Ғазиз ЖУСИПОВ. Тақуалық сипаты
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:48
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:57 07:20 11:55 14:43 16:25 17:48
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-сани 1446
Миләди
25 желтоқсан 2024

Мақалалар

Ғазиз ЖУСИПОВ. Тақуалық сипаты

| A | +

Хақ мұсылман ол – Ұлы Алланың әмірлеріне бойсұнып, Оған ешқашан қарсы келмейтін жан. Ал, ақиқатында кім Алланың бұйрықтарын орындаса нақты құтылды әрі жеңіске жетті. Берекесі сарқылмайтын Азиз Раббымыз адамзатты Өзінің Жалғыздығын мойындайтын болмыста жаратқан. Сондай-ақ, оларға елшілерін жіберіп, үздіксіз оқылатын өмірлік ұстанымдары болуы қажетті кітаптары мен парақтарын түсіріп, махаббатпен жаратқан құлдарын қамқорлықсыз, ескертусіз тастап қоймады. Керісінше тура жол мен парасаттылыққа бастар жолына салып отырды. Қай кезеңде, қай қоғамды болмасын ізгілендіретін, қисығын түзететін әмірлерін бұйырып, дүние мен ақыретте құрдымға жіберетін, жандүниесін астаң-кестең бүлдіретін күллі нәрседен тыйым жасады. Міне, осы тұста болмысына берілген ақылын дұрыс пайдалана білген парасатты жан өзін әрдайым Бір бақылаушының бар екенін сезініп, Алладан абайлап (тақуалық қылып), бұйрықтарына мән беріп, тыйымдарынан бойын аулақ ұстайды. Олай болса, тақуалық дегеніміз не? Оның белгілері қандай? Тақуалық жолының жемістері мен пайдалары не?

 

Тақуалықтың көптеген анықтамаларының ішіндегі ең керемет түсіндірме берген Ардақты Алла елшісінің (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) күйеу баласы, Алла да, Оның елшісі де жақсы көретін Әли ибн Әби Толиб (Алла оған разы болсын) өзінің сөзінде: «Тақуалық ол – Өте Ұлыдан қорқу, түсірілгеннің (Құранның) ішіндегісімен амал ету, ұзақ сапарға әзірлену», – дейді. Яғни, Өте Ұлы Алладан қорқу, қасиетті Құранның ішіндегі адамзат бақыты үшін түсірілген әрбір бұйрықтарын орындап, тыйымдарынан алшақтауы және бұл дүниеде жолаушыдай өмір сүріп, мәңгілік сапарға бүгіннен дайындалу нағыз тақуалық екенін тілге тиек еткен.

 

Рахманның тақуа құлдары сипатталған тақуалықтың белгілері өте көп. Олардың бірнешеуіне тоқталар болсақ: Алланың шариғат еткен рәсімдерін ұлықтау, Оның жолында малын жұмсау, Алланы еске алуы тұрақты жалғасатын, Қиямет күні жауабы берілетін барлық жағымсыз істер мен сөздерден бойын аулақ ұстауы, қисық мінез бен тілазарлықтан сақтануы, әділдікті ту етіп, зұлымдықтан алыстау, жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтаруы, ғайыпқа иман келтіруі, намазын кемеліне келтіріп, барлық талаптарына сай атқаруы, ақыретке деген шәксіз сенімде болуы.

 

Тақуалықты қарапайым мысалмен сөз етуге болады. Бірде әйгілі сахаба Әбу Һурайра (Алла оған разы болсын) тақуалық туралы сұраған кісілерге былай деді: «Сіздер өмірлеріңізде тікені көп жолмен жүріп көрдіңіздер ме?»

 

Сонда қасындағы адамдар: «Иә, өттік», – деп жауап берді. Әбу Һурайра (Алла оған разы болсын) тағы да: «Олай болса, сол жерден өткен кезде не істедіңіздер?» – деп сауал қойды. Олар: «Тікендерден сақтанып өттік», – деп жауап берді. Сонда сахаба: «Тақуалық та дәл солай, күнә мен қателіктерден сақтану», – деп түсіндіріп берді.

 

Тақуалық деген арнайы іздеп, уақыт-сәтін күтіп жасайтын амал емес. Алладан қорқу, күнәдан сақтану күнделікті тіршілігімізде, жұмысымыз бен отбасымызда көрініс табуы тиіс. Өйткені, шариғат сөзін тыңдаған адамның үйіне бақыт ұялайды. Қаблиса жырау бабамыз өзінің өсиетті өлеңдерінің бірінде:

 

– Бақыт, қайда барасың?

– Шариғат сөзін тыңдаған,

О дүниені ойлаған,

Аллалы үйге барамын.

– Бақыт, қайда барасың?

– Сыйлай білген молданы,

Діннің жолы қорғаны,

Бісмілләлі үйге барамын, – деп жырлаған. 

 

Отбасындағы тақуалық дегенді қалай түсінеміз? Мәселен, жанұяңызда келіспеушілік немесе түсінбеушілік орын алды делік. Алланың разылығы үшін ашуыңызды ұстап, сабыр еттіңіз, керісінше, сол өткінші сынақты жақсылыққа қарай бұра білгеніңіз – сіздің тақуалыққа қарай қадам басқаныңыз.

 

Тақуа адамға берілетін артықшылықтар:

1. Алла Тағаланың разылығы мен сүйіспеншілігіне лайық болады. «Кім өз уәдесін орындаса, Алладан қорықса, расында Алла тақуаларды жақсы көреді» («Әли Имран», 76);

 

2. Алла тағаланың сүйiктi құлына айналады. «Біліңдер! Расында Алланың достарына қауіп-қатер жоқ, әрі олар қайғырмайды. Сондай иман келтіріп, тақуа болғандар» («Юнус», 62-63);

 

3. Осы дүниеде және Ақыретте Алла тағаланың құрметiне лайық болады. «Біле білсеңдер, Алланың алдындағы ең ардақтыларың – ең тақуаларың (яғни, Аллаға тағзым етуде, иман келтіруде әрі мойсұнуда ең алда болғандарың)!» («Хужүрат», 13);

 

4. Жәннатты үйi ретiнде иеленедi. «Сондай Алладан қорыққандарға: “Раббыларың не түсірді?”,- делінсе, олар: “Игілік” дейді. Сондай-ақ жақсылық істегендерге бұл дүниеде жақсылық бар. Әрине ақырет жұрты тағы жақсы. Әлбетте тақуалардың қонысы нендей жақсы» («Нәхл», 30);

 

5. Жаратушы Ие тақуалықты берекеге қол жеткiзу құралы етеді. «Кім Алладан қорықса, оған бір шығар жол пайда қылады. Оған, Алла, ойламаған жерден ризық береді» («Талақ», 2-3);

 

6. Тақуалықтың сыйы тек жәннат болады. «Раббыларыңның жарылқауына және тақуалар үшін әзірленген, кеңдігі жер мен көктей жаннатқа жарысыңдар» («Әли Имран», 133);

 

7. Тақуалық жүректі пәктеп, соның нәтижесінде бүкіл дене жаман қасиеттерден тазарады («Сунәну Ибн Мажәһ», 3984);

 

8. Тақуа пенде екі дүниеде де Жаратушының рахметіне бөленеді. «...«Мәрхаметімді сондай тақуалық қылғандарға, зекет бергендерге және аяттарымызға сенгендерге жедел жазамыз» деді» («Ағраф», 156);

 

9. Тақуа адам Алла тағаланың қамқорлығына қол жеткізеді. «Расында, Алла азабынан қорыққан құлдарымен әрі Хақ тағаланың, өздерін көріп бақылап тұрғанын жадында ұстап үнемі игі істер істейтін ізгі жандармен бірге» («Нәхл», 128);

 

10. Тақуа пенде екі дүниеде де түрлі бәледен аман болады. «Алла Өзіне қарсы келіп, асылық етуден барынша сақтанатындарды, (Хақ жолындағы осынау) жетістіктері үшін (жаһаннам азабынан) сақтайды. Сондай-ақ, олардың бастарына ешқандай жамандық келмейді және олар әсте мұңаймайды» («Зумәр», 61);

 

11. Тақуалық адамның жүрегін нұрландырып, нәтижесінде ол ақиқатты жалғаннан айырады. «Уа, иман келтіргендер! Егер Аллаға тиісінше тағзым етсеңдер һәм Оған қарсы келіп асы болудан барынша сақтансаңдар, Алла сендерге ақиқат пен жалғанды, ақ пен қараны ажырататын ерекше қабілет береді әрі кінәраттарыңды жасырып, күнәларыңды кешіреді» («Әнфәл», 29);

 

12. Тақуалық пендені лағнеті шайтаннан қорғайды. «Аллаға тиісінше тағзым ететін, Оған асылық қылудан һәм азабынан барынша сақтанатын тақуа жандарға шайтаннан қандай да бір азғыру, әзәзіл ой келе қалса, бірден өз-өзіне келіп, Алланы еске алады. Сонда көкірек көзі бірден ашылып (ақиқатты анық көре алатын болады)» («Ағраф», 201);

 

13. Тақуа пенде мол сауапқа қол жеткізеді. «Егер шынымен иман келтіріп, Аллаға қарсы келуден сақтанып, тақуалық шеңберінде өмір сүретін болсаңдар, сендер үшін (көз көріп, құлақ естімеген, ешкімнің ойына да кіріп шықпаған) үлкен сый-сыяпат бар». («Әли Имран», 179);

 

14. Тақуа адам дұшпанның қастығынан аман болады. «Егер сабырлылық танытсаңдар және (хақ жолдан ауытқымай) тақуалық шеңберінен шықпай әрекет ететін болсаңдар, олардың қулық-сұмдығы мен құрған тұзақтарының сендерге ешқандай да зияны тимейді». («Әли Имран», 120).

 

Демек, тақуалық адамды дүние мен ақыреттің бақытына, жүректің тыныштығына жеткізеді. Жер бетінде Алланың бақылауын сезініп жүретін, әрі ешкімге ешқашан зиян шығармайтын жанға айналдырады. Бұл тұста, бабаларымыздың дәстүрге айналған ұстанымы да осы қағиданы бекітіп: «Құдайдан қорықпағаннан, қорық!» – деген.

 

Ғазиз ЖУСИПОВ,

Алматы қаласы, Алатау ауданы

«Әл-Азим» мешітінің бас имамы

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
Қара сөз қара өлеңге айналғанда... #15 Қара сөз қара өлеңге айналғанда... #14

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Мұсылман қорғаны Дәреттің қадір-қасиеті
Ислам діні барша адамзат баласын ең алдымен тазалық пен пәктікке шақырады. Жанымыз бен тәніміздің, сөзіміз бен ісіміздің тазалығы дінімізде үлкен рөл ойнайды. Жаратқан иемізге жалбарынып, құлшылық жасаудың алдында да дәрет алып тазаланамыз. Дәрет алуға, тазалануға жеңіл қарауға болмайды. Сондықтан б...
Мұсылман қорғаны Депрессиядан шығудың пайдалы әрі нақты 6 қадамы
Депрессия – әлемде өте көп адам зардап шегіп жүрген жағдай. Ол ұлты, білімі, әлеуметтік жағдайы мен дініне қарамастан барлық адамның басынан өтуі мүмкін. Мұның ұялатын дүние еместігіне қарамастан, депрессиядан зардап шегетін адамдар өздеріне «психикалық  дәрменсіз»  деген айдардың тағылуынан қорқып,...
Алланы зікір ету Таң намазын жіберіп алудың 6 себебі
Ояна салып, жұмысқа/университетке/мектепке дейін 30-ақ минут қалғанын шошына сезінесіз, онымен қоймай, сіз әлі таң намазын оқыған жоқсыз! Бұл не? 2 минут бұрын ғана көзіңіз ілінген сияқты еді. Ал енді үйдің ішінде әрлі-берлі сенделіп жүгіріп жүрсіз, асығып тісіңізді тазалайсыз, жуынасыз....
Мұсылман қорғаны Ғайбат сөйлеу – іштей іріп-шіру
Ғайбаттың сөздік мағынасы - біреудің сыртынан жағымсыз, жарамсақ сөз айту. Демек, бір адамның бойындағы кемшіліктердің басқа біреуге оның сыртынан айтылуына «ғайбат» делінеді....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-сани 1446
Миләди
25 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:48

Бамдатқа дейін 04:24

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi