Ұлыбританияда өтетін өзінің диплом алу рәсіміне ата-анасын қатыстыру үшін студент тазалықшы болып жұмыс істеген
Еңбек еткен адам — ол мұратына жеткен адам. Бұл сөздер Ұлыбританиядағы Эссекс университетінде (University of Essex) оқи жүріп, аптасына 20 сағат тазалықшы болып жұмыс істеген Мұхаммед Афик Исмаил есімді малайзиялық студентке лайық.
Өзінің табандылығы мен жігерлі болуының арқасында ол бухгалтерлік есеп және қаржы бойынша үздік дипломның иесі болуымен қатар, диплом алу рәсіміне қатысулары үшін ата-анасының Ұлыбританияға сапарына жеткілікті қаржы жинай алған.
Афиктің жетістік жолы - үлкен еңбек, адалдық және кей дүниелерді құрбандыққа келтіруден тұрды.
Афиктің әкесі Келантанадағы Куала атты кішігірім қалашықтың тумасы. Ол пальма майын өсірумен және ешкі бағумен айналысады.
Ата-анасы үйіндегі Афиктің мүгедек бауырына қамқорлық көрсетуімен қатар, Афикті ай сайын 300 юань төлемді қажет ететін мектеп-интернатына жіберу үшін аянбай еңбек етті.
SPM емтиханында керемет нәтиже көрсеткен соң (As және B бойынша 10 балл) оған Мемлекеттік қызмет департаментінің (JPA) Ұлыбританияда білім алуға арналған стипендиясы ұсынылған болатын.
Бакалавр дәрежесін алу жолындағы еңбегінен бөлек, Афик жеке қаржы табу мүмкіндігі болуы үшін университеттің студенттік одағына мүшелікке өткен.
Үшжылдық курстың барысында ол таңертең күн шыққанға дейін оянып, университет рестораны мен дүкендерде тазалаушы болып жұмыс істеген.
«Мен аптасына 15-20 сағат жұмыс істейтінмін, сөйтіп аптасына шамамен 100 фунт стерлинг көлемінде табыс табатынмын», - дейді ол.
Афик оқу барысында жұмыс істеудің оңай болмағанын, алайда уақыт өте келе үйреніп кеткенін айтады.
«Сағат 5-те жұмыста болу үшін маған 4-те оянып, қараңғыда велосипедпен жүруге тура келетін».
«Бақытыма орай, жұмыста маған жеңілдіктер жасайтын, сондықтан оқуымды бірінші орынға қоя алдым», - деп бөлісті Афик.
Оның мақсаты өзінің диплом алу рәсіміне ата-анасы да қатысулары үшін оларға Ұлыбританияға билет алып беру болатын.
«Менің ата-анам ешқашан ұшаққа отырмаған. Сондықтан да менің осындай білім алуым үшін жасаған жақсылықтарының өтеуі ретінде оларға билет алып бергім келді», - дейді ол.
Афиктің айтуынша, Ұлыбританияға билет алып беру ниетін білдіргендегі ата-анасының қуанышын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
«Бастапқыда билеттер қымбат болғандықтан анам келіспеді, бірақ оны көндіре алдым».
«Олар - менің осы дүниедегі бар байлығым. Қаншама қиындыққа қарамастан менің осы деңгейге жетуіме себепкер болған бірден-бір жандар», - дейді Афик.
Ата-анаға жақсы қарым-қатынас жасау – Құранда үнемі ескертілетін амалдардан. Әл-Исра сүресінде Алла айтады:
«Раббың, өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық қылуларыңды әмір етті. Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де жандарыңда кәрілікке жетсе: «Түһ» деме (кейіс білдірме). Сондай-ақ ол екеуін зекіме де, ол екеуіне сыпайы сөз сөйле» (17:23).