Наурыз айы бойы Қытайлық Коммунистік партия лидерлерінің көпшілік алдында сөйлеген сөзедерінен қытай коммунистері «ислам экстремизмімен» күресу деген желеумен мұсылмандарға қысымын күшейтуді көздеп жүргені белгілі болды деп хабарлайды
The New Arab.
Партияның бірнеше лидерлері ҚХР-сының мұсылман азаматтарынан қауіп төніп тұрғандай көрсетіп, елдегі азшылықты «қытайландыруды» қолға алу қажеттілігін айтты. Халқының көпшілігі мұсылман ұйғырлар шоғырланған Синьцзян провинциясының жоғарғы партиялық лидері Шерхети Ахан «халықаралық антитеррористік ахуал» Қытайды тұрақсыздыққа әкеліп соғатынын жеткізді. Сонымен қатар ҚХР-сының президенті Си Цзиньпин мәдени тұрғыдан қытайландыруға белсенді түрде бүкіл мемлекет көлемінде кірісуді қолдағаны айтылады.
Вашингтондағы Freedom House құқық қорғау ұйымының жақында жасаған баяндамасында Си Цзиньпиннің билігі тұсында мұсылман азшылықты қуғындау көбейгені көрсетіледі.
«Бүкіл әлемде еркін түрде орындалып жатқан Рамазан айындағы оразадан балалармен бірге ғибадат жасауға дейінгі рухани әрекеттер Қытайда тыйым салынып, ол үшін қатаң жазалануы мүмкін»,- дейді баяндама авторы Сара Кук.
Қытайда авторитарлық әрі аса зайырлы коммунистік билік тұсында Ислам бұйрықтарымен өмір сүру жекелеген азаматтарға қауіпті болуы мүмкін.
Өкінішке орай, көптеген сыншылар исламофобиялық деп әділ түрде баға берген мұндай политика жұмыссыздық деңгейін көтере отырып, террористік ұяшықтардың дамуына жағдай жасайды.
Алайда, Қытай билігі мұндай үрдіске қарсы тұру үшін өзінің ашық оппоненті әрі анти-коммунист АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамптың өнегесінен басқа жол таппай отыр.