ТҮРКСІБ АУДАНЫНДА «ҚАЙЫРЫМДЫ ЖҰМА» ӨТТІ
Түрксіб ауданы «Фирали Ферғанұлы» мешіті кеше «Қайырымды - жұма» акциясы аясында ауданындағы көп балалы отбасыларына көмек көрсетті.
Қасиетті жұма күнгі құлшылықтан соң мешіт қызметкерлері көп балалы аналарға күнделікті тұтынатын азық-түліктер салынған себет пен қой етінен үлестірілді. «Фирали Ферғанұлы» мешіттің наиб имамы Исмаилов Муратжан ардақты аналарға жылы сөздерімен демеу білдірді. Алтын құрсақты аналар мешіт қызметкерлеріне алғыстары мен ақ баталарын жаудырып, елге тыныштық, жерге бейбітшілік тіледі.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі