Ислам қабылдаған шіркеу қызметкерінің кеңестері
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Күн 07:19
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

Мақалалар

Ислам қабылдаған шіркеу қызметкерінің кеңестері

| A | +
Хижра жыл санауы бойынша шамамен 1400 жылы (миләди-1979 жыл) мәжілісте біз Ислам қабылдаған христиан шірекуінің қарт қызметкерін кездестірдік. Ол франциялық еді, сол кездері 80 жасқа келген шамасы болатын.
 
Исламға келгенге дейін де Ислам діні мен мұсылмандарды қатты жақсы көргендігін айтты, ол тіпті өз елінде мұсылмандарға арнап мешіт соқтырған екен, себебі ол жақта мұсылмандар ғибадат ететін орын болмаған.
 
Құрылыс бітісімен сол жерде намаз оқу үшін мешіттің кілтін мұсылмандарға тапсырыпты. Өкінішке орай, қоғамымызда көп кездесіп жатқан жағдай туындайды: мұсылмандар жамағаттың басшысы кім болады, оның көмекшісі кім болады деп дауласады. Сонда әлгі шіркеу қызметкері кілтті өзіне қайтарып алып: «Мен мешітті дауласып, жанжалдасу үшін соқтырған жоқпын, Аллаға ғибадат жасау үшін соқтырдым», – дейді.
 
Әлхамдулилләһ, ақырында Алла оған хидаят нәсіп етіп, ол Исламды қабылдады. Онымен кездескенде бізге мұсылмандарға арнаған үш ақыл-кеңесін айтып берді:
 

1. «Азаннан ешқашан бас тартпауға тырысыңыздар. Қайда болсаңыздар да азанды айтыңыздар, сіздер, мұсылмандар, азанның христиандарға қандай әсер беретінін білмейсіздер ғой. Көптеген христиандарға азанды тыңдаған ұнайды».

 
Әлбетте, бұл мұсылман емес аймақтарда таң атпастан микрофон секілді дауыс күшейткіш құралдарды қолдану керек деген сөз емес, себебі бұл уақытта көп адамдар әлі ұйықтап жатуы мүмкін. Осылайша біз керісінше Исламды жеккөрінішті етіп көрсетіп қоямыз.
 

2. «Қайда болсаңыздар да намазды уақытында оқыңыздар. Мешітте, жол бойында, теміржол бекетінде немесе әуежайда болсаңыз да, намазды оқыңыз. Намаздағы рукуғ, сәжде секілді қимылдар айналаңыздағы адамдардың жүрегіне жақсы әсер қалдырады».

 
Бұған өзімнің көзім жетті (автордың айтуы). Бір күні мен көлігіммен үйге қайтып келе жатып, жолда май құю бекетіне соғуым керек болды. Сол кезде намаздың уақыты кіріп, дәл сол жерде құлшылығымды орындап алдым. Намаз оқып болған соң, сол жерде жұмыс істейтін кісі келіп менен: «Сіз қазір не істедіңіз?» деп сұрақ қойды. Мен бұл - мұсылмандар орындайтын ғибадат түрі намаз екендігін түсіндіріп бердім. Сонда ол былай деді: «Қандай керемет! Маған бұл өте қатты ұнады, енді әр күні жатар алдында мен де осылай жасайтын боламын».
 
Басқа бір кезде, мен Дурбаннан (ОАР) қайтып келе жатқанда, әуежайға жеткенімізде күн батып жатқан еді, сосын сол жерде кешкі намазды оқыдым. Намаз оқып болысымен қарасам, осы уақыт бойы қауіпсіздік қызметкері маған қарап тұрған екен. Маған жақындап, не істегенімді сұрады. Мен оған да мұсылмандар осылайша құлшылық ететіндігін түсіндіріп бердім. Ол осындай керемет үлгіде орындалатын біздің намазымызға тәнті болғанын айтты.
 
Өкінішке орай, Алла Тағала мен Оның Елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) бізге берген көркем дінді көптеген мұсылмандар бағалай бермейді.
 
3. Қарт француз мұсылманның бізге айтқан үшінші ақылы мынадай еді:
 

«Ешқашан мұсылмандық үлгідегі киімнен тартынбаңыздар! Мұндай киім мұсылман еместердің жүректеріне әсер етіп, оларға жақсы ықпал ететінін мүмкін түсінбейтін шығарсыздар. Ер кісілердің киетін жеңі ұзын жейделерінің, сақалдарының, әйел кісілердің тағатын орамалдарының сұлулығы мен нұры көптеген басқа адамдардың назарын аударады».

 
Бұл Исламды қабылдаған шіркеу қызметкерінің кеңестері еді. Ол өз ой-пікірін қош көруді ешкімге мәжбүрлеп міндеттемейтін, тек өзінің бақылауы мен өмірлік тәжірибесінен туындап отыр.
Қарияның айтқан кеңестерінің растығына бірнеше рет басымнан өткен оқиғалар арқылы көзім жетті. Оқуым аяқталысымен Оңтүстік Африкаға келдім, дәріс беретін жерге қоғамдық көлікке мініп баратынмын. Үшінші күні мініп жүрген аялдамамнан бір әйел кісі кірді, маған таңырқаған және тамсанған күйі менен: «Сіз Иисуссыз ба?! (Исасыз ба?)» деп сұрады.
 
СубханАллах! Мұсылман емес кісілер киімімізге қалай тамсанып қарайтынын көрдіңіздер ме? Өкінішке орай, қазіргі таңда мұсылмандардың көбі рухани жағынан азған, мұсылман еместердің киімдерін киюге әуестеніп, еліктеп жүр.
 
ОАР-ға келгендегі алғашқы күндердің бірінде кір жуғыш машинасын сатып алайын дедім. Ол кездері кір жуғыш машинасын көп адам қолдана бермейтін, кірді қолмен жуатын. Әйткенмен де, мен кір жуатын машинаны сатып алып, өзімнің және жақындарымның тұрмыстық өмірімізді жеңілдеткім келді.
 
Жұма күні таңертеңімен кір жуатын машина сататын дүкенге келдім, онда шіркеуде қызмет ететін екі қарт әйелдер жұмыс істеп жүр еді.
 
Дүкенге кіргенім сол еді, үстімдегі пакистандық ұзын жейде мен кең балақ шалбарымды көріп, әлгі кісілер таң қалғаны сонша мені қуана айналшақтап жүрді.
 
Расымен де, Алла Тағала бізге аса жоғары дәрежеде рақымшылық етуде, бірақ біз оны қалыпты нәрсе ретінде ғана қабылдаймыз. Шүкіршілік етпей, керісінше, Ислам дұшпандары көрсеткен түкке тұрмайтын дүние үшін Ислами өмір салтын тәрк етеміз.
 
Тағы бір оқиға есіме түсіп тұр. Ұлы ғұлама әрі аса тақуа кісі болған мәулана Сүлеймен Әнәуи (рахматуллахи ъалейхи) бір күні өзінің жолдастарының үйіне қонаққа барады, олар да аса тақуа болған еді. Сенбі күні болатын, ғұлама достарымен өзен жағалай серуендеп қайтқысы келетінін айтты. Алайда достары оны бұл ойынан қайтарғысы келді, себебі өзенге барар жолдағы көршілері бұлардың діни тұрғыдағы киімдерін көріп ұнатпай қалады деп ойлады.
 
Мәулана айтқанынан қайтпай, табан тіреп тұрып алған соң, олар барлығы бірге үйден шықты. Олар жаңағы көршілерінің үйлерінің қасынан өтіп бара жатқанда, оларды мазақтап, күлкінің астына алатынына ғұламаның мұсылман бауырлары нық сенімде еді... Бірақ расында не болды?
 
Көршілерінің айтқаны былай еді:
 
«Пайғамбарына ерген сіздер және сіздер сияқтылар барда біз сіздерге аса құрмет тұтатынбыз... Сауданы үйді-үйге апарып жасағандарыңызда, сіздерді үйлерімізге кіргізіп, тамақтандыратын едік, себебі сіздер де бәрімізге ортақ әкелеріміз Авраамның (Ибраһим, оған Алланың сәлемі болсын) дініндесіздер. Алайда, сіздер (еуропалық үлгідегі киім кигендерді нұсқап) былайша киіне бастағанда, сіздерге деген құрметіміз жоғалды».
 
Бір кезде мен әйелімді паспортқа арнап суретке түсуі үшін фотостудияға алып келдім. Онда әйел кісі отыр еді. Жұбайымның айтуынша, әлгі әйел оның абаясы мен ниқабын көргенде таңырқаған күйі былай депті: «Мен мынадай киім жайлы тек кітаптардан оқып, теледидардан ғана көрген едім. Бірақ біздің елде өз көзіммен көремін деп ешқашан ойламаппын».
 
Әйеліммен біраз сөйлесіп, ислами киім үлгісі жайында айтып беруін және неліктен дәл осылай киінуді жөн көретіндігін сұрапты. Әлхамдулиллә, әңгіме аяғында ол тіпті мұндай киім үлгісі әйел адам үшін ең қолайлы, қарапайым әрі қауіпсіз деп ойлайтындығын мойындапты.
 
Бұл тек келтірілген бірнеше мысал ғана, негізінде айта берсек көп-ақ. Адамдар азанды естіп, мұсылмандардың намаздағы бойсұнушылығын, сәжде мен рукуғтағы керемет көріністі көріп Исламға келді. Адамдар мұсылмандардың әдемі киімдерін көріп Исламды қабылдайды, бірақ біз көбіне мұны өмірлік үрдіске кіргізе бермейміз. Біз өзімізді Ислам дінінің өкілі және Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) сүннетін ұстанушы ретінде көрсетуге талпынбаймыз.
 
Осы тәртіптерді толықтай ұстанғанымызда қайда жүрсек те ешқандай уағыз айтпай-ақ, түр-келбетімізбен адамдарды Исламға шақырған болар едік. Осы игіліктерді бағалағанымызда ғой, әттең!
 
Дінімізді толықтай ұстануымызға Алла Тағала баршамызға тауфиқ пен түсінік берсін. Айналамыздағы адамдардың хидаятқа келіп, Ислам қабылдауларына біздің дінді ұстануымыз себеп болуын Алла нәсіп етсін. Расында, Алла Тағала үшін мүмкін емес нәрсе жоқ.
Предыдущий Следующий
Әйеліме лайк басшы, бауырым! Юсуф Дербишир: «Пайғамбардың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) өмірбаянын оқып, Исламды қабылдадым»

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Жаңа мұсылмандар Юсуф Дербишир: «Пайғамбардың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) өмірбаянын оқып, Исламды қабылдадым»
Исламды қабылдағанға дейін мені «әдеттегі британдық жігіт» деп атауға болар еді. Сенбі күндерінің кештерінде ішімдік ішу және сол секілді ойын-сауықтарды жақсы көретінмін....
Жаңа мұсылмандар Демьена Пирсон: Исламға өшпенді болған кісінің мойындауы
Мен Исламды ең жек көретін адамдардың бірі болған шығармын. Неге дейсіз ғой? Мен Америкада туып, өстім. 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі оқиға болған кезде мен 23 жаста едім. Алайда сол уақытқа дейін бұрын-соңды Ислам жайлы ештеңе білген жоқпын, тіпті «мұсыл...
Жаңа мұсылмандар Даниэль Лодьюка: Ислам дінін қабылдауға мәжбүр болдым
Мен ешқашан мұсылман болуға тырыспайтынмын. Тіпті христан дініне де қатысты болғым келмейтін. Жалпы айтқанда, тәртіпке бағынатын қандай да бір дін ұғымы маған ұнамсыз еді....
Жаңа мұсылмандар Абдулла ибн Сәләм. Ислам дінін қабылдаған алғашқы еврей раввині
Әл Хусейн ибн Сәләм Ясриб (Мәдина) қаласының бүкіл тұрғындарына, соның ішінде өзге дін мен халық өкілдерінің арасында айтарлықтай сыйлы, құрметті еврей раввині еді. Ол өзінің діндарлығымен, көркем мінезімен және ерекше шыншылдығымен белгілі болды....
Жаңа мұсылмандар Шіркеу қызметкері Джейсонның Исламға келу жолы
Мен 2006 жылы Исламға келдім, сол үшін Жаратқан Аллаға сансыз шүкіршілік болсын. Менен жүріп өткен жолым жайлы және Алланың маған рақымын қалай түсіргені жайлы жазуды өтінгенде, көңіліме күдік ұялады. Кейбіреулердің Исламға қалай келгендері жайлы айтып, а...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Күн 07:19

Бесінге дейін 00:08

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi