Түркияның Сегют қаласының Биледжик провинциясында осман Имепериясының негізін қалаушы Османа Газидің әкесі Эртугрул Гази жерленген кесененің жанында ерекше құрметті қарауылдар пайда болды деп хабарлайды
Sabah.
13 ғасырдағы түрік жауынгерлері сияқты киінген 13 әскер Эртугрулдың қабірінің басында жылына 365 күн бойы кезекшілікті тұрады. Бұл бастаманы Биледжик провинциясының әкімшілігі мен түрік әскерлері бірлесе отырып ойлап тапқан.
Эртугрулдың жеке тұрғасы соңғы уақыттарда Түркияда Diriliş: Ertuğrul («Эртугрулдың тірілуі») телесериалының себебімен әдеттен тыс танымалдыққа ие болды. Эртугрулдың өзімен қатар, Осман Империясына дейінгі түріктердің тарихы мен сол кезеңдегі садақ ату секілді этникалық спорт түрлеріне де қызығушылық күрт артты.
Көптеген пікір білдірушілер мұндай қарауылдың пайда болуын сынға алды. Олар қарауылдардың көне заманғы киім үлгілері мен ол әскерлердің 13 ғасырдағы түрік жауынгерлері тіпті білмеген еуропалық гвардиялық әрекеттерінің жараспайтындығын алға тартты. Бұл жаңадан ойлап табылған салт болғаны сөзсіз. Алайда, өзге пікір білдірушілердің айтуынша, бүгінде бізге танымал болып кеткен әдет-ғұрыптар бір кездері солай жаңадан ойлап табылған дүние болғаны анық.
Сондай жаңа әдет-ғұрып санатына жататын тағы бір жайт: Анкарадағы президент сарайының алдында шет елдік қонақтарды қарсы алатын «түрік империясының» бетке ұстары «түрік жауынгерлері» киіміндегі 16 құрметті қарауыл бар.