Энергетикалық сусында пайда бар ма?
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Аср 14:44

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:57 07:20 11:56 14:44 16:26 17:49
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
24 Джумада-сани 1446
Миләди
26 желтоқсан 2024

Мақалалар

Энергетикалық сусында пайда бар ма?

| A | +

Бүгінгі қарбаласқан өмірде «аз уақытта көп шаруаның бітіру керек», «уақытым жоқ» сынды сөздерді жиі естиміз. Көбіне адамдар осындай тығыз уақытта демалуға, ұйықтауға кететін уақытынан ұрлайды. Алайда қалыпты адамның ағзасы шаршап тұрған уақытта ұйқысыздыққа шыдамасы анық. Соңғы уақытта энергетиктер деп аталатын «сыйқырлы сусын» ішіп, шаршаған ағзасына энергия беріп, ұйқысын қашыру жастардың арасында жиі тарап кетті. Әсіресе, бірнеше жерде жұмыс жасайтын адамдардың, түнгі уақыттарын емтихандарға дайындалумен өткізетін студент жастардың, көлік тізгінінде түнгі уақытта отыратын таксисттердің таптырмас құралына айналғандай.

Алайда бұл сусындар денсаулыққа қаншалықты зиян екенін білеміз бе?!

Энергетиктер алкогольді және алкогольді емес деп бөлінеді. Алкогольді энергетиктердің харамдығы анық, әрі медициналық тұрғыда құрамына байланысты өте қауіпті деп танылған. Біздер алкоголді емес болған энергетитер жайлы сөз қозғайтын боламыз.

Ең әуелі энергетиктердің химиялық құрамына үңілсек 1 шөлмек энергетикалық сусында шамамен: 5 ас қасық кофеин, 12 ас қасық қант, , гуаранин, таурин, инозитол, натрий цитраты, бояғыштар, левокарнитин, В және С дәрумендері, глюкуронолактон бар және осының барлығы көмір қышқыл газына бай сумен араластырылады. Бір ескеретіні, көмірқышқыл газы келтірілген химикаттардың ағзаға тез әсер етуіне ықпал жасайды. Яғни газ, асқазанның қалыпты қорыту циклын бұзады да, химикаттардың зияндық әсері еселенеді. Қоспалардың кейбірі жеке өзі ағзаға жағымды болуы мүмкін, бірақ барлығы қосылып газға байытылып «Уға» айналады.

Не себепті энергетиктер ағзамызға сергектік беретіндей болады?!

Суыснда глюкоза мен кофеин көп мөлшерде болғандықтан сусынды ішкен мезетте бірден адамда энергия оятады. Оның сыры ағзамызға сигнал беруші ми - глюкозамен қоректенеді. Ал кофеин, өз кезегінде, организм шаршағанда жауап беретін аденозин рецепторларын бұғаттайды. Қалыпты ағза шаршағанда аденозин рецепторлары жұмыс жасап, ұйқы щақырады, әрі адам демалумен қан айналымы, энергиясы, жалпы денсаулығы қалыпқа келтіріледі. Энергетиктер ішу нәтижесінде, олар ешқандай да энергия бермейді, керісінше адамның шаршағанын өзі де сезбейтіндей күйге ұшыратады да, адам ағзасы шамадан тыс энергия жұмсап, өз организіміне үлкен зақым алып келеді.

Алдамшы сергектік сыйлайтын сусынның әсері шамен 2-3 сағаттан кейін қайтып, адам организмі қатты шаршаңқы күйге ұшырайды.

Энергетиктерді жиі тұтынатын адамдарда ас-қазан ішек аурулары, асқазан жарасы, жүрек-қан тамырлары аурулары, қант диабеті, ұйқы режимінің бұзылуынан депрессиға ұшырау, тіс жегі сынды басқа да аурулар пайда болуы әбден мүмкін.

Энергетиктердің аталған қауіптілігіне байланысты Жаңа Зеландия, Австралия, АҚШ-тың кейбір штаттарында оларды сатуға тиым салынса, ал Дания, Норвегия, Францияда тек дәріханаларда арнайы мақсатта ғана сатуға рұқсат етіледі.

Нарколог мамандардың айтуынша энергетиктер өзіне жылдам тәуелді етеді және ең қоқыныштысы, бұндай әуестік шариғатымызда тиым салынған героин, какоин, марихуана сынды т.б.сана улағыштарға қызығуға, оны тұтынуға апарып соқтыруы әбден мүмкін. Себебі көп уақыт энергетик ішетін адам, уақыт өте келе оның әсеріне қанағаттанбай, одан да күштірегін іздейді.

Энергетиктерден құтылудың бірден-бір жолы ұйқы режимін реттеу, салауатты өмір салтын ұстану. Құранда Нәбә сүресінің 9-аятында: «Ұйқыларыңды демалыс қылдық» - делінген. Яғни адам қалыпты өмір сүруі үшін түнгі уақытта шамадан артық та, кем де есем демалуы керек.

Қорыта айтқанда, адам баласы не ішіп, не жеп жүргеніне мән берместен эгосының жетегінде өмір сүрер болса, ол адам - денсаулығынан айрылып бұл дүниеде бақытсыздыққа ұшыраса, ал ахиретте денсаулық деген аманатқа қиянат жасағаны үшін сұралады.

ҚМБД Халал бөлімі

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Предыдущий Следующий
«Халал» сертификатына ие 10 құс фабрикасы Біздің қоғамға махаббат діні керек

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Сұрақ-жауап Тырнақты бояу (маникюр) үкімі / ҚМДБ пәтуасы
Әйел затына шариғат шеңберінен шықпай сәнденуіне рұқсат етіледі. Бұл ұстанымды ханафи, мәлики, шафиғи, ханбали мәзһаб өкілдерінің барлығы құптайды. Қазіргі таңда әйелдер сәнденудің бір түрі ретінде тырнақ бояуды әдетке айналдырған. Тырнақ бояуға қатысты ғасырымыздағы бірқатар ғалымдар рұқсат берген....
Сұрақ-жауап Ілім мен білімнің айырмашылығы бар ма? / ҚМДБ пәтуасы
Сұрақ: Кезінде көптеген ишандарды, әулиелерді ілімді болған дейді? Сонда ілім мен білімнің айырмашылығы бар ма?
Сұрақ-жауап Харам заттарды сатуға бола ма? / ҚМДБ пәтуасы
Мас қылатын ішімдіктерді, шошқа еті, аққан қанды ішіп-жеу және пұттарды қолдану шариғатта халал болмағаны[1] секілді, оның саудасы да халал емес. Мұсылман емес адамға харам затты сату дұрыс болғанда, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сатып, пайдалануға рұқсат берер еді. ...
Сұрақ-жауап Пойызда, ұшақта, кемеде және басқа да қатынас көліктерінде намаз қалай оқылады? / ҚМДБ пәтуасы
Намазды ешбір себепсіз қаза қылуға болмайды. Сондықтан пойызда, ұшақта, не автобуста болсын, парыз және уәжіп намаздарды қалдырмай оқу керек.  
Сұрақ-жауап Мәһрге не беруге болады? / ҚМДБ пәтуасы
Мәһір – әйел затының неке қияр алдында күйеуінен талап етуге құқылы шариғат белгілеген ақысы.
Сұрақ-жауап Қағбадан басқа үйді тәуап етуге бола ма? / ҚМДБ пәтуасы
Шариғат бойынша қасиетті орындарды, қабірді зиярат етуге, зиратта жатқан марқұмдарға сәлем беріп, дұға жасауға рұқсат етіледі, бірақ оны айналып, тәуап ету, қабірге қарап намаз оқу, аруақтан көмек сұрау және дінде айтылмаған басқа да іс-әрекеттерге бару дұрыс емес.  ...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
24 Джумада-сани 1446
Миләди
26 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Аср 14:44

Ақшамға дейін 00:44

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi