#7 Қонақтық әдебі
Қонақтық әдебі
Сіз бір бауырыңыздың үйіне шақырмаса да, барсаңыз немесе сізді қонаққа шақырып, кенеттен сізді қабылдай алмайтынын айтып кешірім сұраса, түсіністікпен қараңыз. Себебі үй қожайыны үйінің жағдайын сізден жақсырақ біледі. Оқыстан орын алған бір түйіткілді шаруа үй иесіне қонақ күтуге мұрсат бермеген шығар. Немесе бір ыңғайсыз жағдайға тап болғандықтан, сізді қабылдай алмаған болар.
Ұлы табиғин Қатада ибн Диғама әс-Садуси: «Қонақ қыла алмайтындығын айтқан адамның есігінің алдында тұрып алмаңыз. Бәлкім, сіздің ол адамда қажеттілігіңіз бар болар. Бірақ олар сіздің қажеттілігіңізден де маңызды іспен қолы тимеуі мүмкін. Ондай жағдайда үй иелері сізден кешірім сұрап, үзір айтуға ақылы», – деген.
Имам Мәлик: «Кей адамдар ыңғайсыз жағдайда тұрғанын айтып, кешірім сұрауға қысылуы мүмкін. Сол үшін алдыңғы буын мұсылмандары зиярат жасағанда әдептілік сақтап, үй қожайынына: «Оқыстан бір шұғыл шаруаңыз шығып қалған жоқ па?» – деп сұрап, үй иесіне кеңпейілдікпен қарайтын», – деген.
Аталмыш әдеп маңызды болғандықтан және кейбір адамдар үй иесінің қонақ қыла алмағандығына өкпелемеуі үшін Алла Тағала зиярат, рұқсат сұрау, үйге кіру әдебін нұсқап «Нұр» сүресінің, 28-аятында:
(وَإِنْ قِيلَ لَكُمُ ارْجِعُوا فَارْجِعُوا هُوَ أَزْكَى لَكُمْ) [النور: 28].
«Егер сендерге «қайтыңдар» делінсе, онда қайтыңдар. Бұл сендер үшін жақсырақ», – деп айтқан.
Құранда баяндалған осы әдепте біреудің үйіне атүсті қонақ бола салып, үй иесін ыңғайсыз жағдайға түсіретін адамдарға көркем нұсқау бар. Мәселен, үй иесі ыңғайсыз жағдайға тап болса, біреуге өзін үйде жоқ деп айтқызуға, өтірік сөйлетуге мәжбүр болуы мүмкін. Салдарынан отбасындағы бала-шағасы өтірік айту сияқты жаман мінез-құлыққа әдеттеніп алады. Ал мұндай әрекеттің соңы араздыққа, алауыздыққа әкеп соғуы мүмкін.
Құран бізді осындай әрекеттің барлығынан сақтануға шақырады. Осылайша Құранда үй иесіне қабылдай алмайтынын сыпайылықпен жеткізіп, кешірім сұрауға, ал келген адамға кешірімді қабыл алуға нұсқау көрсетілген: «Егер сендерге «қайтыңдар» делінсе, онда қайтыңдар. Бұл сендер үшін жақсырақ».
Біреудің үйіне кіруге рұқсат сұрағанда үй ішіне сұқтанып қараудан немесе көруге тыйым салынған нәрсеге көз тастаудан сақтаныңыз. Өйткені бұл –айыпты іс әрі күнә.
عَنْ سَعْدِ بْنِ عُبَادَةٍ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ: "جَاءَ رَجُلٌ، فَقَامَ عَلَى بَابِ النَّبِيِّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَسْتَأْذِنُ مُسْتَقْبَلَ الْبَابِ، فَقَالَ لَهُ النَّبِيِّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: هَكَذَا عَنْكَ – يَعْنِي نَحَّاهُ وَ أَمَرَهُ بِالتَّبَاعُدِ قَلِيلًا عَنْ مُوَاجَهَةِ فَتْحَةِ الْبَابِ -، ثُمَّ قَالَ لَهُ: فَإِنَّمَا الْاِسْتِئْذَانُ مِنْ أَجْلِ النَّظَرِ" (رواه أبو داود و الطبراني).
Сағд ибн Убададан (р.а.): «Бір кісі келіп, Пайғамбардың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) есігінің алдында тұрып алды. Ол есікке қарама-қарсы тұрып, кіруге рұқсат сұрады. Пайғамбар (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) оған: «Былай тұр», – деді. Яғни есіктен шеткері тұруға бұйырды. Сосын Пайғамбар (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) оған: «Рұқсат сұрау – көз үшін бекітілген», – деді» (Әбу Дәуд, әт-Табарани)[1].
Имам әл-Бұхари «Әл-Әдәб әл-муфрад» кітабында Саубаннан (р.а.) риуаят еткен:
عَنْ ثَوْبَان رَضِيَ اللهُ عَنْهُ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: "لَا يَحِلُّ لِامْرِىءٍ أَنْ يَنْظُرَ إِلَى جُوفِ بَيْتٍ حَتَّى يَسْتَأْذِنَ، فَإِنْ فَعَلَ فَقَدْ دَخَلَ" (رواه الترمذي).
Саубаннан (р.а.): «Алла елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Рұқсат сұрамайынша біреудің үйінің ішіне қарау ешбір кісіге рұқсат етілмеген. Егер қараса, ішке кірген болып есептеледі», – деген» (әт-Тирмизи)[2]. Яғни рұқсат сұрамастан ішке кірген кісінің үкімінде болады. Ал бұл харам етілген.
Және де әл-Бұхари, Әбу Дәуд еңбектерінде Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят еткен хадисте: «Пайғамбар (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын):
عَنْ أَبِي هُرَيْرَةِ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ، قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: "إِذَا دَخَلَ الْبَصَرُ فَلَا إِذْنَ لَهُ ".
«Егер (үйге) көз салынса, оған рұқсат жоқ», – деді»[3].
عَنْ عَمَّار بْنِ سَعِيد التُّجِيبِي قَالَ: قَالَ عُمَرُ بْنِ الْخَطَّابِ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ: "مَنْ مَلَأَ عَيْنَهُ مِنْ قَاعَةِ بَيْتٍ قَبْلَ أَنْ يُؤْذَنَ لَهُ، فَقَدْ فَسَقَ" (رواه البخاري).
Аммар ибн Сағид әт-Тужибиден: «Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.): «Кімде-кім рұқсатсыз үйдің ішіне қараса, пасықтық жасаған болады», – деген» (әл-Бұхари)[4].
عَنْ سَهْل بْنِ سَعْد رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ: "اِطَّلَعَ رَجُلٌ مِنْ جُحْرٍ فِي حُجْرَةِ النَّبِيِّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ، وَمَعَ النَّبِيِّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ مِدْرَى يَحِكُّ بِهَا رَأْسَهُ، فَلَمَّا رآه رسول الله صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فَقَالَ «: لَوْ أَعْلَمُ أَنَّكَ تَنْظُرُ لَطَعَنْتُ بِهِ فِي عَيْنِكَ! إِنَّمَا جُعِلَ الِاسْتِئْذَانُ مِنْ أَجْلِ الْبَصَرِ" (رواه البخاري و مسلم).
Саһл ибн Сағдтан (р.а.): «Бір кісі тесіктен Пайғамбардың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) бөлмесіне сығалап қараған еді. Пайғамбардың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) қолында тарақ[5] бар еді, ол онымен шашын тарап жатқан. Алла елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) әлгі кісіні байқаған кезде: «Егер қарап тұрғаныңды білгенімде, мына тарақпен көзіңді ойып алар едім! Негізінде, рұқсат сұрау – көз үшін бекітілген», – деді» (әл-Бұхари, Муслим)[6].
[1] «Сунан Әбу Дәуд», «Әдеп» бөлімі, «Рұқсат сұрау әдебі» тарауы (5174). Әт-Табарани, «Әл-Муғжам әл-кабир», «Син» тарауы (5386). Әл-Байһақи, «Әс-Сунан әл-кубра», «Үйге кіруге рұқсат сұраған адам» тарауы (17661), (17662). Әл-Байһақи, «Шуғаб әл-иман», «Діндар адамдарға жақын болу және оларды жақсы көру» бөлімі, «Рұқсат үш рет сұралу керектігі туралы» тарау (8438), (8439), (8440), (8441). Әл-Мақдиси, «Әл-Ахадис әл-мухтара», «Амир ибн Сағдтың риуаяты» (1074), (1075), (1076). «Мусаннаф Ибн Әбу Шәйбә», «Әдеп» бөлімі, «Біреудің үйіне сұқтанып қараудың тыйым салынғандығы турал тарау (26232), (26234). Әбу Нуғайм, «Хилятул-әулия», V том, 24-бет.
[2] «Сунан әт-Тирмизи», «Намаз» бөлімі, «Имамның өзіне ғана дұға тілеуінің мәкруһ екендігі туралы» тарау (357). «Сунан Әбу Дәуд», «Таһарат» бөлімі, «Адам дәретін қысып тұрып намаз оқуына болмайтындығы турал тарау (90). Әл-Бұхари, «Әл-Әдаб әл-муфрад», «Үйдің ішіне қарау» тарауы (1093). «Муснад имам Ахмад», «Ансарлардың муснады», «Саубанның хадисі» (22415). Әт-Табарани, «Муснад әш-Шамиин», «Әбу Муса Хабиб ибн Салих ибн Хабибтің муснады» (1113).
[3] Әл-Бұхари, «Әл-Әдаб әл-муфрад», «Рұқсат сұрамай кіру» тарауы (1082); «Үйге сұқтанып қарау» тарауы (1089). «Сунан Әбу Дәуд», «Ұйықтау әдебі» бөлімі, «Рұқсат сұрау» тарауы (5173). Әл-Байһақи, «Әс-Сунан әл-кубра», «Үйге кіруге рұқсат сұраған адам» тарауы (17660). «Муснад имам Ахмад», «Хадисті көп риуаят еткен сахабалардың муснады», «Әбу Һурайраның муснады» (8786). Әт-Табарани, «Әл-Муғжам әл-аусат», «Әлиф» бөлімі, «Ахмад» тарауы (1372).
[4] «Әл-Әдаб әл-муфрад», «Үйдің ішіне қарау» тарауы (1092).
[5] Хадистің арабша мәтінінде тарақ сөзі «الْمِدْرَى» деп келген. Ағаштан немесе темірден жасалынатын құрал. Тараққа ұқсатып істеледі, бірақ тарақтан ұзынырақ. Онымен қалың, бұйра шашты тарауға қолайлы. Тарағы жоқ адам аталмыш құралды тарақ орнына қолданады.
[6] «Сахих әл-Бұхари», «Рұқсат сұрау» бөлімі, «Рұқсат сұрау көз үшін бекітілгендігін баяндайтын» тарау (6241), (6242); «Киім» бөлімі, «Тарану» тарауы, (5924); «Құн төлеу» бөлімі, «Хақысын алған адам» тарауы (6889), «Үйге рұқсатсыз қараған адамның көзін ойып алған қауымға құн міндеттелмейтіндігі туралы» тарау (6900), (6901). «Әл-Әдаб әл-муфрад», «Рұқсат сұрау көз үшін бекітілген» тарауы (1070). «Сахих Муслим», «Әдеп» бөлімі, «Үй ішіне қарау харам екендігі» туралы тарау (2156). «Сунан әт-Тирмизи», «Рұқсат сұрау және әдептілік» бөлімі, «Біреудің үйіне рұқсатсыз қарау» тарауы (2078), (2709). «Муснад әш-Шафиғи», «Біреуді әдейілеп жарақаттау» тарауы, 201-бет. «Мусаннаф Абдур-Раззақ», (19431). Әл-Хумайди, (924). «Мусаннаф Ибн Әбу Шәйбә», «Рұқсат сұрамаған адамның көзін ойып алу мәселесі турал тарау (36254), (36255). «Муснад имам Ахмад», V том, 330-бет, 334-бет. Абд ибн Хумайд, (448). «Сунан әд-Дарими», (2389), (2390). «Сунан ән-Насаи», VIII том, 60-бет. «Муснад Әбу Яғла», (7510). Әт-Тахауи, «Шарх әл-мушкал», (933), (934), (935). «Сахих Ибн Хиббан», (5809), (6001). Әт-Табарани, «Әл-Муғжам әл-кабир», (5660), (5662), (5663), (5665), (5666), (5667), (5669), (5670), (5671), (5672), (5673); «Әл-Муғжам әл-аусат», (215). Әбу Нуғайм, «Хилятул-әулия», VII том, 97-бет. Әл-Байһақи, VIII том, 338-бет. Әл-Бағауи, «Шарх әс-сунна», (2567). «Тухфатул-ашраф», IV том, 132-бет, (4806). «Муснад әд-Дарими», VII том, 291-бет, (5109). «Сахих әт-Тирмизи», (2179).
Кітаптың авторы: Шейх Абдул-Фаттах Әбу Ғудда әл-Ханафи
Қазақ тіліне аударған: Ержан Оразов