Юсуф Дербишир: «Пайғамбардың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) өмірбаянын оқып, Исламды қабылдадым»
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Күн 07:19

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

Мақалалар

Юсуф Дербишир: «Пайғамбардың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) өмірбаянын оқып, Исламды қабылдадым»

| A | +
Исламды қабылдағанға дейін мені «әдеттегі британдық жігіт» деп атауға болар еді. Сенбі күндерінің кештерінде ішімдік ішу және сол секілді ойын-сауықтарды жақсы көретінмін.
 
Бұл оқиға бес жыл бұрын мен Грецияға демалысқа кетейін деп жатқан кезде болды. Сіз әуежайға барғанда арқа сөмкеңізге көп кітаптарды салып аласыз, сосын бүкіл демалыс уақытында хауыздың қасында отырып алып оқисыз, сол себепті кітап ешқашан артық болмайды. Сөйтіп, мен жолға шығар алдында дүкенге кіріп, жақсы кітап таңдап алғым келді, бірақ ештеңе таба алмадым. Арқамда сөмке болғандықтан шыға беріс есікке бұрылғаным сол еді, арқа сөмкем кітап сөресіне тиіп кетіп, кітаптарды жерге құлатып алдым. Бұл әрекетіме ыңғайсызданып қалдым да, еденнен кітаптарды көтеріп жатып біреуіне көзім түсті. Бұл Барнаби Роджерсон атты бір кісінің «Мұхаммед Пайғамбар: өмірбаяны» деген кітабы еді. Ішінен бір бетті оқып едім, қызық болып кетті, сөйтіп мен оны сатып алдым да, өзіммен бірге демалысқа алып кеттім.
 
Кітапты оқып бітірген соң өз-өзіме: «Бұл жайында көбірек білсем, жақсы болушы еді», - дедім. Сол себепті мен жергілікті мешітке барып, Ислам діні туралы көбірек білу үшін имаммен және мұсылмандармен араласа бастадым. Ақыры имам маған былай деді: «Шындығында, Исламды үйренудің ең дұрыс жолы – мұсылман болу». Бұл сөздерден кейін мен көп ойланбастан кәлима шахаданы айттым.
 
Исламды қабылдағанда өзіңіздің өміріңізді сахабалардың біреуінің өмірбаянымен салыстыра бастайсыз. Бұл кісілермен қандай да бір байланыс барын сезінесіз, себебі олар да кезінде Ислам дінін қабылдаған. Маған ең үлкен әсер қалдырған Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) көкесі Хамза (Алла одан разы болсын) болды. Маған ең жақын болған тұлға да осы сахаба, себебі Исламға дейін ол да мен секілді күнәға толы ғұмыр кешті: ішімдік ішіп, қатал, мейірімсіз, соғысқұмар кісі болды, яғни жалпы біздің тілмен айтқанда «рахаттанып өмір сүрді». Алайда, ол мұсылмандықты қабылдағанда оның өмірі түбегейлі өзгерді.
 
Сонымен, мен қажылыққа барған кезде Ұхұд тауындағы шайқаста ол қайтыс болған орынды көргім келді. Шейіт болған сахабалар жерленген зират орындарын іздеу үшін автобустан шығып бір жерден өте бергенім сол еді, тұла бойым бір түрлі қобалжып кетті. Көзімнен жас парлап, өз-өзімді ұстай алмадым. Не болғанын да еш түсіне алмадым. Бұл жерден өтіп кеткен соң, бәрі басылып, тынышталдым. Зират басына барып, шейіт сахабалар мен Хамза (Алла одан разы болсын) үшін дұға еттім. Автобусқа дәл сол жолмен қайтып бара жатып, әлгі жерден өте бергенде қайтадан жыладым.
 
Қасымдағы серіктестерімнің бірі не болғанын сұрады. Болған жайтты оған айтып бердім. Ал ол маған былай деп жауап берді: «Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) көкесінің қайтыс болғаны жайлы хабарды естігенде қатты қайғырып, көп жылаған екен». Сол кезде ішімнен былай ойладым: «Мүмкін мен бағана жылаған жер, Пайғамбар (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) көкесін жоқтап жылаған орын болса керек?»
 
Кейін үйіме қайттым, бірнеше уақыт өткен соң әйелім жүкті болды. Егер бізде ұл дүниеге келсе, атын Хамза деп қоямыз деп шештім. Алайда, бізде қыз туылды. Оған ат таңдау үшін интернетке кіріп, Хамза сахабаға қандай да бір қатысы бар әйел кісінің атын іздедім. Бірақ ештеңе таба алмадым. Бірнеше күн өткен соң адамдар бізге бірқатар қыз есімін ұсына бастады, арасында Сафийя деген есімді ұнаттық. Сөйтіп, қызымыздың атын Сафийя деп қоямыз деген шешімге келдік.
 
Бірнеше ай өткен соң өзім бір түрлі қынжылып жүрдім, сол кезде біреу маған алғашқы мұсылмандар жайлы кітап берді. Кітапты ашып, Ұхұд тауындағы шайқаста шейіт болған мұсылмандар жайлы оқи бастадым. Сахаба Хамзаны (Алла одан разы болсын) жерлеген кезін баяндаған тұсында, оған екі кесек матаны әкелген қарындасы жайлы сөз болады. Қарындасының есімі Сафийя еткен!
Предыдущий Следующий
Ислам қабылдаған шіркеу қызметкерінің кеңестері Кез-келген есіктің кілті

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Жаңа мұсылмандар Демьена Пирсон: Исламға өшпенді болған кісінің мойындауы
Мен Исламды ең жек көретін адамдардың бірі болған шығармын. Неге дейсіз ғой? Мен Америкада туып, өстім. 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі оқиға болған кезде мен 23 жаста едім. Алайда сол уақытқа дейін бұрын-соңды Ислам жайлы ештеңе білген жоқпын, тіпті «мұсыл...
Жаңа мұсылмандар Даниэль Лодьюка: Ислам дінін қабылдауға мәжбүр болдым
Мен ешқашан мұсылман болуға тырыспайтынмын. Тіпті христан дініне де қатысты болғым келмейтін. Жалпы айтқанда, тәртіпке бағынатын қандай да бір дін ұғымы маған ұнамсыз еді....
Жаңа мұсылмандар Абдулла ибн Сәләм. Ислам дінін қабылдаған алғашқы еврей раввині
Әл Хусейн ибн Сәләм Ясриб (Мәдина) қаласының бүкіл тұрғындарына, соның ішінде өзге дін мен халық өкілдерінің арасында айтарлықтай сыйлы, құрметті еврей раввині еді. Ол өзінің діндарлығымен, көркем мінезімен және ерекше шыншылдығымен белгілі болды....
Жаңа мұсылмандар Шіркеу қызметкері Джейсонның Исламға келу жолы
Мен 2006 жылы Исламға келдім, сол үшін Жаратқан Аллаға сансыз шүкіршілік болсын. Менен жүріп өткен жолым жайлы және Алланың маған рақымын қалай түсіргені жайлы жазуды өтінгенде, көңіліме күдік ұялады. Кейбіреулердің Исламға қалай келгендері жайлы айтып, а...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Күн 07:19

Бесінге дейін 00:01

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi