Видео: Рамазан өртке оранған көп қабатты үйдің тұрғындарының аман қалуларына себеп болды
Рамазан айында мұсылмандар түнгі сағат екіден кейін ғана ұйқыға жатады, кейбіреулер тіпті одан да кеш уақытта ұйықтайды. Неге десеңіз, бұл уақытта мұсылмандар сәресі ішіп, таң намазын оқиды.
Мұсылмандар өрттің шыққанын байқап қалып, көршілердің есіктерін қағып, оларды оятуға бар әрекеттерін салды. Рашиданың сөзіне қарағанда, тұрғылықты адамдар бір көпұлтты отбасыдай тату-тәтті өмір сүреді. Түнде көшеде жүру еш қауіпті емес, себебі бәрі бір-бірін таниды.
Олардың (БАҚ) барлығы мұсылмандар қателесіп қалса ол жайлы бүкіл әлемге жар сала кетеді, алайда бір жақсылық жасалса, ол жайында бір сөз де айтпайды! Зардап шеккендерді ең алғашқы болып ауыз сумен қамтамасыз еткендер мұсылмандар болды. Мұсылмандар өртке оранған ғимаратты аралап, адамдарға оқиғаның мән-жайын түсіндіріп, жәрдем берісті.
Адамдарды өрттен құтқарып қалу үшін қолдарынан келгенін барынша жасаған мұсылмандарға Алла Тағала сауаптан жазып, екі өмірдің бақытын нәсіп етсін. Әмин.
«... Ал кімде кім, бір адамның өмірін сақтап қалса, сол бүкіл адамзатты сақтап қалғанмен тең болады» («Әл-Мәйда» сүресі, 32 аят)