ДІН ТАЛАСҚА МӘЖБҮР ЕМЕС
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Бесін 11:54

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:56 07:19 11:54 14:42 16:24 17:47
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024

Мақалалар

ДІН ТАЛАСҚА МӘЖБҮР ЕМЕС

| A | +

Қазақ елордасында өтетін Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының съезі тарих еншісіне айналғанда, «осы бас­қосу Қазақстанға не береді?» деп ойланатын­дар бар.

Сұрақ қойған да, ойланған да жақсы. Құдай ойсыздықтан сақтасын. «Биылғы VІІ съезге 50-ден аса елден 100-ге тарта дін қайраткерлері, мамандары қатысып, бүгінгі сын-қатерлер туралы толғанады» деген мәліметтің өзі Қазақ елі абыройына қызмет етеді.

Жалпы, «Бұлұт болған айды ашқан, Мұнар болған күнді ашқан» Қазтуған заманынан бұрын да, кейін де сенім мен рухани көзқарас текетіресі «арасын өтіп бұзып дін ашқан» тәжірибе аз емес.

Халықтың тамаша пәлсапасы – «Ай ортақ, күн ортақ, жақсы ортақ». Жаратқанды тануға байланысты сондай бір жақсының рәмізі – Лев Толстой. Ол ХІХ-ХХ ғасыр тоғы­сында бір аудармасымен Еуропа көркем тәжі секілді Францияны, екі ортаға дәнекер Ре­сей­ді, Азияның дала көкбөрісі Қазақ жұртын түйіс­тіріп жіберді. Бұл – сенім мен танымдағы жаңа күннің басы еді.

Сөз Лев Толстойдың Бернарден де Сен-Пьер (1737-1814) ныспылы француз жазушысынан тәржімелеген «Суратская кофейня» (түпнұсқада «Le café du Surate») атты әңгіме туралы. Еуропа қаламгері 1791 жылы жазса, орыс классигі оны 1887 жылы қаңтарда аударған. Біз үшін маңыздысы – Алаш көшбасшысы Әлихан Бөкейхан осы әлемдік үздік әңгімені араға 13 жыл салып, 1900 жылы «Сурат кофейнесі» деген атпен тәр­жімелеп «Дала уалаятының газетіне» жария­лағаны (№ 10-11), 1913 жылы «Қазақ» газеті дү­ниеге келген  № 1 санынан бастап үш нөмірге «Дін таласы (Сурат кофеханасы)» деген атаумен толықтырып басқаны.

Л.Толстой 1887 жылы  Г.Чертковке жолдаған хатында: «Она выражает ту же мысль о том, что в разные веры веруем, а под одним богом ходим», дейді.

Алаш қайраткері тәржімесінің соңында: «Бұл сөз адам баласының бәріне ағайыншылық көзбен қараған орыстың ұлығ философы Толстой сөзінен алынды. Ол Бернарден де Сен-Пьер дегеннің сөзінен алған екен. Басқалар да Толстой көзімен қараса, осы күні Балқанда судай ағып, төгіліп жатқан қанға орын болмас еді» деп түсініктеме берген. Ә.Бөкейханның бұл сөзі арада 122 жыл өтсе де көкейкесті естіледі.

Ұлт баспасөзінің елдік әлеуетті материалдармен бірге «Дін таласы» аудармасымен ашылуы – ашықтық пен зайырлықты көрсетеді. Мұны Шәкәрім ақын мына ойға сыйдырған: «Ақылмен нанбай иман жоқ, Ойлаудан ақыл тыйған жоқ». Әлихан осы пайымды жаңаша қырынан дамытып: «Бостандық, теңдік, туысқандық – 18 ғасырдан бері жарыққа шыққан таза пікір. Мұны майданға салған – Франция жұртының саяси ерлері. Осы үш түрдің бәрі біздің Шариғаттан (Құран), Інжілден, Будда оқуынан, Л.Н.Толстой философиясынан табылады, көзі ашық талапты ер ізденсе», деп жазады.

«Дін таласы» әңгімесінің мақсаты – діни таласқа нүкте қою, дүниедегі адамдарды бір-бірін сыйлауға жұмылдыру. Шығармаға Үнді жеріндегі Сурат қаласында, кісі келім-кетімі көп кофеханада өткен елеусіздеу ғана оқиға өзек болған. Бәрі де «жүйесіз оқудан миы шатасқан» парсы оқымыстысына құлы қойған «Құдай бар ма?» деген сұрақтан өрбиді. Өзі «Құдай» деп мойнындағы ағашты көрсетеді. Әңгіме-таласқа брахман, иһүди, католик, протестант, мұсылман-түрік араласады. Бәрі де «менің дінім мықты» деп, пәтуаға келе алмай шулайды. Таласқа тек «конфуций мәзһабындағы бір қытай» ғана араласпайды. Даурыққан топ енді «жөнін сен айт!», деп соған жүгінеді. Ол: «Менің байқауымша, адамдарды дін турасында бір ынтымаққа келтірмейтін – жалғыз-ақ намыс» дей келе, аспандағы күн туралы мифтік ойдан ғылыми түсінікке дейінгі пайымды басынан кешкен оқиғамен ғибраттайды.

Сөз түйіні мынау: «Күллі дүнияға симайтын ұлығ тәңіріні һәр жұрт өзінің ғибадатханасына қамағысы келеді. Оған адам салған ғибадатханалар қандай болғанымен жетер ме? Ғибадатханалардың үлгісін адамдар Құдай жасаған дүниядан алмай қайдан алды? ... Бірақ көктей салынған күмбез бар ма? Теңіздей су сауыты бар ма?..  Адамның жүрегіне жазып қойған Құдайдың өз кітабындай шариғат кітабы бар ма? Жақын үшін жанын пида ететін ерлікке жететін құрбандық бар ма? Құрбандық қабыл болуына ізгі адамның шын ықылас-көңілінен артық орын бар ма? Неғұрлым Құдайды жоғары деп, биік деп, ұлық деп ұқса, соғұрлым жақсырақ танымақшы. Жақсырақ таныған сайын, Құдайға жақынырақ болмақшы. Жақын болуының мағынасы: рахметін көріп, рақымды болмақ, мейірбандығын көріп, мейірімді болмақ. Біреудің көзі соқыр, біреудің көңілі соқыр...».

Бернарден де Сен-Пьердің ақыл һәм сезім қазанында қайнап шыққан, Лев Толстой пәк жүрегіне құйылған, Әлихан Бөкейханның үйлесімге пейілді қайраткерлік намысын шыңдаған асыл сөз, таза ой – осы.

Дихан ҚАМЗАБЕКҰЛЫ

Дереккөз: Дін таласқа мәжбүр емес (egemen.kz)

Предыдущий Следующий
Жер бетіндегі ұлттар бір мақсатқа ұйысқанда әлемде береке орнайды – Бас мүфти МҰСЫЛМАН АДАМҒА ӨЗГЕ ДІННІҢ ҚҰЛШЫЛЫҚ РӘСІМДЕРІНЕ ҚАТЫСУҒА БОЛА МА?

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Пайым-парасат ЖҮРЕК ТЫНЫШТЫҒЫ АЛЛАНЫ ЗІКІР ЕТУДЕ
Алла Тағала Құранда: «Енді, Мені еске алыңдар, Мен де сендерді еске аламын және Маған шүкірлік етіңдер де қарсы болмаңдар»,  деп  ашық баян етеді. (Бақара, 152). Бұл аяттағы әмір пенделердің жақсылыққа жетулері үшін. Олар Алланы еске алу арқылы Алла Тағаланың ол пендені еске алуына қол жеткізеді....
Пайым-парасат ӘР ІСІҢДІ ӘДІЛДІКПЕН ӘСЕМДЕ
Мұсылманға тән көркем мінездің бірі – әділдік. Бұл сипат мүміннің әр ісінде көрініс табуы тиіс. Әр істен әділдік кетсе адам өмірінің берекесі болмайды. Өйткені Алланың көркем есімдерінің бірі «әл-Адл», яғни Әділетті болғандықтан, әділдікті жақсы көреді. Жаратушы Иеміз Құранның «Нахл» сүресінің 90-ая...
Пайым-парасат АСЫЛ ДІНІМІЗ ЗҰЛЫМДЫҚҚА ЕМЕС, БАУЫРМАШЫЛДЫҚҚА ШАҚЫРАДЫ
Ислам дінінің мәні бір Жаратушы күшке илену, әрі оған еш серік келтірместен құлшылық қылу. Оның бұйырған әмірлерін орындап, тыйымдарынан сақтану болып табылады. Адамзаттың ертеңі жарқын болуының негізгі шарты осы болмақ. Хәкім Абай «Ақылды адамға – иман парыз, иманды адамға – ғибадат парыз» - деп ай...
Пайым-парасат АЛЛАҒА ҰНАМДЫ ЕКІ ІС: ИМАН МЕН ЖАҚСЫЛЫҚ
Алланың адамзат баласына берген ең үлен сыйы – Иман нығметі. Қандай адам болмасын Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) әкелген нәрселеріне жүрекпен сенсе, оның дұрыстығына иланса, Алла құзырында мүмін болып саналады....
Пайым-парасат ШЫНШЫЛДЫҚ ЖАҚСЫЛЫҚҚА, ЖАҚСЫЛЫҚ ЖӘННАТҚА ЖЕТЕЛЕЙДІ
Шыншылдық – адамның ең әуелі өз ар-намысы мен иманы алдындағы шынайылығы. Құран Кәрімде: «Ей, иман келтіргендер! Алладан (жазасынан сақтанып) қорқыңдар және шын сөзділермен бірге болыңдар[1]», - деген әмір бар....
Пайым-парасат ИСЛАМ ДІНІНДЕГІ ИМАН ЖӘНЕ КӨРКЕМ МІНЕЗДІЛІК
Исламдағы көркем мінезділік, бұл – мұсылманның діни құндылықтарды ұстануымен айқындалады. Шынайы мұсылмандық - ислам ахлағы мен құндылығын ұстана отырып, әрекет жасау. Ислам дінінің ахлақтық және құндылық негіздерінің қайнар көзі – Құран мен Сүннет....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Бесін 11:54

Екінтіге дейін 01:05

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi