АЛМАТЫДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АТТЕСТАТТАУ АЯҚТАЛДЫ
Шаһардың діни қызметкерлері республикалық кезекті аттестаттаудан өтті.
ҚМДБ-ның наиб мүфтиі К.Мырзабаев, Бас мүфти кеңесшісі К.Дүйсенбай, М.Құрсақов, Б.Жанақов, М.Искандеров және Садуақас қари Олжабаев имамдардың діни білімін анықтап, біліктілігін арттыру мақсатындағы аттестаттаудан өткізді. Үш күнге созылған сынаққа қала бойынша 54 мешітте қызмет ететін 222 діни қызметкер қатысып, сынақты сәтті тапсырып шықты.
Аттестация әуелі компьютер арқылы ақида, фиқһ, ислам тарихы, әкімшілік жүйе (заң) бойынша тестілеуден өтсе, кейін ауызша сұрақ-жауап бойынша қырағат, тәжуид, хадис, дін мен дәстүр, ҚМДБ концептуалды құжаттарынан сұрақтар қойылды.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі