АБДУЛЛА ҚАЖЫ ЖОЛДАС: СҮРІНІП КЕТПЕЙ ТҰРҒАНДА СҮННЕТКЕ ЖАРМАСАЙЫҚ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:46
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:31 06:51 11:41 14:43 16:25 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
22 қараша 2024

Мақалалар

АБДУЛЛА ҚАЖЫ ЖОЛДАС: СҮРІНІП КЕТПЕЙ ТҰРҒАНДА СҮННЕТКЕ ЖАРМАСАЙЫҚ

| A | +

Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туған айы Мәуліт мерекесіне орай белгілі исламтанушы-ғалым Абдулла қажы Жолдаспен сұхбаттасқан едік. Ардагер ұстаз біз ұмытқан сүннет амалдар жайлы айтып берді.  

 

Қырық жыл тойып тамақ ішпеген

– Ассалаумағалейкум, ата! Мәуліт мерекесі құтты болсын! Алла Тағала деніңізге күш-қуат, отбасыңызға амандық берсін.

– Уағалейкумассалам, балам! Рақмет, айналайын. Өздеріңе де Мәуліт мүбәрак болсын. Күллі мұсылманға Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) шапағатын нәсіп етсін!

– Өзіңіз жақсы білесіз, кез келген мұсылман мерекесі адамзат баласын жақсылыққа жетелеп, имандылыққа ұйытады, тақуалыққа тәрбиелейді. Осы тұрғыдан айтқанда Мәуліт мерекесінің тәрбиелік мәні неде? Құлшылыққа құлшындырар тұсы қандай?

– Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Аллаға сансыз мадақтар, Пайғамбарға салауаттар мен сәлемдер болсын! Біздің дініміз әрбір нәрседен ғибрат алуға шақырады. Ал Мәуліт мерекесінің мәні – Пайғамбарымыз Мұхаммедке (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айту, оның өнегелі өмірінен ғибрат алу, айтқан өсиеттеріне амал ету, барлық істе Алла елшісінің әмірлері мен тыйымдарын басшылыққа алу, осылайша оның шапағатына ие болу т.б.

Мен сізге ойсалар бір жайтты айтып берейін. Осы кезге дейін Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын), оның сахабалары, замандастары туралы біраз еңбектерді қарап шықтым. Бір қызығы, сол кітаптардан ұзақ өмір сүрген сахабалардың сал болып жатып қалғаны, төсек тартып, ұзақ ауырғаны туралы дерек кездестірмедім. Біздің заманда созылмалы ауруға шалдыққан, ұзақ жылдар бойы төсекке таңылған адамдар саны көбейіп кетті. Неге олай болып жатыр? Мұның сыры неде? Осы жайлы біраз іздендім. Көзім жеткен көп нәрседен ғибрат алдым.

Олар өмірінде тамақты тойып жемеген жандар еді... Басқа жерге барғанда өздерінің кім екенін сұраған кісілерге: «Дастарқанға отырып, шала құрсақ тұратын жандармыз» деп жауап береді екен. Қазір медицина ғылымы азқазанын анау-мынау нәрсеге толтырып алған кісіге қарағанда шала құрсақ адамның миы жақсырақ жұмыс істейтінін дәлелдеді. Қарны аш адамның басы өмірдің пайдалы нәрселеріне қарай жұмыс істейді екен.

Абдулла ибн Омарға (оған Алла разы болсын) Ирактан сапардан келген бір жолдасы ішіне су толтырылған бір затты ұсынып: «Осыны ішсеңіз, тамақты жақсы қорытады екен» дейді. Сонда Абдулла ибн Омар (оған Алла разы болсын): «Мен қырық жылдан бері тамақты тойып жеген емеспін» депті. Мінеки, қырық жыл бойы тыңқия тойып тамақ жемеген адам әлгі қорытқыш нәрсені қайтсін?!

Мұсылман әміршісі болған Әли (оған Алла разы болсын) бір сөзінде 93 жасқа келген Аммар ибн Ясирдің (оған Алла разы болсын) жорыққа шыққанын айтады. Ойлаңызшы, 93 жастағы қарияның қолында – найза мен қылыш. Бес қаруы сай. Жорыққа келіп тұр. Бұл нені көрсетеді? Олар қартайса да, ширақ қимылдаған. Сүйретіліп жүрмеген. Қарияның қолында – қару, жүрісінде ер жүрек батырға тән сипат бар. Қартайдым деп қарап отырмаған. Соңғы деміне дейін Исламға қызмет етіп, қасиетті жорықтарға қатысқан.

Осы оқиғадан қандай сабақ аламыз? Біз бұдан Аллаға деген нық сенімнің көрінісін, құрсақты аш ұстаудың денсаулыққа пайдасын, сайып келгенде жүректің, жан мен тәннің Исламға қызмет етсем деген уайымын көреміз. Алланың разылығына бөленуді уайымдаған адамға ас та батпайды емес пе? Ал шектен тыс тамақ жеу – ауру шақырады. Атам қазақ «Ауру – астан» деп бекер айтпаған. Өмір бойы тамақты тоя жеп, соның салдарынан түрлі дертке тап болған адамның қартайғанда қадамы ширақ болмайды.

Сондықтан біз қасиетті Мәуліт айында Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туған күнін дастархан басында тойлап қана қоймай, оның және сахабаларының осындай ғибратты оқиғаларын ойлауымыз керек.

 

«Жаман өле жейді, жақсы бөле жейді»

– Орайы кеп тұрғанда тамаққа қатысты әдептерді, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) біз ескермей жүрген сүннет амалдары жайлы айта кетсеңіз...

– Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дастархан басында отырғанда орындайтын жақсы сүннеті бар. Ол – сол аяқты бүгіп, жерге төсеп, соның үстіне отыру, ал оң аяқтағы тізені кеуде тұсына жақын ұстау. Бұлай жасап көрмеген адам үшін бұл ерсі әрекет секілді көрінгенімен, оның пайдасы көп. Өйткені сол аяқтың үстіне отырып, оң тіземізді кеуде тұсына жақын ұстаған кезде асқазан қысылып, кез келген тамақ оңай қорытылады.

Ең бастысы тамақтың адал жолмен келгеніне мән беруіміз керек. Алла Тағала «Бақара» сүресінің 172-аятында: «Сендерге берген ризық-несібелеріміздің адалынан жеңдер» деген. Ал Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде арамнан ішіп-желінген тамақ адам бойында қырық күн сақталатыны айтылған. Тақуа адамдардың өз отбасын тамақтандырғанда осыған мән беретіні сондықтан. Алла Тағала пәк, таза нәрсені жақсы көреді. Дұғамыздың қабыл болуы да адал асымызға байланысты.

Мұсылман адам нәпсіні тойдыру үшін тамақ ішпейді. Құлшылық жасау, жақсы істерді атқару үшін бойға күш-қуат керек. Тамақты қуат жинау үшін ішеді. Асты бисмиллә айтып, оң қолмен бастау, тамақтанғанда ашкөздіктен сақтану, үлкен кісілерден кейін жеу, үрлеп ішпеу, өз алдынан алу, бөлісіп жеу, дұғамен аяқтау, осының бәрі сүннет амал болып саналады.

Қазақ «Жаман өле жейді, жақсы бөле жейді» дейді. Өзіңе берілген ризық-несібеден аз да болса ағайынға беріп, көршімен, мұқтаж адаммен бөліссең, қандай жақсы амал, сауабы мол іс. Осындай Пайғамбар тәлімін бала-шағамызға көбірек үйретуіміз керек. Аш бола тұра нәпсіні тізгіндеу, жоқ бола тұра біреуге көмектесу, өзіңде болмаса да өзгеде болған нығметтер үшін қуана білу – нағыз мұсылманға тән сипаттар.

 

Жоққа – шыда, барға – шүкір ет

–  Қазір біздің қоғамға қандай адами құндылықтар жетпей жатыр деп ойлайсыз?

–  Сахабалар бір-біріне өтірік айтуды білмейтін. Алдау-арбау деген ой саналарына да кіріп-шықпайтын. Қазір де осылай өмір сүруге болады ғой. Өйткені өмірдің сәні – шындық. Бізге осындай құндылықтар жетпей жатыр. Болмашы нәрсе үшін өтірік айтып, өзімізді үлкен олжаға кенелгендей сезінеміз. Алланың да, адамның да алдында абыройсыздыққа ұшырап не көрінді? Жоқ болса – шыда, барса болса – шүкір ет. Құдай барға береке, жоқ нәрсенің қайырын береді.

Сахабалар тіршілік тауқыметінен теперіш көрсе тағдырына налымай, бірден Алланы еске алатын. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) замандастарын осыған үйрететін. Бірде қол диірменін айналдырып, қолы әбден күстеніп кеткен Фатима анамыз (оған Алла разы болсын) жолдасы Әлиге (оған Алла разы болсын) шағымын жеткізіп, үй шаруасына көмектесетін бір кісіні қызметке алуға рұқсат сұрайды. Сөйтіп екеуі осы өтінішін жеткізбек болып Алла елшісіне барады. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үйінде жоқ екен. Қызы мен күйеу баласының келгенін естіп үйіне барады. Өтінішін естіген кезде Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Екеуіңе өздерің сұрағаннан да жақсыны үйретейін бе? Төсекке жатарда отыз төрт рет «Аллаһу әкбар» деп Алланы ұлықтайсыңдар, отыз үш рет «Субханалла» деп Оны барлық кемшіліктен пәктейсіңдер, отыз үш рет «Әлхамду лиллә» деп Оған мақтау айтасыңдар. Бұл сендер үшін қызметші алғаннан да жақсы» деді.

Біз бұл оқиғадан нені ұғамыз? Аллаға ұнамды істің бірі еңбек пен құлшылық екенін түсінеміз. Тіршілік пен құлшылық – құстың қос қанаты іспетті бір-бірін толықтырып тұратын нәрсе. Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде айтылғандай, біз бір жағынан осы өмірде мәңгі қалатындай еңбек етіп, екінші жағынан бұл дүниеге аз күнге келген жолаушыдай рухани азығымызды алып, көбірек құлшылық жасап, Алланың разылығына жетелейтін ізгі істерге ұмтылуымыз керек. Сонда адам да, қоғам да жақсылыққа бөленеді.

 

Еңбек – ерден, ризық – Раббымыздан...

–  Тіршіліктің тауқыметіне шыдау керек деп жатырсыз. Өкінішке қарай, қазір қит етсе, ажырасуға бір иығын беріп тұратын жас жұбайлар ақ некесін бұзуда. Оларға ақсақалдық қандай ақыл-кеңесіңізді айтасыз?

–  Жанға қатты бататын сұрақты қойдың, балам... Бұл – өте қиын жағдай. Оның бірнеше себебі бар.

Біріншіден, ажырасып жатқан жастар – өздерін отбасылық өмірге дайындамаған жандар. Теңін тапқан жас жұбайлар отбасылық өмірге, дүниеге келетін болашақ сәбиге егін шаруасына тиянақты диқан секілді қарау керек. Диқан жерге егін салмай тұрып, оны әбден бабына келгенше дайындайды. Егер жер тұзды болса – сумен шаяды, тыңайтқыш сеуіп тыңайтады, сөйтіп көктем келгенде әбден қопсытып, жұмсартып, бабына келгенде егін салады. Онда да ауа-райына қарайлап, сәті келген сәтте салады. Іс осымен бітті деген сөз емес. Жерді жарып шыққаннан бастап, әр ісінде Алланы аузынан тастамай, құстан қорғап, шөбін жұлып, екі-үш рет суарып, қажетті дәрісін беріп, егін ауызға түскен кезге дейін ерекше баптап, еңбек етеді. Міне, Аллаға тәуекел етіп, еңбек еткен адам ғана табысқа жетеді. Сол секілді бала-шағаны бағып қана қоймай, өзін де, тәрбиесін де өмірге баптаған адам бақытқа жетеді.              

Екіншіден, менің байқағаным, отбасындағы кикілжің көп жағдайда жоқшылықтан туындайды. Ал жоқшылық неден пайда болады? Әрине жалқаулықтан. Жалқау адам жоқшылықтың ащы дәмін сезе береді. Бала-шағаны асырау – ер-азаматтың мойнындағы міндет. Еңбек – ер-азаматтан, ал ризық – Раббымыздан. Атам қазақ «Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық» деп бекер айтпаған. Егер отбасында ер мен әйел өздеріне қатысты міндетті ықыласпен дұрыс орындаса, сол шаңыраққа шаттық пен береке ұялайды.

Еңбек еткен адам айналасындағы адамдар мен қарттарға қамқорлық жасап, олардың батасын алады. Үлкеннің батасын алған адамның отбасы жақсылыққа кенеледі. Ата-анаға қызмет еткен ұл мен келін өмірбойы сауапты істерінің жақсылығын көріп өтеді. Бір ізгі ғұлама «Ата-анасына дұрыс қызмет жасамай, разылығын алмаған адамның ризық-несібесі де азаяды» деген. Осыны үнемі жастарға айтып қана қоймай, үйретіп отыруымыз керек.

Үшіншіден, келінге қатысты дұрыс көзқарас қажет. Оған келін ретінде емес, ұлымның жан жары, немерелерімнің анасы, осы әулеттің түтінін түтететін ұрпақтарымның тәрбиешісі деп қарайтын болса, ол үйдің берекесі кіреді. Өкінішке қарай, кейбір кісілер келінге жат адам ретінде қарайды. Осы көзқарас күнделікті кикілжіңге, түкке тұрғысыз әңгімелерге түрткі болады. Бұл жерде жас жұбайлар арасындағы жарасымдылықтың, сүйіспеншіліктің артуына ата-ананың да қосар үлесі үлкен.

Төртіншіден, өкінішке қарай, бүгінде балалар теледидардың теріс тәрбиесін алып отыр. Теледидарды қосып қалсаң, әкесіне әкіреңдеген бала, ата-енесіне бақырып-шақырған келін, ажырасқан ерлі-зайыптылардың айқай-шуы... Құдай сақтасын! Үлкенді сыйлау, қартқа құрмет деген салтты жаңғырта алмай, жан таласып жатқанда теледидарың ұяттан безгендердің тағдыры мен өмірін айдай әлемге жайып салуда. Тіпті көруге қорқасың. Осының бәрі болашақ ұл мен келінге әсер етпей қоймайды. Олар өскенде көргенін істейді. Алла сақтасын! Сондықтан пайдасынан зияны көбірек нәрседен қашық болғанымыз абзал. 

 

Сақтасаң – аурусың, шығарсаң – қылмыскерсің...

– Жер бетіндегі көптеген бүлік қызғаныштан пайда болады екен. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бұл дертпен қалай күрескен? Осыған қатысты қандай амал жасауымыз керек?    

– Алла Тағала Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Фалақ» сүресінде адамдардың қызғаныштан жасайтын әрекеттерінен сақтану үшін арнайы дұға оқуды үйреткен. Осы сүреде: «(Уа, Мұхаммед!) Жер бетін түгелдей жапқан қара түнектің зардаптарынан (жауыздықтан) және соның салдарынан туындаған (қатерлерден) түйіншектерді үрлеп, сиқыр жасайтын (әйелдердің) қастандығынан, күншіл пенделердің көре алмай, қызғанғаннан жасайтын зияндарынан сақтай гөр деп, нұрланып атқан таңды жаратқан Раббымнан пана тілеймін» деп айтқын» деген.

Біз осы сүрені жатсақ та, тұрсақ та үнемі айтып, сақтанып жүруіміз керек. Сұқтанған көзден сақтану қажет. Қызғаныштан қорғайтын жол – дұға. Дұғасын айтып, дәретін алып, таза жүрген адамға жамандық жуымайды.

Біреудің мал-дәулетін қызғану – Алланың оған жазған тағдырын жоққа шығару, Құдайдың нығметін көре алмау деген сөз. Бұл – күпірлікке жол ашатын жүрек дерті. Адамзат тарихында қаншама пенде болмашы нәрселер – қызмет, мансап, байлық үшін бір-бірін қызғанып, ауыр қылмыстар жасаған. Соның салдарынан Алланың қаһарына ұшыраған. Қызғаныш деген кеселдің жаманы сондай, іште сақтаса – өзін қажытып, ауру етеді, сыртқа шығарса – біреуге қиянат жасатып, қылмыстық іске итермелейді. Көрдіңіз бе? Өте жаман нәрсе. Егер адам өзін өзгертіп, ниетін түзеп, жақсылыққа ұмтылса, Алла да оны несібесіз қалдырмайды.

Қасиетті Құран Кәрімнің «Рағыд» сүресінің 11-аятында: «Қайбір қауым өзін-өзі өзгертпейінше, Алла оны өзгертпейді» делінген. Бұл жерде Алла Тағала егер адам баласы өзінің жан-дүниесін, ішкі ойын, ниетін әуелі өзі өзгертуге тырыспаса, Мен оны өзгертпеймін деген сөзді аңғартып отыр. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің хадисінде егер пенде шынайы ниетпен, таза жүрекпен алақан жайып, Алладан жалбарына сұраса, Құдай сол пендесінің қолын бос қайтаруға ұялатыны жайлы айтып кеткен.    

Барлық нәрсе өзімізге байланысты. Қаршадайынан қазаққа танылған Сұлтанмахмұт Торайғыровтың:  

«Жақсылық көрсем өзімнен,

Жамандық көрсем өзімнен.

Тағдыр қылды деулерді

Шығарамын сөзімнен» деген өлеңі бар емес пе? Сол айтпақшы, біз барлық нәрсені өз ниетімізден табамыз. Шалыс баспай тұрғанда шариғатпен жүрсек, сүрініп кетпей тұрғанда сүннетті ұстансақ, Алла тілеуімізді береді. Түзелейін деген адам үшін ешқашан кеш болмайды. Жақсы ниетпен Алладан сұрасақ, Құдай тілегімізді жерге тастамайды.

– Салиқалы сұхбатыңызға рақмет, ата! Алла деніңізге күш-қуат, халықты имандылыққа шақыру жолындағы әрбір ісіңізге береке берсін!

– Сендерге де Хақ Тағалам жар болсын! Қасиетті істеріңді Құдай оңғарсын! Өмірде бір адамды ізгі жолға салғаннан артық абзал амал жоқ. Дін жолындағы жұмыстарыңа табандылық пен тұрақтылық тілеймін! Ел аман, жұрт тыныш болсын. Құдай Тағала момын халқымызды бәле-жаладан, түрлі індеттен, түннің кесірі мен кесапатынан, бүлік пен алауыздықтан сақтасын. Әмин!

 

Сұхбаттасқан Ағабек ҚОНАРБАЙҰЛЫ

«Мұнара» газеті, №21, 2020 жыл

 

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Предыдущий Следующий
ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ ИСЛАМ ЖӘНЕ ЕЛІМІЗДЕН ШЫҚҚАН ӘУЛИЕ-ИШАНДАР САЛАУАТ АЙТУДЫҢ МӘНІ НЕДЕ?

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Жаңа мұсылмандар «ВАЛЕНТИН КҮНІ» БОЛМЫСЫМЫЗҒА ТӘН ЕМЕС
Ислам діні – қазақ халқының дүниетанымы, руханияты мен мәдениетінің өзегі. Алайда, қазіргі жаһандану үрдісінің нәтижесінде ұлттық болмысымыз бен мәдениетімізге жат, болашағымызды рухани тұрғыдан азғындыққа, арсыздық пен абыройсыздыққа жетелейтін түрлі әдеттер кең тарап, бойға сіңіп бара жатқаны сүйе...
Жаңа мұсылмандар ТӘУЕЛСІЗДІК ПЕН ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде зайырлылық қағидаты егеменді еліміздің қызмет етуінің іргелі негізіне және оның басты құндылықтарының біріне айналды. Атап айтқанда, бұл принцип мемлекеттік қызмет, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, отбасы және неке институты саласындағы қо...
Алланы зікір ету Таң намазын жіберіп алудың 6 себебі
Ояна салып, жұмысқа/университетке/мектепке дейін 30-ақ минут қалғанын шошына сезінесіз, онымен қоймай, сіз әлі таң намазын оқыған жоқсыз! Бұл не? 2 минут бұрын ғана көзіңіз ілінген сияқты еді. Ал енді үйдің ішінде әрлі-берлі сенделіп жүгіріп жүрсіз, асығып тісіңізді тазалайсыз, жуынасыз....
Мұсылман қорғаны Ғайбат сөйлеу – іштей іріп-шіру
Ғайбаттың сөздік мағынасы - біреудің сыртынан жағымсыз, жарамсақ сөз айту. Демек, бір адамның бойындағы кемшіліктердің басқа біреуге оның сыртынан айтылуына «ғайбат» делінеді....
Жаңа мұсылмандар Аиша Робертсон: «Алғашқы Рамазандағы жалғыздығым мені Аллаға жақындата түсті»
Бұл менің он төртінші Рамазаным. Исламды қабылдаған кезімде 27 жаста едім. Сол себепті, Исламды қабылдағанға дейінгі 27 жылда тек қана христиандық мерекелерді атап өтетінмін. Рамазан айы келгенше жаңа қабылдаған дінімді әжептәуір үйреніп қалдым. Әрдайым Ислам дінінің бір мүшесі екенімдігі сезінген с...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
22 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:46

Бамдатқа дейін 05:13

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi