#1 Ислам әдебі
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Ақшам 16:23
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

Мақалалар

#1 Ислам әдебі

| A | +

Ислам дінінде әдеп пен ізгі амалдардың түрі өте көп. Бұл әдептер мен ізгі қасиеттер адам өміріндегі кез келген іске қатысты[1]. Бұл мәселе ер адамның да, әйел адамның да өмірімен тығыз байланысты. Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Анығында, әйелдер ер адамдардың біртуғаны», – деген[2]. Яғни ислам әдебі ер адамнан қалай талап етілсе, дәл солай әйел кісіден де талап етіледі. Иманды ер мен әйелден мұсылман қоғамының негізі құрылады. Осылайша, әлем мұсылман ер мен әйел арқылы исламмен танысып, оның қандай дін екенін көреді.

Мүміннің тұлғасын кемелдендіріп және адамдарға үйлесімді өмір сыйлау үшін ислам діні әдепті болуға, әдептілікті өмір салтына айналдыруға шақырады. Кітапта баяндалатын әдеп түрлері мен ізгі қасиеттер мұсылманның жүріс-тұрысына сән беріп, бойындағы жақсылығын асырады. Нәтижесінде мұсылман адам әдептілігімен адамдардың жүрегін баурап, қоршаған ортасына сүйкімді болады.    

Ислам әдебі шариғаттың мәні мен мақсаты болып табылады. Әдеп адам өмірінің бір тұсын ғана немесе оның жүріс-тұрысының бір қырын ғана қамтумен шектелмейді. «Әдепті ұстану немесе ұстанбау – адамның өз еркіндегі іс» деген түсініктен аулақ болған жөн.       

Имам әл-Қарафи «Әл-Фуруқ» атты еңбегінде[3] әрбір амалда әдептің алатын орнын баяндап, әдептің амалдан бұрын істелудің маңызын айтып: «Білгін, азғантай әдеп  көп амалдан жақсырақ. Сол үшін де салиқалы ғұлама Руайм өзінің ұлына: «Уа, балақайым, амалыңды тұз секілді қыл, ал әдебіңді ұн секілді қыл! Яғни қамырда ұнның мөлшері тұздан қалай көп болса, дәл солай әдебің көбірек болсын деген мағынада. Үлкен әдеппен орындалған азғантай ізгі амал  аз әдеппен істелген амалдан жақсырақ», – деп айтқан. 

Абдул-Фаттах: «Меніңше, исламның кейбір әдеп түрлері қарапайым көрінсе немесе жұрттың назарын аударатындай болса, ондай әдепті амалға асырғанда  тұрған не оғаштық бар?! Біздің көбіміз сондай бір әдеп түрлеріне көңіл бөлмей, қателік жібереміз. Мұсылманның тұлғасына тән емес деп, қарапайым әдеп түрін менсінбей жатамыз. Бірақ мұсылман әдеп арқылы өз тұлғасының көркін келтіріп, кемелдене түспей ме?! Осыған байланысты мырзамыз[4] Алла елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) бір топ сахабасымен бірге болғанда, оларға әдептілікті үйретіп былай деген: «Сендер бауырларыңа барғалы жатырсыңдар, сондықтан киімдеріңді әдемілеп, көліктеріңнің әбзелдерін сәндеңдер. Адамдардың ажарын ашатын қал секілді болыңдар[5]. Ақиқатында, Алла сүйкімсіздікті әрі дөрекілікті жақсы көрмейді», – деген. (Әбу Дәуд, имам Ахмад, әл-Хаким)[6].

Мұсылман адамның мұсылман екені әдемі киімімен, келісті келбетімен, көз тартар бейнесімен көрініп тұруы керек. Алла – тура жолға салушы.  

 


[1] Әдеп тіпті адам өміріндегі елеусіз істерге де қатысты болады. Мысал ретінде дәретханаға кіріп шығуды, онда қалай отыруды, қалай тазалануды айтса болады. Бірде мүшіріктердің бірі Салман әл-Фарисиді (р.а.) келеке етіп, оны ызаландыру ниетімен: «Пайғамбарларың сендерге тіпті түзге қалай отыруды да үйреткен бе?» – деді. Салман: «Әрине, Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) құбылаға қарап үлкен-кіші дәретке отырудан, оң қолмен тазаланудан, үшеуден аз таспен, тезекпен және сүйекпен тазаланудан тыйған», – деп жауап берген. «Сахих Муслим», «Таһарат» бөлімі, «Тазалану» тарауы, ІІІ том, 152-бет. Әбу Дәуід, әт-Тирмизи, ән-Насаи, Ибн Мәжаһ жинақтарында «Таһарат» бөлімінде риуаят еткен. Хадистің мәтіні Муслимге тиесілі.      

[2] «Сунан Әбу Дәуід», «Таһарат» бөлімі, «Бойынан дымқылды байқаған адам» тарауы, І том, 162-бет. «Сунан әт-Тирмизи», І том, 127-бет. «Муснад имам Ахмад», VI том, 256-бет. Имам әл-Хаттаби: «Яғни ер адамға немесе әйел адамға ғана қатысты айтылған үкім-дәлел түрлерін есепке алмағанда, әйелдер мінез-құлықта, жаратылыста, шариғи үкімдерде ер кісілермен тең дәрежеде қарастырылады», – деген.

[3] Әбул-Аббас Шиһабудин Ахмад ибн Идрис ибн Абдур-Рахман әл-Мәлики әл-Қарафи.  «Әнуар әл-буруқ фи ануа әл-фуруқ», ІІІ том, 96-бет; IV том, 272-бет.

[4] 849 һ.ж. дүниеден өткен Фас қаласының мүфтиі, ғалымы, фақиһы, имам Абдулла әл-Абдуси әл-Фасиге: «Хадистерде келген дұға-зікірде «Мұхаммед пайғамбарымыз» деп есімі аталса немесе  адамның өз тарапынан айтқан дұға-зікірде құрмет ретінде «سَيِّدُنَا» деген сөзді қосуға бола ма?» деген сауал қойылған екен. Шейх әл-Фаси бұған: «Негізінде, Пайғамбардан (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) жеткен хадис мәтініне артық сөз қосуға не одан бір сөзді кеміту дұрыс емес. Бірақ мәтінде Пайғамбардың аты аталғанда қасына «سَيِّدُنَا» саийдуна, «مَوْلَانَا» маулана сөздерін қосуға болады. Бұлай істеуге болатындығын Пайғамбар (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) сахабаларының: «Шын мәнінде, барлық кемшіліктен пәк Алла сізге салауат айтуымызды бұйырды. Сізге салауатты қалай айтамыз?» – деген сұрағына берген жауабынан байқауға болады. Пайғамбар (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) сахабаларға салауат айтудың түрін үлгі ретінде үйреткен. Ал адамның өз тарапынан Пайғамбарға (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) жолдаған салауатында, дұғасында  «سَيِّدُنَا وَ مَوْلَانَا مُحَمَّدٌ» деп сөз қосуына болады. Өйткені ардақты Пайғамбарымыздың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) біздің мырзамыз, тақсырымыз екені рас емес пе?! 

854 һ.ж. дүниеден өткен ғұлама, фақиһ, қазы, имам Қасим әл-Уқбани әт-Тилмасаниге де аталмыш сауал қойылғанда, ол: «Ардақты Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) көрсеткен зікірдің түрі  зікірдің ең абзал үлгісі болып табылады. Десе де, Пайғамбарымыздың аты аталғанда «мырза», «тақсыр» сияқты құрметтеуді білдіретін сөздерді қосып айтуға рұқсат. Пайғамбарымызға (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) мұндай сөздермен құрмет білдіру тіпті құлшылық пен иманның артуы болып табылады. «Сахих әл-Бұхари» мен «Сахих Муслим» жинақтарында риуаят етілген «Мен Адам ұрпағының мырзасымын» деген хадисінен соң, Пайғамбарға (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) мұндай сөздермен әрине құрмет көрсетеміз. Бұл хадисті білгеннен соң, Пайғамбарды (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) «سَيِّدُنَا» саийдуна деп атау аталмыш хадиске иман келтіру болып есептеледі. Пайғамбарымыз Мұстафа (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) тарапынан айтылған, жеткен істің барлығына илану иман мен құлшылық болып табылады. Имам Ахмад ибн Яхя әл-Уаншариси, «әл-Миғияр әл-муғраб ан фатауа аһл Ифриқия уа әл-Андалус уа әл-Мағриб», XI том, 81-бет.      

[5] Қал – адамның бетінде болатын қара дақ. Көбіне денеге түскен табиғи таңба. Хадистегі теңеудің мақсаты – бет-әлпеттің сәнін келтіріп, әдемілігін арттыра түскен қал секілді сендер де келбетті, көрікті болып, тазалықты сақтап, хош иістеніп жүріңдер деген мағынаны ашу.  

[6] «Сунан Әбу Дәуд», «Киім» бөлімі, «Изарды түсіру туралы» тарау, IV том, 349-бет. «Муснад имам Ахмад», IV том, 180-бет. Әл-Хаким, «Әл-Мустадрак ала әс-сахихайн», «Киім» бөлімі,    IV том, 183-бет. Хадистің мәтіні әл-Хакимге тиесілі, ол хадисті ықшамдап риуаят еткен. Бұл мәтін ұзақ хадистің бір бөлігі. Хадистің басы Пайғамбардың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Субханалла, оның сауапқа кенеліп, мақтау естігенінде тұрған не бар», – деген сөзімен басталады. Аталмыш хадистің жоғарыда баяндалған бөлігі Әбу Дәуд пен имам Ахмадта: «Көліктеріңнің әбзелдерін сәндеңдер, киімдеріңді әдемілеңдер» деп екі риуаятта да «сәндеңдер» сөзімен келген. Хадистің арабша мәтініндегі «الرِّحَالُ» сөзі – «رَحَلٌ» деген зат есімнің көпше түрі. Мағынасы – жануарды көлік етіп мініп, оған ыңғайлап отыру үшін үстіне қойылатын әбзел.   

 

Кітаптың авторы: Шейх Абдул-Фаттах Әбу Ғудда әл-Ханафи

Қазақ тіліне аударған: Ержан Оразов

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
#2 Жұмсақ болу әдебі Намаз үлгісі көрсетілген жайнамазбен намаз оқуға бола ма?

Оқырмандардың пікірі (0)

ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Ақшам 16:23

Құптанға дейін 00:17

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi