АУЫЗАШАР – ШҮКІРШІЛІК ДАСТАРҚАНЫ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Таң 05:56
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:56 07:19 11:54 14:42 16:24 17:47
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024

Мақалалар

АУЫЗАШАР – ШҮКІРШІЛІК ДАСТАРҚАНЫ

| A | +

Қазақ халқы ежелден Рамазан айын ерекше қастерлеп, оны «Он екі айдың сұлтаны» деп атаған. Берекесі мол айда Жарамазан жырын айтып, оразаның келгенін қуанышпен жеткізіп, насихаттаған. Рамазан айында Алланың алдында ең ұнамды іс – ауыз аштыру екені мәлім. Ал ауызашар дастарқаны рухани сұхбаттың, бата мен ізгі тілектің қайнары болған. Ауыз бекіткен адамды айрықша қадірлеп, оған ауызашар беру – бағзыдан келе жатқан салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымыз болып табылады.

Таңғы сәресі әр шаңырақ үшін қуанышты сәт болса, кешкі ауызашар ағайын мен туысты, бір қауым елді имандылыққа ұйытқан, мерекесі мен берекесі үйлескен басқосу болатын. Бұл игі дәстүр ғасырдан ғасырға жалғасып, жаңғырып келеді.

Оразашының екі қуанышы бар, бірі кешкісін ауыз ашарда, екіншісі Жаратқан Алла Тағаланың алдында тұрған сәтте. Алла Тағала айтады: «Адамзат не істесе де өзінікі, бірақ оразадан басқасы, ораза - менікі. Мен оның есесін өзім беремін. Ол Мен үшін ішіп-жеуін, нәпсісін тыйды ғой», - деген. Алла Тағала қиямет күні оразашыны Жәннаттың арнаулы қақпасына кіруге шақырады. Хадисте: «Жәннатта сегіз есік бар. Оның бiр есiгінің аты – Райан. Қиямет күнiнде ол есiктен тек ораза ұстағандар ғана кiредi. «Ораза ұстағандар кірсін», – дегенде, олар есiктен кiргiзiледi. Соңынан есiк жабылады. Олардан кейiн ол есiктен ешкiм кiргiзiлмейдi», – деген.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Аузы берік жанды ауызашарға шақырып тамақ берген кісі – ораза ұстаған адамның алатынындай сауап алады. Аузы берік адамның сауабынан да еш нәрсе кемімейді», - деген. Рамазан айының келуімен қатар ауызашар беру де көбейе түседі. Жора жолдастарымызбен жақын туыстарымызды ауызашарға шақырған сияқты, біз де олардың қонағы боламыз. Осылайша адамдардың бір-біріне деген бауырмалдық, жомарттық сезімдері арта түседі. Бірақ адамдарды ауызашарға шақырамын деп қатты шығындалмау да керек. Әрине дастарханның сәнді әрі мол болғаны жақсы-ау, бірақ сіздің әлеуметтік жағдайыңызды ойсырата түспеуі керек.

Сахабалардың көбі кедей болған, байлар аз болған. Сонда «Біз ауыз аштыра алмасақ қайтеміз?» деген сұраққа, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): "Бір құрмамен немесе сумен болса да ауыз аштыруға болады", - дейді. "Құрма да алып бере алмасақ қайтеміз?", - деген сұраққа: "Қара су берсін" деген. Яғни Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ең аз мөлшерде ауызашар берсе де сауапқа кенелетінін айтқысы келген еді. Рамазанда ауызашар беріп сауапқа кенелумен қатар, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетін де орындаған болып саналады. Ал ауызашарға келген адамның да дұға жасауы сүннет. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Сағд ибн Муаздың (р.а.) үйіне ауызашарға барады. Сол жерде дастархан басында Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Дастарханыңыздан ораза ұстағандар дәм татсын. Астарыңызды ізгі кісілер жеп, періштелер сіздерге дұға етсін», - деп дұға жасаған еді. 

Көптеген отбасының Рамазан айында басқа айға қарағанда азық-түлікке өте көп қаражат жұмсайтындығы, үнемшілдіктің ұмытылатындығы ойландырады. Ал әйел әр түрлі тағам мен сусын дайындау үшін басқа айға қарағанда, дәл осы Рамазан айында асханада көп жүріп қалады. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «..Негізінде, адамға белін түзеп, әлденуі үшін аз ғана дәм-тұз (азық) жеткілікті. Егер міндетті түрде ішіп-жеуі керек болса, (асқазанының) үштен бірін тамаққа, үштен бірін суға және үштен бірін ауаға арнасын», - деген. Бұл – тамақ жасамай қою деген сөз емес. Дұрысы – күйеуіңізге асқазанының қажеттілігін қандыруға емес, Раббысына басқа үлкен құлшылықтармен жақындауына көмектесу. Ал әйел кісіге білім ізденуге, нәпіл құлшылықтарға арналатын уақытқа көбірек көңіл бөлуге болады. Бұл Қасиетті айда Жаратушымызға жақындай түсіп, рухани байығыңыз келсе, жиі Құран оқып, дұға етіп, құлшылықтарыңызды арттырыңыз.

 

ҚҰРАН АЯТТАРЫ:

Бірінші аят: يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ كُتِبَ عَلَيْكُمُ ٱلصِّيَامُ كَمَا كُتِبَ عَلَى ٱلَّذِينَ مِن قَبْلِكُمْ لَعَلَّكُمْ تَتَّقُونَ

 

«Уа, мүміндер! Өздеріңнен бұрынғыларға парыз етілгендей сендерге де ораза ұстау парыз етілді. Бәлкім сол  арқылы күнә атаулыдан сақтанып, тақуалыққа жетерсіңдер.» («Бақара» сүресі, 183-аят)

 

Қысқаша түсіндірме:  Алла Тағала Өзінің қалауымен ораза құлшылығы үшін жыл-он екі айдың ішінен рамазан айын таңдаған екен. Олай болса, осынау таңдаулы айдың өзіне тән артықшылықтары да бар. Хақ Тағала ерекше айдағы ғибадатты бұлжытпай орындаған құлдарының мәртебесін де ерекше биіктетіп, мерейін асыруға уәде еткен.

Осы шарапатты аяттың соңы «әрине сақтанарсыңдар» деп аяқталып тұр. Бұл сөзде терең мағына жатыр. Ораза парызы Раббымыздан шынайы түрде қорқуға, тақуалыққа тәрбиелейді. Бұл аяттағы «тәттәқун» сөзі «сақтанарсыңдар» деген мағынамен бірге «тақуалық етерсіңдер» деген мағынаны да білдіреді. Оразаның түпкілікті мақсаты пенденің бойында Құдай Тағаладан қорқу, тақуалық қасиетін қалыптастыру болып табылады.

 

Екінші аят: أَيَّامًا مَّعْدُودَٰتٍ ۚ فَمَن كَانَ مِنكُم مَّرِيضًا أَوْ عَلَىٰ سَفَرٍ فَعِدَّةٌ مِّنْ أَيَّامٍ أُخَرَ ۚ وَعَلَى ٱلَّذِينَ يُطِيقُونَهُۥ فِدْيَةٌ طَعَامُ مِسْكِينٍ ۖ فَمَن تَطَوَّعَ خَيْرًا فَهُوَ خَيْرٌ لَّهُۥ ۚ وَأَن تَصُومُوا۟ خَيْرٌ لَّكُمْ ۖ إِن كُنتُمْ تَعْلَمُونَ

 

«Парыз ораза санаулы әрі белгілі күндерде ғана өтеледі. Араларыңнан әлдекім ауырып қалып немесе сапарда жүріп ораза ұстамаса, (қаза болған күндерін) басқа уақытта ұстасын. Ораза ұстауға шамасы әзер жететіндер (яғни, қарттар және созылмалы дертке шалдыққан науқастар қаза болған әр күнге) підия ретінде бір жарлының (бір күндік екі мезгіл) тамағын (немесе соның құнын ақшалай) беруі керек. Ал енді кімде-кім қайырымдылық жасап (аталмыш мөлшерден) асырып берсе, онысы өзі үшін қайырлы әрі жақсы болмақ. Біле білсеңдер, ораза ұстағандарың өздеріңе жақсы.» («Бақара» күресі, 184-аят).

 

ХАДИСТЕР:

Бірінші хадис: Ибн Мәжә жеткізген басқа бір риуаятта: «Қаншама ораза тұтушылар бар, олардың бар тапқаны пайдасы – шөлдеу ғана», – деп ораза ережелерін дұрыс сақтамаған кейбір адамдардың оразасының қабыл болмауы мүмкін екендігін ескерткен.

Екінші хадис: Алланың Елшісі (с.а.с)  бір хадисінде былай дейді: «Расында, Алла өтірік айтуын доғармаған біреудің ішіп-жеуін тоқтатқанына мұқтаж емес». Ендеше ауызбен қоса тілмен де ораза тұтуымыз қажет.

Үшінші хадис: Зәйд ибн Халид әл-Жуһайнидің (р.а.) риуаяты бойынша Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Аузы берік жанды ауызашарға шақырып тамақ берген кісі – ораза ұстаған адамның алатынындай сауап алады. Аузы берік адамның сауабынан да еш нәрсе кемімейді», – деген. (Тирмизи, Саум, 82; Ибн Мажә, Сиям, 40).

Төртінші хадис: Алланың Елшісі (с.а.с)  басқа бір хадисінде таң алдындағы сәрені қалдырмағанның абзалдығы жайында: «Сәресін ішіңдер! Расында сәресінде құт-береке бар». Сондай-ақ, Пайғамбарымыз (с.а.с)  жаңа піскен құрмамен ауыз ашқан, егер жаңа піскен құрма болмаған жағдайда құрғақ құрмамен, құрғақ құрма болмаған жағдайда сумен ауыз ашқан әрі басқаларды да солай істеуге шақырған еді.

Бесінші хадис: «Жәннатта сегіз есік бар. Оның бiр есiгінің аты – Райан. Қиямет күнiнде ол есiктен тек ораза ұстағандар ғана кiредi. «Ораза ұстағандар кірсін», – дегенде, олар есiктен кiргiзiледi. Соңынан есiк жабылады. Олардан кейiн ол есiктен ешкiм кiргiзiлмейдi», – деген.

Алтыншы хадис: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Егер кімде-кім Рамазан айында адал табысымен ауызашар берсе, періштелер Рамазан айының соңына дейін оған дұға жасайды», – деген. Сонда риуаят етуші: Уа, Расулалла! Ауызашарға ештеңе таппаса не істейді? – деді. – «Бір тілім нан берсін» – деді. – «Ол да болмаса ше?» – «Онда қара су берсін» – деді (әт-Тарғиб уәт Тархиб, 2/431.)

Жетінші хадис: «Ауыз бекіткендер тамақ жеп отырған уақытта тойғанға дейін ауызашар берген адамға игілік тілеп тұрады» делінген.

Сегізінші хадис: «Бір дана құрмамен ауызашар бергенге де, тек сумен ғана оразасын аштырғанға да, кішкене сүт бергенге де осы сауап жазылады.» (Бәйһақи)

Тоғызыншы хадис: «Рамазанда бір қонаққа ауызашар берген адамға Сырат көпірінен өту оңай болады.» (У. Нәжат) 

Оныншы хадис: Пайғамбарымыз (с.а.с) «Рамазан айында аузы берік адамға су беріп, аузын аштырған адам, анасынан жаңа туғандай күнәсіз болады» дегенінде, сахабалар «Суға тапшылық болған кезде ма?» деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.а.с) оларға «Қаласа өзен жағасында берсін, бәрібір» деп жауап берді. (У. Нәжат)

Он бірінші хадис: «Амалдардың ең құндысы – бір мұсылманның айыбын жабу, қарнын тойдыру және мұқтаждығын беру арқылы оны қуанту.» (Исфахани)

Он екінші хадис: «Алла тағала тамақ жегізетін жомарт құлымен періштелеріне мақтанады.» (Имам Ғазали)

Он үшінші хадис: «Жәннатта сондай зәулім сарайлар бар, бұлар жылы сөйлейтін, тамақ жегізетін және барлық адам ұйқыда жатқанда намаз оқитындар үшін.» (Тирмизи)

Он төртінші хадис: «Досына, оның жақсы көретін тамағын әперген адамның күнәлары кешіріледі.» (Бәззар)

Он бесінші хадис: Дос-жарандарға тамақ беру садақа беруден абзал болады. Хазреті Әли былай деген: «Достарға жегізген бір наным, кедейлерге берген бес нанымнан құнды. Достармен желінген тамақ, құл азат етудан де абзал.»

Он алтыншы халис: Пайғамбарымыз (с.а.с) «..Негізінде, адамға белін түзеп, әлденуі үшін аз ғана дәм-тұз (азық) жеткілікті. Егер міндетті түрде ішіп-жеуі керек болса, (асқазанының) үштен бірін тамаққа, үштен бірін суға және үштен бірін ауаға арнасын» деген (Муслим).  

 

ІЗГІЛЕРДІҢ СӨЗДЕРІ: Әлихан Бөкейхан түрмеде Ахмет Байтұрсынұлына жазған хатында: "Мен бүгін ауыз бекіттім, ал ауыз ашарға ештеңе таппай қара сумен амалдадым" деген екен.

 

ҒИБРАТТЫ ҚИССАЛАР:

Бірінші қисса: 

Пайғамбар немерелері Хасан мен Хұсейін кішкене кездерінде ауырып қалды. Уайымдап қалған Али мен Фатима (р.а.) балалары жазылғанда, шүкіршілік ретінде ораза ұстай бастады. Алғашқы күні ауызашарға дайындаған тамақты енді ауызға ала бергенде, қайыр сұрап келіп жетімдерге қиды. Өздері ауыз ашпастан екінші күнгі оразаға ниет етті. Екінші күні де ауызашарға дайындаған тамақты «Құдай үшін беріңдерші» деп келген кембағалдарға берді. Бұл кеште де ауызашпастан үшінші күнге ауыз бекітуге ниет етті. Үшінші күні де дәл осы жағдай қайталанып, ауыздарынан жырған асты табалдырыққа келіп көз сүзген жалынышты тұтқындарға берді.

Кейіннен осыған қатысты аят түсті: «Олар уәдесін орындады. Ұзын әрі тоқтаусыз қиямет күнінен қорыққандықтан, өздері ұнатып іштей қалап тұрған тамақты бейшараға, жетімге және тұтқындарға берді. «Біз бұларды Аллаһ тағаланың разылығы үшін қидық. Сендерден қайтарым ретінде алғыс та ештеңе күтпейміз» деді. Осы себепті оларға Хақ тағала Тахур шарабын ішкізді» («Инсан» сүресі, 7-9, 21).

 

Екінші қисса: Әбубәкір (р.а.) және ауызашар

Хазірет Әбубәкір ми қайнаған жаздың күні ораза ұстады. Кешкісін ауызашарда дастарханда бар болғаны бір тостаған су тұрды. Суық суды енді ауызға ала бере Әбубәкір (р.а.) әлдене еске түскендей еңкілдеп жылап жіберді. Өз-өзіне келгенде, қасындағылар одан неліктен жылағанын сұрады. Әбубәкір (р.а.) былай деп жауап берді:

«Бір күні Пайғамбарымызбен (оған Алланың салауаты мен сәлемәі болсын) отырғанда, әлден уақытта қолымен бір нәрсені кері итергендей қимыл көрсетті. Жақындамақшы болған біреуді өзіне жақындатқысы келмегендей әсер берді. Сәлден кейін мен: «Уа, Алланың елшісі, жаңа қолыңызбен бір нәрсені кері итеріп жаттыңыз?», – деп әлгі қимылының мәнін білмек болдым. Сонда ол: «Дүние қызылды-жасыл күйінде таяп келіп, өзін қабылдатқысы келді. Мен оны қасымнан қудым. Ол «Ант етейін, сен менен қашып құтылсаң да, сенен кейінгілер менен құтыла алмайды, қайткенде де құрығыма ілінеді» деп кетті», – деп түсіндірді.

Хазірет Әбубәкір осыны айтып: Осы суық суды ішем деп мен де дүниеге құмартқан жоқпын ба?!» – деп жыладым деді.

Әйгілі сахаба су ішкенге бола қорықса, күн сайын түрлі астан дәм татып жүрген біздерге қайткен жөн? Өлшемді ұмытып, дүниеге тым салынып кеткен жоқпыз ба?

                                                

Рамазан айы - сауапты шаш етектен жинайтын ай. Өйткені Рамазан - сегіз жәннаттың есіктері ашылған ай деп айтылатын себебі, осы айда сауаптар көп болып еселеніп барады. Періштелер соны қабылдап үлгере алмағандықтан, 8 жәннаттың есігі айқара ашылып тұрады екен. Бұл айда нәпіл амалдың өзі парыз амалдай, парыз амалын жасасаң 70 есеге дейін, қысқасын айтқанда 700 есеге дейін істеген істеріңізді Алла тағала көтереді. Мұның сауабын Алла өзі береді, Оразаның сауабын да Алла өзі береді. Сондықтан ораза тұтқан адамның сауабын алу үшін бір қорапша құрманы мешітке апарып, қанша адам бір талдан жесе, сонша адамның сауабын аласыз. Немесе мешітке су апарып беріңіз. "Суды ауыз ашуға әкелдім", - десеңіз, қаншама адам ауыз тисе, соншама сауап аласыз. Ал енді шамасы келгендер ауызашарға дастархан жайып шақырса, өз еркі, ниеті. Тіпті бір құрма немесе бір кесе сүт берген адам да ауызашар бергендей сауапқа ие болады.

Әрбір адам кешке жақын ауыз ашар кезде ауыз ашуға ас таба алмай отырған адамдардың бар екенін де еске алуы керек. Алла Тағаланың сізге берген нығметіне шүкіршілік қылып, мадақ айтыңыз. Себебі сіз жеген ас әлемдегі көп адамда жоқ екенін есіңізден шығармаңыз! Алла тағала қасиетті айда ауыз бекітіп, ауыз аштыратын құлдарының қатарынан етсін!

ДҰҒА:

أَفْطَـرَ عِنْدَكُم الصّـائِمونَ وَأَكَلَ طَعامَـكُمُ الأبْـرار، وَصَلَّـتْ عَلَـيْكُمُ الملائِكَـة

Аудармасы: Үйіңізде ораза тұтқандар ауыз ашсын, тағамдарыңызды ізгі-жақсылар жесін әрі періштелер сіздерге дұға етсін!

Алматы қаласы «Төле би» мешітінің ұстазы

Көптілеуов Бауыржан

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
ТАРАУИХ - РУХАНИ НӘР БЕРЕТІН ҚҰЛШЫЛЫҚ РАМАЗАНДА ОРАЗА ҰСТАМАУҒА БОЛА МА?

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Рамазан ЖАРАПАЗАН ЖЫРЫ
Жарапазан - он екі айдың сұлтаны Рамазанның келгенін хабарлайтын және халықты жақсылыққа, ізгілікке шақыратын жыр. Кейбір өңірлерде "жарамазан" деп те атайды.
Рамазан САХАБАЛАР ОРАЗАСЫ
Он екі айдың сұлтаны болған Рамазан айы – нәпсіні тәрбиелеп, рухты тазартып, тақуалықтың жаңа сатысына көтерілетін – ай.  Ораза - құрметті құлшылық. Құл мен Раббысы арасындағы – сыр.  Себебі бұл айда рия араласпайды. Сол себепті де Алла Тағала «Адам баласының тек оразадан басқа амалының барлығы өзі ...
Рамазан ОРАЗАНЫҢ ОН ТҮРЛІ ПАЙДАСЫ
Ораза дегеніміз, біріншіден - Алла Тағалаға бойсұну. Ораза мұсылманның бойына бұйрықты орындатып, тыйымынан қайтаратын тақуалықты егеді. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Ей иман келтіргендер,  алдарыңда өткен қауымдарға парыз етілгендей сендерге де ораза парыз етілді. Мүмкін, тақуа боларсыңдар»,- деген. ...
Рамазан СӘРЕСІ ТУРАЛЫ ҮЗІК СЫР
Сәресінің уақыты таң намазы уақыты кірместен 10-15 минут алдын аяқталады. Шариғатымызда сәресі ішу мандуб-мустахаб (ерікті-жақсы көрілген) амал. Сәресі ішуді соңғы уақытына дейін кешіктіру, ал ауыз ашуды уақыты кірген бойдан кешіктірмей ашуда мустахаб амалдарға жатады....
Рамазан ҚҰРАН МЕН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АЙЫ
Ұлы Жаратушының пенделеріне тартқан теңдессіз сыйы, сансыз сезімдер мен толып тасыған ізгі ойлардың салтанат құрған, күн мен түн де тұтастай жасаған иеміздің рақымы мен мейіріміне тұнған ай. Басқа уақытпен салыстырғанда, жақсылықтар мен сауаптардың сансыз еселеніп жазылар айы да осы – Рамазан. Осы қ...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Таң 05:56

Имсакқа дейін 00:39

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi