Пойызда, ұшақта, кемеде және басқа да қатынас көліктерінде намаз қалай оқылады? / ҚМДБ пәтуасы
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Күн 07:19

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:56 07:19 11:54 14:42 16:24 17:47
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024

Мақалалар

Пойызда, ұшақта, кемеде және басқа да қатынас көліктерінде намаз қалай оқылады? / ҚМДБ пәтуасы

| A | +

بسم  الله الرحمن الرحيم  

الحمد لله ربّ العالمين و الصلاة و السلام على خير خلقه محمـد و آله و أصحابه أجمعين  

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.  

Барша мадақ атаулы әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Адамзаттың асылы Мұхаммедке, оның отбасы мен барша сахабаларына салауат пен сәлем болғай!  

Әр намаз өз уақытында оқылуы тиіс.

Құран Кәрімде:

 إِنَّ الصَّلَاةَكَانَتْ عَلَى الْمُؤْمِنِينَ كِتَابًا مَوْقُوتًا 

«Анығында, намаз мүміндерге белгілі уақыттарда (өтелсін деп) парыз етілді»[1], – делінген.  

Намазды ешбір себепсіз қаза қылуға болмайды. Сондықтан пойызда, ұшақта, не автобуста болсын, парыз және уәжіп намаздарды қалдырмай оқу керек.  

Негізінде, намазды тұрып оқу парыз. Өйткені парыз намазды тік тұрып оқи алатын адамның отырып оқуы дұрыс емес.

Құран Кәрімде:

 وَقُومُوا لِلَّهِ قَانِتِينَ 

«(Намазда) Аллаға бойұсынған түрде тұрыңдар»[2], – делінген.  

Имран ибн Хусайн риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

صلّ قائماً، فإن لم تستطع فقاعداً، فإن لم تستطع فعلى جنب

«Намазды тік тұрып оқы. Шамаң келмесе, отырып оқы. Оған да шамаң келмесе, жамбастап жатып оқы»[3], – деді.  

Белгілі себептермен (ауру, бас айналу т.б.) тік тұрып намаз оқи алмаса, отырып оқиды. Отырған күйінде қолдарын байлап, аяттарды оқиды, тізесіне таянып, сәл иілген хәлде рукуғ жасайды. Сәждені әдеттегіндей орындайды.  

Отыруға шамасы жетіп, алайда иіліп рукуғ пен сәжде жасауға шамасы келмесе, отырған күйінде рукуғті сәл еңкейіп, сәждені төменірек иіліп орындайды[4].  

Жолаушы намазды құбылаға қарап оқиды. Өйткені парыз намаздарда құбылаға қарау – шарт. Құбылаға қарауға мүмкіндік болмаса, оның оқасы жоқ. Ұшақта, автобуста орындығының отырған бағытына қарап оқиды. Ал пойызда мейлінше құбыла жаққа қарауға тырысады.  

Құран Кәрімде:

 وَمَا جَعَلَ عَلَيْكُمْ فِي الدِّينِ مِنْ حَرَجٍ 

«(Алла Тағала) Сендерге дінде ешқандай ауыртпалық артқан емес»[5] және

 فَاتَّقُوا اللَّهَ مَا اسْتَطَعْتُمْ 

«Шамаларың келгенше Алладан қорқыңдар»[6], – деп баяндалады.  

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Жағфар ибн Әбу Тәліпті (одан Алла разы болсын) Эфиопияға жіберіп жатқан кезде: «Батып кетуден қорықпасаң, (кемеде) тұрып оқы», деп бұйырған[7]. Ал тағы бір хадисте: «Ол сахабалармен намазды кемеде кілемнің үстінде отырып оқыды»[8], – деп айтылған.  

Әбу Ханифаның (Алла оны рақымына бөлесін) көзқарасы бойынша суда кетіп бара жатқан кемеде ешқандай себеп болмаса да, парыз және уәжіп намаздарды отырып оқуға рұқсат етіледі. Мүмкіндік болса, тік тұрып немесе кеме тоқтаған кезде су жағасындағы жерге түсіп намаз оқығаны абзал. Бірақ, жағалауда байланып тұрған кемеде намазды себепсізден себепсіз отырып оқу дұрыс емес[9].  

Ұшақта, пойызда және сапарға шыққан автобуста намаздың қиям, рукуғ және сәжде парыздарын толық орындауға шамасы келмесе, отырып, ишарамен орындауға рұқсат етіледі. Ал құбылаға қарау мүмкіндігінше орындалады.      

ҮКІМ:  

1. Пойыз, ұшақ және басқа қатынас көліктерінде парыз және уәжіп намаздарды оқу үшін төмендегі шарттардың болуы міндетті:  

а) жерге түсіп намаз оқуға мүмкіндік болмаса (мысалы, жер лай, дала қатты суық, боран т.б.);  

ә) жерге түсіп намаз оқу өзіне немесе мал-мүлкіне қауіп төндірсе;  

б) жолда аялдағанға дейін намаз уақыты өтіп кететін болса.  

2. Қатынас көліктерінде оқылатын парыз, уәжіп намаздардың парыздары (құбылаға қарау, қиям, рукуғ, сәжде т.б.) мүмкіндікке қарай толық орындалуы керек. Ал нәпіл және сүннет намаздарда құбылаға қарау, қиямда тұру міндет емес.  

3. Жолдағы қатынас көліктердің бірінде оқылған намаздың қайта өтелуі міндетті емес.

[1] «Ниса» сүресі, 103-аят.

[2] «Бақара» сүресі, 238-аят.

[3] Сахих Бухари, 1/376, №1066.

[4] «Әл-Һидая», Бурһануддин әл-Марғинани, 1/347.

[5] «Хаж» сүресі, 78-аят.

[6] «Тәғабун» сүресі, 16-аят.

[7] «Мустадрак», 1/409, №1019.

[8] Абдураззақ шығармасы, 2/582, №4554.

[9] «Марақи әл-фәлах», Хасан ибн Аммар аш-Шурунбулали, 346-348

ҚМДБ Пәтуа бөлімі

Тегтер: сапар намазы
Предыдущий Следующий
Қажылықтағы адам арапа күні ораза ұстай ма? / ҚМДБ пәтуасы Құрбан айтқа қатысты ең жиі қойылатын сұрақтар

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Сұрақ-жауап Мәһрге не беруге болады? / ҚМДБ пәтуасы
Мәһір – әйел затының неке қияр алдында күйеуінен талап етуге құқылы шариғат белгілеген ақысы.
Сұрақ-жауап Қағбадан басқа үйді тәуап етуге бола ма? / ҚМДБ пәтуасы
Шариғат бойынша қасиетті орындарды, қабірді зиярат етуге, зиратта жатқан марқұмдарға сәлем беріп, дұға жасауға рұқсат етіледі, бірақ оны айналып, тәуап ету, қабірге қарап намаз оқу, аруақтан көмек сұрау және дінде айтылмаған басқа да іс-әрекеттерге бару дұрыс емес.  ...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Күн 07:19

Бесінге дейін 00:59

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi