Дәстүр мен діннің айырмасы қандай?
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Ақшам 16:24

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:56 07:19 11:55 14:42 16:24 17:48
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
22 Джумада-сани 1446
Миләди
24 желтоқсан 2024

Мақалалар

Дәстүр мен діннің айырмасы қандай?

| A | +

Сұрақ: Дәстүр мен діннің айырмасы қандай?

Жауап: Қазақ халқында қалыптасқан ұлттық дәстүрлердің, ділдегі ұғымдардың басым көпшілігі Ислам дінімен бірге өрілген. Кейбірі хақ діннің негізінде пайда болған. Сондықтан ұлттық салт-дәстүрлер төл мәдениеттің аясында қарастырылады. Ал әрбір халықтың мәдениетін, танымдық тұғырын айқындап беретін таразы – сол халық ұстанған идеологиялық рухани жол, яғни діні.

Осы себепті дін дегеніміз - діл мен дәстүрдің негізі болып табылады. Ал халық дінін ұмыта бастағанда сол діннен қалған сарқыншақтар әдет-ғұрыптарда ғана көрініс береді. Кеңес өкіметінің жетпіс жылдық шырмауында болған қазақ халқы осы отаршылықта болған басқа да түркі мұсылман халықтары сияқты асыл дінінен алыстай бастады. Отаршылардың басты мақсаты отарланған елдің байлығы мен халықтық ресурстарын өз қажетіне асыру екендігі бесенеден белгілі жайт. Ал сол мақсатқа жету үшін отарланған халықты төл дінінен, әдет-ғұрып, салт-санасынан, тілінен, мәдениетін жұрдай ету қажет. Әйтпесе, өздерінің кім екендігін жадынан шығармайтын жұрт түптің түбінде тәуелсіздік жолында аянбай күресері хақ. Сол сияқты қазақ халқы да отарланған ел ретінде талай зобалаңды бастан өткерді. Алдымен дінін насихаттауына қатаң түрде тыйым салды. Сосын бірте-бірте тілі де шеттетіле берді. Сөйтіп, өзінің діні мен тілінен бейхабар, өзгенің сойылын соғуға әрдайым дайын тұратын мәңгүрттер тобы пайда бола бастады. Сондай алмағайып заманда діннен «ата-бабамыз мұсылман болған» деген ұғым мен кейбір кәлима-сөздер ғана қалды. Кеңес билігі діни ұғымдар мен терминдердің барлығын адыра қалған архаизмдерге айналдыруға тырысып, олардың ескішілдік белгісі деп түсіндірді. Сөйтіп, Құдайды мойындамайтын атеизм ілімін идеологиялық арқау еткен коммунизм мұраттарына бейімделе бастаған жұртта ендігі жерде діннен тек салт-дәстүр мен адамгершілік принциптері, ұлттық ерекшеліктер ғана қалды.

Әлхамдулилла, Құдай Тағаланың қалауымен дербестікке қол жеткізген соң сол сақталып қалған салт-дәстүр, әдет-ғұрып, салт-сананы қайта жаңғырту негізінде ғана қайтадан толыққанды ұлт болып қалыптасып келе жатырмыз. Кеуіп кеткен арналарға су келіп, қайтадан дарияға айналып жатқан заманды бастан кешірудеміз. Қазақ ұлтының қайта түлеу кезеңіне куә болудамыз. Елбасымыз бір сөзінде «Адамның санасында діни және ұлттық сезімдер әрдайым тығыз астасып жатады» деді. Расында да, санада сақталған салт-дәстүрдің орны ерекше. Тағы бір түсінгеніміз, дәстүр мен мәдениет діннің ықпалымен дамып, өзіндік өң қалыптастырады.

Тілдің дамуына да діннің тигізер әсері мол. Қазірде біз діни нанымы әлсіз болған халықтардың дәстүрімен бірге тілінің де жойылып, ақырында ұлт ретінде жер бетінен мүлде жоғалып жатқанына куә болып отырмыз. Қорыта келгенде, дін – дәстүрдің таразысы. Ал иләһи уахидың негізінде бекітілген діни рәсімдерді әдет-ғұрып деп есептеуге болмайды. Өйткені олар Алла Тағаланың тікелей әмір еткен амалдар. Ал салт-дәстүр адамдардың арасында көп әдеттенгендіктен пайда болған дағдылар. Салт-дәстүрлер заманына қарай өзгереді. Мысалы, қазақ жерінде кезінде ғұмыр кешкен тайпалардың салт-дәстүрлері бөлек болғаны анық. Ал сол халықтардың жалғасы болып саналатын қазақ халқының нанымы мен танымы, салт-санасы Ислам дінімен бірге қабыса дамыды. «Саясат күнде өзгереді, ал дін – мәңгілік» деп құрметті Елбасымыз атап өткендей, қанша ғасырлар өтіп, қаншама қоғамдық формациялар өзгерсе де, діни құндылықтар сол күйі қалады да, ұрпақтан-ұрпаққа өзгеріссіз ауысып отырады.

ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫ ПӘТУӘ БӨЛІМІ

Источник: http://fatua.kz/kz/post/view?id=234

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
АҚПАРАТ ТӘРБИЕ-БІЛІМ ҰСТАЗДАН ДАРИДЫ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Сұрақ-жауап ЖАСАНДЫ ЖОЛМЕН ЖАҢБЫР ЖАУДЫРУДЫҢ ҮКІМІ
Құранда жауын-шашынның Алланың қалауымен ғана жауатыны баяндалған. Алла Тағала Қасиеті Құранда: إِنَّ اللَّهَ عِنْدَهُ عِلْمُ السَّاعَةِ وَيُنَزِّلُ الْغَيْثَ «Расында, қияметтің қай уақытта орнайтындығы бір Алланың құзырында және жаңбырды да (қалған уақытында, қалаған жеріне) Өзі жаудырады...», – д...
Ислам әдебі ӨЗГЕ ДІН ӨКІЛІМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС
Дінаралық келісімнің міндеті – түрлі дін өкілдері арасындағы өзара келісім мен ынтымақтастықты, толерантты ара-қатынасты орнықтыру. Өз кезегімізде біз дінаралық келісім сақтау арқылы діни саладағы түрлі шиеленістердің алдын алып, берекелі бейбіт өмірге қол жеткізе аламыз....
Сұрақ-жауап САҚАЛ БОЯУҒА БОЛА МА?
Имам әл-Хаскафи өзінің Дуррул мухтар кітабында бұл мәселе жөнінде былай дейді: «Ер кісілерге (ағарып, ұсқынсыз болып қалған) шаш-сақалын (су өтетіндей) бояуы мустахаб,  - себебі, Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігімен сәлемі болсын): إن اليهود والنصارى لا يصبغون، فخالفوهم «Яхудилермен Насарала...
Сұрақ-жауап Марқұмның атынан құрбан шалуға бола ма?
Дүниеден озған адамның (марқұмның) атынан сауап ниетінде құрбан шалуға болады. Бірақ, мойнына құрбан шалу уәжіп болған кісі ең әуелі өз атынан құрбандық шалуға тиісті....
Сұрақ-жауап Құрбандыққа қандай мал шалынады?
Құрбандыққа таңдап алынған малдың сау, мінсіз болуы талап етіледі.
Сұрақ-жауап Буаз малды союға бола ма?
Алла Тағала жер бетіндегі барлық нәрсені адамзаттың пайдасы үшін жаратты. Ол туралы Құранда: هُوَ الَّذِي خَلَقَ لَكُم مَّا فِي الْأَرْضِ جَمِيعًا «Ол (Алла) жердегі нәрселердің бәрін сендер (адамдар) үшін жаратты»[1]-дейді. Адам баласы жаратылғалы мал мен жануарлардың етін жеп күнелтеді....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
22 Джумада-сани 1446
Миләди
24 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Ақшам 16:24

Құптанға дейін 00:01

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi