Бұл күн такси жүргізуші Изи Рашид үшін ерекше болды. Ол күні 78 жасар Барри Стоун оған 12 мың фунт салынған пакетті Лондондағы белгілі бір мекенжайға апарып беруді тапсырған болатын.
Изи бұл істе бір шикілік барын сезіп, Стоуннан әлгі пакеттің кімге арналғанын сұраған.
Рашид мырза бұл жайлы Bucks Free Press-ке былай деп баяндайды:
«Стоуннан пакетте не бар деп сұрағанымда: «Бұл – менің балама сыйлығым», - деп жауап берді. Мен бұдан секем алып қалдым да, одан шындығында не болғанын айтып беруін өтіндім».
Сөйтсе, Стоун мырзаға алаяқтар хабарласып, өздерін полицейміз деп таныстырған көрінеді. Олар алаяқтық жайлы істі тергеп жатқандарын айтып, Стоун мырзадан есепшотындағы бар ақшаны алып, оларға таксимен беріп жіберуін өтінген.
Стоун мырза өтірікшілердің құрығына түсіп, банктағы есепшотынан ақшасын алған да, Изи жұмыс істейтін Neales Taxis фирмасына хабарласып, такси шақыртқан.
Изи не болғанын түсінген кезде фирмасының қызметкерлеріне хабарлаған. Ал, олар полицияға хабарласқан. Ары қарай Изидің өзі баяндайды:
«Оңай келген ақшаны өзім иемденіп алуыма болар еді. Бірақ, бөтен адамның меншігіне қиянат жасауға дінім мен ар-ұятым жібермеді».
Стоун мырза Изиді өмірінде жолыққан ең тамаша жан деп, оған алғысын жаудырған.