің еңбегі деген. Алайда, бұл осы мәзһабты ұстанушының еңбегі»[12] деген пікір айтады.

 

«Рисалә фи-т Таухид». Бұл еңбек Аллаһ тағаланың көркем есімдері мен сипаттары туралы. 

  

«Шарху Фиқһи-л әкбар». Бұл еңбек 1907-жылы Каирде, 1993-жылы Хайдарабадта басылып шықты. Алғашқы баспада еңбектің авторы Әбул Мансур әл-Матуриди делінсе, Каир баспасында Әбу Мансур Исмайл әл-Матуриди деп көрсетілген. Зерттеушілер бұл Әбу Мансур әл-Матуридидің еңбегі емес деген қорытындыға келген[13].    

 

«Шарху-л Ибанә ъан Усули-д Диана».   

 

«Жауабу-с Саил». Еңбек сұрақ-жауап түрінде жинақталған.


[1] Сөздің тура мағынасын негізге алып, Аллаһты басқа жаратылғандарға ұқсататын ақидадағы жаңсақ ағым.  

[2] Ақидада ақылға асыра мән берген жаңсақ ағым.  

[3] Матуриди, Тәуилат, I/186-188; Ибн Журейж, Атаның былай дегенін естідім дейді: «Егер де олар ең арық сиырды таңдағанда олар үшін жеткілікті болар еді». Ибн Журейж пайғамбарымыз-дың былай дегенін айтады: «Оларға ең арық сиыр (бауыздауға) әмір етілген еді. Алайда олар өздеріне одан да мықтысын сұраймын деп, Аллаһтан қиындық тілеп алды». Ибн Кәсир бұл хадистің дұрысы Әбу Һурайраның жеткізгені дейді.

[4] Матуриди, Тәуилат, п.203а

[5] «Ағраф» сүресі, 163-б.

[6] Матуриди, Тәуилат, п.214-б.

[7] Матуриди, Тәуилат, п.303а

[8] Исрайлият: Әһли кітап деректері

[9] Ижманың фиқһ әдіснамасындағы мағынасы – Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үмбетінің мужтахид ғалымдарының Пайғамбарымыз қайтыс болғаннан кейінгі қандай да бір кезеңде белгілі бір діни үкімге бір ауыздан келісуі.

[10] Матуриди, Тәуилат, п.221а -222а

[11] У.Рудольф, Аль-Матуриди и суннитская теология в Самарканде, 142-148-б.

[12] Тажуддин Субки, Матуридинин ақида рисаласи ве шархы (Баспаға дайындаған: С.Эпрем), Стамбул, 2000, 95-б.

[13] A.J. Wеnsinck, Ақида (Muslim Сreed), 122-123-б.

 

fatua.kz

Предыдущий Следующий
Білім – амалдың негізі Қара сөз қара өлеңге айналғанда... #5

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Сұрақ-жауап Кремацияның дініміздегі үкімі қандай?
Кремация (лат. crematіo, cremare – өртеу) – мәйітті арнаулы тәсілмен өртеу әдісі. Алғаш рет соңғы неолит пен қола кезеңдерінде пайда болған (б.з.б. 3 – 2-мың жылдықтар). Ежелгі гректер мен римдіктер адам мүрделерін өртеуді кеңінен қолданды. Жапонияда, Үндістан мен Оңтүстік-Шығыс Азияның басқа да елд...
Сұрақ-жауап Кремацияның дініміздегі үкімі қандай?
Кремация (лат. crematіo, cremare – өртеу) – мәйітті арнаулы тәсілмен өртеу әдісі. Алғаш рет соңғы неолит пен қола кезеңдерінде пайда болған (б.з.б. 3 – 2-мың жылдықтар). Ежелгі гректер мен римдіктер адам мүрделерін өртеуді кеңінен қолданды. Жапонияда, Үндістан мен Оңтүстік-Шығыс Азияның басқа да елд...
Сұрақ-жауап Коронавирус індетінен қайтыс болған адам шейіт санала ма?
Шәһид (шейіт) деп Алла жолында қаза тапқан және дінін, абыройын, отанын дұшпаннан қорғап қайтыс болған мұсылман адамға айтылады.
Сұрақ-жауап Буаз малды союға бола ма?
Әбу Сайд әл-Худури былай дейді: «Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Уа, Алла Елшісі! Біз түйені, сиырды және қойды бауыздағанымызда ішінен баласы шығып жатады. Оны жей берсек бола ма, әлде лақтырып жібереміз бе?» - деп сұрағанымызда Ол: «Қаласаңдар оны жеңдер, өйткені анасын...
Сұрақ-жауап Құрбандық шалғанда қалай ниет ету керек?
Негізінде, ғибадатта ниет ету – өте маңызды. Ниетсіз іс бітпейді. Нақты ниет етпесе, көзделген мақсат орындалмай, жай бір әрекет болып қалады. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Шын мәнінде, амалдар ниетке байланысты. Кім неге ниет етсе, оның қарымтасын алады», – деген[1]....
Сұрақ-жауап Құрбан айтқа байланысты жиі қойылатын сұрақтар
Қасиетті Құрбан айт (Ид-аль-Идха) мейрамы қарсаңында, Azan.kz өткен жылдар тәжірибесінен шыға отырып, жиі қойылатын сұрақтар және оларға қатысты жауаптарды жариялайды. ...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
25 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:44

Бамдатқа дейін 02:20

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi