Иорданияда әлемдегі ең көне нан табылды
Иорданиядағы археологиялық жұмыстар барысында өте қызық қазба табылды – мамандар осыдан 14500 жыл бұрын пісірілген нанның тастанып қалған қалдықтарын тауып алған,- деп хабарлайды Islamtoday сайты. Reuters агенттігінің хабарлауынша, бұл ғалымдар үшін расымен де күтпеген факт болып отыр, себебі көне заманның адамдары нан пісіруді ауыл шаруашылығы пайда болып, дамымай тұрып білген болып шықты. Қамырды, зерттеулердің нәтижесіне қарағанда, бидай, арпа, тары сынды жабайы астық дақылдардан, ұнтақталған тамырлар мен су қосу арқылы жасаған. Нанның пішінін лаваш сынды етіп, үйдің дәл ортасынағы тас еденге орнатылған пеште пісіретін болған.